Қайта құру жылдарындағы Оңтүстік Қазақстанның саяси жағдайы


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Кеңес дәуірінде Отан тарихында жинақталған ақтаңдақтардың бетін ашып, оларды тарихи және объективтік принциптер тұрғысынан жаңаша бағалау тарих ғылымының алдында тұрған маңызды міндеті. Сондай ақтаңдақтардың бірі 1985-1991 жылдар аралығын қамтыған қайта құру шаралары болып табылады.
Тоқырау жылдары деп айдар тағылған кезеңде барлық жерлердегі сияқты Қазақстанда да, оның ішінде Оңтүстікте де ол басқару ісінде елеулі кемшіліктер орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік - экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа, бұрмалаушылыққа жол берілді. Жалпы, барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезеңде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде көп жағдайда тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды.
Партияның экономикалық стратегиясының ең жоғарғы мақсатыхалықтың материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін үздіксіз арттыру болып келді және солай болып қала береді. Алдағы тұрған кезеңде осы мақсатты жүзеге асыру әлеуметтік экономикалық дамуды жеделдетуді ғылыми-техникалық прогремм негізінде өндірісті барынша интенсивтендіріп, оның тиімділігін арттыруды талап етті. Қайта құру кезеңінде өндіріс негізінен дамудың интенсивті жолына көшіріліп, қоғамдық еңбек өнімділігінің түбегейлі арттырылуына қол жеткізу және осының негізінде экономикалық өсу қарқынын жетілдіру қаралды. Елдің ұлттық таңбасын 2 еседей ұлғайту болды.
Экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру күрделі қаржыны халық шаруашылығы дамуының басым бағыттарына шоғырландыру өткен кезге қарағанда неғұрлым жігерлі түрде жүзеге асырылатын болады. Басты назар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жарақтандыруға және қайта құруға аударылды. Машина жасау, химия, электрон және электротехника өнеркәсібі жедел қарқынмен дамытылды.
Қайта құрудың белгілерінің бірі әлеуметтік - экономикалық дамуды жеделдету. Бұл секірісті экономиканың құлдырау қарқынын тоқтату және жеделдету бағытына басты күшті жұмылдыру есебінен жасау тұжырымдалды. Қоғамды демократияландыру. Бүкіл халықтың басшылықты жүзеге асыратын төменгі баспалдақтан бастап жоғарғы сатысына дейінгі кеңестердің қызметін қалпына кетіру, елде территориялықты қамтамасыз ету, келеңсіз құбылыстар айналасындағы халықтың ой - бүкпелерін, пікір тұжырымдарын, ұсыныстарын іркілмей, ашық айтуына мүмкіндіктер беру болды.
Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: ХХ ғасырдың сексенінші - тоқсаныншы жылдары коммунистік партия жүзеге асырған қайта құру шараларын архив құжаттары негізінде талдап, оның маңызы мен нәтижесін тарих ғылымының бүгінгі деңгейі дәрежесінен бағалау зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады. Аталмыш мақсатқа сай біз өз алдымызға төмендегідей нақты міндеттер қойып отырмыз:
- Қазақстандағы «қайта құру» курсының мән-мағынасына таңдау жасап көрсету, оның кезеңдерін ашып көрсету;
- Оңтүстік Қазақстандағы қоғамдық-саяси жүйенің мәнін ашу;
- Оңтүстік Қазақстандағы демократиялық қатынастардың дамуын ашып көрсету;
- 1985-1991жж экономикалық реформаның барысын зерттеп, нәтижесіне баға беру.
- Қайта құру идеясын Оңтүстік өңірінің экономикалық, әлеуметтік өміріне тигізген әсерін талдау;
- Қайта құру шараларын нәтижесі туралы кеңес дәуірінде берілген қорытындыларды сыни көзқараспен талдау;
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі: Зерттеу методологиясының маңызды бөлігі қайта қалпына келген экономикалық, саяси құндылық болып табылады. Дипломдық жұмыста тарихи оқиғалар объективтік шындық тұрғысынан қарастырылып, зерттелінді. Зерттеу жұмысында тарихи деректік материалдар және құжаттардан жинақтау салыстыру, жүйелеу және талдау әдістері қолданылады. Тарихишылық, жүйесін, объективтік тәрізді ғылыми принциптер басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттеу деңгейі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізгі айқындалған.
І-тарау. Қайта құру жылдарындағы Оңтүстік Қазақстанның саяси жағдайы.
1. 1. Қайта құруға бағыт алу, қайта құру кезеңдері.
XX ғасырдың 80-жылдарының басында одақтас республикалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мүшкіл болды. Қайта құру процестерінің тактикасын айқындауда өрескел қателіктер жіберілді, бірақ қайта құруды бастаушылар өздерінің кемшіліктерін дер кезінде мойындамады. Экономика мен саясаттағы дағдарыс өрши түсті. Кейбір аймақта саяси талап қойған кеншілердің ереуілдері болды. Осындай жағдайда орталықтың позициясы әлсірей берді. [1] . Бүкіл экономикалық саладағы және барлық қоғамдық жүйе мен жеке адамдардың өміріндегі орталықтандырылған басшылық, партия және мемлекеттік аппарат іс-қызметтерінің қосақтасып-қабысуы, оның бюрократтығы, зандылықтардың аяққа тапталуы, қоғамдық-саяси өмірдің маңызды мәселелері бойынша жариялықтың жоқтығы сияқты көлеңкелі құбылыстардың шешімін таппағандығы былай тұрсын, оны шешудің қажеттілігін түсінбей, мемлекет басшылары дәрменсіздік, солқылдақтық танытты. Өзгеріссіз қатып қалған экономикалық формалар, тұнып тұрған қоғамның саяси-ұйымдастырушылық құрылымы орын тепкен қайшылықтарды шешуге бөгет болды. Ел қоғам дамуының жаңа тұжырымдамасын қажет етті.
Алайда нақты тетіктері жасалмағандықтан қайта құру кібіртіктей берді. Шындығына келгенде, қайта құрудың қажеттілігі 80-жылдардың басында-ақ айтыла бастаған болатын. Партияның басшысы Ю. В. Андропов өндірістік дамудың ойдан шығарылған сталиндік үлгісі өзінің мүмкіндігін тауысты деп тұңғыш рет ашып айтты. [2]
1985 жылғы наурызда К. У. Черненко өлгеннен кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М. С. Горбачев сайланды. Қайта құруды жеделдету тұжырымдамасына сәйкес 1985-1987 жылдары қазіргі заманның талабына сай алға басуға ұмтылыс жасалынды. Бірақ М. С. Горбачев елдегі қоғамдық-саяси жүйені түбірімен қайта құрумен шұғылданудың орнына 1987 жылы негізінен сыртқы саясатпен айналысты. Ол өзін реформалаушы ретінде көрсетіп, Батысқа ұнамақ болды, ал олар болса «Горбачевке көмектесу» жөнінде бәрі бір пікірге келіп: реформа араны ашылған әскери алпауытты ауыздықтайды деп білген. [3] Сол жылдың сәуірінде партия Орталық Комитетінің Пленумы болып өтіп, онда әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелерін жаңаша қарауға әрекет жасалды. 1985 жылғы сәуірде партия қоғамды демократияландыру және оны жариялылық негізінде қайта құруды жүзеге асыру үшін халық алдында жауапкершілікті өзіне алды: ғылыми-техникалық серпінділікті жеделдету арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұжырымдамасы жарияланды. Бұл стратегиялық бағыт 1986 жылғы 25 ақпан-6 наурызда өткен партияның ХХVII съезінің құжаттары мен сонда қабылданған КОКП жаңа Бағдарламасында өзінің көрінісін тапты. [4] Кеңес Одағында 1985-1991 жылдардың арасы қайта құру кезеңі деп тарихқа енді және оның белгілері төмендегідей :
- әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету. Бұл секірісті экономиканың құлдырау қарқынын тоқтату және жеделдету бағытына басты күшті жұмылдыру есебінен жасау тұжырымдалды; Қазақстанды жаңаша қалыптастыруым керек болды. Қайта құру құрғақ сөзге айналып, келекеге ұшырай бастады. Қатерлі кезеңнен бірігіп аман қалуды ойластыратын ешкім болмады. Тамыз төңкерісінен кейін әркім өз басын өзі күйттеуге мәжбүр болды. Ал М. Горбачев сол оқиғалар елдегі жағдайды түбірімен өзгертіп жібергеніне қапелімде түсіне қоймады. Өз елінде өзге елде жүргенде халге ұшырады. Маған өзімді президент сайлаған халықтың-қазақстандықтардың алдындағы жауапкершілігімді сезініп, шешімді әрекеттерге барудан басқа амал қалмады. [5]
- қоғамды демократияландыру. Бүкілхалықтық басшылықты жүзеге асыратын төменгі баспалдақтан бастап жоғарғы сатысына дейінгі Кеңестердің қызметін қалпына келтіру;
- елде жариялықты қамтамасыз ету. Келеңсіз құбылыстар айналасындағы халықтың ой-бүкпелерін, пікір-тұжырымдарын, ұсыныстарын іркілмей, ашық айтуына мүмкіндіктер беру. Ел ішінде жариялылық негізінде сын айту бостандығы орын алды, жаңа партиялар, түрлі қоғамдық қозғалыстар құрыла бастады, кооперативтер, т. б. құрылып жатты. Батыстың іскерлеріне бірлескен кәсіпорындар құру және т. б. сол сияқталар арқылы кеңестік экономикаға өз капиталын жұмсауға біршама еркіндік беру көзделді. [6]
Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы М. С. Горбачев
«Күшті орталық және күшті республикалар» деген ереже ұсынып, өзін сталиндік үлгідегі күшті орталықтың нағыз қолдаушысы ретінде көрсетті. Әзірленген жобада республикалардың жалпымемлекеттік маңызы бар істерден өзге мәселелердің бәрін орталықсыз өздері шешпек болған ұмтылысы ескерілмеді. [7]
Көтерілген мәселелер орынды, қажетті де занды болды, бірақ оны іске асыруда сөз бен істің алшақтығы тап бұрынғыдай тағы да белең алды.
Қайта құру жылдары 3 кезеңнен тұрады; 1-кезең 1985 жылғы КОКП ОК-нің Сәуір Пленумы-1987 жылдың жазы. 2-кезең 1987 жылдың жазы -1989 жылдың мамыры. 3- кезең 1989 жылдың мамыры -1991 жылдың тамызы. Шеретовтың «Полтическая история Казахстана (1985-2000 жж) » деген кітабында төрт кезеңге бөліп қарастырған.
1-кезеңде қайта құру үрдісін жүзеге асыру жолындағы шаралар.
• Экономиканы ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта кұру тұжырымдалды. Сондықтан валюталық ресурсты тұтыну тауарларынан (тамақ, киім, аяқ киім және т. б. ) дүниежүзілік талаптарға сәйкес келетін отандық мәшине жасау саласының құрал-жабдықтары мен приборларын сатып алу көзделді. Бұл өндірісті жеделдету және еңбек өнімділігін тез арада көтерудің алғы шарты деп саналды. 60-шы жылдардың бірінші жартысында халықтың қол жеткен табыстары жайлы және әміршілдік-әкімшілдік жүйенің құрсауынан шығуға жасалған 1966-1969, 1979 және 1980 жылдардағы талпыныстары туралы ескерту. Бұл-«брежневщинадан» құтылуға істелген әрекеттер еді. [8]
СОКП ОК-нің 1985 ж. сәуір Пленумынан 1992 жылдың жазына дейін. Бұл кезеңнің шеңберінде жеделдету дейтін құбылыстың тұжырымдамасын жүзеге асыруға талпыныс жасалып бақты. Ол кездегі ел басшылығың сенімі бойынша мемлекетті тоқыраудан шығару үшін маскүнемдікпен күрес ашу керек, тәртіпсіздікпен күресу керек(Ю. Андроповтың тәртіпті қатайту жөніндегі бағытының жалғастырылуы осыдан) . Міне осы шаралар еңбек өнімділігін арттыруға, яғни қоғамдық даму қарқыны тездетуге тиіс болды. [9]
Орталық Комитеттің кең ауқымды кеңесінде көтеріліп, партияның ХХVІІ-съезінде қолдау тауып, дамуы қажетті деп көзделген ғылыми-техникалық прогресті өрлету өз нәтижесін бермеді. Мемлекеттің өнеркәсіпке монополиялылығы жағдайында зауыттар мен фабрикалар жоғарыдан таңған импорттық қайта жабдықтаудан бас тартты. Тіпті жабдықтар әкелінген кездің өзінде де олар жәшіктерде сол бұзылмаған қалпы немесе мекеменің артында ашылған күйінде жел, жаңбыр, қар астында пайдаланусыз қалып отырды.
Партия аграрлық жүйеде ауыл шаруашылығының интенсивті дамуын ғылыми-техникалық революциясының жетістіктері, жаңа технология және басқа да факторлар қамтамасыз етеді деп тұжырымдады. Алайда бұл салада да жеделдету концепциясы іске аспады, себебі кеңшар жұмысшылары мен колхозшылардың өндіріс құралдарынан және еңбек нәтижесінен аластатылуы олардың, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін қабылдауға, оның бер жағында, өндіріске енгізуге итермелемеді. 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» арнайы қаулы қабылдады. [10]
- Кадр саясатын қайтадан ұйымдастыру жүргізілді. Кадрларды қайтадан құру жолындағы шаралар да шешімін таппады. Көптеген партия қызметкерлері, шаруашылық басшылары қоғамды нұсқаулар және жарлықтар арқылы бұрынғысынша басқару жүйесін ұстанды.
- Бұл әсіресе елді жайлаған маскүнемдікпен және алкоголизммен, сондай-ақ еңбексіз кіріспен күрес сияқты науқандарды ұйымдастыру барысында айрықша көрінді. Адамгершілік нысанадағы шараларды жүзеге асыру әдістері бұрмаланды. Партия комиттеттерінің нұсқауларымен жүзімдіктер бүтіндей түбірінен шабылды. Селолар, кеңшарлар мен аудандар өздерін «ішімдіктерсіз зона» етіп жариялап, бастамалар өзара социалистік жарыстарға түскен белсендікпен жүрді. Кафелер жабылып, ресторандар басқа профильдік бағытқа көшірілді. Адамдардың жеке өмірлеріне кірігу әдеттегі құбылыстарға айналды.
Үкіметтің ойланбай істеген шаралары самогон жасау, наркоманияның өсуі, тұрмыстық маскүнемдік, ұрлап-қымқыру сияқты құбылыстардың өсуіне әкеліп соқтырды. «Көлеңқелі» экономика күшейді, маскүнемдік жасырын және қатерлі сипат алды.
• Қайта кұру концепциясының алға қойған мәселелерінің бірі өткен
өмірімізден қалай болып жетсе, сол күйінде айнытпай ұлт саясатын әрі
қарай жалғастыру болды. Ұлт мәселесін шешудегі солақайлықтың сотқар әдісі Қазақстанда 1986 жылғы Желтоқсан окиғасында кеңінен қолданылды.
• Партия жұмысында «қазақ басшы орыстардың, ал орыс басшы қазақтардың мәселесімен айналысуға тиіс» деген принцип жарияланды, ең аяғы
ауылдық Кеңестердің өзінде ұлтаралық қатынастар мәселесі туралы бөлім
ашылды, алайда орган ұлт мәселесіне терең үңілуден гөрі, жалаң ұлтаралық достықты нығайтуды жалау етіп ұстанды.
• 1987 жылғы қаңтарда партия ОК-нің Пленумы шақырылып, мұнда
Орталық Комитет еткен дәуірлердегі социализмнің бұрмалануына өзінің
қатысы бар екендігін ашық айтқанымеи, бұл форум өріс алған дағдарыстың
себептерін көрсетіп бере алмады. Қайтадан қайта құрудың құралы шексіз
және жергілікті шаралар енгізу арқылы өзгерістерге аяқ басу болады деп
түсіндірілді. Өзгерістерге ерскше копцептуалды мазмұн беріп, қоғамдық
дамудың тұрпайы көзкарастары салтанат құрды, мәселен, «мүмкіндігінше
социализм», «мүмкіндігінше демократия», «мүмкіндігінше динамизм және
шығармашылық», «мүмкіндігінше зандылық пен тәртіп», «мүмкіндігінше
ғылымилық», «мүмкіндігінше патриотизм» т. б.2-кезең бастау алған 1987 жылғы жаздағы маусым Пленумы басқаруды түбегейлі қайта құру мәселесін көтерді. Бірақ форумның шешімдері жартыкештік сипат алды. Олай дейтін себебіміз-дағдарыстың өрістеуінің тамыры теренде, яғни өндірістік қатынаста екендігі туралы тұжырым жасалмады. Дегенмен қоғамдық сана қозғалысқа түсіп, халықтың әл-ауқатын жақсартудың бірден-бірі жолы нарықпен жеке меншік болып табылатындығы айғақтана түсті. Алайда ел басшылары бұрынғысынша дәйексіздік, сылбырлық, орынсыз қырағылық танытты. Мұның белгісі ретінде «Мемлекеттік мекемелер туралы» заңды айтуға болады. Заңда шаруашылықтың арендалық, мердігерлік жүйесін дамыту көзделді және оны іске асыру шұғыл түрде қолға алынды. Аталған шара қоғамның едәуір дәрежеде алға басуына ықпал еткенімен, мәселелер шешімін таппады. Заң экономиканың жартылай дамуына ғана: мүмкіндік берді, Заң мемлекеттік жоспар және нарық қатынасы сияқты екі сыйымсыз дүниені қабыстыруға әрекет жасады, яғни бұл Кеңес үкіметінің социалистік нарықтың өзінше бір модуліне шығуға буғандық еді.
Партия өркениетті дамуға нарық экономикасы мемлекеттің жоғарыдан түсірілетін жоспарымен емес, жеке меншіктің дамуымен сабақтаса отырып бастайтындығын біле тұра, ескі жолдан ауытқымады.
3-кезеңге қатысты мәселелерге тоқталсақ, қайта құру идеяларының кең қанат жая алмауы біріншіден, партия, мемлекет басшылары реформистік қанатының жалтақтап шегініс тауып, реформаны батыл түрде іске асырмай отырғандығы болса, екіншіден, оның барлық сатыдағы бюрократиялық номенклатурасының қарсылығына ұшыруы болды. Дегенмен 1989 жылғы тамыздың 25 жұлдызында КСРО депутаттарының І-съезінің трибунасында тоталитарлық империя қалдықтарының орнына демократиялық, яғни азаматтық құқықтық қоғамды құрудың маңызды алғы шарты болып нарықпен жеке меншікке ету жолындағы күрес басталды және оның салтанат құрғандығына бүгінгі күніміз айғақ.
Қазақстанның дамуы осы тұста елеулі өзгерістермен сипатталады:
- 1989жылғы КСРОдепутаттарының І-съезінде Г. В. Колбиннің Халық Бақылауы Комитетінің төрағасы болып тағайындалуымен байланысты республика жаңа қадамдарға аяқ басты;
- 1989 жылғы маусым айындағы КП ОК-нің Пленумы ашық жағдайда Н. Ә. Назарбаевты республикалық партия ұйымының басшысы етіп жариялады. Қазақстанда басқа республикалар сияқты тарихи оқиғалар жалпы КСРО-ның саяси жағдайына сәйкес аса жылдамдықпен дамыды;
- 1989 жылғы маусымда мұнай өндіру орталықтарының бірі Жаңаөзен қаласында қайғылы оқиға болды. Әлеуметтік тұрмыстың төмендігі тұрғылықты ұлт өкілдері мен вахталық жұмысшылардың арасындағы қатынастардың шиеленісуімен ушықты: вахталық кезекте істейтін жұмыс күшінің Ресейден әкелінуі, керісінше тұрғылықты жер азаматтарының калыс қалуынан жұмыссыздық жайлап, күн көрістің нашарлауы, вахталық жұмысшылардың қазақ халқының дәстүрін аяққа басуы тәртіпсіздік пен қан төгіске ұласып, тек милиция және әскердің күшімең басылды;
- ұлтаралық қатынастың шиеленісуі ұлт саясатын тез арада қарауды талап етті. Ұлт саясатын қалпына келтірудің алғашқы қадамдарының бірі 1989 жылғы қыркүйек айында «Қазақ КСР-ның Тіл туралы» заңының жарық көруі болды, көп ғасырлық тарихында қазақ тілінің мәртебесі алғаш рет мемлекеттік дәрежеге көтерілді;
- 1990 жылғы сәуір айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н. Ә. Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті етіп сайлады;
- 1990 жылғы қазанның 25 жұлдызында Қазақ КСР-ның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданды.
1990-1991 жылдары елде КСРО-ның болашағы туралы мәселе талқыға түскенде, Қазақстан жаңарған федерация және республикалардың егемендігі принципіне негізделген Одақты сақтауды белсенді түрде қолдады. Алайда 1991 жылдың 19-21 тамызында Мәскеуде антиконституциялық төңкеріс болды. Бүліктің талқандалуы КОКП-ның іс жүзінде таралуына әкеліп соқты. Орталыктың империялык жүйесі, мұнымен бірге біртұтас бөлінбейтін мемлекет тұрпатындағы Кеңес Одағы да өмір сүруін тоқтатты. Осыдан кейін-ак бұрынғы 15 одақтас республика бірінің артынан бірі өз тәуелсіздігін жариялай бастады.
1. 2. Оңтүстік Қазақстанда қоғамдық саяси және демократиялық
қатынастардың дамуы.
Біздің қоғамымызда демократиялық қатынастардың одан әрі тереңдеп өрістеуі кеңестердің қызметінен көріне бастады. «Барлық өкімет Кеңестерге берілсін!» - деген ұран жанданды. Бұл мәселені ілкі кезде кеңестерге партия басшылығын күшейту арқылы шешу үшін күш салынды, бірақ одан ештеме шықпады. Өйткені кейінгі жылдары компартияның қызметінде елеулі кемшіліктер мен тоқыраушылық орын алды. Оның сапа құрамы төмендеп кетті. Партия комитеттерінің кеңестерге және тағы басқа да қоғамдық ұйымдарға басшылығы жеткіліксіз болды.
Облыстық XXVI партия конференциясы сайлаған облыстық партия комитетінің бірінші уйымдастыру пленумы болды. Онда ұйымдық мәселе қаралды.
Пленумда облыстық партия комитетінің бірінші секретары және бюро мүшесі болып Р. М. Мырзашев сайланды. Облыстық партия комитетінің екінші секретары және бюро мүшесі болып В. С. Черненко, секретарлары және бюро мүшелері болып Ә. С. Бесбаева, С. А. Терешенко, Ә. Спатаев сайланды.
21 март, сенбі күні Шымкент Қазақстан Компартияы облыстық комитетінің VI пленумы болды. Пленумның қарауына «КПСС Орталық комитетінің 1987 жылғы январь Пленумының « Қайта құру және партияның кадр саясаты» туралы шешімдерін орындау жөніндегі облыс партия ұйымының міндеттері» туралы мәселе енгізілді. Бұл жөнінде облыстық партия комитетінің бірінші секретары Р. М. Мырзашев баяндама жасады.
Жарыссөзге мына жолдастар қатысты: Б. А. Рузанов- Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық партия комитетінің бірінші секретары, О. Нұржанов-Мақтарал аудандық партия комитетінің бірінші секретары, Г. Я. Воронков-Ленгер аудандық партия комитетінің бірінші секретары, А. Әбдіраманов-Шымкент қорғасын заводының балқытушысы, В. В. Кожевников-Шымкент қалалық партия комитетінің бірінші секретары, Ж. Төлеев-Ленин аудандық партия комитетінің бірінші секрктары, Г. А. Байғарина-«Восход» тігін фабрикасының директоры, Н. Ш. Кабиров- Кентау қалалық партия комитетінің бірінші секретары, А. И. Бондаренко- Сайрам ауданындағы «Победа» колхозының шошқа өсірушісі, К. Пернешев- облыстық ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің бастығы, Ұ. А. Арғынбеков-Түркістан ауданындағы партия комитетінің бірінші секретары, Ш. Ахмедов-Түркістан ауданындағы «Победа» колхозының бригадирі, Л. А. Романов- Түлкібас аудандық партия комтетінің бірінші секретары, Ж. Пірімбетова- Шымкент нан пісіру өнеркәсібі өндіріс бірлестігі № 1 нан заводының мастері, Р. П. Зуев- облыстық «Южный Казакстан» газетінің редакторы.
Пленумда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеінің химия өнеркәсібі бөлімінің меңгерушісі А. Н. Нұрышев сөз сөйледі.
Пленумда облыстық партия комитетінің бірінші секретары Р. М. Мырзашев қорытынды сөз сөйледі.
Пленум талқыланған мәселе бойынша қаулы қабылдады.
Пленумның жұмысына КПСС Орталық Комитетінің ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімінің сектор меңгерушісі И. Б. Паклин, КПСС Орталық Комитетінің жауапты қызметкері А. А. Рутков, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйымдық- партиялық жұмыс бөлімінің инспекторы В. Н. Шепель қатысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz