Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің мазмұны


Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің мазмұны
- Сыртқы экономикалық қызметінің түрлері
Сыртқы экономикалық қызмет - бұл халықаралық шаруашылық және сауда - саяси қарым - қатынастар. Оларға өндірістік тауар алмасу, өндіріс мамандар ауысу және өндіріс коопирациясы бірлесіп қызмет ету, ғылыми - техникалық, бірлескен кәсіпорын және экономикалық қарым - қатынастың немесе басқа да формаларын құру жатады. Бұл қызмет түрлері жекелеген елдердің қоғамдық қажеттерін толық қанағаттандырып, шегіне жеткен тауарлық өндірісті дамытудың нәтижесі болып табылады. Дегенмен, халықаралық тауар айырбасына қатысу экономикалық жағынан пайдалы болуы қажет.
Сыртқы экономикалық операциялар (келісімдер) негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі операцияларға төменгілер жатады:
- материалды - заттай формадағы тауар айырбасы;
- ғылыми - техникалық білім айырбасы;
- қызмет көрсету түрлері айырбасы (оның ішінде техникалық, туристік, консультациялық) ;
- машина және құрал - жабдықтарды жалға алу және беру;
- кинофильм және телевизиондық бағдармалалар айырбасы.
Көмекші қызметтерге мыналар жатады:
- делдалдық (посреднические) қызметтер;
- жүк тасымалы қызметі;
- экспедиторлық қызметтер;
- жүктерді тасымал және сақтау кезінде сақтандыру;
- халықаралық есеп айырысу және т. б.
Келісімдер сәйкесінше келісім - шарт және контракт түрінде жасалады.
Сату - сатып алу келісім - шарт және валютасыз негізде жасалатын келісім - шарттар негізінде коммерциялық келісімдерге жатады. Оларға сонымен қатар экспорттық, импорттық, реэкспорттық және реимпорттық келісімдер жатады.
Экспорттық келісімдер ұлттық өндірістегі тауарларды шетелге сату және шығарумен байланысты болатын коммерциялық қызметтерді көрсетеді.
Мұндай келісімдерге келмес бұрын экспортер нарық конъюктурасын (оқып - үйрену) білуі, нарықта мақсатты айқындайтын бағдарламасын таңдауы, импортер елдің кедендік режимін біліп алып, өз тауарларының жарнамасын жасауы, сатып алушыларға тауар сату ұсынысын бағыттауы, келісімдер жүргізіп, олардың бірімен келісім - шартқа отыруы, содан кейін келісім - шарттарының орындалуын бақылауға алуы қажет.
Импорттық келісімдер - шетелдік тауарларды сатып алып және бір елдің ішкі нарығына енгізуімен байланысты. Ал импортер өз қызығушылығы бар тауарлардың бағасын біледі, потенциалды экспортерлерді және тауарларды сатып алудың тиімді әдісін тандайды, келіссөздер жүргізеді, тауарларды импорттауға келісім - шарттарға қол қояды, мерзімі келгенде төлемді қамтамасыз етеді.
Реэкспорттық келісімдер - бұрынырақ өндеусіз енгізілген тауарларды сату және елден шығарумен байланысты коммерциялық қызмет түрі. Тауарларды алдымен енгізіп, кейін кері шығаратын ел «реэкспорттаушы ел» деп аталады. Бұл келісімдер экспорттаушы ел импорттаушы елге қарағанда реэкспорттаушы елге аса пайдалы ұсыныстар жасаған кезде қолданылады.
Реэкспорттаушы ел мұндай келісімдерде делдалдық қызмет атқарады.
Реимпорттық келісімдер - жүзеге аспаған экспорттық келісімдер. Бұндай жағдайда елден шығарылған тауарлар сыртқы нарықта сатылмаған күйінде қайтарылады.
- Халықаралық тауар айырбасының мазмұны
1-ші суреттегі қарапайым мысалды қарастырайық.
Айталық, әр елде 100 т шикізат өндіру үшін 800-1600 адам - сағат жұмсалады, ал 1 электронды - есептеу машинасын (ЭЕМ) өндіру үшін - 700-1800 адам - сағат. Бәсекелестік нәтижесінде нарықта әлемдік баға қалыптасты. Ол 1000 адам - сағат көлемінде - 100 т шикізат өндіруге кеткен шығынмен, 1000 адам - сағат көлемінде - 1 ЭЕМ өндірісіне жұмсалған шығынмен анықталады. Айтарлықтай дамыған елге нарықта шикізат сатып алған тиімдірек, себебі ел ішінде оның өндірісі еңбек сыйымдылығын көп мөлшерде қажет етеді (1600 адам - сағат) . Айтарлықтай дамыған ел үшін шикізатты да, ЭВМ - ды да импорттау тиімдірек. Дегенмен, тауар айырбасы экономикалық жағынан пайдалы болуы үшін егер импорттан пайда молырақ болса, онда экспортты шектеген жөн және керісінше. Алдын - ала жоспарланған экспорттық - импорттық нәтижесінде айтарлықтай дамыған ел де, дамымаған ел де (+ 600 адам - сағат) пайда алады.
Халықаралық тауар айырбасы экономикалық тұрғыдан алға қойған мақсатқа импортталатын тауарлармен айырбасталатын тауар өндірісіне жұмсайтын шығыннан экспорттық тауарлар өндірісінің шығынын қоғамдық еңбектен төмен жұмсайтын ел үшін сәйкес келеді. Осыған сәйке, тауар айырбасы барлық елдерге пайдалы болуы мүмкін. Егер экспорт және импорт құрылымын дұрыс жасақтаса, сондықтан сыртқы - сауда айырбас масштабы ұлғайып отыруы қажет. Ескере кететін бір жайт, экспорт әрдайым бірінші кезекте орындалуы қажет, себебі экспорттық тауардан түскен қаржы тауарды импорттауды қамтамасыз ету қажет.
Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысып, одан көп мөлшерде экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін экспорттық өнімдер өндірісін дамыту және қоғамдық еңбектің жұмсалатын валюталық қаражатының бірлігіне шаққандағы жоғары шығынды талап ететін тауарларды импорттау қажет. Жоғары тиімділікке дайын ғылыми өнім экспорттау арқылы қол жеткізуге болады. Әлемдік сауда тәжірибесінде мына жағдай қалыптасқан: халықаралық тауар айналымның 40%-ы шикізаттық тауарлар болса, 60%-дайын өнеркәсіптік өнімдер.
Нарықта тауарлар заттай формада (шикізат, жартылай фабрикаттар, дайын өнімдер және т. б. ) . Шығармашылық қызмет нәтижелері формасында (шығармалар, ноу - хау, кітаптар, суреттер және т. б. ), сонымен қатар инженерлік, туристік, транспорттық, банкілік, және т. б. қызметтер түрінде айырбасталады.
Тауар екі маңызды қасиетке ие болуы тиіс: тұтынушылық, яғни жеке және қоғамдық тұтынуға пайдалы болуы қажет, сонымен бірге бәсеке қабілетті, яғни сатып алушыға дәл сондай қажеттіліктерді қанағаттандыратын басқа тауарға қарағанда пайдалы, әрі тиімді болуы тиіс. Тауардың тұтынушылық және бәсеке қабілеттілік қасиеттері арасында байланыс бар: кез - келген бәсеке қабілетті тауар тұтынушылық қасиеттерге ие, бірақ кез - келген тұтынушылық қасиеттерге ие тауар бәсекеге қабілетті бола алмайды.
Тауардың бәсеке қабілеттілігі - интегралды және соған қатысты түсінік. Интегралды, себебі оны жекелеген құрамдарға бөлуге болады, ал қатыстылығы, себебі тауардың бәсеке қабілеттілігі белгілі бір уақытта және белгілі бір нарықта басқа тауарлармен салыстырмалы түрде анықталады.
Тауардың салыстырмалылығы техникалық дәрежесі, тауар сапасы, комерциялық шарттарға байланысты (баға, жеткізу, төлем және т. б. шарттар) тауарды пайдалану және шешудің ұйымдық шарттары бойынша, экономикалық шарттар бойынша анықталады. Экспорттық өнімнің шынайы бәсекеге қабілеттілігі тек қана сыртқы нарықта басқа тауарлармен салыстырмалы түрде оны сату шарттары бойынша бағаланады.
Тауарды тұтынушылық (жеке пайдадағы) және өндірістік белгілері бойынша бөледі
Жеке пайдадағы тауарларға қол жеткізу - бір адамның қалауының акті, максимум - бүкіл отбасы қалауы болып табылады. Өндірістік тауарды сатып алу - әртүрлі басқарушылық деңгейде болып табылатын бірнеше адамның ұжымдық бірлескен шешімінің акті.
Жеке пайдаланатын тауарлар үш топқа бөлінеді: 1) ұзақ мерзімге пайдаланатын бұйымдар, олар сирек қолға түседі; 2) қысқа мерзімге пайдаланатын бұйымдар, олар бір рет қана пайдаланатын тауарлар. Сондықтан бұндай тауарлар қайтадан және жиі - жиі сатып алынады; 3) нәтижесінде бір - біріне бұйым немесе тиімді әсер ететін қызмет көрсетулер.
Өндірістік тауарлар келесі категориялар бойынша сарапталады: негізгі құрал - жабдықтар, көмекші құрал - жабдықтар, агрегаттар, негізгі материалдар, көмекші материалдар және шикізат.
1988ж. 1 қаңтарынан бастап тауарларды бейнелеп, кодтау үшін халықаралық Гармонизациялық жүйесі жұмыс жасауда. Бұл жүйені қазіргі кезде 50-ден аса мемлекеттер пайдаланылады. Бұл жүйені жасаудың ең басты мақсаты - әлемдік сыртқы саудада, сонымен қатар кедендік тарифтер облысында статистикалық есепті реттеу.
- Ерсілі - қарсылы сауда
Қарама - қарсы сауда - халықаралық сауданың ең көне түрі. Бұрын натуралды тауар айырбасы түрінде пайда болған. Қазігі кезде ерсілі - қарсылы сауда халықаралық тауар айырбасында дамытылып, жаңа мазмұнға ие болады.
Ерсілі - қарсылы саудаға сыртқы сауда операциялары жатады. Ерсілі - қарсылы сауда мәні импортты толық немесе бөлек - бөлек ерсілі - қарсылы экспорт төлемімен бекітіледі. Ерсілі - қарсылы сауданың ерекшеліктерінің бірі экспортерлерден тауарларды сол тауар шығарылған ел үшін емес, арнайы басқа елдерге сату үшін кездеспе сатып алу тәжірибесін кеңейту болып табылады.
Ерсілі - қарсылы саудадағы ең басты - банктер. Банктер контрагенттер үшін арнайы «шартты депозитке салу» шотын ашады. Ол шот арқылы сатып алушылардың импорттық тауарлары үшін төлеген төлемдері салынып, ал экспорттерлер өздеріне тиесілі соманы өздерінің жүктелген бүкіл ерсілі - қарсылы міндеттерді толық орындағаннан кейін ала алады. Көбінесе, міндеттерді орындау мерзімі сәйкес келмегендіктен, контрагенттер банкден несие алуға мәжбүр болады. Ерсілі - қарсылы сауда кезінде банктер экспорттық операцияларды қаржыландыруға өте ынталы болады. Себебі ерсілі - қарсылы міндеттерді кепілдік ретінде импортерлерден несиені қайтарып алатындығына сенімді болады.
Ерсілі - қарсылы сауданың экономикалық мағынасы айырбастың екі деңгейімен көрсетіледі: біріншісі - экспорттық операция, екіншісі - ерсілі - қарсылы импорт. Одан соң тауарларды ішкі нарықта сату немесе қосымша экспорттық операция деңгейі. Бірақ ерсілі - қарсылы сауданың көпоперациялығы экспорт тиімділігін төмендетеді. Ал оның ақыры делдалдар арқылы тауар айналымын қаржыландырып, қосымша ақша шығынын қажет етеді. Сонымен бірге экспорттық операцияның ұзаруы ақша айналымы мерзімінің ұзаруына әкеледі, ал ол шығынды көбейтеді. Осыған қарамастан, соңғы жылдары ерсілі - қарсылы сауда интенсивті даму үстінде. Американ экономисттерінің айтуынша, ерсілі - қарсылы сауда әлемдік тауар айналымының 40%-н құрайды және онымен 100-ден аса ел айналысады.
1. 3. 1. Бартерлік операциялар
Бұл ерсілі - қарсылы сауданың бір ерекше түрі, валютасыз, бірақ бағаланылған, балансты тауар айырбасы. Баламалардың кепілі болып әлемдік баға табылады.
Бартерлік келісім - шарт - бұл сату - сатып алу жөніндегі екі жақты келісім - шарт. Келісім - шартта екі жақтың да қоятын шарттары бір - біріне сәйкес келуі тиіс. Ол шарттар: штраф санкциялары, сақтандыру, форс - мажорлық шарттар. Бартерлік операциялар кезінде жіберілетін қателікткер қате жіберген жақтың қосымша тауар жеткізу немесе екінші жақтың тауарларды ұстап қалумен шешіледі. Мысалы, егер негізгі экспортер жеткізуді кешіктірсе, онда штраф сомасы орнына ол қосымша тауар жіберу қажет. Бірақ бұл, яғни қандай тауар екендігін алдын ала келісім - шартта арнайы көрсетілуі тиіс. Себебі, біріншіден - тауарлар, екіншіден - оның бағасы, үшіншіден - ондай тауарларға деген тапшылық немесе сұраныс әртүрлі болады.
Бартерлік операцияға банктер де қатысады. Бірақ олар тек тауарларды жеткізіп беруден сатуға дейінгі кезеңде жай кредиторлар ролін атқарады.
Бартерлік келісім шарт тек бір ғана айырбасқа жасалатындарымен ерекшеленеді.
1. 3. 2. Кездеспе сатып алулар
Көп жағдайда экспортерлер импортерлердің мәжбүрлеуімен мойындауына тауарларды сату жөніндегі міндеттерді ала алады, бірақ тауарларды экспорттың толық сомасына сатып алмайды. Кездите сатып алу айырмашылығы (величина) экспортерлер арасындағы бәсеке дәрежесіне байланысты және ол экспорттық келісім - шарт сомасының 5%-дан 100%-ға дейін өзгеріп отырады. Шығындарының орнын толтыру мақсатында экспортерлер экспорттайтын тауарларының бағасын жоғарылатады. БҰҰ көрсеткіштер бойынша, олар мына мөлшерде болады: қарама - қарсы міндеттер көлемінде 3%-дан негізгі экспорттық келісім - шарт сумасының 10%-на дейінгі аралықта, міндеттердің 6%-ы болса 20%-ға дейін, 10% - 30% дейін және 20% - 50%.
1. 3. 3. Ескірген өнімдерді сатып алу
Экспортер жаңа тауарларды жеткізіп (сатып), ескірген моделдерді сатып алады. Ескі өнімдерді сатып алу - өткізу нарығында қатал бәсекелестік жағдайда сату көлемін ұлғайтудың ең тиімді әдістерінің бірі. Сауданың бұл түрі жеңіл автокөлік, ауыл шаруашылығы машиналары, ЭВМ және т. б. тауарларды өткізуде кеңінен қолданысқа ие. Батыс Европада 80-шы жылдың сонында жаңа жеңіл автокөліктерінің 70%-ы ескірген модельдерді сатып алу арқылы жүзеге асқан.
Ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарларды сатып алу арқылы жүзеге асқан фирмалар сол тауарларды жаңартып, нарықта тұтынушының ең төмен деңгейдегі сатып алушылар ортасына сатады («секонд хэнд») . Дамушы елдер көбіне сатып алады. Бұл компанияларға тіпті сатып алу, реновация және қайта өткізу кезінде пайда алуға мүмкіндік береді.
1. 3. 4. Давалдық шикізат операциялары
Давалдық шикізат операциялары - ерсілі - қарсылы сауда белгілерін иеленеді және олар балансты, валютасыз және алдын - ала бағалары белгіленген операциялар болып табылады.
Келісім - шарт бойынша жақтарының бірі шикізатты экспорттап, өңделген немесе дайын өнімді импорттап, ал екінші - сол шикізатты (давалдық) өңдейді. Шикізатты экспорттаушылар өңдеуден кейін жеткізіп беруді жүзеге асырады.
Ерсілі - қарсылы саудадағыдай, екі жақтың міндеттері бірінші келісім - шарт арқылы жасалады. Шикізат, өңдеу және дайын өнім бағасы келісім - шарт бойынша бағаланады. Давалдық шикізатты өңдеу операциялары келісім - шарт принциптеріне жауап береді.
1. 3. 5. Компенсациялық операциялар
Бұл келісім бартерлік келісімнен екі ерекшелікпен ерекшеленеді:
- бартерлік келісімде тауар тауарға айырбастаса, компенсациялық келісімде - тауарлар тізімі тауарлар тізіміне айырбасталады;
- бартерлік операциялар қатаң дәлдікпен баланста болады, ал компенсациялық келісімде екі жақты айырбастың бағасында айырмашылықтар болуы мүмкін.
Компенсациялық келісімге келу төмендегідей жүзеге асады:
- әрбір контрагент тауарлардың тізімінің екі данасын дайындайды: біреуінде - өзі ұсынатын тауарлар көрсетілсе, екіншісінде - өзіне қажетті тауарлар көрсетіледі;
- келіссөз кезінде контрагенттер ұсынылатын және қажетті тауарлар номенклатурасы жөнінде өзара келісіп, нәтижесінде екі тізім жасайды;
- келісім - шарт екі дана болып жасалып, қол қойылады. Онда бір - біріне ұсынылатын тауарлар атауы мен бағалары көрсетіледі.
Егер ұсынылған тауарлар суммасы арасында айырмашылық болса, онда сол айырма тауарды жеткізген контрагент еліндегі банкте қарызгер контрагентінің арнайы шотында сақталуы тиіс. Бұл айырманы қарызгер жеткізуші контрагент елінде жұмсауы қажет, сондықтан ол «еркін айналатын айырма» немесе «конверсацияланатын сальдо» деп аталады.
- Дайын өнім саудасы
Дайын өнім саудасы ақырғы тұтынушыларға сатылатындықтан, тікелей немесе делдалдар арқылы жүзеге асады.
Дайын өнімдер төмендегідей болады:
- машиналар, құрал - жабдықтар, приборлар;
- шикізаттық тауарлар;
- сату тауарлары;
- тұтынушылық тауарлар.
Машина және құрал - жабдықтармен жасалатын сауданың ерекшеліктері:
- сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым - қатынас тауарларды жеткізумен аяқталмайды;
- машина мен құрал - жабдықтардың барлық түрлері сатылғанға дейін сатушы есебінен сервистік қызмет көрсетіледі распаковка, расконсервация, тексеріс, монтаж) ;
- тауар сатылғаннан кейін сервис құрал - жабдықтың тұрақты жұмыс жасауын кепілдік уақытында және одан кейін қамтамасыз етуі қажет.
Шикізаттарды импорттау - экспорттау операциялары төмендегідей ерекшеліктерді иеленеді:
- шикізатты жеткізу келісім - шарты ұзақ мерзімге жасалады, себебі импортер импортталатын шикізаттың өндірісінің үздік жүзеге асуын қамтамасыз етуге ұмтылады;
- келісім - шарттың ұзақтығы жыл сайын бағаларды индекстеу қажеттілігін туғызады;
- өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін шикізатты жеткізудің тұрақтылығын график бойынша қатаң қадағалауы қажет.
Азық - түлік тауарлармен сауданың ерекшелігі - тұтынушылар бұл тауарларды ішкі нарықта өздігімен сатып ала алмайды. Азық - түлік саудасын делдалдық фирмалар көтерме сауда бағасымен сатып алу арқылы жүзеге асырады.
Тұтынушылық тауарлар саудасы да делдалдар арқылы жүзеге асады. Тұтынушылық тауарларды өткізудің табысты болуы тауар сапасымен және кең ассортиментпен анықталады.
1. 5. Құрастырылатын дайын өнім саудасының ерекшеліктері
Құрастырылатын дайын өнімдерге көбінесе машиналар, құрал - жабдықтар, құрылыс конструкциялары, жиһаз және т. б. жатады.
Құрастырылатын өнімдерді елге енгізу үшін дамушы елдер әдетте оларға төмен кедендік төлемдер белгілейді. Бұл жеткізудің дәл осы әдісін тұрақтандыру үшін жасалады. Себебі ол ұлттық өнеркәсіпті және жұмыс күшін, жұмысбастылығын арттыруға және жеткізушілердің арасында бәсекелестілікті арттыруға жағдай жасайды.
Өнеркәсібі дамыған капиталистік елдердің жеткізушілері жұмыс күшінің төмен елдерде құрастыру арқылы қосымша пайда алуды көздейді. Дайын құрастырылған өнім өткізу нарығында құрастырылған өніммен салыстырғанда арзан.
Алайда, ішкі нарыққа шығудың бұл әдісі экспортерлерден қосымша талаптарды талап етеді:
- өнім құрастырылған өнімдей жоғары сапалы, құрастыру негізінде жоғары квалификациялы шетелдік мамандарды қажет етпейтіндей бөлшектелген болуы қажет;
- жекелеген банктер дәл сәйкес келіп, құрастыру кезінде ешқандай сәйкессіздік болмауы және қосымша жұмыстар туғызбауы қажет;
- транспорттық шығындарға максималды үнемдеу жасалуы тиіс;
- бөлшектерді жеткізу графигі импортер территориясында өнімнің толық құрастырылуын қамтамасыз етуі тиіс;
- бөлшектердің қосымша қорлары (запас) оптималды болуы тиіс, себебі қорлар көп болса, шығын да көп болады, аз болған жағдайда құрастырылатын өнім өндірісінің тоқтап қалу қаупін туғызады.
1. 6. Аралас өнім саудасы
1. 6. 1. Өндірістік кооперация
Халықаралық мамандану және өндіріс кооперациясы ішкі экономикалық байланыстардың айтарлықтай дамып отырған формасы болып табылады. Аралас өнім өндірісі мен жеткізу келісім - шартына қол қою ұзақ уақытқа бірлесіп жұмыс істеу шарттарын анықтайтын келісімнің жасалуына әкеледі. Жеткізушілер аралас өнімді өз материалдарынан да, тапсырыс берушілердің материалдарынан да дайындауына болады, бірақ жеткізуші пайдаланылатын материалдарының сапасына жауапты болады.
Егер жеткізуші уақытында өнімді дайындауға кіріспеген немесе тапсырысты нашар сапамен және мерзімінен кеш дайындайтын болса, тапсырыс беруші келісім - шартты бұзуға құқылы.
Кооперациялық келісім - шарттар шаруашылық тәуелсіз фирмалар мен кәсіпорындардың өндірістік процесімен байланысты болғандықтан, олардың шарттары әдетте сапасыз өнімге және өз уақытында жеткізілмеген тауарға қатаң санкцияларды қолданады. Оның ішінде тек айыппұл санкциялары ғана емес, сонымен қатар айырылып қалған пайданың, яғни зиянның орның толтыру қарастырылады.
1. 6. 2. Өткізу кооперациясы
Өткізу кооперациясы тәуелсіз өндірушілер бірлестігін көрсетеді. Бұл өндірушілер өндірген өнімдерді өткізу үшін өз қаражатын бірлескен шараларға жұмсайды.
Өткізу кооперацияларын дамыту өндірісті мамандандырумен және концентрация процесін терендетумен байланысты болады.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің өткізу кооперациясы ең алғаш өз бастауын Скандинавиядан алды, ал ауыл шаруашылық өнімдерінің ішінде алдымен сүт тағамдарынан басталды.
Қазіргі кезде Скандинавия елінде ауыл шаруашылық өнімдерінің 75-80%-н кооперативтер арқылы жүзеге асырылады. Өткізу кооперациясы ауыл шаруашылық шикізаттарды өңдейтін тамақ өнеркәсібі үлкен қуатқа ие. Швецияның фермерлері тамақ өнеркәсібінің 54%-н бақылауда ұстайды, ал оның ішінде сүт тағамдарын - 100%, ет өнімдерін 80% және бидай өндіру саласында 45%. Норвегия және Финляндия елінде бүкіл ет өнеркәсібі мен ет өнімдерінің айтарлықтай бөлігі осы кооперативтер иелігінде болып табылады. Бұл кооперативтер сүт тағамдарының экспортын бақылайды. Данияда сары май экспортын дәл осылайша бақылауда ұстайды.
Бельгиялық кооперативтер сүт өнімдерінің 65%-н, жемістердің 56%-н, көкөністердің 45%-н экспорттайды. АҚШ-та кооперативтер ауыл шаруашылық өнімдерінің 30%, оның ішінде сүт өнімдерінің 77%-н өндіреді. Қуатты фирмалардың саудада, тамақ өнеркәсібінде жұмыс істеуіне қарамастан, АҚШ-та 698 сүт зауыттары, оның ішінде 242-уі тек таза сүтті өндіру, өндеу және оны әрі қарай реализациялауға жеткізумен айналысады, 174 зауыт ірімшік өндірісімен айналысады, 122 - құрғақ сүт өндірісімен айналысады, 96 зауыт - сүт өндіруге және қаптауға маманданған кооперативтер.
Францияда ауыл шаруашылық өнімдерінің тауар айналымының 57%-ы өткізу кооперациясының үлесінде. Оған қоса, сүт өнімдерінің 57%-ы, бидайдың 70%-ы кооперативтерде өңделеді, ал вино өндірісінің 50%-ы, көкөніс консервісінің 30%-ы, жеміс консервісінің 20 - 60%-ы кооперативтерінде өндіріледі. Кооперативтер өнімдердің жекелеген түрлері бойынша өткізу және көтерме сауданы ұйымдастыратын мемлекеттің бірлестіктерге бірігеді.
Нидерландыда кооперация үлкен мәнге ие. Фермерлік кооперативтер сүт, жеміс, көкөністің 80 - 90%-н, бидай және қант қызылшасының 60%-н және шошқа және құс етінің 25%-н реализациялайды.
1. 6. 3. Өндірістік - өткізу кооперациясы
Қазіргі кезде өткізу кооперациясы өндіріспен араласып, өндірістік - өткізу кооперациясына алмасуда. Халықаралық өндірістік - өткізу кооперациялары станок өндірісінде, робот жасау, ұшақ, автомобиль жасау және т. б. салаларында кең қанат жайып, дамуда.
Өндірістік - өткізу кооперацияларының негізгі мақсаты нарықта бірлесіп өнімнің жаңа түрлерін шығару, дайын өнімнің айрықша түрін шығару және оны жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеу болып табылады. Кооперациялаудың бұл түрі консорциум арқылы жүзеге асады.
Консорциум - бұл өнімнің техникалық және комуникациялық бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін құрылатын шаруашылық кәсіпорындар. Құрал - жабдық жеткізушілер, инжинирингтік компаниялар тапсырыс алу мақсатымен консорциумға бірігеді. Консорциум жеткізу уақытын үлкен тапсырысты ұсақ бірнеше жеткізушілер көмегімен ұтымды пайдаланып, қысқартуға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz