Ересек тәрбиеленушілерді оқытудағы киындықтарды жеңу үшін ойынның маңызы
ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІГІ
Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерледің біліктілігін
арттыру институты
Жоба
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету
бағдарламасы бойынша өткізілген біліктілікті арттыру курсы
Ересек тәрбиеленушілерді оқытудағы киындықтарды жеңу үшін ойынның маңызы
Курс тындаушылары:
Балтабаева А.К
Ынтыбақ А
Тулебаева Ш.К
Муканова Т.Т
Тлеулинова М.К
Павлодар, 2019ж
Кіріспе
Ойын - балалардың оқуға,
еңбекке деген белсенділігін
арттырудағы басты құрал.
Қ.Ыдырысов
* - Қазақ халқында Баланы ойын өсіреді деген даналық сөзі бар. Ойын балалар өмірінің нәрі. Ойын баламен бірге мәңгілік өмір сүреді. Ойында баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай, ойын арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман, тілегін білуге, зейінін, жадының қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады.
* Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті.
* - Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің, қандай маңызы болса, ойынның маңызы дәл сондай. Бала ойында қандай болса, өскең соң жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады - деп педагог А.С.Макаренко ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалаған.
* Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі.
Ойын барысында кездескен қиындықтарды жеңу арқылы бала өмірге бейімделеді.
* Көп жағдайда қоғамдық қарым-қатынас пен түрлі іс-әрекетті ойын арқылы үйренеді. Қиялы дамып, ойын қимылдары баланың бұлшық етінің де дұрыс жетілуіне жол ашады. Сондай-ақ, ұжымдық ойын арқылы көпшілікпен араласуға бейімделіп қана қоймай, кісілік келбеті де қалыптасады.
* Жобаның мақсаты ересек тәрбиеленушіні оқытуда қиындықтарды жеңу үшін ойынның маңыздылығын анықтау.
* Бұл мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндеттерді қойдық:
- Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу;
- Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі ретінде қарау;
- Ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие.
Күтілетін нәтиже: Ойын арқылы баланың бойында тапқырлық пайда болады, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады, ойлуа қабілеті оянады, шыдамдылық, белсенділік танытады. Ойынмен әсер етудің мақсаты - баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі басқарудан тұрады. Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырылады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңуді үйренеді.
Зерттеу объектісі : Ересек тәрбиеленушілер
1 . Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойын технологиясының маңызы
* Ұлт болашағы болатын ұрпағының қамын жөргекке орап, ақ бесігіне бөлегеннен бастап қолға алған аталарымыздың әрбір ісі өнеге. Бесік жырымен есін білген елдің қашанда көші түзу, өрісі кең болмақ. Осынау ұлан-ғайыр далаға иелік етіп, жер бетінің жұмағындай жерді мекендеуіміздің бастауы сан ғасырдан жалғасып, бүгінге жеткен ұрпақ тәрбиесінде жатыр.
* Баланың ойлау әрекеті, балабақшада өтілетін сабақтарда, ойындарда, танымды әсері мол дидактикалық ойындарда әрбір нәрсенің мазмұнын, мәнін түсініп, ой-өрісі кеңиді. Ойын сабақтарда қиялы дамып, өздеріне таныс заттарын жаңа қырынан біліп тануы, атауларын дұрыс атай білуі,сипаттама бере білуі қалыптаса бастайды.
* Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан үлкендердің іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын бейнелейді. Көбінесе шындық - рөлді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым сан алуан келеді. Сондықтан кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 10-15 минут болса, 4-5 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, ересек тәрбиеленушілер ойыны бірнеше сағатқа созылады.
* Сюжетті ойындар ересек тәрбиеленушілер өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рөлді ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін, басқалардың іс-әрекетімен үйлестіреді, өзара түсінуді өзара көмектесуді үйренеді.
* Балалар өміріндегі сюжетті - рөлді ойындардың орны. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл қазіргі баланың әдетте, көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында саналық өзгерістер туғызатындығынан болады.
* Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.
* Дидактикалық құрылыс ойыны - балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді, алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу - қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, темір жолдар т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймай, сонымен өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.
* Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.
* Дидактилық ойынның нәтижесі - қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі.
* Дидактикалық ойынның орталығы - ойыншықтар мен ойын құралдары.
* Қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұлттық санамақтарды, өлеңдерді, тақпақтарды дер кезінде қолданып, бірге оқып үйренеді. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі (қолдың білезігі майысқақ, иілгіш икемді болады), қимылдың әдемілігі (әр түрлі түсті үйренеді, әрбір қимылды қайталайды) саусақ буындары, қол буындары дамып қалыптасады. Ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалары (батылдық, тапқырлық, достық, жолдастық, тәртіптілік) тікелей бағытталып тәрбиеленеді және дүниетанымдарын кеңейтеді.
* Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ұлтымыздың ой салатын ойлы ойындарының бірі - саусақ ойыны. Бұл ойын баланың төзімін шыңдап, байсалдыққа, ойын ережесін сақтау мәдениетіне тәрбиелеумен қатар, келешекте мектепке барар бүлдіршіннің саусақтарының бұлшық еттерін желтілдіруге септігі тиеді. Мектепке осындай дайындықпен келген бала сурет салғанда, жазғанда, қолы талмай, қаламы мен қарындашын еш қиындықсыз қиналмай бағындыра алады. Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы көздің көрегендігі мен мергендігін арттырады, жылдамдыққа, ептілікке баулиды.
* Қазақтың ұлттық бала тәрбиесінде де саусақ ойынының алар орны ерекше. Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. С.Торайғыров кезінде: Балалықтың қанына ойын азық, - деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын кезінде бүдіршіннің бейімділігі, қызығушылығы және заттардың айырмашылығын ажырата алатыны анық байқалады. Балабақшада не үйде үйренген өлең шумақтарын қайталап айта отырып, есінде саналы түрде сақтайтын болады. Ол, әрине, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz