Поэтонимдер
8-апта.
СОӨЖ - 8.
Тақырыбы: Поэтонимдер
Белгілі орыс ономаст ғалымы В.А. Никонов Имя и общество деп аталатын кітабында 40 - 50-жылдары ономастикалық зерттеудің тоқырауға ұшырағанын: жазушы Л.В.Успенскийдің ЖқЕ-дер туралы этюдтері ғана ономастика ғылымын серпілткенін, мұз көшкінінің бұзылғанын, сөйтіп, 60-жылдары ғана бұл ғылым саласында сілкініс пайда болғанын атап өтеді. Бұл бұрынғы кеңестік ғылым жүйесінде болатын. Ал өткен ғасырдың 80-90-жылдарында түркі халықтарының антропонимиясын зерттеу шындап қолға алына бастады, Түркі ономастикасы бойынша халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар (Фрунзе, Баку, Гулистан, Алматы т.б.) өте бастады.
Қазақ жалқы есімдерін зерттеудегі қазіргі бағыттар этнолингвистикалық, когнитивтік, функционалдық т.б. ғылыми парадигма деңгейімен сипатталады. Кейіпкерлер әдебиет әлемінде өмір сүретіндіктен, әдебиетшілердің төл объектісі болғанымен, лингвистердің де үлесіне тиетін кез келді. Қазіргі уақытта қазақ тіл білімінде антропонимия өзіндік дербес пән ретінде қалыптасу жолындағы жас та толыққанды ғылым саласы деуімізге толық негіз бар.

Ономапоэтика немесе поэтикалық ономастика көркем әдеби туындылардағы жалқы есім атаулыны (адам есімі, жер-су, аң-құс, өсімдік атаулары, планета аттары т.б.), олардың құрылым принципін, мәнерін (стиль), мәтіндегі қолданысын зерттейтін, оқырманның қабылдауы мен қаламгердің эстетикалық-идеялық көзқарасын білдіретін, мақсатын айқындайтын ономастиканың бір тармағы.
Орыс ономастикасының сөздігін түзіп шыққан Н.В.Подольскаяның анықтамасы бойынша, поэтикалық ономастика - көркем шығармадағы атауыштық қана емес, кейіпкер аттары арқылы шығарманың стилистикалық, идеологиялық, экспрессивтік жүгі, әлеуметтік мәнін, антропонимдердің қалыптасу, қолдану ерекшеліктерін зерттейтін антропонимиканың бір саласы [1; 96].
Поэтонимдердің қызмет ерекшеліктерін зерттеу В.И.Супрунның еңбегінде жан-жақты баяндалып, ол негізгі үш қызметін атап көрсеткен: 1. маңызды мәтін қызметі - басты кейіпкерді атау; 2.ономастикалық ая жасайды; 3.қосымша таным белгісі ретінде қолданылады [2; 8]
Көркем туындылардағы кейіпкер аттары - лингвистикалық тұрғыдан жалқы есімдер (ЖқЕ) функциялық қызметі жағынан жалпы есімдерге (ЖпЕ) қарама-қарсы. Оның себебі ЖқЕ-дер - лексикалық мағынаға ие, ал ЖпЕ-дер - атауыштық қасиетке ғана ие. Олай болса, кейіпкер аттары ЖқЕ-нен жасалғанымен, ЖпЕ-ге ауысқанда, бастапқы ұғымынан, мәнінен айрылады. ЖқЕ-дің ЖпЕ-ден айырмашылығы А.А.Белецкий, А.В.Суперанская, В.А.Никонов, В.И.Болотов, Ю.А.Карпенко, Л.М.Щетинин, Т.Жанұзақов, Е.А.Керімбаевтардың еңбектерінде жан-жақты баяндалған.
В.И.Болотов ЖқЕ мен ЖпЕ-дің мағыналарындағы басты айырмашылық деп мынаны атап көрсетеді: Жалқы есімдер тұрғысында ең басты ретте энциклопедиялық мағынаны айту керек, энциклопедиялық мағына деп біздер есім денотаты туралы нақты ақпарат жиынтығын түсінеміз.
Жалпы есімнің тілдегі маңыздылығы ұғымдық, семантикалық өріс арқылы анықталады, бірақ маңыздылықтардың, мағыналардың бірін экстралингвистикалық салаға байланысты оны тілдік құралдар арқылы өзектендіріп суреттеу қажет [3; 333].
Проф.Т.Жанұзақтың айтуынша, Жалқы есім бойында денатативтік мағынаның басым екендігі, оның есесіне сигнификат жоқтығы анық байқалады[ 4; 9].
ЖқЕ-дің мәдени-ұлттық табиғатына қатысты әртүрлі көзқарасты талдай отырып, профессор Е.А.Керімбаев: Әр халықтың онимиясында мәдени-тарихи ақпарат жинақталған, қоғамның мәдени тарихына байланысты жалқы есімнің ерекшеліктерін және типологиялық ұлттық-мәдени ерекшеліктерін зерттеудің маңыздылығын [5;14] ұғындырады. Ертегі-аңыздардағы Қорқыт, Алдар көсе, Шығайбай, Қарабайлар, Бейімбеттің Мырқымбайы, Ілиястың Сұрпақпайы, Ш.Смаханұлының Елпекбайы, О.Әубәкіровтің Көди, Сөдиі арқылы тарихи кезең, сол уақытта өткен оқиғалар жайлы этнографиялық дерек бере алады.
Жалпы лингвистикада кейіпкер аттарының көркем шығармада атқаратын қандай рөлі бар, мән-мағынасы бар ма деген мәселе төңірегінде біраз даулы мәселелер, пікірталастар бар. Ғалым А.М.Эмирова ЖқЕ-ді бұл бір жағынан, тілдік категорияға жататын жүйенің ерекшелігін көрсететін белгі, екінші жағынан, халықтың тұрмысын, нанымын, дінін, тарихын білдіретін спецификалық лингвомәдени белгі [6; 300-б], - деп қарастырады
Көркем туындының ауқымы, шеңбері, өрісі кең болғандықтан, көп қырлы алмас секілді асыл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz