Студенттерге бизнес жоспар туралы түсінік беру, оның өндіріс үшін маңыздылығын түсіндіру. Оның негізгі принциптерімен, бизнес – жоспардың негізгі мақсаты, қажеттіліктері, артқаратын қызметтері, негіздемелері және тәсілдерін таныстыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс мақсаты: Студенттерге бизнес жоспар туралы түсінік беру, оның
өндіріс үшін маңыздылығын түсіндіру. Оның негізгі
принциптерімен, бизнес - жоспардың негізгі мақсаты,
қажеттіліктері, артқаратын қызметтері, негіздемелері
және тәсілдерін таныстыру.

Дәріс жоспары:

1. 1. Бизнес - жоспарлаудың мәні, мазмұны.
1. 2. Бизнес - жоспардың атқаратын қызметтері.
1. 3. Бизнес - жоспарлаудың негіздемелері мен тәсілдері.

Жоспарлау - бұл әрбір кәсіпкерлік жұмыстардың нормасы болып табылады. Бизнес-жоспарлау фирманың жеке кәсіпкерлік жұмыстарының әділ бағасы бола отырып, нарық талаптарын шешудегі қажетті құрал ролінде атқарады, яғни кәсіпорынның негізгі аспектілері сипатталады. Бизнес-жоспарлау - бұл ғылыми зерттеу және жобаларды жасау жұмысы болып табылады.
Бизнес-жоспарлауды кәсіпорынды басқарудың негізі десек, асыра сілтеген болмаймыз. Бизнес-жоспарлау арқылы кәсіпорын басшысы өз кәсіпорынының қате кемшіліктерін, жетістіктерін көру мүмкіндігіне ие болады.
Бизнес-жоспарлаудың негізгі мақсаттары несие алу, немесе инвестициялар енгізу, фирманың стратегиялық және физикалық жұмыстарын анықтау т. б. болып есептеледі.
Бизнес-жоспарлау кәсіпорынның алдында тұрған стратегиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады:
- кәсіпорынның ұйымдастыру - басқару және қаржы экономикалық
жағдайын бағалау;
- кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің потенциялдық мүмкіндіктерін
анықтау, оның күшті және әлсіз жақтарын зерттеу;
Бизнес - жоспарлауды төмедегілер негіздейді:
- нарық жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуінің жалпы және
меншікті деңгейлері;
- бәсекенің стртегиясын және тактикасын таңдау;
- кәсіпорын мақсаттарына жету үшін қажетті болған қаржылық,
материялдық және еңбек ресустарын бағалау;
Бизнес жоспарлау өндірістің дамуының мүмкіндіктерінің әділ ұсыныстарын белгілеп береді, нарықтағы тауарды өткізудің әдістерін, бағаны, пайданы, тәуекелділік зоносын белгілейді. Оларды төмендетудің жолдарын ұсынады.

Бизнес әлеміндегі жетістік келесі үш негізгі элементтерге тікелей
байланысты:
1) іс-әрекеттердің, бизнестің ағымдағы жағдайын түсіну;
2) болашақта бизнестің жете алатын деңгейін бағалау;
3) бір деңгейден екінші деңгейге өту процесін жоспарлай білу.
Бизнес-жоспар жобаны қаржылауға көмектесетін потенциалды
серіктестерді табуға мүмкіндік береді. Инвестор тек жобаның
табыстылығына көз жеткізіп ғана, оған инвестицияны тарту немесе тартпауы
туралы шешім қабылдайды.
Бизнес-жоспар басты екі сұраққа жауап беруі тиіс: «Бұл жобаға
қаражат тарту қажет пе? Нәтижесінде құйылған қаражат қайтарылады ма?»
Бизнес-жоспар:
1) жобаның қысқа, нақты, түсінікті және қолжетімді етіп түсіндіреді;
2) кәсіпкердің іс-әрекеттерді ұйымдастыруға және неғұрлым перспективті
шешімдерді таңдауға көмектесетін жұмыс құралы;
3) кіріс пен шығындарды бағалауға мүмкіндіндік береді;
4) компанияның негізгі қызметтерін айқындайды және болашақтағы
тұрақтылық дәрежесін анықтайды;
5) зерттеулердің және ұйымның белгілі бір нарық негізінде анықталған
сандық және сапалық көрсеткіштердің нәтижесінде құралады;
6) жобаның тиімділігі және табыстылығы туралы инвесторларға
дәлелдемелер келтіреді;
7) бизнестің қауіптерін, тәуекелдерін бағалайды, болжайды;
8) ұзақ мерзімді стратегиялық дамуды ұйымдастыруға құнды тәжірибе
береді.

Бизнес жоспарлардың түрлері

Фирманың ішкі бизнес-жоспары. Ішкі бизнес-жоспардың бірден-бір
ерекшелігі - оның қандай да бір сыртқы ортамен байланысының болмауы.
Керісінше, бұл түр тек ішкі жүйенің есебі мен жоспарлануына бейімделуі
тиіс.
Ішкі жоспарлау жүйесі оңтайлы болуы қажет. Мақсатты
көрсеткіштердің құрамын тек қажетті, бақыланатын көрсеткіштер қамтуы
тиіс. Бұл дегеніміз, ауқымды жоспарлау жүйесі жобаның іске асуының
тиімділігін төмендетуі мүмкін. Жүйелі жоспарлау материалдық ресуртардың
дайындаудан, өнімнің өндірісі мен сатудан пайда алуға дейін бүкіл циклды
қамтып отырады.
Айналым қаражатын толықтыру мақсатында кредит алу үшін
қажетті бизнес-жоспар. Бизнес-жоспардың осы түріне сәйкес белгілі бір
халықаралық стандарттар бар. Мысалы, жоспардың көлемі 25 беттен аспауы
тиіс. Бұл көптеген мемлекеттерде қабылданған объективті талаптардың бірі
болып табылады.
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы экономикалық мәселелер өндірістік
объектілеріне кредит алу мүмкіндігін қиындатуда. Банктердің бизнесжоспарға қойылатын барлық талаптарын қамтып орындау әрбір
компанияның қолынан келе бермейді. Өйткені, әр банк өзінің жаңа
талаптарын қоюға тырысады. Олардың мұндай іс-әрекеттерге баруын
банктың кредиттардың қайтарылмау жағдайынан өзін-өзі қорғауы немесе
банк ішіндегі ақыла қызметтерді ұсыну үшін (мысалы, бизнес-жоспар
дайындау) деп түсінуге болады.
Инвестициялық бизнес-жоспар. Қаржылық өтінішті толтыру және
кредиторларды іздеу кезінде келесі сұрақтардың жауабын қамтыған дұрыс:
1. Жобаны іске асыру үшін қанша қаражат қажет?
2. Қаражат қандай мақсаттар үшін пайдаланатын болады?
3. Қаншалықты мерзімге?
4. Қаражаттың қайтарылу шарттары?
5. Қаражаттың қайтарылуы немен кепілденеді?

Жоспардың көрінісі:

- техникалық;

- экономикалық;

- ұйымдастырушылық;

- әлеуметтік;

- коммерциялық;

- аралас.

- моно жоба;

- мульти жоба;

- мега

жоба - мақсатты аудандарға

бағдарламаларды әзірлеу

барысында.

- кіші;

- орташа;

- үлкен;

- ірі;

- қысқа мерзімді - 3 жылға дейін;

- орта мерзімді - 3-тен 5 жылға

дейін;

- ұзақ мерзімді - 5 жылдан аса.

- қарапайым;

- күрделі;

- қиын.

- инновациялық;

- ғылыми-зерттеушілік;

- ұйымдастырушылық;

- оқытушылық;

- аралас.

Бизнес-жоспардың сапасы

Мемлекеттің

жобаға

қатысу

деңгейі

9 Ресурстардың шектеулілігі

10 Нарық сыйымдылығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес – жоспарлаудың мәні мен мазмұны лекция
PR – стратегияны жоспарлаудың функциялары мен міндеттері
Кәсіпкерлік қызметтерден мысалдар келтіру
Кредиттік оқу жүйесі
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
ХАССП ЖҮЙЕСІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАҒИДАТТАР
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі. Педагогика. Дәрістер
Тауар өндірушілердің саны
Шаштараз қызметінің сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz