МОНТЕССОРИ МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫСЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОҒАРҒЫ ПЕДАГОГИКА МЕКТЕБІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ

М. МОНТЕССОРИ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ КУРСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ДАЙЫНДАҒАН БАЯНДАМАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «МОНТЕССОРИ МАТЕРИАЛДАРЫМЕН

ЖҰМЫСЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Дайындаған: ДДВО-21 в тобының студенты Оралова М. О

Тексерген: Г. К. Байжунусова

Монтессори тобындағы материалдарға төмендегідей талаптар қойылады:

1. Бала өз қозғалыс қажеттіліктерін іске асыра алу үшін ортаның барлық материалдарына еркін қол жеткізе алуы керек.

2. Материалдар төмен, жақсы көрінетін, баланың бойына сәйкес сөрелерде тұрғаны жөн.

3. Төменгі сөрелерге ауыр, көлемді материал, ал жоғары сөрелерге жеңілірегін орналастырған дұрыс болады.

4. Балалардың материалды орнынан қозғауды жеңілдету мақсатында оны бөлшектеп әкелуге үйретуге болады.

5. Материалдарды жақтаулары ыңғайлы шағын табақшаларға орналастырған жөн.

6. Баланың Монтессори - топта бейімделу кезеңінде пластикалық жинақтар қолдануға болады, бұл ыдыс құлаған жағдайда, сәтсіз жағдайда қорқыныш, өзіне сенімсіздігін төмендету мақсатында істеледі.

7. Сенсорлық және күнделікті өмір жаттығулары аймағы қозғалыс дамуы қалыпты балаларға арналған ортаға қарағанда құрылымы бойынша көлемдірек болуы керек.

8. Материалдар дамуында бұзылуы бар балаларға қызықты болғаны жөн: классикалық Монтессори-материалдардың арасында көзге түсетін, ашық түсті қоямыз.

9. Презентациялардың кезеңділігін ескеру керек (цилиндрлер блогында бірнеше тесікті жауып қою, ілгекті рамкаларды 2-3 үлгімен шектеу) .

10. Қозғалыс бұзылуы ауыр балалар үшін материалды түрлендірген дұрыс (“қызғылт мұнара” кубиктерін магнитпен жабдықтау, цилиндорлер көлемін үлкейту, оңай қысылатын қысқыштар қолдану)

11. Қағаздан жасалған құрал -жабдықтарды ламинациялау немесе пластикалық заттармен алмастыру керек.

12. Карточкалардағы суреттер қажетінше ірі және шынайы болғаны абзал.

13. Топтық сабақтарда суреттерді емес, шынайы заттарды таңдаған жөн.

14. Сызықтың бойымен жүру жұмысы кезінде баланың жеке қозғалыс ерекшеліктерін ескеріп, статикалық позаларды қолданбау қажет.

М. Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды:

1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерту;

2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету;

3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.

1. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері.

1896 жылы Рим университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М. Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылды.

Университеттің емханасынада ақыл - ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді. 1900 жылы Марияның өзі дамуын да ауытқушылықтыры бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сойлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірқатар уақыты өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу, есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді. 1909 жылдан бастап М. Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдің педагогтары үшін курстар ашылды. 1910 жылы «Монтессори әдісі» атты кітап жарық корді. 1929 жылы М. Монтессори қазіргі кезде де жасап жатқан халықаралық Монтессори Ассоцасиясының негізі салынды. Италиядан Фашистік тәртіп кезінде елден кетеді, 76 жачында қайта оралып, көптеген еңбектерін шығарады. 1950 жылы Амстердам университетінің профессоры атағы, докторлық құрмет дәрежесі беріледі. Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сойлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы - «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай - ақ, олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады. Бүгінде осы әдіспен жұмыс жасайтын балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді. Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды. Монтессори әдісі үшін негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңейюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан - ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.

Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған . Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер құм шамасындай чиптерде сақталатын заманда ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болды. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдыға қоятын проблемаларды шешетін келесі ұрпақты қалай тәрбиелей аламыз? Шынайы, іс жүзіндегі жұмыс қана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жаттатудан баланың қолы мен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшу тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, біз оқыту барысында табиғатпен үйлесімді жұмыс іс тей аламыз. Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену, жұмыс пен тапсырманы орындау барысында ләззат алу адамзат табиғатына тән. «Өзін - өзі қалыптастыру» әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, біз өзіміздің педагогтар ретіндегі ролімізді сәулет инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз балалардың шығармашылығын, қиалы мен дербестігін ынталандыру барысында дағдылар мен білімдерін қалыптастыратын жоспарлар, материалдар, құралдар мен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек. Мен осы салада жұмыстанып жүргеніме 1 жыл болды. Осы бір жыл ішінде балалар жақсы нәтижеге жетуде. Білуге, үйренуге деген талпыныстары, өз - өзіне еңбек ету, бір - бірімен қарым - қатынас жақсарып. Бір ойыншыққа таласпай күте білуді, қоршаған ортаға деген қызығушылығы, өз ойларын ашық айтуға т. б қарым - қатынастарда жақсы нәтиже беруде.

Монтессори әдісінің ережелері:

- Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу.

- Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.

- Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкін діктер беру.

Монтессори педагогтың міндеттері мен басты ережелері:

- Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу.

- Негізгі түстерді айыра білуге үйрету.

- Ұсақ моториканы дамыту.

- Алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру.

- Зейінін тұрақтандыру.

- Тәртіпке үйрету.

Негізгі сабақ түрлері:

- Материалдармен жұмыстың жеке көрсетілімі.

- Топтық сабақ

- Жаңа ұғымдар туралы сабақ.

Монтессоридің негізгі 5 аймағы:

1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы.

2. Сенсорика аймағы.

3. Математика аймағы.

4. Тіл аймағы

5. Ғарыш аймағы.

1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы:

Күнделікті өмір жаттығулар аймағы кішкентай балалар үшін ерекше маңызды. КӨЖ аймағында бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін материалдар орналасқан. Материалдар бала өзі істейтін ісінің мақсатын айқын түсінген жағдайда таңдап алынады. Бала өзі киінуге (түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді. Ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, айна сүртуге, киім - кешек жууға, шын үтікпен оны үтіктеуге, салаттар жасауға, көкөністер тазалауға, кесуге, майдалауға, жаңғақ ашуға, аяқ киім тазалауға, бір жерден екінші жерге тасымалдауға өзіне - өзі қызмет етуге үйретеді.

2. Сенсорика аймағы:

Бұл аймақта бала қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді - осындағы материалдар арқылы өзінің көру сезімін (Түрлі түсті кестелер, көлемі мен пішінін ажыратуға арналған материалдар т. б) . Сипап сезу сезімін (сипау үшін тақтайшалар, маталардың қиындыларының жиынтығы т. б) . Иіс сезу (иістері бар жәшікшелер) . Дәм сезу (дәм сезу банкашалары т. б) . Есту сезіміне (шуылдайтын қорапшалар, музыкалық аспаптар т. б) жетілдіреді, сол сияқты температураны ажырату, заттардың салмағының айырмашылығын білу және есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады.

3. Математика аймағы :

Сенсорлық материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Оның үстіне математиканы үйрену табиғи жүріп отырады: себебі бала жай ғана математикамен ұласатын дайындалған ортада өмір сүреді. Математикалық дамыту аймағы бала санауды, қосу мен азайтуды, көбейту мен бөлуді, түбірге алу, мағыналы сандармен жұмыс істеу үшін барлық керекті материалдардан тұрады.

4. Тіл аймағы:

Балаға тілді алып жүруші ретінде тілді дамытуға арналған (онсыз толыққанды интеллектуалды өсу мүмкін емес болғандықтан) тиісті материалдар қажет. Берілген аймақта жазуға моторлық (қимылдық) дайындық, фонетикалық естудің дамуы, жазу мен оқуға үйрету, т. б қарастырылады. Бұл жерде бала өзінің қорын кеңейтуге, әріптермен танысуға, саусағымен қиынырақ әріптерді салуға, манна жармасына сурет салуға, сондай - ақ жылжымалы алфавит арқылы сөздерді қоюға үйрене ді.

5. Ғарыш аймағы:

Жұмыс баланы қоршаған ортамен байланыстырады. Ғарыш аймағында балалар жер бедері, жер шары, әлем бойынша елдерді, олардың мәдениеті мен дәстүрін, өлі және тірі табиғатты, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді, биологиялық, географиялық, физикалық, химиялық түсініктерін толық алады. Бұл аймақта балалар тереңдетіле түсінік алады.

Балалар жұмыс істегісі келетін аймақ пен нақты Монтессори - материалды өзі таңдайды. Ол жалғыз өзі немесе басқа баламен жұмыс істегісі келе ме, оны да өзі таңдайды. Бала өзінің қарқынында жұмыс істейді. Монтессори баланың шынайы заттармен айналысуын «жұмыс» деп атайды, ал біз «ойын» деп санағанға үйреніп қалғанбыз.

Монтессори әдістемесінің принциптері:

Автор баланың жан - жақты дамуы үшін ең алдыменмыналар қажет деді:

Баланың білім алуы мен танып білуіне жағдай жасалған арнайы орта ;

Баланың әрекеттерін сырттай бақылаушы және оған көмекші рөлін атқарушы тәрбиеші;

Жеке тұлғаны дамытушы жылы аймақ.

Монтессори педагогикасының негізгі принципі:

Баланы өз - өзін тәрбиелеуге, оқытуға дамытуға ынталандыру.

«Маған өзім істеуге көмектес». Монтессори топтарында балалар арнайы әзірленген қоршаған орта- Монтессори материалдары көмегімен өздігінен оқиды. Монтессори материалдарында өзін -өзі бақылау мүмкіндіктері қамтылған, бала өз қателіктерін өзі көріп, өзі соған бейімделеді.

Монтессори сатылары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта М.Монтессори әдісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары (1 сынып оқушылары үшін)
Монтессори технологиясы бойынша өткізілген хас щеберлер жинақтамасы
М.Монтесоридің технологиясын балабақшада қолданудың педагогикалық маңыздылығы
Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлармен таныстыру құралы ретінде
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі туралы
Психикалық дамуы тежелген балаларды түзету әдістерін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz