Дін және мәдениет туралы мағлұматтар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Дін (ағылш. Religion) дегеніміз сенушілерінің харекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін. Дегенмен діннің тұтастай дәл неден құралатыны туралы ғылыми келісім жоқ, әр діннің өз ерекшелігі бар, бәрін бір түсінікпен түсіну мүмкін емес.
Әртүрлі дін әдетте Политеизм, пантеизм, монотеизм, теизм, деизм және агностицизм секілді әртүрлі құдайтану жүйелеріне тән болады, және бір-бірін терістеген, айырым жағдайда жауласқан күйде болады.
Әртүрлі діндерде түрлі мазмұндағы құдырет (divine), киелі зат, сенім, табиғаттан тысқары болмысболмыстар, сондай-ақ "өмірді ережелермен және күшпен қамтамасыз ететін мәңгілік және трансцендент" қатарлылар болуы мүмкін. Діни практикалар әдетте әртүрлі дінде әртүрлі деңгейде ритуалдарды, уағызды, еске алуды, немесе табынуды (құдайларға, немесе әулиелерге), құрбандықты, мерекелерді, мейрамдарды, транстарды, бастамаларды, жерлеу рәсімдерін, үйлену тойларын, медитацияны, дұғаны, музыканы, өнерді, биді, қоғамдық сервистерді және адамзат мәдениетінің тағыбасқа аспектілерін қамтиды.
Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді. олар: Христиан, Ислам, Индуизм, Буддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дін және мәдениет
Адамзаттың тұтас тарихына және ұлттардың жеке тарихына зер салсақ, діннің адамзат тарихында түрлі деңгейде сақталып келгенін көреміз. Ұлттардың өз жеке діни сенімінен тартып, кейінгі бірлікке клеген мәлім халықаралық дінге сенуіне дейін дін мен мәдениет қатар жүреді. Орта ғасырда діннің мәдениетке ықпалы тіке болды, тек кейінгі ғасырларда ғана дін біртіндеп әлеуметтік үстем орыннан түсіп, қатардағы құндылықтардың бірі бола бастады. Демократия мен адам құқықтарының, сенім бостандығының қорғалуы діннді бәрін белгілеу мүмкіндігінен айырды. Дегенмен діннің халықтар өміріндегі рөлі әлі де айтарлықтай екені белгілі. Дін арқылы кей халықтар біріккені мәлім, дін себебінен кей халықтар ыдарағаны да шындық.
Әр халықтың ішінде белгілі бір дінге сенетіндердің басым болуына орай сол діннің ерекшеліктері сол халықтың мәдениетінде көбірек көрініс табады. Әрине, мәдениет дінмен шектелмейді, мәдениетке әсер ететін факторлар әртүрлі, сан алуан, ал ұқсас діндегі халықтардың мәдениеті де әртүрлі. Медениет - ортақ бірлікке келген құндылықтар жүйесі. Құндылықтар этика мен эстетикадан тартып заң мен тәртіпке дейін сол халықтың ұлттық болмысын паш етеді. Ал, сол халық сенетін дін осы құндылықтардың бір мазмұны.

Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
мәдени әрекет,
мәдени орта,
мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. Белгілі философ Иоганн Готфрид Гердер :

Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы

- деген.
Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді:

Олар -- терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі.

Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам рөлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының мәдениеті
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
Социологиялық зерттеулердің кезеңдері мен түрлері
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты мәліметтер
Орталық Азиядағы ғалымдар
Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары
Педагогикалық институт
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің мақсаты
Ұлы жібек жолы жайында
Пәндер