Қазақстандағы ТОП - 10 интернет - дүкен



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
꧁Қазақстандағы ТОП-10 интернет-дүкен꧂

Елімізде онлайн-сауда нарығы жыл сайын 30 пайызға артып келеді. Ондағы ең ірі интернет-дүкен Satu.kz. 2017 жылы қазақстандықтар осы дүкенге 20,144 млрд теңге қаржыларын жұмсап, 508 мың тауар сатып алыпты. 2017 жылы ҚР электрондық сауда нарығының көлемі 106,9 млрд теңгені құраған. Ал, 2018 жылдың 5 айындағы электрондық сауда нарығының көлемі 101 млрд теңгені немесе бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 2,9 пайызын көрсеткен.
Әлемдік е-коммерция қарқынды даму үстінде. Электронды саудасы дамыған алпауыт мемлекеттерге келетін болсақ, ең алдыңғы орынды 681 млрд доллармен Қытай алады. Артынша, АҚШ (438 млрд доллар), үшінші орын болса Ұлыбританияға тиесілі (196 млрд доллар).
Әлемдік үздік интернет-дүкендерге Қытай мен АҚШ мемлекеттерінің еншісіндегі компаниялар кіреді. Мәселен, қытайлық компания Алибаба, AliExpress, АҚШ мемлекетіне тиесілі Zappos, Ebay, Amazon, Itunes және т.б.
Қазақстандағы интернет-дүкендердің ондығына - Технодом, Lamoda Қазақстан, Kaspi, Yves Rocher, Tickets.kz, Aliexpress, Flip.kz, Sulpak.kz, Chocotravel.com, Otto-trade.kz кіреді.

1♕Технодом
Электроника, тұрмыстық техника, компьютер сататын еліміздегі ең ірі онлайн-дүкен -- Технодом. Оның тауар каталогында 15 мың өнім көрсетілген. Сапалы қызмет пен жақсы ұсыныстар аталған дүкеннің танымалдылығын арттыруда. Мәселен, кез келген тауарды онлайн арқылы 12 айға бөліп төлеуге алуға болады. Ол Қазақстанның 17 қаласы бойынша жұмыс істейді. Ал, жеткізу уақыты 3 сағатты құрайды.
2♕Lamoda Қазақстан
Lamoda каталогында негізінен киім түрлерімен бірге аяқ киім, косметика, аксессуарлар және т.б ұсынылған. Кең көлемді ассортименті мен еуропалық деңгейдегі қызметі арқылы тұрғындарға жайлылық ұсынып жатыр. Дүкен 80-нен аса мемлекеттің кәсіпорнымен келісім-шартқа отырған. 2017 жылы онлайн-дүкені арқылы 23,1 млрд тенге қаражат түскен.
3♕Kaspi
Kaspi мобильді бағдарламасы арқылы үйден шықпай-ақ, сауда жасауға болады (электроника, телефон, гаджеттер, жиһаздар және т.б.). Интернет-дүкеннің былтырғы табысы 54,8 млрд теңгені құрады.
4♕Yves Rocher
Yves Rocher компаниясы француз парфюмдары мен косметикасын ұсынады. Мұнда шаш, бет, дене күтіміне арналған тауарлар бар. Сондай-ақ, ерлер мен әйелдерге тиімді сыйлық алуға болады. Yves Rocher 1959 жылы құрылды. Оның өнімін 80-ге жуық ел тұтынады. Мұнда 700-ден аса тауар түрі бар.
5♕Tickets.kz
Tickets.kz -- билетке тапсырыс беруге арналған қызмет. Ол өз қызметін 2010 жылы бастаған болатын. Осы сайттың көмегімен теміржол билеттері мен авиа билеттерге әлемнің қай түкпірінде жүрсе де тапсырыс беруге болады.
6♕AliExpress
AliExpress онлайн-сауда нарығындағы ең маңызды ойыншылардың бірі. Ол әлемдік деңгейдегі онлайн-дүкен ретінде баршамызға белгілі. Ол бастапқыда Қытай елінің өнімдерін әлемдік айналымға шығару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техно- Астана интернет-дүкенін жобалау
Қазақстандағы электронды сауданың дамуы мен өсуін талдау
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кітап ісі
Бүтінсанды мәндер типтері
Онлайн - банкингтің мүмкіндіктері
Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы мерчандайзингтің теориялық негіздері
Бар CMS платформаларын талдау
Қазіргі заманғы интернет технологиялар
Спорт дүкенінің тауар айналымының автоматтандырылған жүйесін құру
Желілік интернет дүкен
Пәндер