Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Лейбниц)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

1. Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Лейбниц) .

Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) - европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.

Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:

1. субстанция мәселесі;

2. таным теориясы;

3. этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.

Спинозаның философиядағы маңызды үлесі - болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі - оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық - өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға - Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.

Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:

1. жоғарғы субстанция - Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;

2. барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар;

3. ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;

4. Табиғат - Құдай - бір;

5. Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жоқ;

6. Құдай Табиғаттың ішінде;

7. Тек біртұтас Табиғат + Құдай ғана жарата алады;

8. «Жаратушы әлем» біртұтас Табиғат + Құдай - «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды;

9. жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, ол біртұтас субстанцияның - Табиғат + Құдайдың «модустары» - көріністері ғана;

10. модустар тіршілігінің сыртқы көрінісі - біртұтас субстанция (Табиғат + Құдай), модустар. Оған бүтіндей тәуелді. Модустар кеңістікте және уақтта қозғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар.

Г. Лейбниц (1646-1716) - немістің математик-ғалымы, заңгер, философ - Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл - ойы туралы жаңа тәжірибелер».

Лейбниц философиядағы рационалистік бағытты жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі мәселелері:

1. Субстанция;

2. Таным.

Лейбниц Декарт пен Спинозаның субстанция туралы теорияларын зерттей келіп олардың жетілмегендігі туралы қорытындыға келді:

Лейбниц Декарттың дуализмін қабылдамады:

1. Біріншіден, барлық субстанциялардың (өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажет етпейтін) жоғары субстанция - Құдайға және ол жаратқан өзара тәуелсіз субстанцияларға;

2. Екіншіден, жаратылған субстанциялардың дәйекті және рухани (ойлайтын) болып бөлінуі.

Спинозаның барлық субстанцияларды біреуге - Табиғат-Құдайға біріктіруі Декарттың дуализмін жойған жоқ, өйткені, ол барлық модустарды екі топқа жіктеді - дәйекті және ойлаушы. Яғни Декартта екі түрлі сбутсанция түрінде берілетін схема Спиноза философиясында бір субстанцияның модустарының көріністері түрінде беріледі.

Декарт пен Спиноза философиясына керісінше, Лейбниц монадалар туралы теория (субстанциялардың көптігі туралы) ұсынды.

Лейбниц монадологиясының негізгі қағидалары:

1. Бүкіл дүние көп санды субстанциядан құралған, субстанциялардың табиғаты дуалистік (Декарт пен Спинозада екіұдай) емес;

2. Ол субстанциялар монадалар деп аталады (греу тілінен аударғанда «бір», «біреу») ;

3. Монада қарапайым, бөлінбейді, дәйекті емес, материалды-заттық құрылым емес;

4. Монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс;

әуестену;

қабылдау;

елестету.

5. Мәні бойынша монада - өз жағынан үздіксіз өзгертетін, ьіртұтас әрекет.

6. Өзінің үздіксіздігіне байланысты монада өзін-өзі сезінеді;

7. Монадалар абсолютті тұйық және бір-біріне тәуелсіз (Лейбниц пікірінше: бір нәрсе кіретін, бір нәрсе шығатын терезелері жоқ) .

Барлық монадаларды Лейбниц 4 топқа жіктейді:

1. «жалаңаш монадалар» - неорганикалық табиғат монадалары (тастар, жер, пайдалы қазбалар) ;

2. Жануарлар монадалары - түйсікке және жетілмеген өзндік санаға ие;

3. Адам (жан) монадалары - санаға, еске, ойлау қабілетіне ие;

4. Жоғарғы монада - Құдай.

Монада класы жоғары болған сайын оның пайымдылығы мен бостандық деңгейі де жоғары. Болмыс мәселелері, субстанциялар (монадалар) туралы іліммен қатар Лейбництің философиялық қызуғышылықтарының келесі саласы гносеология (таным философиясы) болды.

2. М. Хайдеггердің «фундаменталды онтологиясы».

Болу (философия)

Болу (Existence, "Экзистенция", кейде "Бар болу", "Барлық") - Болушының физикалық, немесе психикалық шындығының болу, орындалу, іске асу нақтылығы, объективті шындықтың өмір сүру, бар болу фактісі мен күйі. Болу сөзі әдетте бір нәрсенің растығын да, кеңісьік пен уақыттағы шынайы халін де, терең ішкі қасиеті мен мәнін де білдіреді. Философияда ол болмыстың (being) онтологиялық қасиетін көрсетеді. Мысалы адам жаһанда болушы ретінде онтологиялық болады, оның болуы болмысқа сай, сыртқы мүмкіндікке орай оның ғұмыры болып орындалады. Демек, болу әрі нақты реалдықты да, әрі потенциялды мүмкіндікті де қамтиды; өзгеріс, уақыт, кеңістік, мән, қасиет . . . секілді ұғымдар болуды тануға көмектеседі.

Этимологиясы

"Болу" сөзі түркі қазақ тілінің төл сөзі. Ол және оның түрлі грамматикалық нұсқалары күнделік тілдік коммуникацияда, әдебиетте, философиялық түсіндіруде жиі қолданылады. Батыстық тіл мәдениетінде Existence делінеді, ол ортағасырлық Латын тіліндегі existentia/exsistentia сөздерінен шыққан. Болу мен Экзистенция (Existence) тұтастай бір сөз деуге болмайды, бірақ латын сөзінің мағынасы шамамен Болу сөзіне ең жақын келеді. Сондықтан аударма жасаған кезде контекстегі мағынаға қарау керек.

Философиялық контексте

Болу ұғымы метафизикадағы, тіл философиясындағы және философиялық логикадағы маңызды әрі шүңет мәселелерден бастау алады. Мұнда мынадай екі сауал бар: Болу дегеніміз қасиет пе, әлде нәрсе ме? Егер болу нәрсенің қасиеті болса, онда болу қасиеті жоқ нәрсе бар ма? Әрине, бұл сұрақтарға әртүрлі философиялық пікір желілері әртүрлі түсіндіру ыңғайын береді, және маңыздысы Қасиеттің, Нәрсенің не екендігі туралы түсінік жауапқа үлкен әсерін тигізеді.

Реализм бағытындағы философия бойынша материя мен энергия болудың негізі, барлық нақты болып жатқан нәрсе материалдан құралады, барлық әрекет энергия шығындайды, барлық құбылыстар (сана құбылысы да) тегіс нақты шынайылықтың нәтижесі, табиғи заңдар мен таңдаулар болуды іске асырады деп есептейді. Көбіне олар болу, болмыс (Being) және шындықты (reality) бір нәрсе деп қарауға, немесе болу дегеніміз болмыстың болуы ретіндегі шындық деп тануға бейім.

Идеализм бағытындағы философия бойынша, ойлар мен идеялар болуда, ал материалдық әлем соның көрінісі, шынайы нәрсе емес деп есептейді. Идеализмде болу көбінесе трансценденттікке (болудан жоғары шындық) салыстырмалы айтылады. Эпистемологиялық идеализмнің бір түрі ретінде рационализм болмыстың болуын тануға болады және ол ақылға сай деп түсіндіреді, әрі барлық зат ақыл жібіне байланған, заттарды сол жүйелеп, тәртіпке келтіріп, болдырады деп есептейді. Олар бойынша, барлық құбылыс (сана құбылысы да) тегіс өзіндік заттың (the thing-in-itself) сыртында жатқан ноуменді (noumenal) әлем таңбасын түсінудің нәтижесі деп есептейді.

Діни схоластика бойынша, заттың болуы оның өз мәнінен емес, сыртқы Құдайдың жарату еркінен деп есептейді, болу мен мән дихотомиясы бейнелеген дүние жаратылуындағы дуализмді тек Құдай көмегімен шешуге тырысады.

Эмпирицизм бойынша, жеке фактілердің болуы ешқайдан (Құдайдан, не ақылдан) бастау алмайды, ол біздің тәжірибемізде болып жатқан нақты шындық деп есептейді.

Онтологияда болудың анықтамасын беру өте маңызды және іргелі тақырыптардың бірі болып, ол табиғи болмысты, болуды және жалпы шындықты философиялық зерттеуді де, сондай-ақ болмыстың негізгі категориялары мен олардың қатынасын философиялық зерттеуді де қамтиды.

Заманында метафизиканың зерттеу тізімінде болған, кейбір сауалдар қазір онтологияға тән болды, мысалы заттың болуы, немесе бар екендігі, сондай-ақ бұл заттың қалай иерархиялық жолмен топтасып, өзара байланысатыны, қалай ортақтыққа және өзгешелікке ие болатыны қатарлылар.

Хайдеггердің фундаменталды онтологиясы бойынша, болу (existence) бәрінің болуы болса, ал ғұмыр (экзистенз, existenz) тек адамның ғана болуы. Мысалы тас, тау, жұлдыз секілді физикалық заттарда ғұмыр (existenz) жоқ, олар қалыптасып біткен, орындалып болған нәрселер. Тек адам ғана ғұмыр кешіп, өзін еркін жаратып, өзгеше болады, яғни жаңарып, жаңа нәрселер жасап, өз мәнін де өзгертіп, жетіліп, не құлдырап, таңдау жасап . . . , мәңгі тұрақтаспайтын болмыстық шындықты бейнелейді.

3. Болмыс және Абсолют. Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі.

Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты. Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды. Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты. Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры - адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс - әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап - тілегі мен қызығушылығын зерттегенде физиологиялық - психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде - философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады. Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден - бір қажеттілігі. Табиғат пен қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз - ұрпақтың үнемі ауысып отыруы. «Адам бол» деген Абай принципінің мәні адамды, оның ролін жоғары бағалауында. Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек. «Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң, арқалаң. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар қалан», - деп жазды Абай. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалық жаулықты жою, сайлау, билер соты жайлы, пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты. Ұлы ақынның өмірінің соңында жазылған 45 қара сөзі мен өлеңдерінің біршамасында қоғамдық ой-пікірлері ашық та айқын жазылған. Ол қазақ халқын өнер үйренуге, тіпті сауданың да мәнісін білуге шақырды. Егіннің ебін, сауданың тетігін үйреніп, ойлын, мал тап, дейді. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздылар адам баласын, деп түйіндейді. Қырық екінші сөзде Абай қазақты пайдасыз, жұмыссыз, қаңғырып жүруге құмар деп санады.

Тапсырма: Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау.

Виртуалды шындық дегеніміз не?

Көру, есту, сенсорлық және иіс арқылы бір адамнан екінші адамға берілетін әлемнің техникалық құралдары арқылы жасалған виртуалды шындық деп аталады. Ол оған әсер етуді және оған әсер етуді модельдеуге қабілетті. Шындықтың нағыз сезімін жасау үшін қазіргі кездегі қасиеттер мен реакциялардың компьютерлік синтезі жасалады.

Виртуалды шындық нысандары материалдық әлемдегі заттар сияқты өзін ұстауға тән. Әрбір пайдаланушы физика заңдарына сәйкес виртуалды шындық әлемінің объектісіне әсер ете алады, олардың арасында гравитация, рефлексия, нысандармен соқтығысу. Кейде осындай нақты емес әлемді пайдаланушылар нақты өмірге қарағанда әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Философиядағы виртуалды шындық

Бүгінгі әлемде мәселе шұғыл болып келеді, виртуалды шындыққа қауіпті емес. Адам киберкеңістікте, яғни компьютер, ноутбук, планшет, компьютерлік ойындар ойнап, әдетте қалыпты қарым-қатынастан бас тартады және тұтастай алғанда өмір сүріп жатса, шынымен денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.

Философия осы тұжырымдаманың идеясын оның техникалық нұсқасынан бөледі. Ол нақты процестермен модельденген заттар жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда пішін де, мазмұны да осы процестерге сәйкес келмейді. Модельді нысандар әдеттегі уақытпен салыстырылады, бірақ одан бөлек қарастырылады. Бұл нысандар әлеуетті емес, нақты болып табылады.

Виртуалды шындықтың психологиясы

Ол осындай тұжырымдаманы виртуалды шындық және адам психологиясына психологиялық әсер етіп, өзінің жеке философиялық идеясы мен нақты теориялық модельдері, эксперименталды технологиялары және тәжірибенің өз саласы ретінде зерттейді. Ежелгі грекше «виртус» термині «жауынгердің рухани көтерілуі» дегенді білдіреді. Ежелгі замандарда ол тек ең ақылдылыққа қол жеткізе алатын ең жоғары адалдықты түсінді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Табиғатты зерттеудегі объективтілік
Г. Лейбництің өмірі мен еңбектері
Философияның алғашқы бастаулары
Жаңа уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия
Жаңа заман философиясы(xvii-xix ғасырлар)
ХХ ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ. Жаңа заман философиясы
Платон және Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері
Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz