КҮШТІ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛАҒЫШ ЗАТТАР


КҮШТІ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛАҒЫШ ЗАТТАР
Күшті әсер етуші улы заттар шығарушы, тасушы, пайдаланушы, немесе сақтаушы нысандарда, химияның, мұнай өндірістік, мұнай- химиялық және басқа да оларға салалық тектес ӛнеркәсіп кәсіпорындарында болады. Бейбіт уақытта әсері күшті улы заттар атмосфераға ӛндірістік авария, ал кейде стихиялық апат (өрт, жер сілкінуі) салдарынан таралуы мүмкін. Қазақстан Республикасында 511 жуық ӛндірістік кәсіпорындарында КӘЕУЗ істеп шығарылады және пайдаланылады. КӘЕУЗ сапасында аммиак, хлор, кӛгерткіш қышқыл, күкіртті ангедрид олеум, күкіртті сутек, хлорпикрин және де химиялық қару ретінде қолданылатын улы заттар жатады: зоман, зарин, табун, v-газдары, иприт, синил қышқылы т. б.
Қазақстан Республикасындағы КӘEУЗ тӛмендегідей топтарға, бӛлінеді:
- тұншықтырушылылығы басым заттар (хлор, хлорпикрин) ;
- жалпы улылығы басым заттар (кӛгерткіш қышқыл, ионды сутегі, кӛміртек тотығы) ;
- жалпы улы жене тұншықтырушы қасиеттерге ие заттар күкіртті ангидрид, күкіртті сутегі) ;
- метоболикалық улар (метил бромид, демитилсульфат) .
КӘЕУЗ ауамен араласқан жағдайда не жергілікті, не белгілі бір заттардың үстіне төгіліп сол жерде адамдар байқамай денесімен тиген жағдайда зақымдалады. КӘЕУЗ-дер токсикалық әскери негізінен жалпы улылығымен не тұншықтыру қасиетімен әртүрлі жағдайда уландырады. Кейбір Қазақстандағы күшті әсер ететін улы заттар, мысалы аммиак және көміртегі қышқылы адамға онша сезілмейді, сондықтан да ондай улы заттардан қорғануда бұл заттардың өте жоғары концентрациясы дем алу органдарын арнайы ауыруға шалдықтырады. Әсері күшті улы заттар үлкен қысымымен жабық ыдыстарда сақталынады. Ыдыс бүлінгеннен кейін сұйық заттың бетіндегі қысым атмосфераға газ немесе бу түрінде бөлінеді. Өте тез ұшатын, яғни табиғи жағдайлардың өзінде өлтіретін күшінен он және жүз есе жоғары бу немесе газ концентрацияларын жасай алатын күшті әсер ететін улы заттар адамдарды ӛлтіреді, немесе ӛте қатты уландырады. 20° температурада қайнайтын улы заттар баяу буланады да толық буланып біткенше тӛгілген жерінде ұзақ уақыт жатады, мұндай заттардың булары жақын маңдарға таралады. Қайнау температурасы 20°С дейінгі улы заттар тӛгілген жағдайда тез буланып кетеді, олардың булары жел бағытымен қозғалады, сондықтан қауіпті концентрациялы мұндай заттарды алыс қашықтықтардан да байқауға болады.
АММИАК
Қалыпты жағдайда түссіз нашатыр спирті тәрізді ӛткір иісті газ. Ол ауадан екі еседей жеңіл. Атмосфераға тарағанда түтіндейді қалыпты қысымда -78°С қатады, -34°С сығымдалады. Басқа газдарға қарағанда аммиактың судағы ерітіндісі кӛп. Сұйық аммиак - кӛптеген органикалық, неорганикалық қосындылардың жақсы еріткіші. Әлемдік ӛндіріс жыл сайын 90 млн. тоннаға жуық аммиакты ӛндіреді. Ол азот қышқылын, соданы, кӛгертетін қышқылды істеп шығару, тоңазытқыштар үшін пайдаланылады. Сұйық аммиак мұздатқыштарда, мұздатқыш орындарына кеңінен пайдаланылады. Ол жоғарғы қысымда, сығымдалған күйінде тасымалданады. РШМ (рұқсат шама мӛлшері) - жұмыс аймағында - 0, 02мг/л., экспозициясы 2 сағ - 0, 21мг/л.
ХЛОР
Хлор - кең таралған күшті әсер етуші улы заттардың бірі. Әлемде жыл сайын 40 млн. т. жуық хлор ӛндіріледі. Ӛндірісте хлорорганикалық қосындылар пайдаланылады. Ішетін суды ағарту, маталар мен қағаздарды дезинфекциялау (залалсыздандыру) үшін пайдаланылады. Хлор сарғыш-жасыл, ӛзіне тән ӛткір иісті болады. Ол қалыпты қысымда - 10°С қатады, 34°С сығымдалады, болат баллондар; сығылып, сақталып тасылады. Атмосфераға шығарда түтінденіп жерді зақымдайды. Адамның ӛкпесін зақымдап, тері қабығы тітіркендіреді. Хлор 30-60 минутта 100-200мг/м3 әсер еткен кезде адам ӛміріне қауіп тұғызады, оның жоғары концентрациясы кӛзді ашып-жұмғанша ӛлімге әкеп соқтырады. Жұмыс зонасында РШМ 0, 001мг/л., РШМ экспозициясы 1 сағ. - 0, 01мг/л.
КӨГЕРТКІШ ҚЫШҚЫЛ
Бұл - цианды сутегі қышқыл, түссіз, мӛлдір, ащы миндаль иісті сұйық зат. Балқу температурасы - 13, 3°С, қайнауы 25, 7°С. Қалыпты температурада ол ӛте ұшқыш. Оның тамшылары ауада жазды күні 5 мин, қыста 1 сағ. ішінде буланады. Сумен жақсы араласады спиртке, бензинге жеңіл жайылады. Кӛгерткіш қышқылы акрипат алу үшін, ауыл шаруашылықта пайдаланылады, пластмасса ӛндірісінде қолданылады.
КҮКІРТТІ СУТЕК
Ол жағымсыз иісі бар түссіз газ, - 60, 3°С температурасында сұйылады. Күкіртті сутек ауадан 1, 5 есе ауыр, ауада баяу буланады, күшті тотықтандырғыш. Сондықтан апатты жағдайларда, түнелде, ғимараттардың 1-этаждарында жиналады, су кӛздерін ластайды. Ӛндірісте ғимараттар күкіртті қышқылын күкіртті сульфидті, күкіртті органикалық қосындыларында қолданылады. Күкіртті сутек тыныс алу жолдарына қауіпті бітір келтіреді. Күкірт қышқылы жұтылғанда, теріге түскенде қауіпті. Ондай жағдайда тыныс алу ауырлайды, адамда тұншығу пайда болады және ентігеді. Ерін, тері, бұғанақ күйеді, кеудесі кенеттен қатты ауырады, қиналып қан құсады. Мұны пайдаланарда газқағар, қорғағыш кӛзілдірік, резина етік, резина қолғап кию қажет.
ОЛЕУМ
Олеум - түссіз ауыр сұйықтық, ауада баяу буланып, түтінденеді, сумен жақсы араласады. Егер олеум теріге түссе, кір киімді шайып теріні ұзақ уақыт соданың 2% ерітіндісімен жуып, жедел емханаға жӛнелту керек.
ХЛОРПИКРИН
Хлорпикрин - түссіз сұйықтық. Адамды тұншықтыратын улы зат, қайнау температурасы 112°С. Улану белгілері: зақымданушыда күшті сілекей ағады, жоғары тыныс алу жолдары тітіркенеді, адам жӛтелген кезде қан қақырады, жүрегі айниды, құсады, іші ауырады, іш ӛту, бас ауруы, әлсіздік пайда болады.
КҮКІРТТІ АНГЕДРИД
Күкіртті ангедрид - дәмі тәтті, ӛткір иісті, түссіз газ, жанбайды. Ӛндірісте күкірт қышқылы ағартушы зат ретінде пайдаланылады. Тоқыма ӛнеркәсібінде қолданылады. Күкіртті ангедрид тыныс алу жолдарын тітіркендіреді жӛтел тудырады, жұтқыншақ, кеуде тұсында ауырсыну пайда болады және жас ағады. Ал қатты әсер еткенде құсу, ентігу, есін жоғалту белгілері пайда болуы мүмкін. Ӛкпедегі қан айналымы бірден тоқтағанда адам ӛледі. Улы заттармен ауаның зақымдануы оның концентрациясына, ол жергілікті жердің - зақымдануы тығыздығына байланысты болады. Концентрация деп, ауаның белгілі бір кӛлемдегі улы заттар санын айтамыз. Мысалы, 0, 7мг/л синил қышқылы концентрациясы дегеніміз 1 л уланған ауада 0, 7мг синил қышқылы бар дегеніміз. Зақымдану тығыздығы - ауа бірлігіндегі улы заттар мӛлшері. Оны әдетте шаршы метрге граммен белгіленеді. Мысалы, улану тығыздығы 20г/м3 дегеніміз 1м2 зақымдану ауданына 20г улы зат таралады.
ЗАРИН
Зарин - түссіз немесе иіссіз сары сұйықтық, ол ӛте ұшқыш болады, қыста қатып қалмайды, майларда жақсы ериді, қалыпты температурада ерітінділердің әсерінен бұзылады. Зарин тыныс алу мүшелері, тері, асқорыту жолдары арқылы нерв жүйесін улайды. Улану белгілері тез пайда болады, дем алу қиындайды, есін жоғалтады, уланған адам 1-5 минуттан соң миоздың жеңіл түріне ұшырайды, кӛз қарашығы тарылады
СИНИЛ ҚЫШҚЫЛЫ
Синил қышқылы - түссіз, жеңіл миндаль иісті газ. Адам организіміне уланған ауа арқылы енеді. Күшті және тез улағыш улар болып саналады. Синил қышқылы мен уланған адамдарда тамақтың ауруы, бастың айналуы, ауызда металдың дәмі пайда болады.
ИПРИТ
Иприт - түссіз, әлсіз иісі бар майлы сұйықтық, сарымсақ немесе горчица иісін еске салады. Иприт - күшті уларға жатады, тамшы теріге түскен кезде бірінші қызару, содан кейін (бір тәуліктен кейін) кӛбікшіктер пайда болуы: 2-3 тәуліктен кейін олардың күлбіреулері жарылып олардың орнына жазылмайтын жаралар пайда болуымен сипатталады (38-сурет) . Иприт буларының тыныс алу жолына енгеннен кейін тамақтың қабынуы, ашуы, мұрынның ауруы пайда болады. Ипритті әсіресе кӛз тез сезеді. Иприттің бір тамшысын тері қабығына тамуының ӛзі адамды 4-8 сағат ішінде зақымдандырады.
ФОСГЕН
Фосген - тұншықтырғыш түссіз, әлсіз, шіріген шӛптің иісін еске салатын газ. Суда онша ерімейді, нашатырлы спирт, су ерітінділері, сода фосгенді тез бұзады. Фосген тыныс алу жолдарын, ӛкпені улайды. Уланудың бірінші белгілері: ауызда тәтті дәмнің пайда болуы, жеңіл жӛтел, бастың айналуы, жалпы әлсіреу пайда болуымен сипатталады.
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК
Аммиак буларымен зақымданушыларға жедел түрде КД маркалы газқағар кигізіп, жедел түрде залалды аймақтан алып кету керек. Залалды жерден алып шыққаннан кейін уланған адамға сірке қышқылын иіскету немесе су буын жұтқызып, ауыз қуысын, кӛзін, ұзақ уақыт мол таза сумен жуу керек, қажет болған жағдайда жасанды дәм беріледі. Егер ӛкпесі іскен болса, жасанды дем берудің керегі жоқ. Хлормен зақымданғандарға дәрігерлік кӛмек кӛрсету кезінде міндетті түрде сарғыш қорабты "В" газқағарын кигізіп, зақымданғандарды залалды аймақтан алып шығып, нашатыр спиртін иіскету керек. Жылы жауып, кӛзін, мұрнын, ауыз қуысын, тамақты 2% сода ерітіндісімен шайып, ыстық сүт, шай беріп, тыныш жатқызу керек.
СО - иісті газбен уланғанда бас ауырады, құлағында шу тұрғандай болады, басы айналады, содан кейін есін жинай алмайды, ауыр жағдайларда ӛлім болуы мүмкін. Зардап шегушіге алғашқы кӛмек кӛрсеткенде оны залалды атмосферадан алып кетуден бастау керек. Таза ауа, тар киімді шешу, арқасынан тӛмен қарата жатқызу, басы денесінен тӛменірек қою қажет.
Көгерткіш қышқылымен зақымданғанда жедел булау арқылы дем беру керек. Зақымданушы дем ала алмаса немесе дем алуы қиындаса, жедел түрде жасанды дем беру қажет.
Синиль қышқылымен және хлорцианмен зақымданғанда дереу газқағарды кигізіп, антидот-амилнитритті мұрынға жақын тұсқа еңгізеді. Сонан соң зақымданушыны зақым ошағынан жедел алып шыққан жӛн. Егер зақымданушы нашар дем алса немесе дем алмай қалған болса, газқағарды шешпей, дереу қолдан дем алдыру әдістерінің бірін (Каллистов немесе Сильвестр) қолданып, дем алдыру керек (39-сурет) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz