Қосылған құны жоғары азық-түлік өнімдері мен қызметтердің аймақтық өндірісі: бизнес-жоспар және импортты азайту стратегиялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

№ 5-ші практикалық жұмыс

ҚОСЫЛҒАН ҚҰНЫ ЖОҒАРЫ ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ АЙМАҚТЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫ

http://clipart.coolclips.com/480/vectors/tf05197/CoolClips_vc019696.png
№ 40-42 тақырыпты оқыныздар. «География» оқулуғы. 11 класс.
1 тапсырма. Қазақстанның Ресейден импорттайтын азық-түлік тауарларының құрылымын талдау. Сенің тұратын аймағыңда осы өнімдерді өндіру үшін шикізат базасы бар ма? Сенің тұратын аймағыңда қосылған құны жоғары қандай азық-түлік тауарларын өндіруге және басқа мемлекеттерге экспорттауға болады? Алдағы уақыттада Ресейден және басқа елдерден бірқатар азық-түлік өнімдерін сатып алу тәуелділігі неге сақталады деп ойлайсың? Сенің тұратын аймағыңда өз шикізатын терең өңдеу есебінен азық-түлік өнімдерінің импортын төмендету бойынша идеяларды ұсыныңдар.

Ресейден жоғары қосылған құны бар азық-түлік тауарларының экспорты (мың тонна)

2 тапсырма. Аймақта жоғары қосылған құны бар өнімдер мен қызметтерді өндірудің бизнес-жоспарын жасаңдар. Экономикасы шикізатты өндіруге бағытталған аймақтарда шикізатты терең өңдеу идеясын ұсыну. Ірі қалаларда тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету және көлік саласында қызмет көрсету бойынша идеялар. Туристік-рекреациялық аймақтарда - демалыс және ойын-сауық саласын дамытуға арналған өз ойың.

№ 1 кеңес. Бизнес үшін бизнес-жоспар құру.

Сапалы бизнес-жоспар құру - бизнестің маңызды кезеңдерінің бірі, ол кейіннен табысқа немесе сәтсіздікке ұшыратуы мүмкін. Бизнес-жоспармен таныспай тұрып бірде-бір инвестор жобаға өз ақшасын салмайды. Сондықтан, барынша объективті көрініс алу үшін - бизнес жоспарда қауіптерді, тәуекелдерді және сәтсіздік ықтималдығын қоса алғанда, жобаның барлық егжей-тегжейлері ескерілуі тиіс.

Стандартты бизнес-жоспар.

  • Кіріспе бөлімі (бизнес-идеяны негіздеу) ;
  • Сенің аймағыңда өндіру/ұсыну жоспарланған тауарлар немесе қызметтер тізімі;
  • Маркетингтік стратегияны таңдау және маркетингтік жоспар құру;
  • Тауардың/қызметтің соңғы тұтынушыға дейін қозғалысын көрсететін өндірістік және жұмыс процестері;
  • Бәсекеге қабілеттілігі;
  • Мүмкін болатын тәуекелдер;
  • Күтілетін нәтижелер.
№2 Кеңес. Бәсекелестерді талдау

Жеке бизнесті нөлден бастау - бұл ең алдымен, нарыққа енген және өз позицияларын берік нығайтуға үлгерген негізгі ойыншылардың күшті және әлсіз жақтарын бағалауға мүмкіндік беретін маркетингтік зерттеудің бір бөлігін білдіретін бәсекелестерді талдау. Бұл кезең үшін бәсекелестер өнімдерінің ассортиментін, олардың баға саясатын, жалпы даму стратегиясын және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді перспективада олардың жұмысының нәтижелерін бағалауды мұқият зерделеу.

.

№3 Кеңес. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау.

Қызметкерлерді жинаған кезде, олардың жұмыстың көп бөлігін орындайтынын және түпкі нәтиже олардың құзыретіне тікелей байланысты болатынын әрдайым есте сақтау қажет. Қызметкерлерді жалдау кезінде олардың кәсібилігіне, біліктілігіне және тәжірибесіне назар аудару керек.

№4 Кеңес. Жарнама.

Бастапқы кезеңде ең басты міндет-компания және сенің өнімің/ ұсынатын қызметің туралы халық білуі тиіс, сондықтанда алғашқы уақытта жарнама беру керек. Оған қоса бірнеше акция жасау немесе бонустық бағдарламаны іске қос.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азық-түлік өнімдері мен биоматериалдардың реологиясы: зертханалық практикум
Қызылорда облысында қақталған ет өндірісі цехын ашу бойынша бизнес-жоспар (2011)
Тамақ өнімдері өндірісінің технологиясы пәнінің оқу-әдістемелік кешені (6M072700 - Азық-түлік тағамдарының технологиясы)
Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу және азық-түлік қауіпсіздігі арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Фирмалардың құқықтық нысандары, құрылымы және бизнес-жоспар мен маркетингтік стратегиялары
Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі: мәселелер мен шешу жолдары
Күнкөріс минимумы және азық-түлік себетінің нақты құны Қазақстанда (2010-2015): құрылым, есептеу және әлеуметтік көрсеткіштер
Азық-түлік өнімдері технологиясы бойынша өндірістік тәжірибе есебі: тритикале дәнінің сипаттамасы және зертханалық талдау әдістері
Спортшылардың тамақтануы және азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі
Тамақ өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары: оқу-әдістемелік материалдар (5В072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz