Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті, өнері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ежелгі Грекия
Parthenon
Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) -- б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін
болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады[1][2][3]. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде[4], батыс философияның[5], архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші[6], Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер етеді.
Географиясы
Ежелгі Грекияның аймақтары
Солтүстік-батыс жағында Ежелгі Грекия Иллириямен, солтүстік-шығысында Ежелгі Македониямен, батысында Ион (Сицилия) теңізімен, шығысында - Эгей және Фракий теңіздерінің суларымен жуылған.
Негізгі үш аймаққа бөлінген:
* Солтүстік Грекия
* Орта Грекия
* Пелопоннес.
Солтүстік Грекия Пинд тау жотасымен екіге бөлінген: батыс жағында Эпир және шығыс жағында - Фессалияға. Орта Грекия Солтүстік Грекиядан Тимфрест және Эта тауларымен бөлініп, 10 аймақтан құралған: Акарнания, Этолия, Локрида Озольская, Дорида, Фокида, Локрида Эпикнемид, Локрида Опунт, Беотия, Мегарида және Аттика. Пелопоннес қалған Грекиямен енсіз (6 км) Коринфқылтасымен байланысқан. Пелопоннестың орталығы Аркадия болған.Ежелгі Грекияда үш үлкен архипелагқа ( Киклада, Спорада және Ион аралдары) құралған бірнеше жүз аралдар болған, ең ірілері -- Крит және Эвбея.Балкан жартыаралындағы Грекия көбіне таулы жер, көптеген шығанақтарымен жағалауы кесінділенген ел болған.

Тарихы
Археологиялық қазба деректеріне қарағанда, Македониядан Элидаға дейінгі Ежелгі Грекия жерін адам орта палеолит дәуірінде (100-40 мыңыншы ж.ш.) мекендей бастаған. Неолит дәуірінде (7 мыңжылдықтың орта кез шамасы - 2800 ж.ш.) Грекияның халқы егіншілікті игеріп, мал шаруашылығымен айналысқан, отырықшы өмір сүрген. Орта палеолит дәуірінде қалыптасқан ру құрылысы неолит дәуірінде әбден кемеліне келді. Грекияның солтүстігінде Сескло, Димини және Лариса мәдениеті дамыды. 5-4 мың жылдықтарды құрлықтағы Грекияда Эгей теңізінің аралдарында, әсіресе Критте неолит мәдениетінің жергілікті нұсқалары қалыптаса бастады.
Ежелгі Грекия тарихында тарихшылар келесі кезеңдерді белгілейді::
1. Эгей мәдениеті (б.з.б. III мыңжылдықтың соңы -- II мыңжылдық). Миной және Микен өркениеті.
1. Миной өркениеті (Крит):
1. Ерте миной кезеңі (б.з.б. XXX -- XXIII ғғ.).
2. Орта неминой кезеңі (б.з.б. XXII -- XVIII ғғ.).
3. Кейінгі миной кезеңі (б.з.б. XVII -- XII ғғ.).
2. Эллада өркениеті (Балкан Грекиясы):
1. Ерте эллада кезеңі ( б.з.б. XXX -- XXI ғғ.).
2. Орта эллада кезеңі (б.з.б. XX -- XVII ғғ.).
3. Кейінгі эллада кезеңі (б.з.б. XVI -- XII ғғ.) немесе Микен өркениеті.
2. Полистер кезеңі (б.з.б. XI -- IV ғғ.).
1. Гомер кезеңі немесе қараңғы ғасырлар (б.з.б. XI -- IX ғғ.).
2. Көне Грекия (б.з.б. VIII -- VI ғғ.).
3. Эллинистік Грекия (б.з.б. IV -- I ғғэ.).
1. Бірінші эллинистік кезені (б.з.б. 334 -- 281 ж.).
2. Екінші эллинистік кезені (б.з.б. 281 -- 150 ж.).
3. Үшінші эллинистік кезені (б.з.б.150 -- 30 ж.).
Полис - қала-мемлекеті
Полис -- қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Мемлекеттік аппараты халық жиналысынан, кеңестен және сайланып қойылатын түрлі қызмет адамдарынан (магистраттардан) тұрды. Халық жиналысы билеушінің мемлекетті басқару құқын қамтамасыз етіп отырды. Полистер олигарх. (мыс., Спарта) немесе демократиялық (мыс., Афины) түрінде болды. Спарта егіншілік Полиске, Коринф сауда-қолөнері Полисіне жатты. П. Грекияда б.з.б. 4 ғасырдың басында, Римде б.з.б. 3 -- 1 ғасырларда дағдарысқа ұшырап, жойылды.
Ежелгі Спарта
Спа́рта (көне грекше: ΣPIάρτη, лат. Sparta) немесе Лакедемон (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) - ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б.з.б. 6 - 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Гомердің "Илиада" шығармасына қарағанда, Спарта Лакониканың ахейялық 12 қауымының бірі. Б.з.б. 12 ғасыр шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта қоныстарын қиратты. Археологиялыұ мәліметтер бойынша жаңа дорий қонысы Спарта деген атпен б.з.б. 10 - 9 ғасырларда басқа жерде - Эврот өзеннің жағасында пайда болған. Б.з.б. 8 - 6 ғасырларда Спарта көрші аймақтар: батыста Мессанияны, шығыста Клаурияны жаулап алды. Спартаның барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Бұл жерлер Спартаның толық құқылы азаматтары - спарталықтарға мұра ретінде пайдалануға берілді. Жерді басыбайлы құлдар - илоттар өң- деді.Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы - периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла) жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті.Экономикаалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б.з.б. 431 - 404) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін әлсіретті. Ол б.з.б. 371 - 362 жылы болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей жеңілді. Б.з.б. 338 жылы Спарта Македонияға, ал 146 жылы Римге бағынып, мемлекет ретінде жойылып кетті.
Спарта тарихы
* XI ғасыр б.з.б -- Спарта қала-мемлекет құрылуы.
* X ғасыр б.з.б -- Дорийліктер Лакония территориясын жаулады. Жарты тұрғын-ахэйліктерді периэктерге айналдырды(Политикада күші жоқ, бірақ тәуелсіз азамат), ал қалғандарын илоттарға айналдырды(мемлекеттік құл); дорийліктер билеуші спартиаттар болды.
* IX ғасыр б.з.б -- Ликург басқару заңдары Спартаны әскери күшті мемлекетке айналдырды.
* 743 -- 724 жылдар б.з.б -- Бірінші Мессения соғысы. Спарта Мессенаның бір бөлігін жаулады.
* 685 -- 668 жылдар б.з.б -- Екінші Мессения соғысы. Спарта Мессенанны түгелдей жаулады.
* 500 -- 449 жылдар б.з.б -- Грек-парсы соғыстары.
* 480 жыл б.з.б. -- Фермопиль шайқасы. 300 спарталықтар ерлігі.
* 479 жыл б.з.б. -- Платея түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңісі.
* 479 -- 464 жылдар б.з.б -- Тегеатидамен соғыс, Спартаның жеңуімен аяқталады.
* 464 -- 455 жылдар б.з.б. -- Үшінші Мессения соғысы(Мессениядағы илоттар көтерілісі).
* 460 -- 445 жылдар б.з.б -- Пелопоннесс соғысы. Афина мен Спартаның 30 жылға соғыс тоқтату келісімі.
* 457 жыл б.з.б -- Танагр түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңісі.
* 431 -- 404 жылдар б.з.б -- Пелопоннесс соғысы. Спарталықтар афиндықтарды жеңіп Грекиядағы доминантты мемлекет болды.
* 427 жыл б.з.б -- Спарталықтардың Платейді жаулап, тұрғындардың көп бөлігін жойды.
* 425 жыл б.з.б -- Пилос түбіндегі спарталықтардың жеңілісі.
* 422 жыл б.з.б -- Амфиполе түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңісі.
* 418 жыл б.з.б -- Мантинея түбіндегі шайқас. Спарталықтар жеңісі.
* 395 -- 387 жылдар б.з.б -- Коринф соғысы. Спарта мен Парсы жеңісі.
* 371 жыл б.з.б -- Левктрах түбіндегі шайқас. Спарта Фивамен шайқаста күшін жоғалтады.
* 362 жыл б.з.б -- Мантинея түбіндегі шайқас. Спарталықтар жеңісі.
* 331 жыл б.з.б -- Спарта и Македония соғысы.
* 331 жыл б.з.б -- Мегалополе түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңілісі.
* 245 -- 241 жылдар б.з.б -- Агис реформасы сәтсіз аяқталды.
* 235 -- 221 жылдар б.з.б -- Клеомен реформасы сәтті орындалғанымен макендон патшасы Антигон III Спартадан Селласия түбіндегі шайқаста жеңілгеннен кейін реформаны алып тастады.
* 229 -- 222 жылдар б.з.б -- Клеомен соғысы. Спартаның Ахэй одағы мен Македонияға гегемония үшін Пелопоннесстегі қарсы соғысы.
* 222 жыл б.з.б -- Селласия түбіндегі шайқаста Спарта ауыр жеңіліске ұшырайды. Спартаны Эллиндық одаққа кұшпен кіргізеді.
* 220 -- 217 жылдар б.з.б -- Одақтастар соғысы. Спарта Этолия одағымен бірге Эллиндық одаққа қарсы соғысы.
* 215 -- 205 жылдар б.з.б -- Бірінші Македония соғысы.
* 207 жыл б.з.б -- Мантинея түбіндегі шайқас. Спарталықтардың ауыр жеңілісімен және патша Маханида өлімімен аяқталды.
* 204 жыл б.з.б -- спарталықтар жаулауға тырысты Мегалополь.
* 201 жыл б.з.б -- спарталықтар Мессенияға шабуылдайды, бірақ Тегейден жеңіліске ұшырайды.
* 195 жыл б.з.б -- Лакония соғысы, Спарта жеңілісі және Ахей одағына қосылуы.
* 147 жыл б.з.б -- Спарта Ахей одағынан шығып Римнен қолдау алып отырады. Ахей соғысы басталды..
* 146 жыл б.з.б -- бүкіл Грекия Рим империясының астында қалып Ахей провинциясына айналды. Кезіндегі атақтары үшін Спарта мен Афина өздерінің территориясы аумағында өз өзін билеу құқығын алады.
Афины мемлекеті
Афина қаласы ежелгі өркениет орталықтарының бірі, Грекияның астанасы. Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі төбелі жазықта орналасқан. Ол өзімен іргелес жатқан ең ірі теңіз порты -- Пиреймен қосылып, үлкен Афинаны құрайды (аумағы 433,28 км²). Афина -- Жерорта теңізінің жағалауындағы ең ірі қалалардың бірі. Тұрғыны 3,4 млн. адам (1994). Климаты жерортатеңіздік (жазы -- ыстық, қуаң, қысы -- жылы, жаңбырлы), қаңтар айының орташа температурасы 90С, шілде айының орташа температурасы 270С. Ежелгі Грекия тарихында Спартамен қатар жетекші рөл атқарған қала-мемлекет. Қала әйел құдай Афина Палладаның (Зевстің қызы) есімімен аталған. Қала-мемлекеттің қалыптасу тарихын баяндайтын негізгі еңбек -- Аристотельдің "Афина политиясы". Афиналықтар шежіресі бойынша, қала Афина акрополінің төңірегінде (бұл жерде микен дәуірінің кезінде-ақ бекініс тәрізді елді мекендер мен б.з.б. 16 -- 13 ғасырларда салынған сарайлар болған) таңдаулы рулық қауымдарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған. Б.з.б. 5 ғасырдың 2-жартысында бұған дейін бірнеше әлеуметтік-саяси реформаларды басынан өткерген Афина мәдени гүлденудің ("Периклдің алтын ғасыры" деп аталатын) ең биік деңгейіне жетті. Афинада көрнекті ғалымдар, суретшілер мен ақындар: тарихшы Геродот, философ Анаксагор, мүсінші Фидий, ақындар Эсхил, Софокл, Еврипид, комедияшы Аристофан өмір сүрді. Афиналық жазушылардың тілі -- аттика диалектикасы бүкіл эллиннің әдеби тіліне айналды. Әсем үйлер салынды. Гипподам жобасы бойынша салынған тұтас бекіністің Акрополь ансамблін құрайтын негізгі ғимараттары -- әлемдік сәулет өнерінің озық үлгілерінің бірі Парфенон храмы (б.з.б. 438 -- 447 жылдары салынған), Фидийдің мүсіндері, т.б. бейнелеу өнерінің туындылары кейінгі ғасырлар суретшілері үшін шеберлік мектебі іспеттес болды. Алайда, "алтын ғасыр" ұзаққа созылған жоқ.Адамзат өркениеті ошағының бірі болған Афина ішкі жанжалдардың, алауыздықтың салдарынан,176 жылы Римнің қол астына өтті. Рим үстемдігіне қарсы бас көтерген Афинаны Корнелий Сулланың әскерлері жаулап, қалаларын қиратты. Б.з. 3 ғасырында сыртқы жаулардың шапқыншылығынан Афина біржола дербестігін жоғалтты. Қазіргі Афинада ежелгі грек, рим заманы мен орта ғасырлардың сәулет ескерткіштері жақсы сақталған.

Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым
Грек мектептері
Ежелгі грек мектептері үш басқышты болған. Олада көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған. Бірінші басқышты мектеп жасына дейінгі тəлім-тəрбие (3-7) беретін орын деп атаған, екінші басқышта 7-12 жасар балалар оқыған, ал үшінші басқышты "гимнасия" деп аталды.Ауқатты гректердің ұл балалары үш жасынан бастап үйде тəрбиеленді. Олар арнайы үй тəрбиешілерінен тəлім-тəрбие алып отырған. Тəлім-тəрбие беретіндер педагог-мұғалімдер. Тəрбиеленушілер сурет салуды, балшықтан əртүрлі ойыншықтар жасауды, үй тұрғызуды үйренген. Олар осы жасқа лайықты түрлі спорт ойындарымен де айналысты.
Ғылыми білімдер
ойшылдары, ғалымдары жəне ақын-жазушылары Шығыстың өркениетті елдерімен байланыста болған. Олар Шығыс елдерінің ғасырлар бойы жинақтаған тəжірибелерін пайдаланған. Шығыс елдеріндегі ғылымның жаңа табыстарымен табысып отырған. Гректер ертеден-ақ табиғаттың түрлі құбылыстарын бақылап, көптеген елдерге саяхат жасаған. Ежелгі Шығыс елдерінің ғылыми ой-пікірлерімен таныс болуы Грекияда табиғат жайлы ғылымның қалыптасуына жол жол ашқан.
Грек тарихшылары мен философтары
Б.з.б. 5 ғасырда тарих саласындағы еңбектер пайда бола бастады. Мұндай еңбектердің негізін ежелгі грек тарихшысы Геродот қалаған. Геродоттың "Тарих" атты кітабы ежелгі Грекия мен Азия, Египет халықтарының тарихын зерттеуге үлкен үлес қосты. Осы кітаптың алғысөзін мынандай сөздермен бастаған: "Геродот көптеген халықтардың ұлы жəне даңқты істері ұмытылып қалмауы үшін осы мəліметтерді жинады жəне жазып шықты". Осы еңбегінде көптеген географиялық, этнографиялық жəне тарихи материалдар да жинақталған.Философия ғылымының негізін салушылардың бірі Аристотель болды. Ол б.з.б. 384-322 жылдары өмір сүрген ғұлама ғалым. Көптеген ғылымдардың негізін қалаушы, жан-жақты білімді адам ретінде даңқы шыққан. Ол философия, тарих, математика, жаратылыстану жəне тағы басқа ғылыми білімдердің қалыптасуына зор үлес қосқан. Аристотель сол кездегі барлық жинақталған ғылыми білімдерді жеке-жеке салаларға бөлген. Бұл дүниежүзілік ғылымның дамуындағы үлкен қадам болды. Оның "Саясат" деген еңбегі мемлекет жəне мемлекеттің құрылымына, түрлеріне айналды.Ежелгі грек философы Демокрит атом ілімінің алғашқы өкілдерінің бірі саналады. Ол 300-ге жуық шығарма жазған. Сонымен қатар физика, математика, музыка жəне поэзиямен де шұғылданған. Табиғатты терең зерттеп, көптеген халықтардың ғылыми білімдерімен танысқан. Демокрит тұңғыш рет дүние өте ұсақ бөлшектерден - атомдардан тұрады, атомдар мəңгілік жəне қозғалыста болады деген пікір айтқан.[7]

Ежелгі грек өнері
Зевстің алтың мүсіні
Зевстің алтын мүсіні - кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, "әлемнің жеті кереметінің" бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық - Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.
Ежелгі грек театры
Эпидаврдағы театр
Театрдың даму кезеңдерінің бірі -- көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры -- жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке -- Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндерінде диалог элементтері мен сахналық қимыл- әрекет басым жатты. Эллинистік дәуірге дейін хор грек драмасындағы басты элемент болып келді. Феспид бірінші болып б.з.д. 534 жылдың көктемінде Ұлы Дионис мерекесінде, өзінің трагедиясын көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Сондықтан да б.з.д. 534 жыл әлем театрының туған жылы деп саналады. Ақын Феспид хордан ерекше орындаушыны -- актерді бөліп шығарды. Сөйтіп, дүниеге бірінші актер -- протагонист келді. Хор басшысы -- корифей бастаған хор 12, кейіннен 15 адамнан құралды. Грек драмасы өзінің даму процесінде діни әдет-ғұрыптардан бірте-бірте алшақтай берді. Сонымен бірге драма грек мифтеріндегі материалды молынан пайдаланды.Қазір біз қолданатын "трагедия" және "комедия" сөздері Ежелгі Грекияда өткен мерекелерден шыққан. "Трагедия" сөзі гректің екі сөзінен алынған: "трагос" -- теке және "одэ" -- өлең, ән, яғни "текелер әні" деген ұғымды береді. Бұл ат бізді Дионистің серіктері -- сатирлерге әкеледі. Сатирлер адам мен текенің қосындысынан тұрады: денесі адамдікі болғанымен, текенің мүйізі, сақалы, тұяқтары, құйрығы, жүні, т.б. белгілерін жапсырып алған.
Комедия
"Комедия" сөзі "комос" -- Диониске арналған мейрамдағы көшеде қыдырып жүрген қызу әрі көңілді халық және "одэ" -- өлең, ән деген ұғымдардан шығып, қыдырып жүрген халықтың әні деп аударылады. Гректің ақындары -- Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофанның шығармалары грек халқының қоғамдық-саяси және рухани өмірін жан-жакты көрсетті. Театр ойындары ашық далада өткізілді. Театр ғимараты орхестрен (дөңгелек алаң), театрыннан (көрермендер орны) және скенадан (алғашқы актерлердің киініп, сахнаға шығуына прпалған жай палатка) кұралды. Ежелгі Грекия театрларына көп көрермен сыятын.
Мысалы, Дионистің Афиныдағы театры 17 мың пдамға арналса, Эпидаврдағы театрға 10 мыңдай адам бара алатын. Көрермендерге -- бүкіл Афины азаматтарына театр ойын-сауықтарына бару үшін мерекелік ақша берілетін, ал олар сол ақшаға отыратын орындары көрсетілген арнаулы темір жетондарды сатып алатын. Қойылымдар таңертең басталып үш күнге созылатындықтан, көрермендер тамағы мен сусындарын өздерімен арқалап әкелетін.
Спектакль
Спектакльдер көрсетілген кезде барлық, жұмыстар тоқтатылып, соттар жабылып, түрмедегі адамдар босатылатын. Театрға ерлер, әйелдер, балалар, тіпті үй құлдарына дейін -- бәрі баратын. Театралогия немесе жеке драма жазған драматург мейрамды ұйымдастырушы архонттан хор сұрайды. Архонт оны бай азаматтардан таңдалып алынған мемлекеттік міндет ретінде хор жинау, оны үйрету, мейрамнан кейінгі асты ұйымдастыру жүктелген хорегке тапсырады. 10 антикалық филдерден қазылар алқасы құрылады. Үш күндік байқаудан кейін жеребе бойынша таңдалып алынған 5 қазы соңғы шешімді шығарады. Үш жеңімпаз ақшалай марапатталған, бірақ шырмауық ағашының жапырақтарынан тоқылған тәжді тек бас жүлдеге ие болған драматургке кигізген. Бұл театр байқауында үшінші орын алу жеңілумен тең болды. Байқауға тек жаңа шығармалар қатысатын, ал егер де біреу бұрын қойылған ескі шығармасын ұсынса, ол байқаудан тыс көрсетілген. Актер-протагонист үлкен кұрметке ие болып, тіпті мемлекеттік тапсырмаларды да орындаған. Екінші және үшінші актерлер тікелей бірінші актерге міндетті болып, одан акы алып тұрған. Ақындар, хорегтер ,және басты рөл ойнаған актер- протагонистердің есімі арнайы актілерге жазылып, мемлекеттік архивте сақталған.Б.з.д. IV ғасырдан бастап жеңімпаз-драматургтердің есімдері дидаскалийлерге -- мәрмәр тақталарға жазыла бастады. Театрларда әйел рөлдерін ерлер орындады. Актерлердің бәрі де маска, әдемі костюмдер, бойларын ұзын қылып көрсететін табаны биік аяқ киім -- котурныларды (20 -- ЗОсм) және биік бас киім киіп ойнады. Үлкен театрда маскалар көрермендердің актерлерді алыстан көруі њшін ыңғайлы болды және актерлер де маскаларды ауыстыру арқылы екі-үш рөлдерді бір-ақ орындады. Маскалар ағаштан не кенептен жасалды (кенеп каркасқа тартылып, гипспен жабылып, боялған). Маска тек бетті ғана емес, бүкіл басты жапқан, сондықтан парикті гректер тікелей маскаға орнықтырған. Грек актерлері би, қимыл-қозғалыс өнерін шебер меңгеруі керек болды. Маска киіп мимикадан айырылғандықтан қимыл-қозғалысқа, пантомимаға үлкен көңіл бөлінді. Көрініс кезінде Құдайлар пайда болу үшін сахнада көтерме машиналар қолданылды. Сонымен қатар спектакльде найзағайдың, күнніћ күркіреген дыбыстарын шығаратын және көрермендерге көрсету эффектісін тудыратын көптеген машиналар болды.

Грекиялық мерекелер мен ойындар
Олардың мереклері мен ойындары бүкілхалықтық сипат алды. Бұл мерекелр грекиялықтардың негізгі кәсібі мен әдет-ғұрыптанына байланысты болған. Олар Дионис, Деметра, Зевс құдайларының құрметіне және ынтымақ пен бірлікке арналған. Грекиядағы басты мереке ынтымақ мерекесі болды.Ол жаңа жылдың алғашқы айында өткізілді. Мереке қатарынан алты күнге созлды. Бұл мереке халықты бірігуге, бір орталыққа бағынуға, бірлесіп кәсіп жасауға, ынтымақтасып өмір сүруге шақырды. Мереке түн ішінде қолға шамшырақ ұстап жүгіруден басталды. Одан кейін халықтық шеру болды.мереке күндері ақындардың, әншілердің, музыканттардың жарыстары өткізілді. сонымен бірге әр түрлі спорт жарыстары да ұйымдастырылды. Дионис құдайдың құрметіне жасалған мерекенің маңызы зор болды. Бұл егіншілердің мерекесі болды. Мереке күндері ауқатты отбасылар құрбандыққа мал сойды. Дионис мейрамында егіншілер ауыл мен қала көшелерінде салтанатты шеру тартқан. Олар хормен дионис туралы мифті әнге қосқан. Егіншілер сыбызғы мен сылдырмақ үніне қосылып би билеген.
Олимпиялық ойындар
Олимпиялық ойындар Палепоннестің әдемі жеріне орналасқан олимпия қаласында өткізілген. Гректер үшін Олимп қасиетті жер. Оның ортасында Зевс құдайына арналған храм бар. Ойын Зевс құдайының құрметіне төрт жылда бір рет өткізіліп отырған.Бұл ойындарда атлеттер: жүгіруден, секіруден, диск пен найза лақтырудан өздерінің ептіліктерін, мықтылықтарын сынға салды.Тұңғыш Олимпия ойындары б.з.б 776 жылы өтті. Ойын үнемі жаз айларында болды. Олимпия ойындарның алғашқы күндері сайысқа қатысушылар , төрешілер құрбандық шалып , адал сайысу үшін ант берген. Ойынның ең соңғы бесінші күні Зевс храмының алдында жеңімпаздарды марапаттаған. Сарапшылар жеңімпаздарға зәйтүн ағашының бұтағынан жасалған гүлалқа сыйлаған. Жеңімпаздардың туған қаласының атын шығарғаны үшін, оның құрметіне мүсін тұрғызған.Олимпиялық ойындар қазірде дүниежүзілік болып өтеді.

Діни нанымдары мен мифтері
Гректерде діни нанымдар б.з.б XI-IX ғасырларда пайда болған.Халық ауа райының тосын және ауыр жағдайларын құдайлардың ісі деп есептеген. Құдайлар бірдей мейірімсіз, мейірімді бола алады деп сенген-мыс. Олар 46 - ға жуық құдайларға сенген. Халық оларды Олимп тауының шыңында, өз сарайларында тұрады деп сенген. Гректер құдайларға құрбандық шалған, храмдар тұрғызған, олар жайлы аңыздар шығарған. Табиғаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, оқиғалар туралы аңыз әңгімелерді мифтер деп атаған. Грек мифтері түрлі ғажайып құбылыстарды, батырлардың қаһармандығы туралы болды. ежелгі мифтерді жыршы ақындар ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырған. Ежелгі Гректердің танымал мифі "Аргоновтар туралы миф".

Сәулет өнері
Грекияда б.з.б V ғасырда сәулет өнері жоғары қарқынмен дамыды. Әсіресе, Афины ерекше гүлденіп, әсем қалаға айналды. Афинаның ең көрікті жері акрополь мен агора болып саналған. Бұл жерлерде храмдар, театрлар, әкімшілік ғимараттар, шонжарлардың әсем үйлері орналасты. Гректер сәулет өнерінің үш стилін қалдырған: коринфтік, дориилік, иониилік.Дориилік стиль қарапайым плиталармен көмкерілеген сәнді бағаналар. Ал, иониилік және кориинфтік стиль - сымбатты, әдемі өрнекпен әшекейленген сәнді бағаналар.[8]

Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Антик -- (көне, ежелгі) деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні ежелгі, көне, қадым заман мағынасын беретін антиквус деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылык, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары -- көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
"Геродот мүсіні"
Көне, қадым заман мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін Эллиндер; ал өз елдерін Эллада деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның өдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен үшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметгік өмірдің барлық салаларында -- поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты.
КөнеМөдениеттіңжарқынбеттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты үлылар есімімен тығыз байланысты болды.Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. Ill -- II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. Эгей өркениеті мәдениеттің қайнар бүлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ӀӀ-мыңжылдықта Эгей мөдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен"Зевс"
Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мэдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит -- ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты қүдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, қүтырған бүқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бүл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-түра кездесіп қалады.[1]
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Антик -- (көне, ежелгі) деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні ежелгі, көне, қадым заман мағынасын беретін антиквус деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылык, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары -- көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.Көне, қадым заман мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін Эллиндер; ал өз елдерін Эллада деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның өдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен үшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметгік өмірдің барлық салаларында -- поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мөдениеттің жарқын бетгері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты үлылар есімімен тығыз байланысты болды.Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. Ill -- II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. Эгей өркениеті мәдениеттің қайнар бүлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ӀӀ-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мэдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит -- ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты қүдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, қүтырған бүқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бүл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп қалады.

Ежелгі Рим өнері
Ежелгі Рим өнері - Б. э. бұрынғы VIII ғасырдан б. э. V ғасырына дейінгі он екі ғасырдан астам кезеңді қамтитын тарихы бар Ежелгі Рим адамзатқа орасан бай мәдени, көркем мұра қалдырды.Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасына Вергилийдің, Горацийдің Овидийдің поэзиялық туындылары, Ливий мен Тациттің тарихи еңбектері, Лукрецийдің материалистік философиясы, Цицеронның шешендік өнері, Марциал мен Ювеналдың уытты сатиралары енді. Римдік право жүйесі заң туралы ойдың дамуында көрнекті роль атқарды.Ежелгі Рим шеберлері өзінен бұрынғы ерте дүние цивилизациялары көріп-білмеген алып сәулет ансамбльдері мен инженерлік ғимараттардың жаңа типін, реалистік мүсіндік портрет пен ғажайып фрескаларды, мозаикалар мен көркемдік кәсіп шығармаларын тудырды.Антик дүниесі өнерінің дамуы Рим өнерімен аяқталды. Ол ертедегі грек және ертедегі итальян өнерлерінің үздік жетістіктерін мұра етіп қабылдап, творчестволықпен қайта өңдеді.Рим шеберлері өздерінен бұрынғылардың дәстүрлерінен шабыт алғанымен, өздерінің өзгеше стилі мен творчестволық даралығын әрдайым сақтай білді.Рим мәдениеті, оның өнері сияқты, ең алдымен Ежелгі Италия халықтары жасаған цивилизация топырағында өсіп-өнді, олардың арасында саяси да мәдени тұрғыдан анағұрлым дамығаны этрустар болды.
Рим империясы өнері б. з. д. I -- IV ғасырлар
Октавиан Август бейнесі салынған теңге. Бір бөлшегі. Мыс. Б. э. I ғ. Берлин. Мемлекеттік музейлер
Республикалық құрылыс құлап, Империя орнатылған тұста Рим әдебиеті мен өнерінің алдында императорды мадақтап, оның үстемдігін дәріптеу міндеті тұрды. Б. э. бұрынғы 27 жылы Рим сенаты бірінші император Октавианға Август, яғни даңқын асырған, жарықтық немесе құдіретті деген титул табыс етті. Бұдан соң бұл титулды Римнің барлық билеушілері алды. Императордың принцепс, яғни бірінші азамат және бірінші сенатор деп аталатын билігі заң жолымен бекітілген жоқ. Жаңа саяси құрылыс, сырттай қарағанда, республика түрін бүркенген монархия болатын.
Октавиан Август мүсіні. Мәрмәр. Б. э. I ғ. басы. Рим. Ватикан
Тарихи еңбектер мен поэзиялық шығармаларда Рим басқа халықтарға үстемдік жүргізуге тиіс деген ой айтылады. Ақын Вергилий: Міне, римдік, сенің өнерің осы болмақ. Есіңде сақта, сен халықтарды басқарып, оларға бейбітшілік орнатуға, әлсіздерді аяп, мүсіркеуге, тэкаппарларды тізгіндеуге тиістісің, -- деп уағыздады. Бұл идеологиялық программа қалалардың алаңдары мен храмдарда тұрғызылған императорлардың қыруар мүсін- дерінде өз бейнесін тапты. Әміршінің бейнесі Римнің күші мен қуатын кейіптейтін. Сондықтан мүсіншілер императорлар бейнесінде портреттік ұқсастықты сақтай отырып, оларды әдейі дәріптеуге тырысты. Еліктеу үшін оларға айбынды асқақ пафосы мен ізгілік-сабыры, байыбы, пішінінің айқынқарапайымдылығы мен пропорциясының сұлулығы римдіктер назарын аударған б. э. бұрынғы V -- IV ғасырлардағы грек мүсіндері үлгі болды. Әсіресе, Грекия классикалық өнерінің римдік портрет дамуына керемет ықпалы б. э. бұрынғы I ғасырдың аяғы мен б. э. I ғасырында көрінді. Римдік шеберлер грек мүсінінен Империя басталысындағы дәуірдің талаптарына толық жауап беретін пластикалық тіл мен кейіпкерлерді қаһармандандыру тәсілдерін тапты.
Вергилий Энеиданы жазып отыр (қасында -- тарих музасы Клио мен трагедия музасы Мельпомена). Мозаика. Б. э. II ғ. аяғы -- III ғ. басы. Тунис. Ұлттық Бардо музейі
Октавиан Августың мәрмәрден қашалған мүсіні оны қолбасшы әрі мемлекет басшысы ретінде даңққа бөледі. Тәкаппар, айбынды кескін-келбет пен қолдың көсіле созылған әсерлі ишараты мүсінге монументтік сипат дарытады. Сулығы білегіне сәнмен оралған, күрзісі сардарлық өктемдігін нышандайды. Август бедерлі бейнелермен әшекейленген сауыт киген. Жетілген, атлет денелі алып тұлға, бұлшық еті ойнаған жалаңаш балтыр грек құдайлары мен қаһармандарының мүсіндерін еске түсіреді. Августың аяқ жағына мүсінші тәңірия Венераның баласы Амур бейнесін орналастырған. Август әулеті содан тарапты-мыс деген сөз бар. Августың бет әлпеті шынайы бейнеленіп, ал келбетіне турашылдық, ерлік, адалдық сияқты қастерлі қасиеттер берілген. Август, тарихшылардың айтуынша, әккі, қатал саясатшы бола тұрса да, оның бойында өнегелі азамат сипаттары баса көрсетілген. Жарамсақтанған сенаторлар отан әкесі деп атаған императордың қаһарманға айналдырылған бейнесіне ақын Горацийдің: От шашатын Юпитердің аспанды билеп-төстейтініне сенеміз біз: Римге айбарлы британдықтар мен парсыларды бағындырған Август жер бетіндегі тәңірі іспетті , -- деген жолдары таңғажайып үндеседі.
Гард көпірі. Б. э. I ғ. Ним (Оңтүстік Франция)
Римнің ұлылығын мадақтау идеясы I -- IV ғасырлардағы Империя дәуірінде жасалған сәулет өнерінің алып ескерткіштерінде аса айқын бейнесін тапты. Рим сәулет өнерінде әлем әміршісі атанған халықтың талғамына тән ғимараттардың ерекше монументтілігі алдыңғы жүлгеге шықты. Құрылыс белгілі бір саяси мақсатты -- билеушінің жомарттығын баса көрсету мен оның атын ұрпақтар есінде сақтау мақсатын көздеді. Алаңдар ансамблін, әкімшілік ғимараттары мен ойын-сауық құрылыстарын тұрғызған императорлар бірімен-бірі бәсекеге түсті. Жазушылар император Август кірпіштен қаланған Римді қабылдап алып, оны мәрмәрден салып кетті деп жазған болатын. Витрувийдің сөзіне қарағанда, Август империя айбынын ғаламат қоғамдық ғимараттар салумен арттыра түсуді ойлаған. Ақын Овидий біздің эрамыздың жол айырығында күллі әлемнің асыл қазынасына ие болған алтын Рим туралы айтқан. Екінші бір жазушы: Рим барлық құдайлар мен адамдардың назарын аударды, -- деп есептеген. IV ғасырда Клавдиан ұлан ғайыр аспаннан кең ештеңе жоқ, Римнің аумағын ешкім көзбен шола алмайды, оның сұлулығын ешқандай ақыл ұға алмайды, оны мақтауға жан баласының тілі жетпейді деуге хақылы еді. Замандастардың бұл пікірі, ең алдымен, қаланың сәулеттік келбетіне қатысты.
Нан мен ойын-сауықты талап еткен римдік тобырға кеңінен танылуға тырысып, императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор амфитеатрлар салғызды. Мұның 75 -- 80 жылдары және орта ғасырларда Римде салынған ең ірісі колоссеум (алып) деген латын сөзінен Колизей деп аталды. Жоспары бойынша ол аумақты сопақ құрылыс (188X156 м). Колизейдің биіктігі 50 м, қабырғасы ірі серек тас (травертин) блоктарынан қаланған. Күмбезді аркаларының үш қабаты қабырғаның ішкі жағындағы алып бағаналарға тіреледі. Қай нүктеден қарасаң да жақсы көрінетін олар театр қасбетін сан құбылған сәулелі көлеңкеге бөлейді. Шексіз қайталанылатын аркадалардың салтанатты ырғағы ғимаратқа айбындылық пен монументтік сипат береді. Аркаларға тірек болған бағаналар конструкциялық мәнін жоғалтып, сәулеттік сәнін ғана сақтаған жартылай колонналармен әдіптелген. Бірінші яруста бағаналарға -- дорлық, екінші яруста -- иониялық, үшінші яруста -- коринфтік ордердің жартылай колонналары сүйелген, төртінші ярустың біркелкі тегіс қабырғасын коринфтік пилястрлер бөліп тұрады. Пилястрлер арасына үш-үштен қойылған діңгек тіреуіштердің үстінен көрермендерді күннің ыстығынан қорғайтын орасан зор құрама шатыр тартылған. Антаблементті көтерген жартылай колонналар ярустар жігін бөліп, қабырғаның биіктігін баса көрсетіп тұр. Колизейде пайдаланылған ордерлік аркада Рим сәулетінің композициялық аса маңызды түрі болды.
Колизей аренасы
Колизейдің өзгеше бір сәні -- екінші және үшінші ярустар аркаларындағы мүсіндері еді. Амфитеатр өрт пен жер сілкінуден ауыр зардап шекті. Орта ғасырлар дәуірінде көп замандар бойы ол сарайлар мен шіркеулер құрылысына блоктар қопарып алынатын, тас қашайтын орынға айналды.Колизей жоспары жете ойластырылған дәл есебімен көзге түседі. Қасбеттерінің композициялық құрылысы ғимараттың ішкі конструкциясын айқьін жеткізеді. Қабырға ярустарына амфитеатр ішіндегі орындықтар белдігі сәйкес келеді. Орасан зор амфитеатр негізін шаршы төлке мен бетоннан қаланған сексен тарап қабырға құрастырып тұр. Олар жоғарғы ярустарға шығатын тепкішекпен тұтасып, көрермендер орындарын көтеріп тұрған бетон итарқаны мықтап тірейді. Көрермендердің сан мыңдаған тобы Колизейге төменгі ярустың сексен аркасы арқылы еңіп, Колизей қабырғасымен қаз-қатар тартылған итарқа галереяға шығатын. Олардың төртеуі -- көрермендерге, ал мәрмәр, мозаикалармен әрленіп әшекейленген бесіншісі -- гладиаторларға арналған. Шеңбер галереялар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz