Әлемдік саяси ойдың даму тарихы туралы


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ЭССЕ
Орындаған :Байжумаева Гаухар
Тексерген : Инкарбаев Есенай
Тақырыбы: Әлемдік саяси ойдың даму тарихы
Алматы, 2020
Саяси білімдердің мифологиялық кезеңіндегі Іле өлкесіндегі сақ тайпаларын ығыстырып жаңа тайпалық одақтар құрған - үйсіндер. «Қарғалы диадемасында» бейнеленген қоғамдық ой-пікір бойынша: әлемді басқарушы құдайлар, құдайлардан кейінгі адамға жан беруші әйел, құдайлар мен адамдардың арасындағы байланыс күші жануарлар, ал барлық тірі жандарға өмір нәрі болатын өсімдік, жасыл табиғат деп түсінген.
Негізінен, Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың қоғамдық-саяси ой- пікірлерін білдіретін тұтас сақталған аңыздар, мифтер өте аз, жазба деректер де жоқтың қасында. Бұл тайпалардың көшпелі өмір-салтымен де байланысты, себебі тайпалардың мекен-жайлары бытыраңқы болса, әр тайпаның діни түсініктері де әр түрлі болды. Барлық тайпаларға ортақ, біртұтас діннің қалыптаспауы себебінен андроновшылар, сақтар, үйсіндер табиғаттың өздеріне жағымды, қасиетті күштеріне табынуды күшейте түсті. Сондықтан Ежелгі Грекиядағы сияқты «этикалық парыздарды» насихаттайтын мифологиялық аңыздар туындаған жоқ. Бұл тайпалардың әлеуметтік тәртібі, саяси ойы және құрылымдары өткен ұрпақтардың салт - дәстүр тәжірибесіне, күнделікті өмір практикасына негізделді. Сол себептен Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың саяси білімдерінің үш түрі: мифологиялық, діни және практикалық қатар дамыды деуге болады. Саяси өмірдің жедел өзгеруі саяси сананың дамуына әсер етті. Сондықтан бұл тайпалардың саяси санасы мифологиялық деңгейден рационалдық танымға тез ауысты.
Қоғамдық жүйенің дамуындағы осындай ерекшеліктер Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалардың өміріндегі алғашқы қауымдық- саяси қатынастардың қалыптасуына негіз болып, ұжымдық меншіктің шығуы ру мүшелерінің арасындағы байланысты нығайтты. Барлық мәселелерді тайпа мүшелерінің жиналысы шешіп отырды. Жиналыста ру басшыларын сайлап, немесе орнынан босатты және рудың салт-дәстүрлерінің қатаң сақталуын қадағалады. Айыптылар халық алдында жазаланды.
Таңғаларлық жағдай - ежелгі заманның өзінде-ақ Евразия даласында демократияның айқын көріністері өмірге келген
Сақтардың әлеуметтік құрылысының осындай деңгейге көтерілуіне екі себеп әсерін тигізді: біріншіден, мүлік теңсіздігінің пайда болуы қоғамның әлеуметтік жіктелуін күшейтсе, екіншіден, тайпалардың арасындағы қақтығыстар, соғыстар жиіленді. Бірнеше тайпалар бірігіп, жауынгерлер қауымына айналды. Ел басқаруға қабілетті басшылар қажет болды. Енді көсемдер жауынгерлердің арасынан таңдалып алынатын болды. Әртүрлі сайыстардағы ең мерген жауынгер өзгелерге билік жүргізуге құқық алды. Бірақ тек ғана мергендік патша болу үшін жеткілікті болған жоқ, оған басқа да қабілеттілік қажет болды. Мінеки, сондықтан да Есік қорғанына жерленген адам («Алтын адам») әрі жауынгер (бұған қару-жарақ, оның ішінде алтын садақ куә), әрі абыз (басына кигізілген ерекше шошақ бөркі), әрі мал иесі (қабір ішіне бақташының ұзын өрме қамшысы қойылған) болып есептеледі.
Сонымен, бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі - бас қолбасшы болды. Сақ тайпаларында патшалар сайланатын, яғни, билікті мұра ретінде алған жоқ. Бірақ олар жауынгерлердің арасынан ғана сайланатын еді. Осы себептен бұл кезең әскери-демократия құрылысының пайда болған кезеңі болып саналады.
Үйсіндерде таптық қоғамға тән қатынастар тез қалыптасты, әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуы, тек малға ғана емес, жерге де жеке меншік орнатты. Бұл мемлекет қалыптасуының алғашқы белгілері болатын.
Б. з. ІІ-ІІІ ғасырларда Ферғанадан Арал теңізіне дейінгі Сырдарияның бойын толығымен бақылауға алған қаңлылар мемлекеттік дәрежеге жетіп, қоғамдық билік жүйесін жаңартуға талаптар жасады. Қаңлы тайпаларында билік мұрагерлікпен әкеден балаға беріліп отырды. Яғни, монархия, абсолютизм қалыптасты. Билік туралы білімнің даму нәтижесінде қаңлылар патша билігінің жанынан ақсақалдар кеңесін құрып, билікті бөлісу ұстанымына бір қадам жақындай түсті. Ақсақалдар кеңесінің құрамына ру басшылары, әскери көсемдер кірді. Бұл билік өздеріне берілген өкілеттілікті пайдаланып, бұқараны бағынышта ұстады, бірақ азшылықтың көпшілікке үстемдігін заңдастырды.
Осындай билік жүйесінің әсерінен болар, қаңлылар арасында ақсақалдарды құрметтеу, ата-баба аруағына табыну, оларға арнап құрбандыққа мал шалу сияқты діни сенімдер қалыптасты. Қазіргі кездегі қазақ халқындағы ата-бабалардың аруағына бас ию салты қаңлылардан жалғасқан дәстүр болуы да мүмкін.
Біздің заманымыздағы І ғасырдан бастап төрт-бес ғасырдай Қазақстанның жерін мекендеген «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деген атпен белгілі құдіретті ғұндар да қоғамдық-саяси қатынастар туралы білімдердің дамуы нәтижесінде, қаңлылардың Ақсақал кеңесі билік жүйесін Халық жиналысымен толықтырды. Деректі мәліметтерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы бірігіп жұмыс істеген. «Ғұндардың жыл сайын үш рет Лунциде бас қосатын әдеті бар еді, онда жылдың бірінші, бесінші және тоғызыншы айында ағамандар мемлекет істері жөнінде кең отырып кеңескен»
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz