Педагогикалық коммуникативті біліктілік туралы
Педагогикалық коммуникативті біліктілік
Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы, ерекшелігі
Оқытушының коммуникативтік біліктілігі
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне қойылатын талаптар
Вербалды қарым-қатынастың мазмұнына, функцияларына және ішкі құрылымына (деңгейлеріне) жүргізілген талдау жалпы түрде, осы аталған позициялардан және осы терминдерді пайдаланып, педагогикалық іс-әрекетті анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Бұл - аксиалды-ретиалды, тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады.
Функционалды түрде - бұл білім беру процесінің барлық субъекттерінің қатынастарын орнатушы контакттік (дистанттік), ақпараттық, түрткі болушылық үйлестіруші өзара әрекеттесу. Ол көп объектті бағыттылықпен, көп ақпараттылықпен, көрнектіліктің жоғары дәрежесімен сипатталады. Онда құрылатын оның барлық сипаттамаларының арнайы ерекшеленген синтезі, білім беру процесінің субъекттерінің өзара әрекеттесуінің жаңа сапалық мазмұнынан көрінеді, ол осы субъекттер қатысатын қатынастар жүйесінің немесе педагогикалық жүйе ерекшеліктерімен анықталады.
Н.В. Кузьминаның көрсетуінше, педагогикалық жүйе - қоғамдық - тарихи түсінік және педагогикалық жүйенің әр тарихи типі белгілі бір мемлекеттік, педагогикалық пен тарихи мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл жүйе педагогикалық ұжым ұйымдастыратын (өзінің маңызды элементі сияқты) үйренуші тұлғасын оған мақсатты, жүйелік және ұзақ мерзімді әсер ету процесінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Педагогикалық жүйенің өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құрылымы бар және мұның өзі ары қарай қарым-қатынасты, құрылымдық, функционалдық, мазмұндық сияқты түрлі бірліктерді талдау үшін айрықша маңызды.
Осы кең контексте пеадгогикалық қарым-қатынас ...оқушылар-дың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, психологиялық кедергінің пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ - педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы ретінде анықталады [106, 20 б.]. Осыған педагогикалық қарым-қатынастың оқудағы әріптестік формасы ретінде оқыту мен оқушылардың өзінің тұлғасының дамуын оңтайландыру шарты екенін қосайық.
Пеадгогикалық қарым-қатынастың екінші сапасы оның оқытушы функциясымен шартталады, ол өзіне тәрбиелеуші функцияны қамтиды, өйткені білім беру процесі, бұрын көрсеткендей, тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие. Қарым-қатынастың оқытушы функциясы А.А. Брудный бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушымен теңестірілуі мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушылықтың көрінісі сияқты, ол адам үйренуінің барлық формаларына тән (ойын барысында, басқа адамдармен күнделікті тұрмыстық өзара әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген деңгейінде - мектепке дейінгі, мектептегі, жоғары оқу орнында арнайы ұйымдастырылған процесте жүзеге асады Педагогикалық қарым-қатынастың оқытушы функциясы жетекші болғанмен де, ол өктемдік жүргізуші емес, бұл - мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың өзара бір-бірімен жан-жақты әрекетте-суінің органикалық бөлігі. А.А. Брудный атап көрсеткендей, ... мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы инструменталды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды. Нағыз педагог үшін шәкірттермен қарым-қатынас жасау бұл қашанда өзін-өзі көрсету (самовыражение) екені де табиғи... (өзімнің бөліп көрсеткенім. - И.З.).
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас Е.А. Климов бойынша, Адам-Адам схемасымен суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу сипатының өзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бұл схема мұғалім мен оқушылардың, тұрмыстық қызмет көрсету жұмысшылары мен клиенттердің, дәрігер мен пациенттердің, психотерапевт пен клиенттердің және т.б. кез-келген кәсіби өзара әрекеттесін анықтайды. Педагогикалық қарым-қатынас жоғарыда аталған өзара әрекеттесудің барлық түрлерімен ұқсас сипатқа ие, алайда оған психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең жақынырақ. ...Шынында да, мұғалім қай пәнді жүргізсе де, ол оқушыға ең алдымен адамзат ақыл-ойының күшіне сенімді, танымға деген қарымды ұмтылысты, ақиқатқа деген махабатты және жанқиярлық қоғамдық пайдалы еңбекке деген ұстанымды береді. Мұғалім, сонымен бірге шәкірттерге тұлға аралық қатынастың жоғары және кемеліне жеткен мәдениетін, кіршіксіз әдеппен бірге әділеттілікті, парасатты қарапайымдылықпен үйлескен көңіл-күй серпілісін көрсете алса, - онда, осындай педагогқа еріксіз еліктей отырып, кіші ұрпақ рухани үйлесімді, өмірде жиі болатын тұлға аралық қақтығыстарды адамгершіліктік тұрғыда шеше алуға қабілетті болып қалыптасады....
Өзара әрекеттесудің осы түрлері үшін ортақ болып табылатын К. Роджерс белгілеген, қарым-қатынасты жеңілдету, фасилитациялау функциясының маңызы бар. Бұл функцияның маңыздылығы соншалықты болғандықтан, К. Роджерс мұғалім, ең алдымен, қарым-қатынас фасилитаторы деп атайды. Бұл - мұғалім оқушыға өзін көрсетуге, өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көрсетуге көмектесетінін білдіреді. Педагогтың оқушы табысына қызығушылығы, қарым-қатынас ахуалының жайлылығы, байланысты қолдаушылығы педагогикалық өзара әрекеттесуді жеңілдетеді, оқушының өз маңыздылығын көтеруіне және оның ары-қарай дамуына ықпал етеді .
Осылайша, педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, онда оқытушымен қатар тәрбиелеуші және фасилитативті функцияның бар екенін белгілеуге болады.
Оқытушының коммуникативтік біліктілігі тілдік - әдеби тілдік норманы; кәсіби - білім, білік, дағды, іскерлік қасиеттерді; қоғамдық-мәдени-ұлттық және әлемдік мәдени ерекшеліктерді игеру, қоғамдағы ұстамдылық, тілдік этикетті сақтау сияқты құзыреттіліктер тұтастығынан көрініс береді. Соңғы жылдары білімнің бұл түрі риторикалық білік, сөйлеу мәдениеті терминдерімен беріліп жүр. А.Қыдыршаевтің пікірінше риторикалық біліктілікті сақтау үшін әрбір маманның кез-келген педагог-лектордың төмендегідей кеңестерді басшылыққа алуы аса пайдалы:
Сөйленер сөзге даярлықты тақырыпқа сай келетін жетекші құжаттар мен нұсқаулады талқылаудан бастап, тақырыпты таразылай келе, объективті тұрғыда негізгі ойды нысанаға алу, теориялық жағынан даярлығы мықты саяси тұрғыда сауатты оқытушы ғана сөйленер сөздің нысанасына терең бойлай алмақ. Демек, оқытушының біліктілігін басты бір көрсеткіші оның коммуникативтік мәдениет деңгейі болмақ.
Келесі заңдылықтың табиғи арнасы ежелгі дәуірден бастау алады. Мәселен, ежелгі софистердің пікіріне жүгіне айтар болсақ, даналыққа ұмтылушы талантты ұстаз үш түрлі қасиетке ие болуы тиіс:
1) ойлана білу; 2) өз пікірін үйлесімді айта білу; 3) өз міндетін жақсы атқара білуі керек. М.М.Сперанский кімде-кім адамдармен істес болғысы келсе, жақсы ойлана білуі өз алдына, одан да жоғары ғажап сөйлей білуі тиістігін жазады.
Алғашқы кезекте педагогикалық іс-әрекеттің барысында шешендік өнердің элементтерінің практикалық тұрғыда қолдану мәселесі ойлантады. Көне Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы шешені, шешендік өнер теоретигі Цицерон ақын болып туады, шешен болып шығады деп ақылдық тума талантқа, ал шешендік көп оқып, ізденіп, көп сөйлеп жаттығушылыққа байланысты деген. Осыған байланысты ата-бабаларымыздан қалған Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, - деген, сөзі бар емес пе еді. Демек, тілді әлеуметтік құбылыс десек, ол адамның қоғамда біртіндеп әлеуметтенуі арқылы тілдік ортаның әсерімен жүзеге асады. Цицерон айтқандай шешендік өнерді жетілдіруге әдістемелік білік-дағдылар жүйесін жете меңгеру арқылы өтуге мүмкінідік береді,-деп тұжырымдайды А.Қыдыршаев.
Риторикалық біліктілікке коммуникативтік біліктіліктің мынадай түрлерін жатқызсақ болады: сөздің сауаттылығы, логикалық жүйелілігі, таза дәлдігі, сөз қорының байлығы, анықтылығы, сыйымдылығы. Риторикалық біліктің мәні педагог сөзінің нанымдылығын, тілдің тарихи нормамен құрылуын, педагогикалық эффектінің болуын (психологиялық механизм негізінде) қамтамасыз етеді. Коммуникативтілік білік пен риторикалық біліктің бірлескен тұсы коммуникативтік біліктілікке ұштасады.
Е.Нусубалиева шетелдік ғалымдардың пікіріне сүйене отырып мәдени коммуникативтік қарым-қатынас шеберлігінің мынадай факторларын анықтаған болатын, олардың бір қатарын атап өтер болсақ: түрлі мәдениет үлгілеріне бейімделу, қарым- атынасты жеңілдету қабілетінің болуы, мәдени эмпатия, мәдени өзара қарым-қатынас, тұлғаның өзін және мәдениетті сезінуі, этноцентризмнің болмауы. Оқушыларды мәдени коммуникативтік қарым- қатынас тәжірибесіне оқыта отырып біз олардың адами қасиеттерін, ізгілікке деген азаматтық ұмтылыс, әдіскерлігін; өзгенің сезімін бағалап, жағдайын түсіне білуге, яғни жалпы айтқанда мәдениеттілікке тәрбиелей аламыз.
Педагогтың коммуникативтік қарым-қатынас кәсіби тұлғаның айнасы десек артық айтқандық болмас. Біздің пайымдауымызша, коммуникативтік біліктіліктің даму шарттары негізгі атқаратын қызметіне сай келуі керек, және де нәтижесінде біліктіліктің мынадай сипаты көрініс беруі шарт:
- педагогтың қарым-қатынас жасаушы адаммен тілдік және тілдік емес өзге де тәсілдер арқылы ақпарат алмаса отырып, оның өзіне тән ерекше қасиеттеріне болжам жасап, ескере алу қасиеті.
- Белгілі бір қоғамдық құнды мақсаттарға қол жеткізуге (мысалы; тұлға мәдениетін қалыптастыру тіл арқылы) ұмтыла отырып, бағдарлама, әдіс- тәсіл, техниканы, қарым-қатынасты құру арқылы ортақ әрекетті ұйымдастыру;
- қарым-қатынас жасаушы жеке тұлғамен немесе топпен тіл табыса алуы және қалай қабылданатындығын түсіне алу қасиеті.
Мұндай сипаттағы педагогтың коммуникативтік біліктілігінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz