Имандылық күллі тәрбиенің - атасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Имандылық күллі тәрбиенің - атасы

Адамға қойылатын басты талап - асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам - өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды- мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан - өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік - адамның рухани арқауы.

Жастарды үйде де, түзде де имандылық пен адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудің халықтық сан алуан әдіс-тәсілдердің бірі. Олардың бәріне тоқтала бермей, бірен-саранына сипаттама беруді жөн көрдік. Имандылық дегенде адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділікке тәрбиелеудің синонимі ретінде пайдалану байқалады. Әрине, имандылық бұлардан алыс емес, керісінше осыларды жүзеге асырудың сара жолы деп қараған жөн.

Имандылық үлкенді силау, ар-ұят, ожданды білу, инабатты болу осы тәрбиеден басталады. Өйткені ар - ұят, ождан - иманның кілті. Имандылыққа деген ұмтылыс адам бойындағы табиғи құбылыс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с) : «Имандылық негізін жетпіс немесе алпыс тармақтан тұрады. Оның ең әлсізі жолдан зиянды нәрсені алып тастау. Ал күнәға барудан ұялу ол имандылықтың бір бөлігі» - деп бұйырған. Хадистің мағынасын тереңдеп түсініп, мұсылман қазақ еліне ислами тәлім - тәрбиені насихаттау қызметін атқарған данышпан Абай Құнанбайұлының 38 - ші қара сөзінде: «Имандылық тек сену ғана емес, әділдікті арттыру мен әділетті іс істеу, ынсап, ұят бұл қабілеттен шығады» - деп жазуы да әлбетте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с) -ның хадистерінен халқымызға уағыздап, тәрбиеге шақыру үшін болатын. Халық арасында сақталған бір шумақта:

Десе де таң атпаймын күн қоймайды,

Қуалап өтірікті шын қоймайды.

Құйрығы арамзаның бірақ тұтам,

Түбінде арамзалар дым болмайды.

- деп көрсеткендей өзімізге зияны тисе де шын сөйлеу керек. Бұл турасында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с) «Ойы арам, айлакер, сөзінде тұрмайтын жандар тозақтың отына күйеді» - деп бұйырған.

Аллаһ Тағала Әл Имран сүресінің 184 - аятында: «Олар кеңшілікте, таршылықта Аллаһ жолында мал сарп қылғандар. Сондай - ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Аллаһ Тағала жақсылық етушілерді сүйеді» - деп бұйырған. Сол себепті Аллаһ муминдерге ашуы келгенде, өзін - өзі ұстай алуын және жетімдерге көмек беруді бұйырды. Әрдайым адам шыншыл болса, адал еңбекпен мал тауып, адал жесе, жақсылармен жолдас болып, ілім үйренсе, мейірімді де қайырымды болса, үнемі көңілді де пәк жүрсе, міне сонда ғана мұсылмандық бес парыздың ең басты сенімі калимаға - тіл келтіріп, имандылықты өтегені болады. Иманның басы - сенім, ал иманның тәні - бес уақыт намаз, жүрегі - Құран, күмбезі - ықылас, ниет, тілек. Иманның сөзі - Аллаһты еске алу, нұры - шындық, хақ сөйлеу, дәмі - пәктік, жемісі - ораза тұту, жапырағы - тақуалық, дәрісі - ар, ұят.

Иман төрт жерде сақталады: көңілде, жүректе, көкіректе және тәнде. Ал ұят - көзде, бетте, санада сақталады. Осыған байланысты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с) : «Ислам нақты, яғни көзге көрнекті. Ал иман - адамның жадында яғни көзге көрінбейді, жасырын тұрады» - деп бұйырған.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Жастарды имандылыққа тәрбиелеу негізінде отбасынан басталады. Отбасы дегеніміз - адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында, әсіресе, тәрбие анаға байланысты. Ананың бала тәрбиелеудегі роліне Ислам қайраткерлері де көп көңіл бөлген.

Мәселен, Иран елінің көсемі Аятулла Имам Хомейни: «Әйел бір қолымен бесік тербетеді, екінші қолымен әлемді тербетеді», «Ұлы азаматтарды әйелдер тәрбиелейді» - деп ананың бала тәрбиелеуі әлемдік маңызы бар іс екенін жақсы айтқан. Әйелдің бұл ролі отбасының жамағатына, бала - шағаның анаға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығымен биіктей береді. Баяғының білімпазы Ризауддин ибн Фахруддин: «Әйелдері тәрбиелі болған халық тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық тәрбиесіз» - деп бекер айтпаса керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының имамдылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызы
Халық-педагогикасындағы-имандылық-пен-адамгершілік-тәрбиесі
Имандылық қастерлі қасиет
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТҮРЛЕРІ
Имандылыққа баулу қазақ ілімі
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі
Адамгершілік тәрбиесінің негізі
Көркемсөз өкілдерінің шығармаларындағы имандылық идеясы
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ТҰЛҒАДА ӘСЕМДІК СЕЗІМІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz