Абай жолы роман - эпопеясындағы Құнанбай бейнесі


«Абай жолы» роман - эпопеясындағы Құнанбай бейнесі
Қазақтың қасиетті, ұлы адамының
бірі - Құнанбай Өскенбайұлы.
Ахат Шәкәрімұлы
Әлем әдебиетіне үңілсек, әдебиет пен өнер жайында айтылған сом - сом тұжырымдардың ішінде роман жайлы, соның ішінде тарихи роман жайлы, ондағы көркем образдардың жасалуы жайлы айтылған ойлар да, сөздер де көп. Француздың ұлы романисі Оноре де Бальзактың «Өнер дегеніміз шындықтың шығармашылықпен өңделіп бейнеленуі» дегеніне түсінік беріп жатудың өзі артық. Сонда бұл қай өнер, қай шындық туралы?-деген ой еріксіз ойға оралады. Осы тұжырымдарды Кеңестік дәуірдегі өнерге, роман және тарихи роман жанрына, ондағы тарихи және көркем образдардың жасалуына телуге келе ме? Қиын заманда жан айқайы қиналыстан туған шығармаларға әлемге ортақ тұжырымдар тұрғысында пікір айтудың өзі ретсіз. Дегенмен, Кеңестік идеология соның бәрін күшпен иіп әкеліп, өз дегеніне көндіріп отырды. Әйтпесе Мұхтар Әуезов өз туындысы жайлы «Абай кезіндегі қазақ даласына күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинақтадым»-дегенді айтпауы мүмкін еді. Қайдағы «ескі» десек, бұл Құнанбай дәуірінен жарты ғасыр өткен соң дүниеге келген ұғым, «жаңа» заманның әкелген жалған ұғымы. Құнанбай дәуірі кер заман толқынының өз ағысымен ағып жатқан кезі, көне ұрпақты жаңа ұрпақтың жаңарту процесі - тарихи да заңды құбылыс. «Демек, Құнанбай образы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына орыс халқының мәдениеті арқылы еніп келе жатқан, келешегі зор жаңаның жолындағы кедкргіні-ескіні көрсету нәтижесінде туды»- дегені бәлкім, басқа арнаға түсіп кеткен өз шығармашылығы жайлы амалсыз айтқан сөзі де шығар. Осы орайда орыс әдебиетіндегі И. С. Тургенев жасаған «Әкелер мен балалар» романындағы ескі мен жаңаның тартысына келсек, ол мүлде бөлек дүние, бұл-уақыттың өтуі нәтижесінде ескіні жаңаның заңды ауыстыруы, феодализм батпағынан әрең шыға бастаған орыс капитализмінің айқын көрінісі. Өйткені, кейіпкер Құнанбай мен тарихи тұлға Құнанбайдың өмірі, жеке басына қатысты оқиғалардың өзі өмір сүрген заманының тарихи шындығымен салыстыра талдау ұлы шығарманың түпкі көркемдік мақсатын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Эпопеяны оқи отырып, Абайдың жас кезінен бастап өсу жолындағы әрбір қадамына өзінің «әке» атты үлкен ұлағатының барлық қасиетін еккен Құнанбай әке деп білеміз. Құнанбай образын жасауда жазушы оның тарихи ортасының сипатын айқын, халықтық үлгіде жеткізеді. Мысалы, 1868 жылғы «Жаңа Низам» заңдарына байланысты қазақ даласындағы өзгерістер нәтижесінде Құнанбайдың әдеби бейнесі ендігі беталыс - тізгінді балаларына ұстату. Бұл арада Құнанбай дың әдеби болмыс, бітімі, психологиясы мен мінезі де өзгеріп отырады. Құнанбай «адамның қай мінезі қасиеті болса, сол мінезі міні де болады. Жақсылық кісінің айнымас табандылығында деп білемін. Соның түбінен міні шығатын кез де болатын шығар» дегеннен басқа шешіліп, ішкі сырын, не ойлайтынын сездіре қоймады. Олардың жауабын білмек болған бала алдында жұмбақ күйінде қала берді. Алдыңғы мәжілісте болған Құлыншақ, Сүйіндік, Байдалылардай емес, қабат-қабат шың сияқты. Байдалы сөздерінің оралымдары мен ой өрістеулерін қатты толқып, ширыққан бала енді үлкендердің жаңа, тың қырына кездесті. Жақсылық табанды адамның қолынан ғана келетінін жазушы Құнанбай арқылы жайдан жай айттырып отырған жоқ. Әлішер Науаи: «Ізгілік - қасиетті іс. Ізгілікті адам бұл қасиетті құдайдан алған. Ерлік, ізгілік - туыс нәрсе, олар егіз. Ондай жақсы (қасиетті) нәрсе бұл дүниеде жоқ. Адамдарда сатқындық бар екеніне көзі жеткен соң, олар адамзат баласынан келместік әлеміне жоғалып кеткен» дегенді айтады. Қай қылығы болса да Құнанбайдың туа біткен қасиеті екеніне қаламгер назарды аударады, ол нені болса да - жақсылық, жамандықты болса да мықтап ұстанатын адам. Құнанбай образы да ірі уақиғалар айналасында сомдалады. Оны әдебиет сыншылар біржақты талдап, жағымсыз жақтарын баса суреттеп, Құнанбайды қатыгез жауыз есебінде талдап келеді. Ел билеуші болған соң, кезінде Құнанбай біреуге жағып, біреуге жақпауы заңды құбылыс. Мысалы, сол талдауларда Қодардың Құнанбай жерін тартып алу үшін өлтіртті деп, оны құлқының құлы етеді. Шын мәнінде Құнанбай Қодар жазасы туралы көп ойланып, ақ - қараны әбден тексеріп барып, қылмысты қылықтары үшін ауыр жазаға шешім жасайды. Әйтпесе, Құнанбай Қарашоқыны Қодардан бейбіт күнде тартып алса да қолын ешкім қақпауш еді. Қодар трагедиясы жайында жазушы өте көп материал жинаған. Солардың ішінде көп әңгіме - естелік айтқан туған атасы Әуез қарт болды. Шыңғыстың қатпар тастарының қыртыс - қыртысына дейін сырын ұққан Әуез қарт сол атышулы оқиғаны Мұхтарға жеткізген. Тағы бір нақты деректер берген аяулы жан Шәкәрім Құдайберді ұлы еді. М. Әуезов өз естелігінде: «Ана төбеден Қодар лақтырлғанын білесің бе? Деп сол елдің ақсақалы Қодар өлтірілген жартасты көрсетті», - дейді. Кінәлі екені де, кінәсіз екені де Қодардың өз сөзіне қарағанда көмескі, жазалаушылар жағынан жорамал, ақ-қарасы анық тексерілмеген, дәлелденбеген. Шын түсінген оқырманға жазушының Қодарды даттап та, жақтап та тұрғаны байқалады. Даттайтыны - Қодардың өзін - өзі ақтай алмауы, құдайға тіл тигізуі, өлім алдына да ерегісе түсуі. Жазушы Қодар кінәсіз кетіп барады деп отырған жоқ. Жақтайтыны - надан елдің қатал заңы, еркек түгіл әйелге де рақым жасамай, ел көзінше жабайы түрде жазалауы, дарға асуы, таудан оны лақтыруы - бұл шектен шыққан қатал жаза, көрген көзге, естіген құлаққа жан шошырлық қайғылы оқиға. М. Әуезов романда: «Бірақ өзі әке мінезін сынағыш болғаннан бері, сол әкеден қорлық көрген елдің қай-қайсысының болса да сөз ұғар деген адамдармен сырласа, сөйлесе, әке мінездері, ел күйі, көптің мұңы сияқтыны толық ұғынып, көп түсіне бастаған», - дейді. Бұл әке мен баланы бітіспес күреске салудың бастамасы еді. Әке мен баланың арасындағы бұл тартысты, қайшы көзқарасты, ел басқарудағы екі түрлі әдісті роман жазылған кезең тұрғысында қарау керек дейміз. Қым - қиғаш тартыстарда, қайшылықтарда жасалған қатал да айлалы әкенің өктемдігі өз баласымен тартысқа тіреліп отыр, өйткені жазушы Құнанбайды «Мен сол заманның Құнанбайымын!» деген деңгейге келтіруі тиіс болды. Өйткені, жазушы романда Құнанбайдың өмірдегі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz