Идеонимдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
8-практикалық сабақ тақырыбы: Идеонимдер
1.Жалқы есімдердің перифериялық разрядтары.
2.Идеонимдердің анықтамасы, жалпы белгілері.
3.Идеонимдердің түрлері.
4.Идеонимдердің семантикалық модельдері.
5.Идеонимдердің морфологиялық және сөзжасамдық құрылымдары.

Ономастика бойынша ономастикалық кеңістіктегі жалқы есімдердің разрядтары толығымен зерттелмеген, ал кейбір разрядтap мүлдем қамтылмаған. Ономастиканың периферниялық шегіне қатысты эргоним, поэтоним, фитоним, хрематоним сияқты жалқы есімдерді зерттеу бойынша да жоғарыдағыны айтуға болады. Сондықтан да ғылымда ономастика: зерттелген мәселелері оларға сай талдау табу әр кез мүмкін емес. Себебі, антропоним, топонимдерден басқа жалқы есімдердің барлығы бірдей ономастика материалдары қорына енген жоқ. Олар бойынша жазба дерек болмағандықтан, перифериялық жалқы есімдердің көбін жинақтау мүмкін емес (тек экспедицияда жолда т.б. қолайсыз жағдайларында жазып ату). Сонымен қатар олардың ономастикалық жүйеде алатын орны нақты болмай, ұзақ уақыт бойы мамандар бұл разрядтарды ескермей келді. Осы разрядтарды қарастыра келе, Ресей ғалымы И.В. Крюкова олардың арнайы зерттеу нысаны болмаған себептерінің негізгі белгілерін атайды:
:: жалқы есім ерекшеліктерінің айқын көрінбеуі:
:: жалқы есімдерге тән емес ерекшеліктерінің болуы;
:: ішкі формасының сақталуы:
:: нақты классификация жасауда маңызды бірыңғай топтардың болмауы:
- аббревиатура және әріп пен сандардан тұратын компонентті құрылымдардан тұруы. Дегенмен жалқы есімдердің осы түрлерін семантикалық және құрылымды-сөзжасамдық талдау перифериялық шегіністегі жалқы есімдердің атау беру зандылықтары мен принциптерін анықтауға мүмкіндік береді. Пернфериялык шекте тұрған барлық түрін шартты түрде екі ірі разрядка бөлуге болады: идеонимдер және прагматионимдер.
Адамның белгілі бір тарихи кезеңдегі құнды бағыттары қазіргі атау беру шығармашылығы туралы дерек беретін арнайы зерттеуді қажет ететін идеонимдер мен прагматонимдердін шеңбері жаңа атаулармен кенеюде.
Идеоним (гр. idea "идея" + оним) терминi адам кызметінің ойлay, идеологиялык және көркемдеу аясында денотаттары бар жалқы есімдердің әр түрлі категорияларының жиынтығын білдіреді.Оларға артионимдер (apmomtudep) - бейнелеу өнері шығармаларының атаулары, библионимдер - кез келген жазба
шығармалар атаулары (көркем, саяси, ғылыми, діни), гемеронимдер - мерзімді басылымдар мен орындарының атаулары, документонимдер - маңызды құжаттар атаулары, поэтонимдер көркем шығармадағы жалқы есімдер, хрононимдер тарихи маңызды кезең (дәуір) үзігі, теонимдер - құдай (божеств) атаулары т.б. Сонымен бірге денотат түрі мен ерекшелігіне карай олар жеке-жеке түрлерге бөлінеді. Идеоним термині соңғы кезде кеңірек түсіндіріле бастады, себебі, біз А.В. Суперанская және т.б. мынандай анықтамасын кездестіреміз: "Идеонимдер, яғни рухани мәдениет шығарма атаулары (ән, би, ертегі) кездері қалыптасқан микрожүйеден тыс белгілі бола бастады" [132, 63]. Атау тағылған объектінің негізгі белгілеріне қарай идеонимиялық жүйеде гиперо-гипонимдік катынас байқалады, олардың атаулары аталмыш жүйені құрайды. Ең алдымен адамның ойлау қабілеті мен оларға атау беру уәжінің ерекшелігіне карай әр обьектінің қайталанбайтындығын атап өту керек. Мәселен. О.А. Остапчуктін зерттеуінде "артионим уәжінің негізін сол өнер шығармасындағы бейнеэстетикалық ақпарат элементтері құрайды (тура уәж)" деген пікір берілген. Е.В. Кныш "артионим модельденген оқиға бейнесінің жиынтығын құрайды, "мәтін аббревиатурасы дегенді келтіреді. Артионим көмегімен суретші өзінің шығармасы мазмұнын түсіндіру үшін белгілі бір ақпарат береді. Өнер шығармаларын атау үшін қолданылатын тілдік лексикалық құралы қызығушылық тудырады. Артионимнің ішкі формасында (мысалдар көркем сурет және музыка шығармалары материалдары бойынша келтірілген) келесі классификациялық белгілер бекітілген: :: шығармалардың формалды ерекшеліктері ("Автопортрет", "Қыздар портреті" А. Ғалымбаеванікі,"Автопортрет " К.П. Брюлловтікі, "Портрет", "Прелюдия " А. Скрябиндікі);
:: заттық образды немесе кейіпкерді суреттеу ( "Күлтегін" Д. Қасымовтікі, "Бүркітші" Б. Әбішевтікі, "Московская девушка XVII века А.П. Рябушкиндікі, "Сикстинская Мадонна" Рафаэльдікі, "Герцог Оливарес" Веласкестікі);
:: табиғатты бейнелеу ( "Осенняя аллея" М. Темірғалиевтікі, Қар үстіндегі алмалар М. Қаспақтікі, "Грачи прилетели " А.К. Саврасовтікі, "Цветет сирень " М.К. Копьггцевтікі);
:: оқиғаның орны мен уақытын көрсету ("А 'уз" У. Әжневтікі. "Мартовское солнце" К.Ф. Юондікі, "Ночное кафе' Ван Гогтікі, "Летний день", "Красная площадь во второй половине XVII века: А.М. Васнеиовтікі);
:: істі белгілеу ( "Асауға тусау" О. Жұбаниязовтікі, "Қысқы аңшылық" К. Каметовтікі, "Көкпар" К. Телжановтікі, "Әңгіме" Д.е. "Встреча А типы и святого Леона " Рафаэльдікі, "Охотники на привале" В.Г. Перовтікі);
:: нақты тақырыпты белгілеу ( "Жандану А. Ысқақовтікі, "Запорожцы пишут письмо турецкому султану" И. Регтиндікі);
:: негізгі идеяны белгілеу ( "Жұмақ " К. Әжібекүлішевтікі, "Бақытты балалық шақ" Б. Әбішевтікі, "Бақыт " С. Айтбаевтікі, "Неравный брак" В. Пукиревтікі, "История глубины" К. Юлдашевтікі);
шығарманың басты орындаушылары мен кейіпкерлері ("Қозы Көрпеш Баян сұлу" Б. Ерзаковичтікі, "Ақан сері - Ақтоқты " Ғ. Мүсіреповтік спектаклі);
:: ассоциативті уәждер ( "Леди Макбет Мценского уезда " Д.Д. Шостаковичтін операсы) г.б.
Артионимдер шығарманың мазмұнын көрсету атқаратын негізгі қызметі бойынша жалқы есімдердің басқа да маңызды түрі - библионимдерге жақын. Библионимдер барлық дерлік мәтіндік категориялардың өзектілігін көрсетуші болып табылады. Л.С. Выготскийдін ойы бойынша, "әңгімеге атау бостан- босқа берілмейді, ол басты тақырыпты ашу үшін қажет". Библионимдердің қызметі мәтінге байланысты, дегенмен, зерттеушілердін пікірі бойынша. олар "тұтас бір шығарманың қысқарған түрі ретінде'' мәтіннің өзі болып табылады. Сонымен шығарма атаулары төмендегілердің өзектілігін көрсетеді:
:: ақпараттық (шығарманың такырыбын, негізгі идеясын ашып, белгілі бір ақпарат береді): "Біргемін мен сендермен "
Т. Айбергеновтікі, "Орындалған арман" С. Көбеевтікі, "Оянған өлке" Ғ. Мүсіреповтікі, "Көшпенділер" И. Есенберлиндікі, "Русский характер" А.Н. Толстойдікі, "Смерть Ивана Ильича", "Война и мир" Л.Н. Толстойдікі;
:: модальді (эмоционалды баға беру сөздердің қатысуы): қазақша атаулар "Дүрбелең " Ж. Ахмадиевтікі. "Шырғалаң" Ж. Ахмадидікі, "Дариға жүрек" М. Мақатаевтікі, "Қанаттарым менің"М. Мақатаевтікі, "Дикий помещник" М.Е. Салтыков-Щедриндікі, "Мертвые души" Н.В, Гогольдікі;
:: аяқталған (аяқталған мәтінді басқасынан, яғни бір бөлім немесе параграфты басқасынан бөлу арқылы делямитативті, шектеуші қызметін аткарады);
:: мәтіннін бөлінуі (мәтіннің композициялық архитектоникалық бөлінуінде болатын);
проспекция (болжам жасаушы, бағыт ұстанушы, жарнамалық, қатынас жасаушы қызметтері тікелей окырмандарға бағытталған); жүйелілігі (композициялы құрал ретінде мәтін жүйесін құрайды);
:: мәтінде қарастырылған оқиғаның локалды темпоралды қатыстылығы (оқиғаның орны мен уақытына мегзейді): "Ымырт " Ә. Нұрпейісовтікі, "Көкшетау "С. Сейфуллиндікі, "Курляндия " Ә. Нұрпейісовтікі, "Қарағанды", "Дауылдан кейін" Ғ. Мұстафиндікі,"Невский проспект " Н.В Гогольдікі. '20 лет спустя Дюманікі;
:: антропоцентристік (антропоним - кісі есімнің өзектелуі немесе кітап бөлімі атауы құрамында болуы): "Верен" Б. Майлиндікі, Ботагөз" С. Мұкановтікі, "Ақан сері" Е. Жүнісовтікі, "Мечтатель " А Н. Толстойдікі, "Приключения Незнайки и его друзей " Н. Носовтікі. Барлық жоғарыда аталған категориялар мәтін кұраудың жалпы принциптеріне тура тәуелді. Белгілі бір құжатты атайтын документонанимдер қызметі жағынан библионимдерге жақын: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Тіл туралы заң, Азамат құқығының жалпы декорациясы, Шығармашылық құқық бойынша халықаралық конвенция. Дегенмен колданысы жағынан документонимдердің библионимдерден айырмашылығы бар, мысалы, модальдылықтың жоқтығы. Документонимдердін ішінде белгілі бір халық үшін бір тарихи кезеңде маңызды болған құжат атаулары да бар: Бейбітшілік туралы декрет, Жер туралы декрет, Потсдам келіссөзі, Еуропа әлеуметтік хартиясы. Көркем шығармадағы жалқы есімдер - поэтонимдер - зерттеушілер үшін ерекше маңызды және олардың қызығушылығын тудырады. Ресей ономастикасында поэтонимдерді терең, жүйелі түрде зерттеген ғалымдар В.А. Никонов, О.А. Карпенко, О.И. Фонякова, Э.Б. Магазанник т.б. Қазақ ономастикасында поэтонимдер бойынша жеке мәселелер қарастырған Т. Жанұзаков, Е. Жұбанов, К.Жаппар. Поэтикалық (әдеби) ономастиканың нысаны - мәтін лингвистикасымен, стилистикамен, лексикалық-семантикамен, мәтін семиотикасымен, мәтін герменевтикасымен тығыз байланыста болатын жалқы есімдердің көркем шығарма контексте колданылу ерекшеліктері. Поэтикалық ономастика жалқы есімдерді мәтінде қажеттілігі мен қолданыс тұрғысынан қарастырады, болмыстағы (тіл мен сөйленісте қолданылатын) және қиялда (автордың қиялы бойынша) қалыптасқан жалқы есімдердің арақатынасын анықтайды. Поэтонимдердін түрлері мен разрядтарын, нақты жазушының белгілі бір жанрдағы көркем шығармада жалқы есімдерді қолдану ерекшелігін айкындайды. Поэтонимдер түрлерінін жиынтығын әдеби шығарманың өзіндік бір ономастикалық кеңістігі ретінде карастыруга болады. В.А. Никоновтын пікірінше, поэтонимдерді зерттеуді (әдеби антропонимдер көбірек зерттелген) нақты жүйемен байланыстыра жүргізген жөн:
:: антропонимдік жүйенің шығармада көрсетілген кезеңмен, дәуірмен;
:: автордың өмір сүру кезеңіне тән антропонимдік жүйемен; :: шығарманың стилімен; :: кейіпкер есімдерін қолданудың әдеби дәстүрімен.
Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологиялық сөз тіркес
Әлемнің тілдік бейнесі – ағылшын және қазақ антропонимдерінде
СӨЗ МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТ
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Пәндер