Басқарушылық есепті ұйымдастыру және оны жетілдіру мәселелері


12. Басқарушылық есепті ұйымдастыру және оны жетілдіру мәселелері
1. ЕСЕПТІК АҚПАРАТТЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР
2. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕП ҚЫЗМЕТТЕРІ
Экономикасы жоғары дамыған елдерде нарық жағдайындағы ұйымның оңтайлы экономикалық жұмысын ұйымдастырудың мол тәжірибесі жинақталған, мұны отандық кәсіпорындардың есеп тәжірибесінде пайдалану өте қажет. Ұйымды басқару теориясы мен тәжірибесінің шетелдік жетістігінің бірі басқарушылық есеп болып саналады.
Басқарушылық есепті ұйымдастыру мен жүргізу ұйым басшыларының жедел және стратегиялық шешім қабылдауына керекті қаржылық және өндірістік ақпараттарды сәйкестендіру, өлшеу, талдау, дайындау, түсіндіру және ұсыну процесі болып табылады.
Бұл анықтама халықаралық стандарттарға сай және ұйымды басқару үшін есептің мәні мен мазмұнын ең толық сипаттайтын түсінік. Осыған сай басқарушылық есеп ұйымның, оның бөлімшелерінің қызметін стратегиялық басқаруды, бағалауды, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен бақылауды, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етуді қоса алғанда жалпы бизнесті басқару үшін қажетті ақпаратты жедел қалыптастыру мен пайдаланудың барлық жүйесін қамтиды. Бұл жағдайда бухгалтерлік есеп жүйесі, оның ішінде ұйымды басқару үшін пайдаланатын бөлігі басқарушылық есебіне кіреді.
Ғалымдар мен экономисттердің арасында басқарушылық есепті бухгалтерлік есеп жүйесінде және онан тыс та қарайтын әртүрлі көзқарастар бар. Соңғы жылдары басқарушылық есеп кәсіпорын қызметінің қаржылық есебімен, яғни шығындар мен қаржылық нәтижелер, борыштық талаптар мен міндеттемелер, материалдық қорлар мен төлем тәртібін бақылаумен ғана шектеледі. Бірақ өндіріс, өткізу және жабдықтау, сонымен қатар басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау, оның ішінде кәсіпорын үшін маңызы жағынан кем түспейтін өндірістік инвестициялармен байланысты шешімдер басқарушылық есеп өрісінен тыс қалып қалады.
Басқарушылық есеп шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша басқарылатын әрбір объектінің есептік жүйесі, жопарлауы, бақылауы мен шығындары туралы мәліметтерді талдауы болып көрінуі, соның негізінде ұзақ және қысқа мерзімді уақытқа ұйымның қызметін оңтайландыру мақсатында әртүрлі тиімді басқарушылық шешімдерін жедел қабылдау үшін ақпараттың негізі болып саналады. Себебі бұрын бухгалтерлік қызмет ешқашан жедел және стратегиялық жоспарлау мен бюджеттендіру, жабдықтау, өндіріс пен өнімді өткізуді басқару үшін ақпараттарды дайындаумен айналыспаған. Бірақ, соңғы кезде экономикалық ақпаратты қалыптастырудың компьютерлік жүйесі көп жылдар бойы өндірістік - шаруашылық қызметті жоспарлау, болжау, есепке алу және талдау арасындағы көбіне шартты түрде болатын кедергілерді жойып жіберді.
«Басқарушылық есеп» түсінігі (management aceounting) ағылшын тілінен аударылған және біршама қарама қайшылықтарға ие. Мәселен, басқарудың классикалық теориясы тұрғысы бойынша кез келген есеп басқару функциясы болып табылады. Сондықтан бұл анықтама басқарушылық есептің толық мазмұнын сипаттай алмайды. Сонымен басқарушылық есеп сұрақтарын теориялық және тәжірибелік жағынан қарастыру кезінде ғалымдар мен сараптаушылар арасында оның пәндері мен ұйымдастыру жолдары туралы әртүрлі көзқарастар мен ұғымдар бар. Бұл іс жүзінде батыс пен отандық экономикалық-басқарушылық пәндер саласына екі салыстырмалық көзқарасқа байланысты болады.
Басқарушылық есеп құрамдас бөлік ретінде XX ғасырдың 50-ші жылдарында құралды. Осы уақыттан бастап ол АҚШ-тың, соңынан әлемнің басқа елдерінің университеттерінде менеджерлер үшін міндетті оқу курсына айналды.
Есепті-аналитикалық шетел әдебиеттерінде басқарушылық есепті ұйымдастыру теориясы мен тәжірибесіне жеткілікті көңіл бөлінген. Соңғы жылдары Қазақстанда орыс және қазақ тілдерінде біршама монографиялар, оқулықтар мен статьялар, сонымен қатар басқарушылық есеп бойынша әйгілі еңбектердің аударма басылымдары шықты.
Басқарушылық есептің принципиалды ерекшелігі шығындар мен табыстарды тек жалпы кәсіпорындар бойынша ғана емес, сонымен қатар оларды ұйым ішінде қалыптастыру орындары және жауапкершілік орталықтары бойынша анықтау болып табылады. Ол өз алдына менеджерлердің жауапкершлігін арттырып, өнімнің тиімділігіне әсерін тигізеді.
Қазіргі жағдайда басқарушылық жұмысын бюджеттеу, жоспарлау, талдау, бақылау және жетілдіру үшін кез - келген ұйымның басқарушылық есебін жүргізудің қажеттігі мейлінше маңызды. Оның үстіне, нарықтық экономиканы қалыптастыру міндеті халықаралық рынокқа шығу үшін экономикалық дамудың көптеген пайымдамаларын халықаралық стандарттар тұрғысынан қайта қарауды қажет етеді.
Басқарушылық есепті қалыптастырудың маңыздылығы Қазақстанның әлемдік нарықтық қоғамдастыққа кіруіне және соған орай басшылықтың белгілі бір шешім қабылдауы үшін қажетті ақпарат алуына мүмкіндік беретін басқарушылық есепті ұйымдастыруға жаңа талаптар қойылуына байланысты болып отыр.
Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Еесептік ақпараттарды қолданушыларды анықтау;
- басқарушылық есептің мақсаты мен міндеттерін қарастыру;
- басқарушылық есеп қызметтерін айқындау.
Жұмысты жазудың әдістемелік негізі болып бухгалтерлік есеп саласындағы Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілері, отандық және шетел ғалым-экономистерінің оқулықтары, кезекті басылым мақалалары табылады.
1. ЕСЕПТІК АҚПАРАТТЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР
Нарықтық экономика кезінде бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларды екі топқа бөлуге болады:
- ұйымды басқаратын ішкі, яғни есепті жүзеге асыратын кәсіпорын құрамындағы пайдаланушылар;
- сыртқы, ұйымды басқаратындар, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін пайдаланушылар. (кесте 1)
Кесте 1 - Есептік ақпаратты қолданушылар
Ішкі пайдаланушылар - жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау кезінде есептік ақпаратты барлық деңгейде қолданатын басқару қызметкерлері; меншік иелері, құрылтайшылары, директорлар кеңесі, менеджерлер, басшылар және бөлімше мамандары болатын әкімшілік
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар - тікелей және жанама қаржылық мүддесі бар басқа жақтағы сыртқары пайдаланушылар. Олар ұйымның басқару қызметкерлері (басшылығы) дайындалуы мен ұсынылуы үшін жауапкершілік көтеретін, ұйымның қаржылық бухгалтерлік есебінен есептік ақпарат алады.
Бухгалтерлік есептің тармаққа бөлінуінің қызықты концепциясын «Бухгалтерский учет в зарубежных странах» кітабының авторлары береді. Олардың пікірлері бойынша, алғашқы ақпараттың тағайындалуының өзі есептің түрлерге бөлiнуiне негіз болады. Есептің алғашқы өнімі болып « есеп жүйесінің ішкі құрылымында табылатын, ақпараттардың мазмұнынына байланысты дәстүрлі түрде қаржылық, басқарушылық және салықтық есеп бөлiнедi, олар есептің жалпы жүйесінің тармағы ретінде немесе жеке жүйе ретінде қарастырылуы мүмкін» .
2. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Қазақ тіліндегі әдебиеттерге келетін болсақ, ең бірінші болып 2002 жылы Т. Тасмағанбетовтың «Басқарушы есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау» деп аталатын кітабы жарық көрді. Ол «басқарушы», «басқарушылық шешім» терминдеріне сүйене отырып «басқарушы есебі» терминін енгізді. Ал Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларында «Управленческий учет» пәні «Басқару есебі» деген атаумен оқылады, біз егер оларды синоним терминдер деп есптеуге болатын болса, «Басқарушылық есеп» терминін басшылыққа аламыз.
Т. Тасмағанбетов өзінің монографиясының мақсатын төмендегiдей анықтайды: « . . . бұл еңбекте басқарушы есепті жас экономикалық ғылым (оқу құралы) ретінде жаңаша тұрғысынан көрсетуге талпыныстар жасалып отыр» . Осы жерде басқарушылық есептің экономикалық мазмұны мен мақсатын анықтайды: «бір жағынан, басқарушы есеп - бұл шаруашылық субъектінің ақпараттық жүйесінің бір бөлігі, басқа жағынан, -қызметтерді (жұмыстарды) жоспарлау мен шешім қабылдау үшін басшыны қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, жедел түрде басқару мен бақылауға көмек беру, белгіленген бағдарламаны орындау барысында шаруашылық субъектінің қызметкерлерін ынталандыру, ұйым ішіндегі басқару аппаратының, жеке қызметкерлердің, бөлімшелердің қызметтерін (жұмыстарын) бағалау мақсатындағы жасалатын іс әрекет. Осыдан келіп, басқарушы есептің мақсаты болып, өткен құбылыстарды талдау негізінде болашаққа ұсыныстар жасау болып табылады. Міне, сондықтан басқарушы есепті кей кезде болашаққа талдау жасау деп те айтады» . Соңғы сөйлемде осы орайда В. Палий мен Р. Вандер Вил айтқан келесі ой пікір қайталанатын сияқты: «Басқарушылық есептен міндетті түрде болашаққа және істің барысына әсер ету үшін не істеу керек екендігіне көңіл аудару талап етіледі. Өткенді өзгертуге болмайды, бірақ оны болашақта басшылыққа алу мақсатында зерттеуге болады» .
Т. Тасмағанбетовтың әдебиеттерде жиі кездесетін басқарушылық есептің: экономикалық мазмұнына байланысты: «Сондықтан, авторлардың көпшілігінiң жорамалы бойынша, ең қарапайым түрде баяндап жазғанда басқарушы есебі жүйесінің мәні әр түрлі деңгейдегі кәсіпорын басқарушыларының басқару шешімдерді қабылдауы үшін, қажет көлемде сезімталдық тұрғысынан жинақталған ақпараттардан тұрады делінген. Егер бұл тап осындай мазмұнда болса, онда ол бірден-бір зерттеушілердің пікір таласын туғызбайды» деген пiкiрiмен келіспеуге болмайды.
Басқарушылық есептің мәніне қатысты әр-түрлі көзқарастарға талдау жасай отырып, Т. Тасмағанбетов « . . . осы күнге дейін нарықтық жағдайда, жарық көрген әдебиеттерде «басқарушы есептің» тұжырымдалған ұғымы жоқ» деген пiкiрге тоқталады және терминнің экономикалық мазмұнын былайша ашуды ұсынады: «Біздің пікірімізше, басқарушы есебі - бұл экономикалық интегралданған есептеулердің және жиынтық ақпараттық мәліметтерінің негізінде (базасында) кәсіпорындардың қызметтерін белгілі бір бағытқа бағыттау үшін қабылданатын басқарушылық шешімдердің жүйесін жасау» .
Басқарушылық есебінің экономикалық мазмұны мен мақсаттарына қатысты шетелдік және отандық әдебиеттерді талдау нәтижелерін А және Ә қосымшаларын біріктіруге болады. Кестеден көріп отырғандай Ч. Хорнгрен, ДЖ. Фостер, В. Б. Ивашкевич, С. С. Сатубалдин пікірлерімен бөлшекті келісуге болады, өйткені басқарушылық есебінің экономикалық мазмұнына байланысты айтылған пікірлердің қайсы бірі біздің пікірімізбен сәйкес келеді, Ал Т. Тасмаганбетовтың пікірімен келіспеуге болады. Өйткені, біздің пiкiрiмiз бойынша басқарушылық есептің экономикалық мазмұны төмендегідей: «Басқарушылық есеп - бұл басқару қызметін тиімді атқаруға, атап айтқанда, шешім қабылдау, жоспарлау, талдау, бағалау, бақылау мен реттеуге қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ететін, басқарудың жалпы жүйесіне жекеленген және интеграцияланған бухгалтерлік есептің бөлігі. Бұл процесс фирма ішінде өздерінің қызметін атқару үшін басқарушылық аппаратқа қажетті мәліметтерді теңдестіруді, өлшеуді, жинауды, жүйелеуді, талдауды, дайындауды, интерпретациялауды, беру мен қабылдауды қамтиды». Бұл анықтама мүмкіндігінше А-қосымшасындағы кестедегі біз толығымен және бөлшектеп келіскен немесе келіспеген нұсқаларды есепке алады.
Біздің пiкiрiмiзше басқарушылық есептің мақсаты фирманың ішкі пайдаланушыларына, жедел және ағымды, сонымен қатар кәсіпорынның болашақ дамуы сипатында оптималды шешімдерді қабылдау үшін, ақпаратты дайындау және уақытылы беру болып табылады.
Басқарушылық есептің мiндеттерiн анықтаудың әр - түрлі тәсілдерін салыстырмалы талдауға келсек, онда барлық авторлар үшін уақыт өткен сайын басқарушылық есеп мiндеттерi шеңберінің кеңейгені дау туғызбайды.
Бірқатар елдерде «шығындар есебі» түсінігі, мысалы ТМД елдерінің есепті-аналитикалық әдебиеттері мен тәжірибесіне қарағанда, кең көлемде қарастырылады және осыған орай олар шешетін тапсырмалар шеңбері де кең. Бұл түсінік тек құжаттауды, шоттарда нақты жұмсалған шығындарды сипаттау және өнімнің калькуляциясын жасау түсініктерін ғана емес, сонымен қатар ішкі басқару бойынша стратегия мен тактиканы мәліметпен қамтамасыз етуді де қамтиды. Кей кезде мұндай есеп өндірістік есеп ретінде болады.
Біздің пiкiрiмiзше, басқарушылық есептің алдында тұрған мiндеттердi шартты түрде екі топқа бөлуге болады, бұл бухгалтерлік есептің осы тармағының қалыптасу және даму ерекшеліктеріне байланысты.
Мiндеттердiң бірінші тобы әлемнің экономикалық дамыған елдерінде бухгалтерлік есептің қалыптасуы калькуляциялық (өндірістік) есеп базасында жүргізілді, сондықтан оның негізгі мазмұнын өндірістегі шығындардың есебі мен өзіндік құнды калькуляциялау құрайды.
Академик С. Сатубалдин былай дейді: әлемдік тәжірибеге сүйенсек, кәсіпорынды тиімді басқарудың мәні артқан сайын, өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау (өндірістік есеп) басқарушылық есепке өзгереді . Сондықтан да басқарушылық есептің алдында тұрған мiндеттердiң бірінші тобына, өндірістік есептің құрамына енетін, келесі мiндеттердi енгізуді ұсынамыз:
- Шығындарды, олардың пайда болған орны бойынша есепке алу;
- Нормаларды, нормативтерді, стандарттарды жасау және олардың орындалуын бақылау;
- өнімнің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын анықтау, белгіленген нормалардың нормативтерден, стандарттардан ауытқуын анықтау және талдау;
- аяқталмаған өндірісті бағалау;
- өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын және оларды өткізу нәтижелерін калькуляциялау;
- ішкі өндірістік есеп беру жасау.
Мiндеттердiң екінші тобы, басқарушылық есептің, басқару процесі мен есеп процесін байланыстыратынымен шартталған, кәсіпорынды басқару қызметін тиімді атқаруды қамтамасыз етеді. Осы жағдайларды есепке ала отырып, бұл топ, біздің пiкiрiмiзше келесі мiндеттердi қамтуы керек:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz