Ақпараттық жүйелер басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде
1 Ақпараттық жүйелер басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде
Информациялық технологиялар қоғамының негізгі көрінісі - адамзат өмірінің барлық дерлік саласын компьютерлендірумен сипатталынады. Алғашқы кезеңде есептегіш техника (ЭЕМ, компьютер) ғылыми зерттеулерде, инженерлік-техникалық, қаржы-экономикалық және тағы басқа салаларда кездесетін математикалық есептеулерді орындау үшін қолданылды. Кейінгі жылдары есептегіш техниканы және онымен байланыстыруға болатын құралдарды пайдаланудың ауқымы кеңейді. Осыған байланысты есептегіш техникаға қажетті программалық жабдық екі бағытта дамыды:
- есептеулерді орындау;
- информацияны жинақтау мен өңдеу.
Бірінші бағыт ғылыми, инженерлік-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа есептерде кездесетін математикалық есептеулердің үлкен көлемін орындауға байланысты. Ол үшін әртүрлі программалар мен программалық кешендерді құрастыруға мүмкіндік беретін инструменттер әрі жиі кездесетін практикалық есептерді шешудің дайын программалық жабдықтары бар.
Осы екі бағыттың екіншісінің даму қарқыны өте жоғары, пайдалану облысы барынша кеңеюде. Пайдалану облыстарының ішінде компьютерлік техника мен информациялық технологияларды (IT) пайдаланудың ең маңызды саласының бірі - басқару ісі. Басқару объектілері ретінде механизмдер мен өндірістік процестер, мекемелер мен кәсіпорындар және т.б. қарастырылады. Әсіресе, нарықтық экономикада жиі кездесетін белгісіздік пен тәуекелділік жағдайында дұрыс басқару шешімін қабылдау үшін басқарылатын объектінің жұмысына әсерін тигізетін сыртқы және ішкі жағдайлар мен факторлар туралы дәл әрі оперативті информация қажет болады.
Осыған байланысты мекемелер мен кәсіпорындарда ақпараттық жүйелердің болуы қажет. Ақпараттық жүйелер пайдалану облысына байланысты әртүрлі және олар математикалық есептеулерді орындауға арналған стандартты қолданбалы программалар мен жүйелерден өзгеше болады. Ақпараттық жүйелер белгілі бір мақсатқа жетуге қажетті информацияны жинауға, сақтауға және өңдеуге арналған. Оларды құрастыру кезінде пайдаланушылардың көпшілігі есептегіш техника мен ақпараттық (информациялық) технологияларды жоғары деңгейде игермегендіктерін ескеру қажет.
Осы айтылғандардан мынадай тұжырымдар жасауға болады:
- ақпараттық жүйелердің негізі ретінде ақпарат сақтау ортасы мен деректерді алу құралдары болады; ақпарат сақтау ортасы қажетті деректер мен мәліметтерді олардың типтері мен түрлеріне байланысты белгілі бір тәртіппен орналастырылатын жад болады; оны деректер базасы (ДБ) деп атайды;
- деректерді ДБ-нан алу құралдары пайдаланушы үшін ыңғайлы жағдай (интерфейс) жасайтын болуы тиіс.
Сонымен, ақпараттық жүйелерді құрастыру кезінде екі негізгі мәселені шешу керек болады екен:
1) ақпарат сақтауға арналған ДБ құру;
2) пайдаланушыға арналған ыңғайлы интерфейс жасау.
Ақпараттық жүйе дегеніміз не? Ақпараттық жүйе дегеніміз мәтіндік, фактографиялық және т.б. информацияны жинауға, сақтауға, іздеуге, өңдеуге және т.б. амалдарды орындауға арналған қолданбалы программалық жүйе. Ақпараттық жүйе пайдаланушымен диалог түрінде жұмыс істейді.
Ақпараттық жүйелердің пайда болуы мен дамуының негізгі себептеріне келесі үш факторды жатқызуға болады:
1) кәсіпорындарды басқару әдістемесінің дамуы;
2) компьютерлік жүйелердің мүмкіншіліктері мен өнімділігінің артуы;
3)ақпараттық жүйелердің элементтерінің техникалық және программалық жүзеге асырылуының дамуы.
Кәсіпорындарды басқару теориясы және оны іс жүзінде жүзеге асыру өте күрделі іс болып есептеледі. Оның себебі - нарықтық экономика жағдайында бәсекелестіктің өсуі компания басшыларына жаңа тиімді тәсілдерді іздеуге және оларды пайдалануға мәжбүр етеді. Осыған байланысты басқару ісінде қажетті информацияны дер кезінде алу, оны басқару ісінде тиімді пайдалану ақпараттық жүйелердің болуын қажет етеді.
Жылдан жылға компьютерлік техниканың және оның программалық жабдығының дамуы, олардың мүмкіншіліктерінің артуы тиімді ақпараттық жүйелерді құрастыруға мүмкіншілік береді. Соңғы жылдары ақпараттық жүйелердің дамуына үлкен әсер етуші фактор ретінде үш жаңалықты атауға болады:
1) программа құрастырудағы жаңа әдістердің пайда болуы; мысалы, объектік программалау әдістері объектік модельдерді пайдалануға мүмкіншілік берді;
2) желілік технологиялардың пайда болуы ақпараттық жүйелердің пайдалану мүмкіншіліктерін арттырды;
3) Интернет жүйесінің пайда болуы және кәсіпорындарда интранет технологиясының пайдаланылуы алыс қашықтықта орналасқан объектілермен жұмыс істеуге мүмкіншілік жасады.
Нарықтық бәсекелестік жағдайда, әсіресе дүниежүзілік экономиканың қиын кезеңдерінде басқару әдістемелерінің дамуы, менеджменттің жаңа әдістерін іздеу мен тиімді шешім қабылдауға қажетті информация алу мен өңдеудің жаңа құралдарын пайдалану кез келген мекеме басшысы үшін аса маңызды. Екіншіден, компьютерлік жүйелердің жылдам дамуы, информация берілісінің құралдары мен есептеу техникасының әртүрлі өндірістік және байланыс жабдықтарымен бірге пайдалану мүмкіншіліктері ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін арттырып, олардың қызметтерінің ауқымын кеңейтті. Ақпараттық жүйелердің аппараттық бөлімінің (hardware) дамуы оның программалық жабдығының дамуына себепші болды, ал, керісінше, жаңа программалық өнімдер (software) қуаты жоғары әрі шешу мүмкіншіліктері кең компьютерлік техниканың қажеттігін туғызды, олардың қуатын арттыруға компьютер жасаушы компанияларды ынталандырды.
Ақпараттық жүйелердің кәсіпорындарды басқарудағы өзектілігі қазіргі кезде ешқандай күмән туғызбайды. Бірақ көпшілік мекеме басшылары мен мамандарының ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуге қажетті білімдері жеткіліксіз екені белгілі. Сондықтан ақпараттық жүйелерді құрастыру кезінде осы факторды ескеру қажет.
Ақпараттық жүйе негізінен екі бөлімнен тұрады:
1. Компьютерлік инфрақұрылым немесе корпоративтік желі - желілік, телекоммуникациялық, программалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымдардың жиыны.
2. Ұйымдастыру мен қойылған мақсатқа жетудің мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін бір-бірімен байланысқан функционалдық бағынышты жүйелер .
Сонымен, информациялық жүйені құрастыру дегеніміз алдымен оның компьютерлік инфрақұрылымын (корпоративтік желісін) құрастыру, содан кейін, осының негізінде, функционалдық бағынышты жүйелерді құрастыру.
Осы айтылғандарға байланысты, Ақпараттық жүйелердің негіздері пәнін оқудың нәтижесінде студент екі мәселені шеше алатын болуы тиіс:
- информация сақтауға қажетті деректер базасын құрастыруды;
- клиенттің (пайдаланушының) жұмыс істеуіне арналған ыңғайлы графикалық интерфейс құрастыруды.
Ақпараттық жүйелер (АЖ) программалық өнім болып есептеледі. Бірақ олар программалауға байланысты пәндерде оқытылатын стандартты қолданбалы программалар мен жүйелерден өзгеше. Пайдалану облысына байланысты ақпараттық жүйелердің орындайтын функциялары, архитектурасы және жүзеге асырылуы әртүрлі болады.
Ақпараттық жүйенің әртүрлі анықтамалары бар; олардың бірін келтіруге болады.
Ақпараттық жүйе - ақпараттық үрдістерді есептеу техникасы мен байланыс құралдарын пайдаланып жүзеге асыруға арналған, белгілі бір тәртіппен ұйымдастырылған құжаттар мен ақпараттық технологиялардың жиыны.
Алдымен, ақпараттық жүйенің негізін белгілі бір тәртіппен ұйымдастырылған құжаттар немесе деректер базасы құрайды. Сондықтан кез келген ақпараттық жүйенің бөінбейтін бөлімі ретінде деректер базасын басқару жүйесі (СУБД-ДББЖ) болуы тиіс.
Ақпараттық жүйені құрастыру күрделі процесс болып есептеледі. Сондықтан оны жобалау мен оның сәтті моделін таңдауға, пайдаланушы клиентке ыңғайлы интерфейс құрастыруға арналған әртүрлі программалық құралдар қарастырылған. Ақпараттық жүйелердің деректер базаларын жобалау мен құрастыру, сонымен бірге оларды жүзеге асыруға арналған интерфейстерді құрастыру осы пәннің тақырыбының бірі болады.
Көбінесе ақпараттық жүйелер шағын және корпоративтік болып бөлінеді. Корпоративтік ақпараттық жүйелер деп арнайы программалық жабдық пен ол орналасқан есептеу аппараттық платформаның жиынын атайды. Шағын ақпараттық жүйелер локальді ДББЖ-ні, ал корпоративтік жүйелер қуатты көпшілік пайдалануға арналған клиент-серверлік ДББЖ-ні пайдаланады.
Корпоративтік ақпараттық жүйелердің (КАЖ) құрамы негізінен екі бөліктен тұрады:
- корпоративтік желі немесе кәсіпорынның желілік, телекоммуникациялық, программалық, ақпараттық және ұйымдық инфрақұрылымдардың жиыны;
- кәсіпорынның мәселелерін шешуді және оның мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін бір бірімен байланыстағы фунционалдық бағынышты жүйелер.
Ақпараттық жүйенің құрамына енетін типтік программалық компоненттер келесі функцияларды жүзеге асырады:
- диалог түрінде енгізу-шығаруды,
- диалог логикасын;
- деректерді өңдеудің қолданбалы логикасын;
- деректерді басқару логикасын;
- файлдар мен деректер базасына айла-амалдарды (манипуляциялау амалдарын) қолдануды.
Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері. Бұл пән күрделі жүйелер, оның ішінде ақпараттық жүйелер, туралы алғашқы мәліметтерді беруге арналған. Ол пререквизиттері болатын Информатика, Жоғарғы математика, Алгоритмдеу және программалау тілдері, Программалау технологиялары, Физика пәндерінен кейін төртінші семестрде оқытылады. Ал пәннің постреквизиттері келесі пәндер: Ақпараттық жүйелерді жобалау, Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау және басқалар. Сонымен бірге бұл пәннің материалдарын бітіру жұмыстарында да пайдалануға болады.
Жүйелер туралы алғашқы түсініктер. Соңғы жылдары адам өмірі мен экономиканың әртүрлі салаларында ақпараттық жүйелердің кеңінен пайдаланылатынын көруге болады. Әсіресе өндіріс орындарын, ұйымдарды, мемлекет органдарын және т.б. басқару ісінде ақпарат жинау, өңдеу, іздеу және осы сияқты жұмыстар басқару жүйесінің негізгі бөлігі болатыны анық. Ақпараттық жүйелер туралы және олардың адамзат қоғамындағы ролін түсіндіруден бұрын жалпы жүйелер туралы түсініктермен танысу қажет.
Қазіргі заманда ғылымның негізгі проблемасының бірі күрделі жүйелерді құрастыру мен практикаға енгізудің әдістерін зерттеу болып есептеледі. Күрделі жүйелерге көбінесе ірі технологиялық, өндірістік, энергетикалық, коммуникациялық кешендер, автоматтандырылған басқару жүйелері және тағы басқа объектілерді жатқызады.
Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде олардың құрамына кіретін жеке жабдықтар мен аппараттардың қасиеттеріне байланысты мәселелермен қатар, оларға тиісті жалпы заңдылықтарды да қарастыру қажет болады. Әрине, жалпыжүйелік мәселелерді қарастыру әрбір жеке құралдар туралы тереңірек зерттеулерді қажет етеді. Бірақ негізінен олардың арасындағы байланыстарды немесе жүйенің қасиеттеріне тікелей әсер етуші қасиеттерді зерттеу қажеттірек болады.
Қарастырылатын жүйелердің күрделене түсуі жалпыжүйелік мәселелердің маңызын арттырады. Масштабы үлкен объектілер үшін жүйенің құрылымы, оның бөліктерінің арасындағы әрекеттестіктер, сыртқы ортамен қарым-қатынастары, басқаруды орталықтандыру және осы сыяқты басқа мәселелер шешуші роль атқарады. Ал жүйеде болатын процестердің физикалық мәні қосалқы роль атқарады деп есептеледі. Мысалы, жалпыжүйелік көзқарас бойынша, металл қорыту немесе машина жасау, химиялық немесе басқа процестер туралы сөз болғанымен олардың ролі көбінесе есепке алынбайды. Қазіргі кезде жалпыжүйелік мәселелерді зерттеу жеке системотехника деп аталатын ғылым саласы ретінде қалыптасқан.
Күрделі немесе қарапайым жүйелер деп бөлудің өзі оларды қарастырудың шарттарына байланысты. Іс жүзінде қарастырылатын кез келген жүйені күрделі деп қарастырған жөн. Күрделі жүйелер туралы анықтама беруден бұрын түсінікті болуы үшін алдымен келесі мысалдар қарастырылсын. Мысалы, өндірістік кәсіпорын технологиялық операцияларды орындауға арналған көптеген станоктардан және әртүрлі өндіріс құралдарынан тұрады. Станоктардың, олар орындайтын технологиялық операциялар мен процестердің, автоматика мен автоматтандырылған өндірісті басқару құралдарының және тағы басқалардың жиыны күрделі жүйені құрайды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz