Ортағасырлық Қазақстан тарихыдүниежүзі тарихының контексінде


Қарастырылатын сұрақтар:
1. Ортағасырлық Қазақстан тарихы курсының пәні, мақсаты мен
міндеттері.
2. Ортағасырлық Қазақстан тарихы
дүниежүзі тарихының контексінде. Ұлттық тарихтың приоритеттері.
Тапсырма:
1. Ортағасырлық
Қазақстан тарихы курсының зерттеу пәнін, мақсаты мен міндеттерін анықтау.
2. Дүниежүзі тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастыра отырып,
ортағасырлардағы Қазақстан тарихының орны мен маңызы туралы конспект
дайындау.
1. Орта ғасырлардағы Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы. Қазақстан егемендік алғанға дейін оның жаңа заман тарихы. Ресейге қосылу себептерін дәлелдеу және осы тарихи актінің прогрессивтігін деріптеу талаптарына сай келу тұрғысынан баяндалуы тиіс болды. Сөйтіп осы проблеманы зерттеуші алдын ала-ақ қатаң шектеушілік шеңберінде өз зерттеуін сыңаржақ шешуге мәжбүр болды. Қазіргі тарихнама жаңа замандағы Отан тарихының көптеген проблемаларының маңыздылығын негіздеді, солардың арасында әсіресе Отанды қорғау және қазақ халқының азаттық үшін қозғалысы ерекше орын алады. Осы айтылғандар бізді Отан тарихын зерттеудегі болған түбірлі өзгерістердің себептерін түсіндіретін бірқатар ірі проблемаларға алып шығады. Солардың арасындағы маңызды проблема XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Орталық Азиядағы геосаяси ситуация құрамындағы Қазақстанның орны. Осы қарастырылып отырған дәуірде Шығыс елдерінің дүниежүзілік капиталистік шаруашылық ауқымына күштеп қосылып, оның аграрлық-шикізат қосымшасына айналғаны шындық. Жаңа замандағы Азия елдерінің тарихнамасының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл елдерде капиталистік укладтың қалыптасуының кешеуілдеу себептерін көрсеткенде Азияның дәстүрлі қоғамдары Қазақ хандығы да, Жоңғар мемлекеті де жеке өркениеттер екені, олардың өзіндік ішкі дамуының заңдылықтары, сондай-ақ сыртқы қатынас қызметінде қалыптасқан маңызды және құнды жүйелері болғаны ескерілмеген.
Бұл мемлекеттердің саяси тарихы сол уақытта толық түсінікті болады, егерде Азия елдері мен Қазақстанның сол дәуірдегі тағдыры қатар қарастырылса. Жаңа заманның бас кезінде тек ойрат (Жоңғар) хандығы мен Қазақстан ғана тәуелсіздігін сақтаған еді.
Шведтермен соғыстан енді ғана есін жиған Ресей, өзінің Азиядағы сыртқы саясатын белсендірек жүргізе бастады. Меселенің өзіндік ерекшелігін түсінген Ресей, «терезені сындырмай» «дарбазаны ашуға кілт» іздеді. Бұл айтылғандар XVIII ғасырдың бірінші ширегінде қазақтар мен жоңғарлар арасындағы шайқастардың өрши түсуінің сыртқы саяси себептерінің кейбір бүге-шігесін түсінуге мүмкіндік береді.
Аңырақай шайқасы Қазақстанның жаңа заман кезеңіне біржола өтуінің символы. Бұл Евразиядағы екі көшпелі халықтың отаршылдық шабуылдың алдындағы тарихының жарқын беттері. Қазақтар, дүние жүзінде болып жатқан жаңа қоғамдық экономикалық жағдайларға және геосаяси ситуацияларды байқауға қабілеттірек болғандықтан, алысқа кез жіберіп жаңара бастаған Ресейге назар аударды. Ал, жоңғарлар ез мемлекетінің тұтастығын және саяси тәуелсіздігін сақтап, өздері сияқты қазақтардан кегімізді аламыз деп жүргенде тарих олар үшін құру болды. Евразия материгіндегі соңғы көшпелілердің шын мәніндегі орнықтырушылары мен бақылаушылары олардың ұлы көршілеріне тарих қуатты державалар болуды жазған. Аңырақай рухы қазақ халқына ата-бабалар жерін шапқыншылықтан қорғаудағы қарсыласу шайқастары мен оның территориясының тұтастығын, мемлекеттік егемендігін сақтау жолындағы азаттық күресінде әлі де көрінетін болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz