Тележарнаманың тілдік ерекшеліктері (электронды медиакеңістіктің әлеуметтік рөлі мен прагматикалық мақсаттары)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыптар:

  1. Ақпараттық бағдарламалар
  2. Спорт хабарлары тілінің ерекшелігі
  3. Ток-шоу тілінің ерекшелігі
  4. Тележарнаманың тілдік ерекшеліктері (электронды медиакеңістіктің әлеуметтік рөлі мен прагматикалық мақсаттары)

Ақпараттық бағдарламалар

Теледидардағы ақпараттық тақырыптар көрерменге қоғамда болып жатқан оқиғаларды түсіндіріп, кауіпті жағдайларға үшырамай, сәтсіздіктердін жолын табуға көмектесе аларлықтай болуы тиіс. Сонымен қатар бұрын-соңды ол естімеген, білмеген, көрмеген жаңа хабарды танытуы қажет. Телебағдарламалар тақырыптары үнемі зерттеушілер назарында болатын мәтін лингвистикасы мен стилистикасы аясындағы бірегей элемент болып саналады. Өзінің таңбалық белгісіне қарай бағдарлама тақырыптары жалкы есімдерге ұқсас болып келеді. Яғни белгілі бір тақырыпты оқымай түрып, оны алғашқы қабылдау көрсеткішті (индексальный) таңба болса, оқылып болған соң ол шартты белгіге, ал оқып болып мәтінді меңгерген соң ол дэлелденген шартты белгіге айналады. Егер такырыпта тілдік шартты белгі қолданылса, онда тақырып алғашқы кезден бастап шартты жэне көрсеткішті таңбалар касиетін өз бойына жинайды. Шартты таңбалардан сөз мағынасының тілдік жады, көрсеткішті таңбалардан сөз мағынасына жөн сілтеу туындайды. Таңба мәтінмен дәлелденгенде, яғни адам белгілі бір таңба ретінде берілген тақырыпты оның астында берілген мәтінмен байланыстырып оқып дәлелдегенде оған қайта баға бере алады.

Мәтіннің алдында түрғанда тақырып шартты белгі қызметін атқарып, мәтіндегі мазмұнның жобасын ғана білдіреді, ал көрсеткішті кызметі ретінде мәтінге бағыт-бағдар береді. Мәтіннен кейін оның түтастығы пайда болған соң такырып мәтін мазмұны туралы алған мағынасын хабарлайды және оның мазмұнын түсінуге алғашқы бағытты береді.

Тақырып - түрлі қасиеттері бар метатілдік таңба. Тақырыптың танбалық белгісі оның мәтінмен байланысы, яғни түтастығы екшелгенде ғана толық анықталады. Оған дейін тақырыптын жалған артықшылығы көрінеді: ол ылги мәтіннің алдында түрып, оның формасына, бағыт беретін белгісіне жэне элі түсініксіз мағынасына бағыт беріп түрғандай болады.

Теледидар хабарының тақырыбы да, көркем мәтін мен оның такырыбы сияқты, тележурналист ойының жемісі, яғни хабар мәтіні мен онын идеясы жөніндегі алғашкы аппарат беруші болып есептеледі. Тақырып теледидар тіліндегі лингопрагматикалық зерттеу нысаны болатын макроэлементтердің бірі. Ол хабар идеясының негізгі езегін қүрайды. Бүл жерден кез келген телехабардың тақырыбы көрерменге айтылатын ойдан алынуы тиіс деген шарт туады. Бүл телехабар тақырыбының номинативті функциясы болып табылады. Сонымен бірге осы түста хабарда айтылатын ой мен жеткізілетін информацияға баға беруі эрі осы баға берушілік қасиетінің нәтижесінде мәтінді қабылдау функциясы іске асады. Жалпы телехабар тақырыптары мен айдарларын тілдік түрғыдан талдағанда олардың хабар жеткізу жэне эсер ету қызметтерін ескере отырып талдаған тиімді.

Тақырыптар құрылымы жағынанқарапайым не күрделі болып келеді. Олардың түрлі қүрылымда өзғеріп қолданылуына байланысты телебағдарламалардың эртүрлі көзкарасты қалыптастыратындығын, сан алуан жанрда берілетіндіктерін, осыған орай оның қызметі де эртүрлі болатындығын көрсетеді. Жүмысымыздың бүл тараушасында осы телебағдарлама тақырыптарын топтап, эрбір топтағы тақырыптарға тілдік түрғыдан мінездеме беруге тырысамыз.

1 Құрылымы күрделі тақырыптар

Күрделі тақырыптардың ішінде тэулік бойғы жаңалықтарды үш мезгілде таныстыру үшін берілетін ақпараттық бағдарлама такырыбын атауға болады. Яғни бүл жердегі хабар тақырыптары предикативті қатынаста болады. Бүл тақьтрыпгардың бастауышы да, баяндауышы да есім сөзден болып келген сөйлем түрінде беріледі. Мысалы:

«Ақпарат арнасы - таңгы жаңалықтар»; «Аппарат арнасы - күндізгі жаңалықтар»; «Аппарат арнасы - түнгі жаңалықтар»;

Осындай тақырыптарда тәуліктін эр мезгіліне байланысты мезгіл үстеулер ауыстырып қолданылып отырады; бүл күрделі қүрылым тек аталған хабарды дайындау үшін ақпарат көзі болған объектінін өзгеруін білдіреді, демек дэл осындай формада келіп, тек алдыңғы тақырыпта қолданылатын үстеу сөздің орнына гиет ел сөзі қолданылып берілетін «Ақпарат ариасы - шет ел жаңалықтары» тақырыбын атауға болады немесе дәл осындай қүрылымда тек шет ел сөзінің орнына қорытынды сөзі қолданылады. Мысалы: «Аппарат арнасы корытынды жаңалыктар»; бүл жердегі хабар тақырыбының қорытынды сөзімен ауыстырылып қойылған үлгісі бүл жаңалықтардың бір күн бойғы жаңалықтардың қорытындысы екендігін білдіреді.

2 Қайталанып берілетін тақырыптар

Теледидар хабарлары арқылы эсер ету, тақырып мэніне қосымша назар аударту үшін тақырыптардың күрамындағы элементтердін қайталаньш қолданылуы мүмкін. Хабар тақырыптарының қайталанып келуі лексикалық қайталау мен семантикальгқ қайталаулар арқылы жүзеге асып отырады. Лексикалық қайталаулар дегеніміз бір сөздің түгелдей немесе жекелей қайталануы. Қайталау түрақты қолданылатын тіркесте қамтылған мағына оқырманның назарын аудартады. Соның нәтижесінде тақырып пен мәтіннің арасында үйлесімділік пайда болады. Қайталау арқылы берілетін такырыптар сөйлемге үстеме реңк береді. Қазақ тіліндегі хабар тақырыптарының қайталамалар арқылы жасалуына «Хабар» арнасынан берілген «Еркектің аты - еркек», «Добыл! Дабыл!», «Әйелдер-ау, эйелдер» сияқты бағдарламалардыц тақырыбы мысал бола алады.

3 Бөлшектелген такырып.

Бөлшектелген тақырып үлтгық колоритті сипатта беріледі. Айталық, «Білгенге маржан . . . » хабары тақырыбының Абайдың «Сегізаяқ» өлеңіндегі «Білгенге маржан, білмеске арзан» деген өлең жолының бөлшектенген бөлігі. Хабар тақырыптарының бөлшектенген өлең жолдары арқылы берілуі көрермен сезіміне ерекше эсер ету тәсілі екені жөнінде зерттеуші Н. ІІІыңғысова: «Тақырыптан кейін қойылатын үш нүктенің ар жағында не айтылар екен деген ынтык сезім көрерменді бірден баурап алады. Мысалы: «Мінездерін көргенде . . . », «Бойы бүлгац . . . », «Адалшыц бір цызыгы . . . », «Қолымды мезгілінен кеги сермедім . . . », «Әсемпаз болма әрнеге . . . », т. б.

Телехабар тақырыптары көрерменді еліктіру мақсатында бөлшектенген сөйлем түрінде көп нүктемен берілуі жиі кездеседі. Зерттеуші галымдар көп нүкте мағынаға байланысты тыныс белгісі екенін ескерте келе, көп нүкте ойдың аякталмай калғандығын білдіреді. ¥лы ақын өлеңдерінің тақырыппен астасуы хабарға қасиетті өлеңге бара-бар жауапкершілік жүктегені анық», деген корытынды жасайды [28, 45 б. ] .

Хабар тақырыптарының бөлшектеліп алынуы кейде мақал-мэтелдердің бір бөлігін боліп алу арқылы берілуі де мумкін. Ондай үлгіде берілген тақырыптарға «Әзіліц жарасса . . . », («Әзілің жарасса, атацмен ойна»), «Бірінгиі байлыц . . . » («Бірінші байлыц - денсаулыц . . . ») («Хабар арнасы») бағдарламаларының тақырыптары мысал бола апады.

Хабар тақырыптары кейде қарапайым сөйлемдерді бөлшектеп беру арқылы да қойылады. Мүндай тақырыптарға «Хабар» арнасынан берілетін «Егер де мен . . . », «Солай болган . . . » тақырыптарын жатқызуға болады. Бүл жерде өзімізге белгілі мәтін соңына дейін ойы аяқталмаган тіркестерді бергенде көрерменнің қызығушылығы артады, әуесқойлығы туады. Тақырыптың соңына көп нүкте беру эдісі орыс тілінде «недоговоривание», яғни «аякталмаған» деп те аталады. Бүл әдістің мәтіндегі ойды түсінуге деғен эсері мол. Тақырыпты көп нүктемен аяқгау мәтіннің стилистикалық категориясына жатады. Бүл эдіс көрерменді хабарды барынша ынгамен коруге итермелейді. Бүл хабар тақырыбының прагматикалық функциясын атқаратын микрокомпоненттердің бірі.

4 Интерполяция аркылы жаеалатын тақырыптар

Тақырыптың қүрылымының, мазмүнының жасалу, қүрылу үлгісінің кеңеюі өзге мәтіндермен интеграциялық қатыиасына негізделген. Телебағдарлама тақырыптарын поэтикалық дэстүрлер қатарына жеткізетін қүбылыстардың бірі интерполяция қүбылысы болып табылады. Ол журналистің, мақала авторының төл туындысы болып табылмайтын дайын күйінде, сол қалпында қолданылатын белгілі мәтінніц сөзі немесе фраза. Интерполяция эдісімен берілген телехабар тақырыптарына эдеби шыгармапардың бірінші жолдары дайын күйінде алынған тақырыптар жатады. Мысапы: «Ацицат пен аңыз» (жазушы Ә. Нүршайықовтың прозалық шыгармасының өзгертілмей алынған тақырыбы) және «Ацщат сыйы»(Ахмет Игүнеки), т. б.

5 Сүраулы сөйлемдер аркылы берілген такырыптар.

Сүрақ-жауап түріндегі тақырыптар сүраққа жартылай жауап беру, кейде риторикалық сүрақтар қою аркылы көтеріліп отырған мэселеғе көрермен назарын аударуға негізделген фактор болып саналады. Телехабар тақырыптарының сүраулы сөйлемдер арқылы берілуі де тақырып қоюдың бір амалы болып табылады. Себебі тіліміздегі сүраулы сөйлемдер тек сүрақ қоюдың амалы емес, олар хабар тақырыптарында айтылатын ойга қатысты белгілі бір ақпарат беріп түруы мүмкін. Академик В. В. Виноградов сүраулы сөйлемде пікір айтылатыны жөнінде былай дейді: «Ведь и в вопросе что то высказывается, сообщается и понимается» [29, 856. ] . Мысалы: «Есіңде ме сол бір кез?», «Сен білесің бе?», «Крлайсыц?»т. б.

6 Үлтгык ойын атауларымен жасалған такырыптар.

Хабар тақырыптары казак халкыныц танымына сәйкес үлттық ойын атауларымен берілуі аркылы корерменді баурап алады.

«Ғасырлар қойнауынан бастау алған, үлттық бояу мен халықтық үрдісті бойына топтастырған «Алтыбақан» үмытыла бастаған дэстүрлерді жаңғырта дамытып, ауыл жастарының сүйікті хабарына айналды» [30, 65 б. ] . Телебағдарламапардың тақырыптарының үлттык танымға сай қойылуы жөніндеғі пікір ретінде профессор Н. Омашев: Хабардың үлттық табиғатын беру оңай шаруа емес. Бүл тұрғыда жалпы таппыныстар бар. Мысалы «Алтыбақан», «Көкпар», «Ақсүйек», «Қыз қуу», «Қымызхана», «Тамаша», «Алтын сақа» сияқты хабарлардың пішімі үлттық табиғатта сай жасалған. Сонымен бірге балдырғандарға арнапған «Әнші балапан» да үлттық өнерімізді дамытуда өзіндік бояу-нақышы бар хабар екеніне куанамыз», - деді [31, 68 б. ] .

Ұлттык бояуы қанық, әдет-ғұрып, салт-санамызбен астасып, жарастык тапқан «Алтыбақан» арқылы бүгінде халқымыздың эдебиеті мен мэдениетінің мақтанышы болған ақын, жазушылар, өнер тарлаңдары кеңінен танылды. Бүгінгі казақ эстрадасы жарық жүлдыздарының түсауын кескен де осы хабар. «Алтыбақанда» ауылдың алты ауызы, цонац кәде тэрізді жоралғылар, домбыра жагалату салты, цыз бен жігіт айтысы, цыз цуу, ацсүйек, орамал тастау үлттыц ойындары қайта жаңғырды.

Телебағдарла. маның негізгі компоненті тақырып екендігі жөнінде қазак телепублицистикасын кең ауқымда зерттеген профессор Т. Амандосов: «Публицистің баспасөзде жарияланған, радио мен телевидение аркылы берілген материалдарында окушыға, тыңдаушыға эсер етерліктей белгілі бір ыкпап болу үшін: біріншіден, тақырып орынды таңдалып, өмір талабына сай, маңызды жэне оперативті болуга тиіс; екіншіден, жазуға іріктеліп алынған фактілер өмір шындыгынан тууы керек», - деп жазды (32, 28 б. ) .

7 Есім сөздермен берілетін такырыптар.

Хабар тақырыптарында кейде сан есім, зат есіммен келетін тіркестер кездеседі.

Телехабар тақырыптарының санмен берілуіне мысал ретінде «Қазацтыц жүз куйі», «Мъгц бір мацал, оюүз бір жүмбақ» сияқты хабар такырыптарын атауымызға болады. Бүл арадағы тақырып мүсылман үғымындағы 100 санының қасиетті сан деп танылуына байланысты қойылған. Ал Бибігул Жексенбай мен Амангелді Сейітханов жүргізетін «Бір күн» бағдарламасының бір сан есімімен берілу себебін түсіндіру үшін лингвистикалық еңбектердегі бір санының мағынасына қатысты берілген пікірлерге талдау жасасақ, бір санының екі түрлі магынада жүмсалатындыгы жөнінде М. А. Баскаков: «Среди количественных определительных сочетаний особую группу занимают сочетания, в которых определение выражено числительным Ьіг «один». Кроме обычной семантики этого определения единичности предмета или явления определение Ыг один носит оттенок неопределенности (33, 39 б. ) . Ғапымның бір санының мағынасы туралы айтқан бүл пікірінен кейін біз «Бір күн» бағдарламасының қүрамындағы бір санынын берілуі ғалымның екінші орында атап өткен белгісіздік үғымымен байланысты деп есептейміз. Мүнда тележурналистер бағдарламасын бүлай атауы олардың осы бағдарлама арқылы эртүрлі мекемелерге, үкімет орындарына, өндіріс орындарына барып арнайы бір күндерін арнап, сол жердегі жетістіктер мен кемшіліктерді таныстыруға арналғандығын меңзейді. Бірақ журналистердің нақты белгілі бір күні емес, бағдарламаны кез келген күнге, белгісіз бір күнге арнайтындыктан бүл бағдарлама осылай аталған деген қорытындыға келеміз.

«Үш ширек» деп аталатын телебағдарламаның тақырыбына тоқталатын болсақ, бағдарлама тақырыбына қатысқан үш санының тілімізде, халыктық танымда ерекше қолданысқа ие болуын ғаламның вертикаль моделі, мифтік үш элемнен Көк (аспан), Жер, Жер астынан бастау алады деген пікірлер бар. Көне замандағы түркі халықтарының мифологиялық түсінік-түйсігіне жүгінсек, ертеде адамдардың түсінуінше, элем үш қабаттан түрады: Аспан, Жер, Жер асты. Үш санының қасиетті сан болып қолданылуы осы пікірмен байланысты. Осы сарындас пікірлер ислам дінінің киелі кітабы Қүран Кәрімде Алла тағала бірінші - жер астын, екінші - жерді, үшінші -аспанды жаратты деген түрде кездеседі. Ал қасиетті сандардың мағынасын ашуға бағытталған Қ. С.

Дүсіпбаеваның еңбегінде үш сөзінің қасиетті үғым ретінде қолданылуы Моңғолияның «Әлем ағашы» деп атапатын бәйтерекпен, онын үш мүшесіне байланысты Жоғарғы элем Тэңірлер элемі, Ортаңғы элем Адамзат элемі, Төменғі элем Әруақтар әлемі болып үшке бөлінетіндігімен байланысты түсіндіріледі (34, 29 б. ) . Үш санына байланысты мүндай ырым-жоралғылар мен салт-дәстүрлер тек қана қазақ халкына ғана тэн емес, жалпы басқа халықтарға да ортак. Басқа халықтың санасында болатын сандық үғымдарға қатысты осындай түсініктер қазақ халқының санасында да сақталған. Айырмашылығы - үш санына байланысты түсініктердегі коне дәуір салтсананың ізі үлттық танымға сэйкес туған, о бастағы үштік үғым шамалы ғана өзғеріске үшыраған. Халықтың түрмыстық, мифологиялық түсініктеріне орай сандық мөлшерді білдіргенімен, бертін келе көмескіленіп түрақты сөз оралымдарына түйінделген, конверсияға үшырағанын аңғарамыз (35, 35 б. ) .

«Төрт тарап». Терт санының қасиетті сан ретінде қолданылуы жөнінде Тәжиевтің мына бір пікірін келтіруімізге болады: «Қазақ қашанда көп нэрсеге қолындағы малын өлшеп мысал етіп үстаған, малының жай-күйіне қарап көп нәрсенің сырын таныған. Күнкөріс тіршілігінің түткасы болган малдың соңында жүріп, бір жылды үшке, төртке, жетіге, тоғызға жэне он екі айға белген. Ел ішіндеғі есепшілер бір жылды үшке бөлуді - үш бунак деп атаса, төртке бөлгенді терт тоқсан деп атайды. Үш бунақ шаруашылықты ауа райымен сабақтастыра жүргізу үшін туса, терт тоқсан мал өрісінің жайылымына байланысты туған» (28, 56 б. ) . Мүнда ғалым тіліміздегі терт саны мен үш санының халықтың өмір сүру қажеттілігіне байланысты туғандығын меңзейді. Халықтың мифтік танымында бүл сандарға қатысты үгымдардың қатарласа, бірлесе жүретіндігі жөнінде Н. И. Жуковская мынадай пікір айтады: «Исследователи, изучающие роль числа в культуре, обычно рассматривают числа три и четыре в неразрывном единстве друг с другом. Дело не в том, что эти числа выступают почти во всех мифологических традициях и диахронную модель вселенной мир нижной, средний, верхний, или прошлый, настоящий, будущий. В четверке воплощена горизонтальная (плоскастная) и циклическая модель вселенной, четыре сезона года, четыре страны света, четыре основных направления (направа, налево, вперед, назад) » [36, 57 б. ] .

Көгілдір экраннан берілетін бағдарламалардың касиетті жеті санының қатысуымен берілетіндігіне «Жеті күн», «Жеті саз» бағдарламаларын атауымызға болады. «Жеті күн» сараптамалық бағдарламасының тақырыбында берілген жеті сөзі бір аптадағы күннің санына, яғни уақыт үғымына байланысгы айтылған. Ғапымдар арасында барлық елге ортақ жеті күндік апта болуы кездейсоқ нәрсе емес деген пікір айтылады. Бүл пікірді ғалым Н. Я. Марр да қолдайды: «Прежде всего создание этапов последовательной связанности не одной смены дня днем, получившего свое округление с течением времени сначала в пяти, затем в семи днях, не одного года, с последовательностью месяцев, в его круговращении по сезонам, это в целом мерило одинаковой времени пространства» (29, 69 б. ) . Жалпы гылымда жеті саньтна байланысты ой-түжырым, жорамалдар да түрліше. Олардың бірі жеті санының адам бойында кездесуіне байланысты жеті санын қасиетті деп санайды (жеті айлык бала, жеті жан, жеті мүше) . Ал келесі біреулері эісеті санының касиетін тотемдік үғыммен байланыстырады. Ғалымдар I. Кеңесбаев, Р. Чернышев, Я. Маррдың пікірінше, жеті санының өзіндік ерекшелігі жеті күнмен байланыстырылган. «Жеті күн» апталық-сараптамалық бағдарламасының такырыбы осы уақыт үғымымен берілген. Бүл бағдарламада 49

бір аптада болған жеті күнгі жаңалықтардың қорытындысы айтылады. Ал «Жеті саз» бағдарламасының такырыбына келсек, жеті сөзі бүл бағдарламада жеті күй орындалады, сондыктан музыка гылымындағы жеті нота үғымымен қатысты берілген.

«77 күн» бағдарламасының тақырыбының қойылуына негіз болған «7 күн» бағдарламасынын атауы. Себебі өзімізге белгілі «7 күн» бағдарламасында күнделікті өмірде болып жатқан, қоғам өміріндегі жэне саяси жаңалыктарды сараптап халыққа жеткізе түсіндіруге тырысады. «77 күн» бағдарламасында осы қоғамда болып жаткан келеңсіз оқиғаларды сынап, халықтын көзін астармен шындыққа жеткізуге тырысады. Сондықтан бағдарлама атауы да «7 кун»бағдарламасының атауын бұрмалап, «77 кун» деп аталған.

8 Номинативті тақырыптар.

Тақырыптар номинативтік функциясына карай жалқы есімдерге ұқсас. Бірак «жалқы есімдер жеке заттарды білдіреді; олар заттардың белгіге қатынасынсыз езіндік жеке түрғандағы аты» (37, 28 б. ) .

Номинативті қызметі жағынан тақырыптар мандайша жазуларына, керсеткіш кестелерге, зауыттар, т. б. мекемелер маңдайшаларына жазылған атауларға үқсас. Бірақ тақырыптың олардан айырмашылығы - тақырыптың ар жагында жазбаша мәтін түрады, яғни такырып сөйлесім күбылысы ретінде оның шегінен шыға алмайды. Ал маңдайшалар мен зауыт атауларының артында нақты объект немесе зат түрады. Номинативті тақырыптар қатарына мынадай хабар тақырыптарын жатқызамыз: «Салауат», «Әулет», «Отбасы», «Сәлем», «Арай», «Білім», «Тіл», «Шарайна», «Күнпарац», «Тужырым», «Жүма», «Отбасы», «Санага сауал», «Ел сойылы», «Экология бекеті», «Баспасоз беттері», «Сәулет сыры», «Ауыл спорты», «Тэулік тынысы», «Ай өрнегі», «Тарих безбені», «Өнер әлемі».

Қазақ халқы сөз өнерін, шешендік өнерді, тіл байлығын, яғни тілге қатысты мәселелерді асыл қазынаға теңейді. Үлттық арнада берілетін хабарлар такырыптарының көпшілігі (әсіресе тілге, үлтқа қатысты үғымдар) алтын сөзімен беріледі. Мысалы: «Алтын цацпа» («Қазацстан»), «Алтын саца», «Алтын цоржын» (балаларға арналған қазақ тілі сабағы) .

Телехабарлардың ішінде арнайы салаға катысты жазылғандары бар. Айталық, «Талап пен тэртіп», «Заң эісэне заман», т. б. жалғаулық шылаулармен келген тақырыптар. Бүл багдарламалар «Хабар» арнасынан берілетін заң бағдарламапары болып табылады. «Білек пен жүрек»авторы Бақтияр Әсіреңкиев. Бүл хабардың басты мақсаты - спорт саласындағы түрлі спортшыларды керермендерге таныстыру.

Сонымен, теледидар хабар тақырыптарын тапдай отырып, оларды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:

1. Құрылымы күрделі тақырыптар;

2. Қайталанып берілетін тақырыптар;

3. Бөлшектелген тақырып;

4. Интерполяция арқылы жасалатын такырыптар;

5. Сүраулы сөйлемдер арқылы берілген тақырыптар;

6. Үлттық ойын атауларымен жасалған такырыптар;

7. Есім сөздермен берілетін тақырыптар;

8. Номинативті тақырыптар.

Ақпараттық бағдарламалардың қоғамдық мэні өте зор. Ол халыққа қызмет етеді, яғни халык қажеттілігін өтейді. Елімізде, таяу шет ел, шет елдерде болып жатқан саяси, элеуметтік, мэдепи жаңалықтар легін күнделікті 50 жеткізіп отыру -теледидар, басылым, радионың тікелей қызметі. Мүның ішінде, әсіресе, телеарнада берілетін ақпараттық бағдарламалардың орны ерекше. Ол халыққа аудиалды, визуалды түрғыда эсер етеді.

Қоғамдық өзгерістерге байланысты тілімізде туған жаңа сөздер, жаңа үғымдарды қазір толық түсініп болу мүмкін емес. Адам өміріне енген жана үғымдар халық үғымында толық ізіи қалдырып, айқын бейнеленіп бірден сіңісіп кете қоймайды. Осы жағдайларда да үғымға қойылатын ат кездейсоқ болмайтыны белгілі. Көбінде тіпті бір үғым бірнеше атпен де аталып жүреді. Терминдік лексиканы қалыптастыруда сол дэуір баспасөзінің орны ерекше. Өйткені қандай да болмасын жаңалық алдымен баспасөз, радио, теледидар арқылы жарияланады. Мерзімді баспасөз сол қогамдағы элеуметтік саяси, ресми қаулы-қарарларды өз беттерімен жариялап түратын ақпараттар ағыны. Осы мэселе түрғысынан Б. Қ. Момынова: «Қазіргі кездегі өркендеп дамыған бүқаралық ақпарат қүралдары оқылатын (визуалды) мерзімді басылымдар, тындалатын (аудиалды-радио), аудио-визуальды-теледидар, деректі кино болып үш түрге бөлінеді. Бүлардың коммуникативті қүрылымдарындағы кейбір айырмашылықтар болмаса, атқаратын қызметтері үксас», - дейді (22, 15

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАРНАМА МӘТІНДЕРІНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ
Жарнама дискурсының қатысушылары - жарнама беруші мен тұтынушы
Бұқаралық коммуникация тілі ұғымының қалыптасуы
Жарнама тілі прагматикалық және коммуникативтік аспектісі. Қазақ жарнамаларының стильдік, тілдік ерекшеліктері
Жарнамадағы түс: психолингвистикалық зерттеу
Жарнама мәтінінің тілдік сипаты
Электронды ақпарат құралдары
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі
Жарнамадағы түс және психолингвистикалық зерттеу
БАҚ мәтіндерін классификациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz