Қауіпсіз интернет


Қауіпсіз интернет….
Ғаламтор туралы кіріспе Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім. Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген.
Ғаламтордың пайдасы «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық - коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Интернет мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 - 25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60 - 70 см болу керек.
Ғаламтордың пайдасы Интернеттің жеке - дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады 1. Алысты жақындату 2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру. 3. Сана - сезімді жоғарылату. 4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру. 5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру. 6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу. 7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. 8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. 9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады; 10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға; - Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға; - Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға; - Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға; - Қаржылық операциялар жасауға; - «Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. Б. Арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп - біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес.
Ғаламтордың зияны. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл - қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады. Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу - баланың айналасындағы адамдармен бетпе - бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра - күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы - ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.
Ғаламтордың зияны. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс - шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс - тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz