18-19 ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
18-19 ғ.соңы аралығындағы қазақ мәдениеті
1.Ш.Уәлиханов және оның шығармашылығы.Абай ұлы қазақ ақыны және ойшылы ретінде.Шәкәрім шығармашылығы.Ы.Алтынсарин көрнекті ағартушы және педагог ретінде
2.Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары:Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов ,М.Дулатов,Т.Рысқұлов және т.б
3.Қазақ тілі және оның ұлттық мәдени кодын сақтаудағы орны
Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан - жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді.Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті.Қазақстан Ресейдің,Англияның,Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік-көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санда берік орнықты.
Халықтың неғұрлым оқымысты өкілдері мұғалімдердің ұлы міндетін өз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен өлкенің мәдениетін дамытуға ат салыса бастады. Бұрынғы салттарды, дәстүрлерді, әдет - ғұрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту үшін қажетті кеңістіктер едәуір шектелді, бірақ сонымен бірге жаңа әлеуметтік - - мәдениеттік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.
Қазақтардың XVIII-XIX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталады. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ. Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шарушылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығына күрдені еңбек құралдары керек болған жоқ.Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды;құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т.б. дайындалды. Барлық осы айтылған қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды. XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тіс ағаш, мала, егін оратын орақ, ағаштан жасалған аша, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатады. Егісті суару үшін суды көтеріп шығаратын әртүрлі аспаптар - атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды, оларды жергілікті ұсталар өздері істеді. Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-біріне ұқсас болды.Революцияға дейінгі Қазақстанның көркемдік мәдениеті өзінің бойына отаршылдық қонаудан туған жаңалықтармен бірге патриархалды - феодалдық құрылысқа тән дәстүрлі ерекшеліктерді де жиыстырды. Оның неғұрлым айшықты құрамдас бөліктері әдебиет пен музыка болды. Діни догмалар мен тиым салушылық бейнелеу өнері мен театрлық мәдениеттің дамуын қатты шегеріп қалды.Әдеби процестер екі бағытта: ауызекі шығармашылық пен жазба әдебиет бағытында жүріп жатты. Ауызекі шығармашылық ақындар айтысы, дастандар ерлік және сыршылдық-эпикалық поэмалар, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және басқалар түрінде дамыды.Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаев болды. Абай жиырма жыл бойы халықтың поэтикалық шығармашылығын, шығыс ақындырының шығармаларын және орыстың классикалық әдебиетін оқып-үйрендй. 1886 ж. 40 жасында Жаз деген өленің жазды, одан кейінгі жиырма жылғы өмірі поэтикалық қызметпен өтті.
Абай қазақ қоғамындағы жаңалық, прогресс атаулының бәрін өз бойында сақтаушы болды. Оның пікірі бойынша әрбір ойлайтын адамқоршаған болмысқа деген өзінің саналы қатынасын қалыптарыстуға тиісті. ОЛ адамзат қоғамын ізгі әрі парасатты, прогрессивті дамушы тұрғысында көргісі келді. Әрбір адам бұған өзінің шама-шарқындағы үлесін қосуға тиіс.Ақыл, ғылым, еркіндік қана адамды асқақтататын қоғамның прогресті дамытылуына талпынас Абай шығармашылығындағы басты бағыттардың бірі болды. Жекелеп алғандағы әрбір адамның адамзат қоғамына қызмет ету жолдарын Абай ең алдымен қоғамның материалдық және рухани гүлдеуіне жетудің құралы ретінде еңбектен көре алды.Абайдың бүкіл шығармашылығы жұмысы жоқтықпен ымыраға келмеушілік идеяларына құрылған. Оның пікірінде адамның мінез-құлқы тек қиыншылықтармен күресте, соларды жеңіп шығуда ғана шыңдалады. Ақын қоғамдық өмірдің өзіне белгілі сол кездегі жағдайында халық бұқарасы еңбегінің жемісін түгел пайдалана алмайтының түсінсе де, халықтың жасампаздық күшіне берік сенді.Әшкерелеуші өлеңдерінде Абай еңбекшілер көпшілігі мен үстемдік құрушы азшылықтың арасындағы антагонизмнің қарама-қайшылықтарын ашып көрсетті.Абайдың демократиялық көзқарасы оның ағамандар мен билердің қызметіне қатысын да айқындады. Царизм билердің құқықтарын шектегенімен, олардың едәуір қолында сот билігі шоғырланды, ал қазақ шаруаларының тағдыры көбінесе солардың кесіміне байланысты болды. Көптеген мәселелер бойынша билердің шешімдері патша әкімшілігінің мүддесін қорғады.Халықтың қараңғылығын пайдаланып, билер олардан пайда табуға барынша табысты. Абайдың сөзімен айтқанда, негізінен халық бұқарасын ақымақ қылды.
Абайдың жастар бойына ғылым мен білімге сүйіспеншілік қасиеттерін сіңіруге деген табанды талпынысы оның қазақ қоғамының, бірінші кезекте, надандық пен қараңағылыққа байланысты кеселдерін әшкерелеуінен көрінді.Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы "жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары" дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп "шежірешілер" деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: "Көшен-Қарауыл шежіресі" (ХVІІІ ғ.), "Жәңгір хан шежіресі" (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған "Ұлы жүздің шежіресі" және т.б. А.Құнанбаев пен Ш.Уәлиханов XІX ғасырдағы екі үлкен білім жүйесінің өкілдері болды: діни (мұсылмандық) және зайырлы (орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молдалар мен мұғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия, медицина, математика, лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды Ресейге қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызығушылық жолдарына салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар, оқытушылар, әскерилер, дәрігерлер даярлады.Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы танымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды. Ы.Алтынсарин (1841-1889) бастамасымен және тікелей қатысуымен Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің құрылуына қол жеткізілді. Ол, әсіресе, қолөнер және ауылшаруашылығы училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсап, байырғы халық арасынан Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап "Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы" және "Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық" атты оқу құралдарын жазды. Орыс кластарына қазақ тілінен сабақ беріп, ол ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту, қазақ әдеби тілін қалыптастыру жолында жемісті еңбек етті.Оқымысты Шоқан Уәлиханов өз халқының болашағын алдын-ала болжады. Осы арада да ол өте көрегендігін істеді. Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов орыс халқын тұтас алып отырған жоқ. Патша үкіметінің итаршысы болған, оның зорлық-зомбылығын жүгенсіз іске асырған бейбастақ орыс чиновниктері мен орыстың еңбекшіл халқының ара жігін ашып, айыра таныған болатын. Өз тұсында жақын досы Ф. М. Достоевскийдің: Что тянуло... офицеров и чиновников в Западную Сибирь и Казахстан? - деген сұрағына ол (Шоқан Уәлиханов): ...желание немного разбогатеть на обширных просторах независимой Татарии ...обирать киргиз и на их деньги шить жене померанцевое платье на цитровых лентах... - деп ащы мысқылмен жауап берген еді. Патша чиновниктерінің мінез-құлқын білетін Ф. М. Достоевский: ...хотя в Сибири холодно, но чиновникам живется тепло, - деп Шоқанның әлгі пікіріне үн қосты.
Шоқанның үнемі хат жазысып, хабарласып тұратын Петербургтегі достары: Ф. М. Достоевский, А. Н. Майков, В. С. Курочкин т.б. еді. Шоқан 1856 жылы Ф. М. Достоевскийге жазған бір хатында өзі қызмет істеп, өмір сүріп жүрген жерін ұнатпай, содан кеткісі келгенде: Омск так противен сплетнями и интригами, что я не на шутку думаю его оставить. Как вы думаете об этом? Посоветуйте, Федор Михайлович. Как это устроить лучше? - деп жазса, тап 1856 жылы Парижде жүрген И. С. Тургенев Россияға - Л. Н. Толстойға мынадай хат жазады: Париж бұдан бұрын маған мұндай жексұрын көрінген емес еді. Бұл қалаға өте рахат тұрмыс жараспайды. Мен Парижді басқа бір жағдайда көріп едім, онда маған ұнаған болатын... - деді. И. С. Тургенев пен Ш. Ш. Уәлиханов екеуі бірін-бірі көрмей білмей-ақ сол 1856 жылы екі қала туралы жазған хаттары қалай сабақтасып жатыр десеңізші. Жат елде, бөгде жерде жүрген екі адам бөтен қалаларда өмір сүріп, соның ойы-қырын білмегендіктен ұнатпайды. Әрине, жағдайлары ұйқаспаса да іштей жатырқап, іштері пысып, мүлде кеткісі келетіндігін баяндайды. Орыс пен қазақ халқының ардагерлері бірін бірі алыстан ұғысады.
Шоқан Уәлихановтың жас кезінен бастап-ақ Н. Ф. Костылецкий, Н. И. Дабшинский, Т. Сейфуллин сияқты Россияның зерделі адамдарымен тікелей байланыста болуы мәлім. Бұлардың бәрі де Қазан университетінің Шығыс факультетін бітірген егде адамдар, жас Шоқанның қалыптасуына айрықша ізгі әсерін тигізгендер. Екі жақты Шоқан тәрбиесін жазушы Сәбит Мұқанов түбегейлі көрсетіп, көп жылдық зерттеу нәтижесін жариялады.
Ыбырай Алтынсариннің нағыз педагог, шын мәнінде ағартушы адал азамат екенін айтқанда біз осындай ойларын ескеріп едік.
Бұл мектептердің мұғалімдеріне ол педагог Ушинскийдің Детский мир (Балалар әлемі), Крыловтың Мысалдар (Басни), Л. Толстойдың Азбука и книга для чтения сияқты орыс педагогтері мен жазушыларының кітаптарын ұсынады. 1879 жылы өзінің Хрестоматиясын баспадан шығарғанда: Бұл хрестоматияның кейбір кемшіліктері бола тұрса да, ескерусіз қалмас және оқулыққа арналған тұңғыш кітап болғандықтан, көздеген мақсатын орындап шығар деген үмітім бар, - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқы тарихының түпнұсқа деректерін ғыл
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
Ерте темір дәуірі отрядын
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
ҚР жастар субмәдениетін зерттеу
Тарихи уақытты талдау
Қола дәуiрі ескерткіштері
Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет
Қазақ, шығыс және еуропа әдеби байланыстары
Алтай – Тарбағатай аралығындағы ертесақ ескерткіштері
Пәндер