Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мейірбике колледжі

РЕФЕРАТ

Орындаған Данақұл Амалбек

382 топ

Ақтау қаласы 2020
Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру.
теориялық сабақтарда алған білімдерін негіздеп жүйелеу, жұмыс бағдарламасына сәйкес сабақ тақырыбы бойынша кәсіби білімдерін қалыптастыру;
субъективті, объективті, қосымша тексеру әдістерінің нәтижелерін талдауға, қорытынды жасауға қалыптастыру;
дағдыларын машықтауға жағдай жасау.
Дамытушылық:
- білім алушылар танымдық жұмыстарын белсендендіріп, тыңдай және есінде сақтай алуға ұмтылу, кәсіби,логикалық ойлау қабілетін дамытуға, яғни өз жауаптарын талдап, нақтылап, жоспарлап айту, шешім қабылдауға қалыптастыру;
- өз күшіне сенімді болып, жеке тұлға ретінде дамыту.
Тәрбиелік:
- білім алушылардың пәнге деген ынтасын арттыру,өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру;
- білім алушыларға кәсіби мінез құлықтарды: адалдық,шыншыл, ісіндегі ұқыптылық, дәрігер тағайындауын орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу;
- науқастарға мейірімді, зейінді, елгезек болуға қалыптастыру;
-медицина қызметкерлерінің бір-бірімен қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру;
- техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды қалыптастыру.
Тақырыпты зерттегеннен кейін білім алушы
білу керек:
бронхиттердің анықтамасын, этиологиясын, клиникалық көрінісін, ағымын, диагностикасын таңдауды, асқынуын, емдеу принциптерін жоспарлауды;
бронх демікпесінің анықтамасын, этиологиясын, клиникалық көрінісін, ағымын, диагностикасын таңдауды, асқынуын, емдеу принциптерін жоспарлауды;
игеруі керек:
тыныс алу жүйесінің аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруды жоспарлауды (қызба, тұншығу ұстамасы);
тыныс алу жүйесінің ауруларында алғашқы медициналық-санитарлық көмек; стационарлық көмек; стационарды алмастыратын көмек жоспарын ұйымдастыруды;
төтенше жағдайларда медициналық көмек; қалпына келтіру емі және медициналық оңалдыру жоспарын ұйымдастыруды;
науқас күтімі және кезек күттірмейтін жағдайлардың алдын алуын.

Пәнаралық байланыс:
Анатомия: Тақырып Тыныс алу жұйесінің құрылысы.
Физиология: Тақырып Тыныс алу жүйесінің қызметі.
Патологиялық анатомия: Тақырып Тыныс алу жүйесінің аурулары.
Патологиялық физиология: Тақырып Тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы.
Фармакология: Тақырыптар: Жалпы рецептура. Дәрілік түрлер, Бронхиттер, бронх демікпесінде қолданылатын дәрілер.
Мейірбике ісі негіздері: Тақырып Тыныс алу жүйесінің ауруларындағы медбикелік күтім.
Латын тілі: Тақырып Клиникалық терминдердің құрылымы.

Пәнішілік байланыс:
Тақырып Субъективті және объективті тексеру әдістері.
Тақырып Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері.
Тақырып Тыныс алу жүйесі ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру.

Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар:
Презентациялар:
Дәрілік заттарды ингаляция жасау үщін құрылғылар.
Пикфлоуметрді қолдану.
Қалталы ингалятормен қолдану.
Небулайзерді қолдану.
Дидактикалық материалдар.
Техникалық құрал-жабдықтар:
Интерактивті тақта.
Компьютер.
Медициналық жабдықтар:
1.Небулайзер.
2.Пикфлоуметр.
3.Қалталы ингалятор.
4.Медициналық (стерильді) қолғаптар, маска.
5. Муляждар.
6.Дәрі - дәрмектер.

Құрылымдық-логикалық кесте және сабақтың хронокартасы.


Сабақтың кезеңдері
Уақыты
Мазмұны
Оқытушының
іс-әрекеті
Білім алушылардың жұмысы
Сабақ кезеңінің мақсаты
1
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
Білім алушыларды сабаққа дайындау
Сәлемдесу. Білім алушылардың және аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру.Сабақта жоқ білім алушыларды журналға белгілеу.
Жұмыс дәптерлерін дайындау.
Жұмыс жағдайын ұйымдастыру. Ұқыптылық, мұқияттылық қалыптастыру.
2
Сабақтың мақсаттарын қою.
3 мин
Білім алушылардың назарын жаңа тақырыпқа аудару (қосымша 1)

Сабақтың тақырыбын атап, мақсаттарымен таныстыру.
Тақырыптың өзектілігін ашу.
Сабақ өту жоспарымен таныстыру.
Жұмыс дәптерлеріне сабақ тақырыбын және мақсаттарын тіркеу.
Оқытуды уәждемелеу, қызығушылықты тудыру.
3
Теориялық білімдерінің өзектілігі.
30 мин
Сұрастыру алқасы әдісімен ауызша сұрастыру (қосымша 2)

Сұрақтар қою, жауаптарын тыңдау, комментарийлер беру.
Сұрақтарға ауызша жауап беру.
Логикалық ойлауға қалыптастыру, теориялық білімдерін тексеру.
Өткен тақырыптарды қайталау.
4
Жаңа білімдерді
алғашқы меңгеру
65 мин
Кіріспе нұскау өткізу:
муляжда өкпе аускультациясында бронх демікпесіндегі дыбыстарды тыңдау
ингаляциялар өткізуге арналған құралдардың түрлері
(презентация 1)
қалталық ингаляторды қолдану (презентация 2),
пикфлоуметрия
(презентация 3), тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының күнделігін жүргізу және пикфлоуметрия графигін құрастыру
(қосымша 3)
небулайзерді қолдану
(презентация 4)

Жаңа тақырыпты түсіндіру, презентацияларды түсініктемелер беріп көрсету,
манипуляцияларды көрсету және түсіндіру
Сұхбатқа қатысу, манипуляцияларды қадағалау, презентациялар қарау.
Бронх демікпесінің аускультациялық белгілерін, бронх демікпесінде қолданылатын дәрі-дәрмектерді түсіндіру;
пикфлоуметриямен тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының күнделігін толтырудығ графигін құруды,
қалталы ингаляторды, небулайзерді қолдануды үйрету.
5
Студенттердің өзіндік жұмысы

145 мин
1.Іскерлік имитациялық ойын Бронх демікпесімен ауыратын науқастарға арналған денсаулық мектебі. Студенттер учаскелік медбике және пациенттер болып топшаларға бөлінеді (жеребе салу арқылы).
Сабақ тақырыбы:
қалталы ингаляторды қолдану (қосымша 4)
пикфлоуметрия өткізу (қосымша 5)
небулайзер қолдану (қосымша 6)
2: Симуляциялық оқыту, стандартталған пациент тәсілінің элементтері:
Бронх демікпесі өршу кезінде шұғыл көмек көрсету - (қосымша 7)
(амбулаториялық қабылдау)
3.Тыныс жүйесінің ауруларында медбикелік үрдісті ұйымдастыру -құзыреттілік бағытталған тапсырмалар
(қосымша 8)
Білім алушылардың жұмысын бақылау, нысаналау.
Бақылау парақтары арқылы өткізілген манипуляциялардың дұрыстығын бағалау.
Жауап эталондарын қолданып студенттердің жазбаша жұмыстарын өзіндік бақылау.
Манипуляциялар өткізу алгоритмдерін қолданып студенттер жұптасып тәжірибелік манипуляцияларды бір-біріне өткізіп дағдыланады.
Оқытушыға бағалау үшін манипуляцияларды тапсырады.

Тәжірибиде білімдерін бекіту, клиникалық ойлау қабілетін, жеке жұмыс іс-әрекеттерін, пациенттермен қарым-қатынасын дамыту.
6

Білімдерін а бекіту
15мин
Пресс- конференция тәсілімен ауызша сұрау
Жұмыс жасауларын бақылау, нәтижелерін талдау, пресс конференцияға қатысу.
Сұрақтар дайындау, сұрақтарға жауап беру, талдауға қатысу.
Білімдерді бекіту.
7
Үйге тапсырма
2 мин
Үй тапсырмасын атау:
Тақырып: Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру (Жедел пневмониялар, өкпенің іріңді аурулары, пневмосклероз).
Дайындалатын негізгі әдебиет: Ішкі аурулар. 1том. Б.С. Қалимурзина. - Алматы, 2007ж.21-79б;
дәріс конспектілері.
Білім алушыларды жаңа материалды зерттеуге бағыттау.
Үй тапсырмасын тыңдау.
Таным іс-әрекетін дамыту.
8
Рефлексия (сабақты қорытындылау)
3 мин
Сұхбат:
Сабақта не білдіңдер, не үйрендіңдер?
Қалай ойлайсыңдар, жаңа тақырыпты қандай деңгейде меңгердіңдер?
Жақсы меңгеру үшін не істеуге болады? Сабақтың қай кезеңі ұнады? Қандай қиындықтар болды? Өздерініздің сабақтағы жұмысыңызды бағалаңыз.
Сұрақ қойып сұхбат жүргізу.
Сұхбаттасуға қатысу.
Сабақ нәтижелерін, білім алушылардың жұмысын бағалау.
9
Сабақты қорытындылау.
10 мин
Бағалау парағында балдарды санау
(қосымша 9)
Білім алушылардың ауызша жауабын, өз беттерінше жұмыстарын, белсенділіктерін бағалау және қателіктерін ескеріп, сын айтып түзету жүргізіп жалпы баға қою.
Жұмыс дәптерлеріне қорытындыларды жазу. Бағалауды талдауға, қорытынды жасауға қатысу.
Қорытындылау, білім алушылардың таным іс - әрекетін бағалау.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТТАРЫН ҚОЮ.
Соңғы жылдары экологиялық жағдайдың нашарлануына, шылым шегу кең тарауына, адам ағзасының реактивтілігінің өзгеруіне байланысты тыныс алу жолдарының аурулары жиі кездеседі.Бұл ауруларға бронхиттер, бронх демікпесі жатады.
Бронхиттер бронхтардың кілегей қабатының эндо және экзогенді факторларының әсерінен қабынуы.
Бронх демікпесі негізінде патогенетикалық механизмдері қабынулармен шартталған, ал клиникалық көрінісі бронх тарылу салдарынан экспираторлық ентігу мен, бронх кілегейінің гиперсекрециясы және ісінуімен сипатталатың тыныс жолдарының созылмалы ауруы.
Бронх демікпесі әлемдік көлемдегі проблема.Бүкіл әлемде 300млн адамдай бронх демікпесімен ауырады. Бұл ауру кез келген жаста кездеседі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бүгінгі таңда әлемде ересек адамдардың 5%, ал балалардың 30% жуығы осы дерттен зардап шегеді.
Тыныс алу жүйесінің ауруларының емінде, күтімінде, диспансерлік бақылауында медбикелердің ролі аса маңызды.
Бүгінгі сабақ тақырыбының мақсаты: бронхиттер, бронх демікпесі диагностикасы, емі, алдын алуында мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ.

Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру тақырыбы бойынша сұрақтар тізімі.

1. Тыныс алу жүйесінің аурулары және асқынулары.
2. Жедел бронхит, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу принциптері, асқынулары.
3. Созылмалы бронхит, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу принциптері, асқынулары, алдын алуы.
4. Бронх демікпесі, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу принциптері, асқынулары, алдын алуы.
5. Бронх демікпесі, өршу кезеңдері, шұғыл көмек.

Тірек дәрісі.
Тақырыбы: Бронхиттер, бронх демікпесі кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Жедел бронхит - бронхтардың кілегейлі қабатының жіті қабынуы, басым жағдайда инфекциялық, вирусты, аллергиялы, физикалық-химиялық, факторлардан, 1 айға дейін созылатын ауру.
Этиологиясы: 90% вирус немесе микоплазма және физикалық - химиялық заттар (салқын немесе ыссы ауа, шандар, сілтілер және қышқылдар буы, хлор, бром, аммиак булары,азот тотығы, күкірттің қос тотығы), аллергиялық фактор (органикалық шаң, өсімдік тозаңы және т.б.).
Қауіп - қатерлі факторлар: Мұздау, темекі тарту, вирустық және аллергиялық аурулар, иммунтапшылық жағдайлар, күз-қысқы мезгіл, гайморит, синусит, тонзиллит.
Патогенезі: Жоғарыда аталған себептердің кеңірдек, бронх, кейде тіпті бронхиолалардың кілегейі зақымдалады, осы жерде зат алмасу бұзылады, эпителий жасушалары түлеп жойылады, бронх ішінде кілегейлі немесе кілегейлі-іріңді қақырық пайда болады. Науқас жазылғаннан кейін эпителий қалпына келеді.
Клиникалық белгілері:
Жөтел,бастапқысында құрғақ, қажытатын; кейін кілегейлі қақырықты, ентікпе.
Интоксикация синдромы: шаршау,қалтырау, субфебрилитет, арқадағы жəне бұлшықеттердегі ауырсынулар.
Аускультацияда - өкпелерде қатан тыныс.
Диагностикасы:
ЖҚА: нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ сәл жоғарлауы.
Емі: Асқынбаған жіті бронхитті негізінен үйде (амбулаториялық) емдейді: төсек тәртібі және симптоматикалық ем. Медициналық қызметкер бөлмені желдетіп, темекі тартпауын қамтамасыз етеді.
№ 15 диета. Ас оңай сіңетін, С және А дәрумендеріне бай, калориялы болуы тиісті.
көп мөлшерде жəне жылы сұйықтық (бал, лимон, таңқурай тосабы қосылған шай, жылытылған минералды сулар
мукорегуляторлар (таңқурай, түймедақ, шалфей, жебір (чабрец), итмұрын, жидек, қарақат қосып шай ішкізу)
қызба кезінде қызу түсіретін препараттар
бронхоспазмолиттіктер
антибактериалды терапия (аминопенициллиндер, макролидтер) ірінді қақырық бөліне бастаса және интоксикация белгілері күшейген жағдайда тағайындалады
вирусты этиологиялы жіті бронхитте вирусқа қарсы препараттар тағайындалады (ремантадин немесе интерферон)
алдандырушы терапия (жылыту емшаралары, қыша, булық ингаляциялар)
витаминотерапия: А, В, С.
Алдын алу:
Ағзаны шынықтыру
Жіті респираторлық аурулардың қайта қозуының алдын алу
Жоғарғы тыныс алу мүшелерін дер кезінде емдеу
Зиянды әдеттерден бас тарту
Созылмалы бронхит - ең кемінде соңғы екі жыл, қатарынан үш ай қақырықты жөтелмен білінетін бронхтардың қабыну процесі.
Этиологиясы:
Экзогендік факторлар:
активті немесе пассивті темекі тарту - 80%
ауаның поллютантармен ластануы
кәсіптік зиянды заттар
ауа райының жағымсыздығы
инфекциялық заттар
Эндогендік факторлар:
жедел респираторлық аурулармен жиі ауру
мұрын - көмейдің аурулары (ауаның вентиляциясын бұзатың)
зат - алмасу бұзылыстары
бронх тармақтарының жергілікті және туа бітен кемістіктері
Клиникалық белгілері: жөтел , қақырық тастау, ентікпе.
Жөтел: бастапқы кезде - тәңертенгі, салқын мезгілде; кейін ұстамалыға айналады.
Қақырық тастау: тәңертенгі мезгілде, кілегейлі, кілегейлі-ірінді, ірінді, аз мөлшерде, қиын бөлінеді.
Ентігу ұсақ бронхтардың обструкциясы дамығанда пайда болады.
Интоксикация синдромы.
Қарағанда: Аурудың әбден дамыған кезінде акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, тырнақтардың сағат шынысындай өзгеруі.
Перкуссияда: эмфиземада - қорап дыбысы.
Аускультацияда: өкпелерде қатан тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар.
Диагностикасы:
ЖҚА, ҚБА, жалпы қақырық анализы, қақырықты антибиотиктерге сезімталдыққа және БК тексеру,өкпенің рентгенографиясы,спирография, бронхография, бронхоскопия.
Емі: Төсек режимі. № 15диета
Антибактериалды терапия 7 - 10 күн
Симптоматикалық ем.
Тыныс алу гимнастикасы, кеуде торына массаж, физиотерапия.
Ремиссия кезінде санаториялық-курорттық ем.

Бронх демікпесінің өршу кезеңдері

Белгілері
Өршу кезеңдерінің дәрежелері

Жеңіл
Орташа ауыр
Ауыр
Өмірге қауіпті жағдай
Физикалық белсенділік
Сақталған
Шектелген
Төмен
Сақталмаған
Есі
Анық, кейде қозу болады
Қозу
Қозу, қорқу
Бұзылған, коматозды жағдай
Сөйлеу қабілеті
Сөйлемдермен жауап береді
Қысқа сөйлемдер
мен жауап береді
Сөздермен жауап береді
Сөйлемейді
Экспираторлы ентігу
Жүргенде
Сөйлегенде
Отырған кездеде, науқас мәжбүрлі жағдайда
Тынысы жоқ
ТАЖ
(1 минутта)
Тахипноэ 24 дейін
Тахипноэ 30 дейін
Тахипноэ 30 жиі
Брадипноэ
Қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы
Қатыспайды
Қатысады
Айқын көрінеді
Парадоксальды торакодиафрагмалды тыныс (іш қуысының алдыңғы қабырғасының ішке тартылуы)
Өкпе аускультациясы
Ысқырықты тыныс тыныс шығару сонында
Ысқырықты тыныс тыныс шығаруда естіледі
Ысқырықты тыныс тыныс алу да тыныс шығару фазаларында
Тынысы жоқ

ЖСЖ
(1 минутта)
100- ге дейін
100 - 120
120-дан жиі
55
Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы % (ПСВ)(қалыпты жағдайдан)
80%
60 - 80%
60 %
33%
(бірнеше белгілердің болуы бронх демікпесінің өршу кезеңің сиппаттайды)

Қосымша 3.

Кесте 1. Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы (ПСВ) (лмин) қалыпты жағдайда
Бойы
(см)
Ерлер, жасы (толық жыл)

20-25
30
35
40
45
50
60
65
70
160
572
560
548
536
524
512
488
476
464
168
597
584
572
559
547
534
509
496
484
175
625
612
599
586
573
560
533
520
507
183
654
640
626
613
599
585
558
544
530
191
679
665
650
636
622
608
579
565
551
Бойы
(см)
Әйелдер, жасы (толық жыл)

20-25
30
35
40
45
50
60
65
70
145
337
366
356
345
335
324
303
293
282
152
403
392
382
371
361
350
329
319
308
160
433
422
412
401
391
380
359
349
338
168
459
448
438
427
417
406
385
375
364
175
489
478
468
457
447
436
415
405
394
Стандартты ауытқу 60лмин
Пикфлоуметрияның нәтижелеріне баға беру.
Пикфлоуметрдің көрсеткіштері әрбір науқастың жынысына, жасына және бойының өлшеміне қарай есептелінеді. Бұл құрылғыны қолданғаннан бастап 3 - 4 апта аралығында үш түсті зонамен көрсетілген диаграмма құрылады. Ол үшін науқастың жағдайы тұрақты болуы қажет, бронхообструкцияның белгілері болмауы керек.
Ең көп нәтижеге жеткенде (қалыптағығы жақындаған кезде) оны 0,8 - коэффициентіне көбейтеміз - мысалы, егер ең көп көрсеткіші пикфлоуметрияның 400лмин болса, 400-ді 0.8-ге көбейтеміз. Нәтижесінде 320лмин болады. Өлшеу нәтижесі осы көрсеткіштен жоғары болса ол жасыл аймаққа жатады - тыныс алу жолдары қалыптыға сай болуда.
Сары аймақ бұл зерттеу көрсеткіші 0,5 коэффициентіне көбейтілген. Ол дегеніміз 200 болады (ол сары аймақтың ең кіші көрсеткіші). Бұл кезде сары аймағының көрсеткішінің мағынасы 200 лмин-320лмин дейін болады. Егерде пикфлоуметрияның көрсеткіші осы аймақта тұратын болса, дәрігердің араласуымен коррекция жүргізілуі қажет.
Сары аймақтан төмен көрсеткіш қызыл аймақ. Егер көрсеткіш қызыл аймақта болса, онда науқаста тыныс жеткіліксіздігі дамыған, тез арада дәрігердің көмегі қажет.
Есте сақтаңыз! ТШШЖ тұрақты түрде бақылау бронх демікпесінің ағымын бақылауға және ем-шараның коррекциясын уақытымен жасауға мүмкіндік береді.
Пикфлоуметрия графигін құрастыру.
Аты - жөні: Бисенов Сабит, 25 жаста, бойы 160см
Дәрілік терапия: беродуал ингаляциялары күніне 1 рет.

Пикфлоуметрия графигі

Пикфлоуметрияның күнделігі (науқастарға нұсқау).

1.Пикфлоуметрия көрсеткіштерін тіркеуге арналған кесте.

Аты - жөні:
Қолданылатын дәрілер:

Ай,
дата

2
3
4
5
6
7
8
9
ж.т.б.

*
)
*
)
*
)
*
)
*
)
*
)
*
)
*
)
*
)

800

750

700

600

550

500

450

400

350

300

250

200

150

100

50

Қосымша мәліметтер

жөтел

тыныстың қиындауы

қақырық тастау

Ескерту: * - таңғы өлшеу көрсеткіші, ) - кешкі өлшеу көрсеткіші

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Бронх демікпесімен ауыратын науқастардың мектебі

Қазіргі мезгілде Қазақстан республикасында облыстық, аудандық, қалалық клиникалық ауруханалар және емханалар жанында Денсаулық мектептері кең тараған.
Бұл мектептердің мақсаты - аурудың алдын алуында, емінде, реабилитацияда науқас пен медицина қызметкері арасында серіктестік байланысың қалыптастыру, дәрігердің нұсқауларын, тағайындаған емін толық орындау.
Бұндай мектептердің сабақтарына қатысқан науқастарда денсаулығына деген көз қарасы өзгеріп, жауапкершілігі жоғарылайды. Науқастардың белсенділігі жоғарылап, сауығуға ынтасы күшееді.
Бүгінгі тәжірибелік сабақта біз бронх демікпесімен ауыратын науқастардың мектебінде пикфлоуметрмен және ингаляциялық құралдармен қолдану атты сабағын ұйымдастырамыз.
Сабақтың тақырыбы:
Қалталы ингаляторды қолдану (қосымша 4)
Пикфлоуметрия өткізу (қосымша 5)
Небулайзер қолдану (қосымша 6)
Қосымша 4.

Қалталы ингалятормен қолдану манипуляцияның алгоритмі
Мақсаты: емдік
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша
Жабдықтары:
сабын
жеке сүлгі
жеке ингалятор
КЕЗЕҢДЕРІ
ДӘЛЕЛДЕУ
Ем шараға дайындық
1. Пациентке емшараның мақсатын, орындалу тәртібін түсіндіру, келісімін алу.
Ақпаратпен қамтамасыздандыру
2. Қажет жабдықтарды дайындау
Ем шараның нәтижелі орындалуын қамтамасыз ету
3. Қолды сабынмен жуып, жеке сүлгімен құрғатып сүрту

4. Ингалятордың жарамдылық мерзімін тексеру
Фармакотерапия талаптарын орындау
Ем шараны орындау
5. Ингалятордың сақтандырғыш калпағын шешіп, баллонның түбін жоғары қарату
Ем шараның орындалуына қажет шарт
6. Аэрозолі бар баллонды жақсылап сілкілеу
Дәрілік заттың ингалятор ішінде бірдей орналасуы
7. Пациентке қолына ингаляторды алып терең тыныс алып, ауызына мундштукті ерінімен бекітуді сұрау
Дәрілік заттың керекті дозада енгізу үшін
8. Терең тыныс алып ингалятордың түбінен басу
Манипуляцияны орындалуына қажет шарт
9. Пациентке тынысын бірнеше секундқа (5-15сек) ұстап тұруын өтінеміз, кейін мундштукты ауызынан шығарып ақырын дем шығаруын сұраймыз

Ем шараның аяқталуы
10. Ингаляциядан кейін баллонға сақтандырғыш калпағын кигізу.
Препараттың сақталуын қамтамасыз етеді
11. Қол жуу, жеке сүлгімен құрғатып сүрту.
Жеке гигиена сақтау мақсатында
Есте сақтаңыз: аэрозоль дозасының терең еніуінен тиімділігі байланысты

Қалталы ингаляторды қолдану
манипуляцияны ретімен орындалуын бақылау парағы

1
Ингалятордың жарамдылық мерзімін тексеру
1 балл
2
Ингалятордың сақтандырғыш калпағын шешіп, баллонның түбін жоғары қарату
1 балл
3
Аэрозолі бар баллонды жақсылап сілкілеу
1 балл
4
Терең тыныс алып, ауызына мундштукті ерінімен бекіту
1 балл
5
Терең тыныс алып ингалятордың түбінен басу
1 балл
6
Тынысын бірнеше секундқа (5-15сек) ұстап тұру, кейін мундштукты ауызынан шығарып ақырын дем шығару
1 балл
7
Ингалятордың сақтандырғыш калпағын шешіп, баллонның түбін жоғары қарату
1 балл
Максималды балл
7 балл

Оқытушыға нұсқау:
Бағалау критерийлері: 1 балл - жауап дұрыс және толық
0,5 балл - толық емес жауап
0 балл - жауап дұрыс емес

Қосымша 5.

Пикфлоуметрді қолдану манипуляциясының алгоритмі.

Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша
Жабдықтары:
сабын
жеке сүлгі
пикфлоуметр


Манипуляцияның жүргізілуі
1
Көрсеткішті ақырына дейін түсіріңіз. Көрсеткіш нольге дейін түсіріледі.
2
Орныңыздан тұрыңыз. Аузыңызды ашып терең тыныс алыңыз. Бір қолыңызға пикфлоуметрді алыңыз. Сандық шкалаға қолыңызды қоймаңыз.
3
Мундштукты тез және берік ерніңізбен бекітіңіз. Мундштукты тіліңізбен жабуға болмайды. Шамаңыз келгенше жылдам әрі терең тыныс шығарыңыз.
4
Көрсеткіш жоғары көтеріліп тоқтайды. Көрсеткішке тиіспеңіз. Көрсеткіштің тоқтаған саның белгілеңіз.
5
Көрсеткіштегі санды қағазға түсіріңіз немесе графикке белгілеңіз.

6
Осы қалыпты тағы екі рет қайталаңыз. Әрбір тыныс шығарудың алдында көрсеткішті төмен түсіріңіз. Әрбір өлшенген көрсеткішті тіркеп отырыңыз.
Пикфлоуметрді қолдану
манипуляцияны ретімен орындалуын бақылау парағы

1
Мақсаты: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Миокард инфарктісі және СЖЖ кезіндегі мейіргерлік көмек
Мейірбике және пациенттер
Тірек - қимыл аппараты аурулары әдебиеттерге шолу
Мейірбикелік үрдіс түсінігі
Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейіңгі көмек
Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы
Мейіргерлік үрдіс кезеңдері
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Бүйрек шаншу ұстамалары кезіндегі алғашқы шұғыл көмек алгоритмі
Қант диабетінің бұзылусының себептері
Пәндер