Қан айналымының өзгеруінің этиологиясы, патогенезі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Практикалық сабақ №10

Тақырыбы: Қан айналымының өзгеруінің этиологиясы, патогенезі.

1.Нормоволемия
2.Гиперволемия
3.Гиповолемия

Қан жүйесінің патологиялық физиологиясы

Қан - организм тіршілігіне қажетті маңызды функция атқарады. Қанның негізгі функциялары мыналар: қоректендіру, тыныс алдыру, бөлу, қорғану, жылу реттеу және коррелятивтік (мүше функцияларының өзара байланыстылығы).
Патологиялық жағдайда қан құрамы, оның морфологиясы, биохимиялық және физико-химиялық қасиеттері бұзылатындығы байқалады. Мұның өзі қан функциясын бұзып, бүкіл организм қызметіне әсер етеді.
Ауыл шаруашылық малдарында қалыпты жағдайда қанның жалпы массасы дене массасының 5-9 % құрайды. Соның ішінде 55-60 % сұйық бөлігіне (плазма), 40-45% формалы элементтерге (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) жатады. Плазманың жалпы көлеміне формалық элементтердің проценттік мөлшерінің қатынасын гематокрит көрсеткіші деп атайды. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда 35-48 % аралығында ауытқиды. Бұл қатынасты нормоволемия деп атайды.
Әр түрлі патология жағдайында айналыстағы қан мөлшері және эритроциттер мен плазма арасындағы қатынас түрліше өзгереді. Мұндайда жалпы қан көлемі мынадай формада өзгеретіндігі байқалады: гиперволемия және гиповолемия.

Жалпы қан мөлшерінің көбеюін гиперволемия деп атайды. Гиперволемияның үш түрі бар:

Қарапайым гиперволемия - формалық элементтер мен плазманың біркелкі көбеюі. Бұл денеге көп мөлшерде қан құйғанда, қарқынды дене жұмысы кезінде тамыр арнасына қан мен ұлпа сұйығы көптеп келгенде уақытша байқалатын сирек құбылыс.

Олигоцитемиялық гиперволемия - жалпы қан мөлшерінің ондағы сұйық есебінен көбеюі, ал формалық элементтердің азаюы. Сол себептен гематокрит көрсеткіші кемиді.

Мұндай күй бүйректің кейбір ауруларында, ісіну қайтқанда, физиологиялық ерітінді және қан алмастыратын сұйық құйғаннан кейін, улунуда, қан құрайтын органдар ауруларында т.б. пайда болады.

Полицитемиялық гиперволемия - эритроциттер есебінен қан көлемінің көбеюі. Эритроциттердің көбеюі қан құрайтын органдарда қатерлі ісіктің зардабынан, ал биік таулы жағдайда кмпенсаторлық сипатта болуы мүмкін. Мұндайда гематокрит көрсеткіші ұлғаяды.

Жануарларға жүргізілген эксперименттерде, қанның жалпы массасының 100 % артуы елеулі патологиялық өзгеріс туғызбайтындығы анықталды. Ал қан көлемі 150 % және одан астам көбейгенде қан айналысында қатерлі өзгеріс болады.

Жалпы қан мөлшерінің кемуін гиповолемия немесе олигемия деп атайды. Гиповолемия да үш түрге бөлінеді:

Қарапайым гиповолемия - плазманың және клетка элементтерінің біркелкі кемуі. Көп қан кеткенде немесе талықсыған кезде қанның едәуір көлемі айналысқа қатыспағанда пайда болады. Мұндайда гематокрит көрсеткіші өзгермейді.

Олигоцитемиялық гиповолемия - эритроциттер мөлшерінің, яғни эритропоэздің кемуі есебінен қан көлемінің азаюы. Көп қан кетіп, азайған қан көлемі тамыр арнасына ткань сұйығының келуі арқылы толғанда байқалады. Гематокрит көрсеткіші кемиді.

Полицитемиялық гиповолемия - қанның сұйық бөлігінің кемуі есебінен оның көлемінің азаюы. Мұндайда эритроцит мөлшері бірқалыпты болады. Алайда қан қоюланғандықтан оның көлем бірлігі бойынша эритроциттер көбейеді. Гематокрит көрсеткіші 55 % және одан да астам артады. Денеде су азайғанда (іш өткенде, құсқанда), дене қатты қызғанда, тер көп бөлінгенде, тұтастай күйік шалғанда өршиді.

Эритроциттердің сандық және сапалық құрамындағы өзгерістер. Қандағы формалы элементтердің өзгеруі сандық және сапалық болып бөлінеді.

Эритропоэз (эритроциттер өнімі) және эритродиерез (эритроциттердің бүлінуі) процестері организмде тепе-теңдік күйінде болады. Осы процестердің өзара қатынасының бұзылуы қандағы эритроциттерді көбейтуі (эритроцитоз, полицитемия) немесе кемітуі (анемия, олигоцитемия) мүмкін.

Эритроцитоз (полицитемия) деп, эритроциттер санының көбеюі арқылы қанның өзгеруін айтады. Эритроцитоздар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді.

Абсолюттік эритроцитозда эритропоэз процесі активтенгенде эритроциттер саны көбейеді. Мұның өзі әр түрлі формадағы гипоксиядан болуы мүмкін (өкпе ауруы, жоғары гипоксия). Гипоксия жағдайында қандағы эритроциттер - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ЖҮРЕК –ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ
Патофизиология-2 пәнінен дәріс жинағы
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы және патогенезі
Қан түзуші жүйе. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Патофизиология курсынан дәрістер жинағы
Балалар неврологиясы пәнінен оқу - әдістемелік нұсқау
Аралық миокардит
Тұқым қуалайтын аурулардың патогенезі
Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы
Пәндер