Дүниежүзі халықтарының серпіні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Дүниежүзі халықтарының серпіні. Өндірістік процесстерге әсерін тигізетін факторлар. Халықтың туылуы, өлім жітімі, табиғи өсүі. Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті.

Мақсаты: Әлем халықтарының негізгі серпінін, халықтардың табиғи қозғалысын зерретй білуге үйрену;

Міндеті : Халықтың туу және өлім көрсеткіштерін, табиғи қозғалысына сипаттатама беру;

Халықтың саны және ұдайы өсуі.

Адам - планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны зерттеп білудің де маңызы зор.

Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына - халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады. Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография » пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман - географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени - рухани жақтары, әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.

Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай қоныстандырылғын. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуі дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар «ойлау қабілеті» бар адам ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегі адам тәрізді маймылдардан пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамдар белгілі бір үлкекн аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен Орталық Африка және Оңтүстік - Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа да жерлерге тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстік бөлігіне, Оңтүстік - Шығыс және Солтүстік - Шығыс Азияға таралған. Болжам бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік - Шығыс Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Австралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бірақ алғашқы адамдардың санын білу мүмкін емес. Тіптен біздің жыл санауымызға дейінгі кезеңдегі халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбір деректер жоқ. Ғалымдар болжаммен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда жер шарында шамамен 10 млн. адам болған дейді. Біздің заманымызға дейінгі төрт мыңыншы жылы егіншіліктің пайда болуы халықтың тез өсуіне әкелді. Біртіндеп егіншілікпен шұғылдану халықтың құрлықтағы қоныстану аймақтарының, яғни «ойкумендердің» негізгі факторы болды. Алғашқы егіншілік ошақтары пайда болған жерлері - Ніл аңғары, Оңтүстік - Батыс және Оңтүстік Шығыс Азия, сол кезден бастап олар халықтың шоғырланып орналасу орталықтарына айналды.

Біздің жыл санауымыздын бас кезінде халықтың санын анықтауға мүмкіндік туды. Оны сол кездегі әскер құрамы, салық төлемі, т. б. деректерге қарап білуге болады. Осы мәліиеттерге сүйене отырып, Рим империясының, Қытай және Үндістан халқының саны анықталды. Біздің жыл санауымыздаың басында, жер шары халқының 3/4 бөлігі осы елдерде мекендеді. Ал халықтың жалпы саны сол кезде дүние жүзінің шамамен 230 млн. адамға жетті. Алғашқы ғасырда халық саны соғыстар мен жұқпалы аурулардың таралуы салдларынан көп өспеді. Халықтың өсу қарқыны көбейгенімен, XVII ғасырға дейін ол тұрақсыз болды. Осы уақытқа дейінгі кезеңді адамзаттың демографиялық дамуының алғашқы немесе аграрлық өркениет кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі жалпы өсімі біршама төмендігінен сипатталады. Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші жартысынан басталады. Өндіріс қолға алынған өнеркәсіптік революция кезеңінде дүние жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды. Халықты санауда әр түрлі әдістер қолданылғандықтан, кейбір мәліметтерде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тек XX ғасырдың 40-жылдарының соңында бастап қана мәліметтер бір-біріне сай келеді. Ол БҰҰ-ның жыл сайынғы демографиялық жылнама мәліметіне байланысты мүмкін болып отыр. Халықтың саны туралы айтқанда, жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының жартысы келесі 7 елде тұрғандығын білгендерің жөн. Олар: Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн), АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн), Бразилия (176 млн), Пәкстан (148 млн) және Ресей (145 млн) . Ал келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127 млн), Нигерия (130 млн) және Мексика (103 млн) мемлекеттері тұр.

Табиғи - биологиялық фактор. Адамдардың тууы мен өлуі -
биологиялық құбылыс . Сол сияқты халықтың ұдайы өсуіне әр түрлі климат және табиғат жағдайларына үлкен әсер етеді. Ал өлімге келсек, бұл - қайтымсыз процесс. Көбінесе адамдар физиологиялық қартаюдан емес, негізінен, олар аурудан немесе басқа да себептерден өледі. Аурудың таралуы әрбәр жердің табиғи ортасына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде - безгек ауруы, тропикада - ұйқы ауруы т. б.
2. Әлеуметтік - экономикалық фактор. Бұған жататындар: халықтың тұрмыстық хал-ахуал деңгейі, денсаулықтау сақтау шараларының дамуы, әйелдердің қоғңамдық жағдайы, халықтың мәдени және білім деңгейі, шұғылданатын кәсібі, т. б. Мәселен, жыл сайын жер шарында 14 млн адам, оның ішінде 6 млн сәби
3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер етуші факторлардың келесісі - демографиялық топқа біріктіріледі. Бұларға: халықтың жастық және жыныстық құрамы, некелесу және ажырасу факторлары да жатады.
4. Табиғи өсімге үлкен әсер етуші негізгі факторлар тобының бірі - ол мәдени әлеуметтік және психологиялық факторлар. Мысалы, көп балалы болу, әдет-ғұрыптарының сақталуы, мұндай жағдай демографиялық дәстүр деп аталады. Діннің әсеріне келсек, ислам, индус, католик, т. б. діндер көбеюді қолдайды. Кейбір діндердің тууға онша әсері жоқ, мысалы, будда, протестант, провославие діндері.
5. Халықтың табиғи өсіміне әсер етуші факторлар арасында ерекше орынды соғыс пен стихиялық апаттар алады. Әсіресе соңғы екі дүниежүзілік соғыстың зардабы аса көп. Бірінші дүниежүзілік соғыста шамамен 10 млн-нан аса адам көз жұмса, Екінші Дүниежүзілік соғыста 50 млн-ға жуық адам қаза тапты. Соғыстың зардабы сонымен бірге адамдардың тұрмыс ахуалының төмендеуіне, аш-жалаңаштыққа, түрлі ауруларға шалдықтырады. Әрі қосымша шығындарға ұшырады. Мысалы, некеге тұрушылар санының азаюы, халықтың жыныстық құрамы бұзылуы, үеркектердің біраз бөлігінің соғыста шығынға ұшырауы туудың мөлшерінің азаюына алып келді. Табиғи апаттардың - жер сілкіну, су тасу, дауыл, құрғақшылық, температуралық режимдердің шұғыл өзгерісі, т. б. жыл сайын мыңдаған адам өмірін қиюда.

Халықтың ұдайы өсуінің өтпелі түрлеріне келсек, олар туудың орташа мөлшерімен, өлімнің аздығымен және халықтың бірыңғай өсуімен сипатталады. Халықтың ұдайы өсуінің бір түрден екінші түрге ауысуының негізгі себебіне қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық өзгерістер жатады. Ол өз кезегінде демографиялық процестердің нәтижесінде тууға әсер ете отырып, халықтың құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Мәселен, адамзат қауымдастығы өз басынан табиғи өсімнің аса жоғары деңгейін өткерді. Ендігі жерде әлем тұрғындарының, әсіресе дамушы елдердегі халықтың күрт өсуін болдырмай тұрақтандыру қажет. Алайда планетамыздың халқы жыл санап көбею үстінде. Осыған жетудің тура жолы бірінші кезекте - дамуы кенжелеп қалған елдер халқының өмір сүруі мен мәдени деңгейін көтеру, ғылым мен білімді дамыту. Бұл жерде осы тұрғыдағы көптеген дамушы мемлекеттердің ұстанып отырған демографиялық саясатының маңызы зор.

Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары - экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.

Халық санының өсуі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс тілі мен әдебиеті
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық
Ресей қазақтары
Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны
Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы Қазақстан халқының форумы
Мәскеуде жүр бір қазақ туған елдің тынысын кеңейтем деп
Кедейшілік
Қазақстан Республикасының ҚХР-мен қарым-қатынастарының даму барысы
ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ЭТНИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ
«Оғыз-наме» кітаби эпосындағы космогониялық мифтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz