Құқықтық тәрбиенің мектептегі маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Құқықтық тәрбиенің мектептегі маңызы

Ержан М., құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі

«Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейі» КММ

Шет ауданы, Ақадыр кенті.

Болашақ ұрпақ сапалы білім алу мен қатар мектептен ата-ана тәрбиесінен тыс ұстаздар тарапынан мықты мектеп тәрбиесімен шындалған дұрыс. Оған қазіргі танда ұстаздар қолдарынан келгенше сол мақсатта аянбай тер төгуде. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттын қас жауы» деп Әл-Фарабидың сара жолын жалғастырудамыз. Соның ішінде метептегі құқықтық тәрбие қазіргі танда ерекше талқылануда. Оқушылардың құқықтық тәрбиесі маңызды мақсатты жүзеге асыруға арналған - баланың құқықтық санасын, оның мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Бұл жан-жақты білім беру процесінің бөлігі және ең маңызды мектеп міндеті. Келесі құқықтық тәрбиенің метептегі маңыздылығына түрткі болатын мәселе статистикалық мәліметтер бойынша қылмыс жасаушылардың көп бөлігі мектеп жасындағы балалар мен жастар екендігі белгілі болып отыр. Қылмыстың жастар арасында көбею себебі неде?Ата-анасының баласына уақыт бөлмеу, отбасының тәрбиесінің нашарлығы. Оқушылар мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау үшін әрбір сынып жетекшісі, әрбір мұғалім, әрбір мектеп басшылары оқушыларға құқықтық тәрбиені дұрыс бағытта ұғындыру керек. Мектептегі құқықтық тәрбие деп:құқықтық білім, құқықтық сенімділік жүйесін, сондай-ақ заңды мінез-құлықтың себептері мен әдеттерін қалыптастыру бойынша ұйымдасқан және мақсатты қызмет процесі;

Мектептерде құқықтық білім қалыптастырудың бірнеше мақсаттары мен міндеттерін белгілеуге болады:

* балалардың адам құқықтары мен міндеттері, заң мен заңдылық туралы білім жүйесін қалыптастыру;

* балалардың заңға деген құрметін өзгермейтін әлеуметтік құндылық ретінде қалыптастыру, заңға сәйкес әрекет ету қажеттілігі;

* заңға бағынатын мінез-құлық, сот төрелігіне қатысудың қарапайым дағдыларына қалыптастыру;

* әлеуметтік шығу тегіне, нәсіліне немесе ұлтына, тіліне, дініне, жынысына, жасына, жеке және мінез-құлық ерекшелігіне қарамастан адамдарға құрмет пен төзімділікті тәрбиелеу;

Осы мақсаттарды пайдалана отыра келесі копоненттер тізіміне шолу жасасақ:

* құқықтық сауаттылық;

* құқықтық ойлау (сана) ;

* құқықтық шеберлік (шеберлік) . [1]

Қоғамда ата-аналар, жалпы халық арасында адамдардың құқық саласындағы көзқарастары мүлде басқаша. Әсіресе құқық саласына күмәнмен қарайды десек болады, сол күмәнді сейілту үшін мектептегі құқықтық тәрбиені күшейту керек.

Мектептегі құқықтық тәрбие жайлы Ресей ғалымдары еңбектерінде жүйелі түрде талқыланып кеткен, оның ішінде А. Е. Личко жасөспірімдер психиатриясының тәжірибесіне "құқық бұзушылық" ұғымын енгізді. Автордың пікірінше, құқықтық тәрбие-бұл қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын кішігірім қоғамға қарсы әрекеттер. Мысалы, қоғамға қарсы топқа қосылу, мектептегі сабаққа қатыспау, ұсақ бұзақылық, ұсақ алыпсатарлық, әлсіздерді мазақ ету, мотоциклдер мен велосипедтерді ұрлау сияқты түсініктемелермен түсіндіріп өткен.

Басқа авторлар, мысалы, Е. В. Змановская, құқық бұзушылықты түсіндіруге қарсылық білдіріп, Заңсыз мінез-құлық қылмыстық мінез-құлық екенін көрсетеді [2] .

Мектептердегі көптеген ұсақ оқиғалар, кішігірім құқық бұзушылықтардың барлығы мектептегі құқықтық тәрбиенің жұтандығын көрсетеді. Көптеген мемлекеттерде құқықтық тәрбие өзгеше бағытта жүргізіледі. Шетел тәжірибесіне шолу жасасақ мектептерде көбінде тек білім сапасы ғана қадағаланады, яғни тәрбиелік жағы ол жақтарда қатты қатан емес. Атап айтсақ Франция, Норвегия сияқты елдерде оқушылар қарапайым мектеп талаптарына бағынбайтындығы байқалады. Тіпті мұғалім алдындығы қарапайым талаптарды ұстанбайтындығы көрінеді. Ал кейбір елдерде мысалы: Швецияда балалар өздерінің құқықтарын ерте жастан жақсы білетін етіп тәрбиеленеді. Толыққанды құқықтық тәрбиелене отырып, егер ата-ана бала тәрбиелеудің өрескел әдістеріне жүгінсе, бала ата-анасын сотқа бере алады. Яғни құқықтық мүддесі қорғалмаса толық шағымдануға құқылы.

Ресей педагогтарының арасында құқықтық тәрбие жайлы ең алғаш еңбектерінде тілге тиек еткен XIX ғасырдың ортасында көрнекті орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский, білім беру саласындағы заңгер және кәсібі бойынша тәрбиеші, өзінің алғашқы жұмыстарының бірінде ("камералық білім туралы", 1848) құқықтық ұғымдарды зерттеу қажеттілігін мойындады - яғни, сол кезде де мұғалімдер адамның құқықтық тәрбиесінің маңыздылығын мойындады. Ушинский "адамды толыққанды тәрбиелеу "бағдарламасында жеке тұлғалардың заң алдындағы теңдігі сезімінде оның психикалық негіздерін дамыту арқылы "балада құқық пен әділеттілік сезімін тәрбиелеу" туралы бөлек айтқан. Сол кездің өзінде қоршаған ортаның әсері, әсіресе ересектердің көзқарасы бұл процесте соңғы орында екендігі оқушыларға әсер еткендігі байқалады. [3]

Біздің еліміздегі құқықтық тәрбиеге көз жүгіртсек, бізде құқықтық деген сөзді алып тастасақ «Тәрбие» сөзі мектеп қабырғасында қолданылатын екінші ұғым десек артық айтпаспыз себебі, ол елдердегі менталитет, мәдинетке толық байланысыты. Бірақ құқықтық тәрбиені қаншалықты, қанша деңгейде насихаттап жатырық?

Біздің елдің мектептеріндеде неше түрлі жағыдайлар орын алып жатады, көрінетіні бар, көрінбейтіні бар, қаншалықты бұл проблеманы асқындырып алдық. Ауыл мектептерін қарастырмағанның өзінде қала мектептерінде неше түрлі құлақ тітіркенетіндей жағыдайларға куә болатынымыз жасырын емес. Қарапайым мектеп оқушысы құқық бұзушылыққа ұрынып жатса оған жалпы құқықтық тәрбие беретін әрине педагог кінәлі болып шығатыны сөзссіз. Әрине заңнын бәрін біліп кетсін немесе заң адамы болып кетсін деген мақсат емес. Тек қоғамдағы қарапайым құқық бұзушылықтар, мектептегі құқықтары мен міндеттері және ел Конституциясына аса құрметпен қарауға тәрбиелеу. Біздің қоғамда құқықтық тәрбиеде қалыптасқан стероптиптерді жою мақсат.

Оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда В. А. Сухомлинский сөзімен айтқандай “қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мақтаждығына негізделсе, екіншіден шаруашылық жұмыстарға оқушылар ұжыммен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтарына қалыптастырады” деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлерін осылай қысқа түйген екен . [4]

Жалпы құқықтық тәрбие беруде оқушылардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана - қоғамдық сананың ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіліптікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1- сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Тек жалықтырып алмау керек. Олай дейтініміз мектепте бірсарынды дәрістер немесе ауызша жүргізілсе оқушылардың тыңдағысыда келмейді тіптен қатысуғада ынталары болмайды соныдықтан келесідей тізімдегі ұсыныстарыды ұсынамын:

Кіші сыныптарда балармен тығыз байланыс жасау (құқықтық тәрбинің не екендігін) түсіндіру, оқушылардын ол туралы жеке ойларымен санасу.

Үлкен сыныптарда құқықтық тәрбие бұзуылушылыққа байланысты түрлі қызықты ситуациялық есептермен өткізу.

Оқушыларға құқық салсындағы мамандардың тәжірибесімен пікір алмасуға жағыдай жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық тәрбие жайлы
Оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары негізінде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалау
Құқық тәрбие
Мектептегі құқықтық тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру
Оқушылардың құқықтық тәрбиелеп қарастырудың көкейтесті мәселелерін ашу
Құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz