Тілсіз қияпат немесе табиғи апаттар


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Тілсіз қияпат немесе табиғи апаттар

Мазмұны:

1. Кіріспе . . . 1-2

2. Жер сілкіну туралы . . . 3-4

3. Орман өрті . . . 5

4. Тасқындар, цунами, қар және мұз көшкіні . . . 6

5. Сельдер . . . 7

6. Опырмалар және сырғыма . . . 8

7. Аппаттар: Гаити және Сычуань жер сілкіністері . . . 9

8. Туған өлкенің табиғатын аялау, қорғау - озық қоғамның алғышарты . . . 10

9. пайдаланған әдебиет . . . 11

Тілсіз қияпат немесе табиғат апаттары

Алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи апаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады. Сондықтан 1994 жылдың мамыр айында Йокогамада (Жапония) тілсіз қияпат қауіптілігін азайту мәселелері қаралған. Тілсіз қияпаттардан (иемесс табиғи апаттардан) 3, 6 млн адам қаза тауып, 3 млрд-тан астамы зардап шекті. Ал жалпы экономикалық шығын 340 млрд доллар болды. Жер сілкінісі эпицентрдің айналасынан едәуір қашық жерлерде басқа да табиғи құбылыстарды күшейтеді. Мысалы, Эквадордағы (1987) жер сілкінісі кезінде трансэквадор газ құбырының 6 мильден астамы жаппай жылжу себебінен бұзылды. Табиғи апаттардың жиіленуі, халық тығыздығының артуы және Жердегі техносфераның кеңеюі күрделі инженерлік ғимараттар көп орналасқан аумақтардың табиғи қияпатқа ұшырауына себепші болады. Мұндай ғимараттарға АЭС-тер, химия кәсіпорындары, мұнай және газ құбырлары, суқойма бөгеттері, көлік жүйелері жатады. Сондықтан табиғи және техногендік сипатты экологиялық апаттарды бір-бірімен байланыстыра зерттеп-білу қажет.

Табиғаттағы апатты құбылыстардың шығу тегіне қарай эндогенді (ішкі) және экзогенді (сыртқы) деп бөлуге болады.

Эндогендік процестер

Жердің ішкі энергиясына, ауырлық күшіне және Жер айналған кезде пайда болатын күштерге байланысты оның қойнауында жүретін геологиялық процестер. Эндогендік процестерге радиоактивті заттардың ыдырауы, әр түрлі химиялық реакциялар және жер қыртысының астындағы массалардың өзгеруі және т. б. жатады. Эндогендік процестер тектоникалық қозғалыстар (жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі, қатпарлану, бедердің ірі элементтерінің пайда болуы, жер сілкіну), вулканизм процестері (магманың көтерілуі, бедердін жанартаулық пішіндерінің құрылуы мен жанартаулардың атқылауы), тау жыныстарының метаморфизмі және пайдалы қазбалар кенорындарының қалыптасуы түрінде көрініс береді. Эндогендік процестер жер бетінің морфоқұрылымына себепші болады және экзогендік процестермен бірге Жер бедерінің қалыптасуына қатысады.

Эндогенді құбылыстар жер қыртысындағы өзгерістерден (жер сілкіну) туады. Қазақстанның оңтүстігіндегі биік таулар әлі қалыптасып бітпеген жас таулар болғандықтан, сейсмикалық ауданға жатады. Сондықтан бұл аймақта жиі жер сілкінулер болып тұрады. Мысалы, Алматыда 1889, 1911 жылдары апатты жер сілкіну болған.

Экзогендік процестер, сыртқы процестер

Күн энергиясы мен Жердің өзіне тарту (гравитация) күшіне негізделген геологиялық процестер жиынтығы. Экзогендік процестерге атмосфера газдарының, жел, жауын-шашынның, организмдерінің әрекеттерінен туатын, бір-бірімен тығыз байланысты физика-химиялық, геохимиялық, физика-механикалық, гидродинамикалық, гидрохимиялық, биохимиялық, биогеохимиялық, т. б. процестер жатады. Жер бетінің әр бөлігінде Экзогендік процестердің белгілі тобы (құрлықта физика және химия үгілу, гипергенез, су айдындарындағы литогенез процестері) басым келеді. Экзогендік процестерәсерінен барлық түпкі тау жыныстарының минералдары мүжіліп үгіледі, әр түрлі жылдамдықпен ыдырайды, үгілген материал бастапқы орнынан жылжып көшеді, жаңа орынға келіп жиналады. Сөйтіп, жаңа физика-географиялық, геохимиялық жағдайларда жаңа гиперген минералдар мен тау жыныстары түзіледі. Экзогендік процестерден үгілу қыртысы, тотығу белдемі, жер бетінің борпылдақ (континенттік) тау жыныстары, су айдындарында түрлі құрамды тұнбалар және бұлармен байланысты пайдалы қазбалар қалыптасады; қ. Экзогендік кендер.

Экзогенді апаттарға көбінесе адам әрекеті себепші болады. Республикамызда таулы аудандардың болуына байланысты сел, қар көшкіндері құбылыстары байқалады. Біздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс биік таулы аймақтарда 2724 мұздық бар. Осылардың еруінен және қардың қалың түсуіне байланысты күшті селтасқындары болып тұрады. Апатты сел тасқындары 1921 жылы Алматыда, 1963 жылы Есікте, 1977 жылы Медеуде болды. Олардың алдын алу үшін шаралар жасалмаған жағдайда зор материалдық шығын және адам өлімі болуы мүмкін. Алматы қаласын селден сақтау үшін Медеу бөгені салынған және таулы аймақтарда сол жөнінде дер кезінде хабар беретін қондырғылар орнатылған. Жер сілкінуді алдын ала болжау үшін арнайы сейсмологиялық институт жұмыс істейді. Мұнда ең жаңа құралдармен бірге үй жануарларының көмегімен (мінез-құлықтарының өзгерістеріне негізделген) жер сілкінуге болжам жасалады.

Республиканың климат ерекшеліктеріне байланысты жазда аңызақ (ыстық құрғақ) желдер жиі болады. Аңызақ Желдер егістіктерге зиянын тигізеді, күшті дауылдар тұрғын үйлерді, байланыс жүйелерін, жолдарды қиратуы мүмкін. Ғарыштық метеорологиялық зерттеулер арқылы аңызақ желдер алдын ала болжанады. Табиғаттағы апат құбылыстарын алдын алу үшін тұрғын үйлерді апатқа төтеп беретіндей етіп салу, елді мекендерді орналастыруда табиғат ерекшелігін ескерудің маңызы зор. Табиғаттағы заңды түрде жүретін ырғақтық (циклдық) апат әкелетін өзгерістерді (теңіз деңгейінің көтерілуі, жұттардың болуы және т. б. ) ескерген жөн.

Жер сілкіну

Жерсілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб. : زلزال‎) - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды. Жерсілкіну пайда болу тегіне қарай, сейсмикалық толқындар таралуына қарай және жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай үш түрге бөлінеді.

Пайда болу тегіне қарай жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді. Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған. Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды. Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну - Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.

Сейсмикалық толқындар таралуына қарай қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді. Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады. Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 - 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 - 4 км/с. Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде - 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді. Ал 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған. Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.

Жерсілкіну Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:

  • Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),
  • орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 - 60 км),
  • аралық (60 - 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып жіктеледі.

Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 - 20 км, Ташкентте 5 - 10 км, Спитакта 10 - 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған(Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 - 700 км тереңдікке жеткен) . Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.

Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 - 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1×1024 - 1×1025 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы - 1×1023 эрг, Моңғолиядағы Гоби Алтайында - 1×1024 эрг, Чилиде - 1×1024 эрг, Ташкентте - 1×1020 эрг, Кемин жотасында (Алматы) - 4×1024 эрг.

Жерсілкінудің өлшеу құралы - Сейсмограф болып табылады. Жерсілкіну үлкен апаттарға әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан және күші қандай болатынын болжау өте маңызды мәселе. Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 - 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 - 15 жойқын, 50 - 100 қиратушы, 300 - 500 өте күшті жерсілкіну болады. Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар - сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі. Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Осының негізінде сейсмикалық аудандау жүзеге асырылады. Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып, басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген:

Тынық мұхиттық белдеу - Тынық мұхитының батыс және шығыс жағаларын айнала орналасқан. Бұл белдеуге жас қатпарлы таулар (Альпі, Апеннин, Карпат, Кавказ, Гималай, Кордильерлер, Анд, т. б. ), сондай-ақ, құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы белдемдері (Тынық мұхитының батыс шеттері, Алеут, Куриль, Жапония, Малайя, Жаңа Зеландия, т. б. аралдар, Кариб, Кариб, т. б. теңіздер) кіреді. Бұл белдеуде барлық жерсілкіну болатын ошақтардың 68%-ы орналасқан.

Жерорта теңіздік белдеу - Еуразияның оңтүстік арқылы, батыста Португалия жағаларынан, шығыста Малайя аралдарына дейін созылады. Бұл белдеуде жерсілкіну болатын ошақтардың 21%-і орналасқан.

Жерсілкіну ошақтарының белгілі бір географиялық аудандарда ғана орналасуы Жердің геологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты. Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкала қолданылады. Жерсілкінуді жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен, олардың мінез-құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады. Жерсілкінудің басқа да түрі бар. Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т. б. ) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде.

Орман өрті

Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі - ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 - 9000С-қа жетеді, жалын 0, 5 - 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0, 25 - 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар (диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т. б. ), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді.

Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 - 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады.

Қазақстанда Ертіс және Обь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады.

Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер - өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 - 2 м етіп жыртады) . Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.

Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер - орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.

Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т. с. с.

Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады.

Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдарды жаппай үрей билеуі адам шығынына әкелуі мүмкін. Өзін-өзі ұстап үйреген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.

Тасқындар

Тасқын - қар мен мұздықтың тез еруінен және мол нөсер жаңбырдан өзен деңгейінің қысқа мерзімде күрт көтерілуі. Тасқынның су тасудан айырмашылығы жылдың кез келген уақытында болады. Егер Тасқын өзеннің жеке бір бөлігінде байқалса, онда бұл құбылыс ағыспен төмен қарай қатты шапшаңдықпен (жазық өзендерде - 5 км/сағ., тау өзендерінде 45 км/сағ. ) таралады. Күшті Тасқындар су басуына ұласуы мүмкін. Ағыны реттелген өзендер алқабына Тасқын қауіпті емес.

Цунами

Цунами (жапонша - тсунами) - мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 м-ден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м-ге дейін барады. Толқынының таралу жылд. 400 - 800 км/сағ-қа дейін. Мыс., адамзат тарихындағы Ц-мен байланысты ең ірі апат - 2005 ж. Оңт. -Шығыс Азияда болды. Индонезия жағасындағы жер сілкіну күші 8, 9 баллға жетіп, соның нәтижесінде биіктігі 10 м-ден астам цунами тарады. Таудай су толқындары жолындағы елді мекендерді шайып әкетті. Ц-дің жойқын күшінен 3 адамның өмірі қиылды. Ғаламат су толқындары жер сілкінудің эпицентрінен 6000 км қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті. Цунами негізінен Тынық мұхит жағалауында (Ресейдің қиыр шығысында, Жапонияда, Оңт. - Шығыс Азияда, Оңт. Америкада) жиі қайталанады. 20 ғ-дың 40 - 50-жылдарында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да халықты алдын ала сақтандыратын Цунами қызметі құрылды. Болжам Цунами толқынының жер сілкіну эпицентрінен таралу жылдамдығын есепке алуға негізделген.

Қар және мұз көшкіні

Қар және Мұз көшкіні- тау шыңдары мен беткейлеріндегі қар және мұздықтардың қозғалуы, төмен қарай сырғуы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады. Жекелеген қар көшкінінің көлемі 2 млн м3ге жетеді. Ұру күші 1 . м2ге 60- 100 тонна. Қар көшкіні құлағанда пайда болатын әуе толқыны қауіпті.

Селдер

Сел (арабша сайль - жойқын тасқын) - таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы. Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды. Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді.

Селдер орасан күшпен және жылдамдықпен ағады да көбінесе жолындағы елді мекендерді, көпірлерді, жолдарды бұзып, егістіктер мен бау-бақшаларды басып, аса зор апатқа ұшыратады. Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Селдерде кесек тастардың үлесі 75%-ке дейін барады. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады. Селді тасқындармен күресу үшін олардың ағатын жолдарындағы қалтарыстардан дамбалар, бөгеулер жасап, өзен бассейнінде ағаштар отырғызылады.

Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауы (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді. Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс. Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарланған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр және т. с. с. болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек. Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әр түрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады.

Орасан зор зардапты әкелген селге тоқталатын болсақ, 1963 жылы шілде айында бірнеше тәулікке созылған ыстық аптаптың әсерінен мұздық пен қардың мол еруінен Жарсай мұздығындағы көл суы ернеуінен асып, жарты сағат шамасында Есік көліне шамамен 6 млн. м3 лай мен тасты ағызып әкелді. Сел болған уақытта демалып жатқандардан 52 адам қайтыс болыпты. Қазіргі платинаны салуға 10 жылдай уақыт кеткен екен.

Опырмалар

Опырмалар - ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

Опырмалар Қазақстан барлық таулы ауданыдарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Сас ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатауындағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.

Опырмалар жылдың кез-келген уақытында, әдетте, тіктігі 19 градусқа жуық жарларда болады. Ірі қопырмалардың алаңы 50-60 га дейін жетеді. Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы опырмалар құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскелерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи геоморфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суырмалы сумен ылғалданады. Опырмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады.

Сырғыма

Сырғыма - ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы) . Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстар және т. б. ) болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлардың топтастырылуы
Апаттардың табиғи сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы экологиялық дағдарыстар
Сейсмикалық аудандастыру
Табиғи сұрапыл апаттар
Асанқайғы поэиясындағы Жәнібек бейнесін ашу
Экологиялық дағдарыс ұғымы
Қазақтың текті қыраны
Адам іс-әрекетінен туындаған биосферадағы жаһандық өзгерістер
Жер сілкінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz