Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары.

  1. Жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізу
  2. Технология түрлері

XXI ғасыр - озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі [1] .

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы - белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:

  • оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
  • ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;
  • деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады [2] . Жаңаша оқыту технологиялардың бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы - технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология .

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.

2. Ойын технологиясы . Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

3. Проблемалы оқыту технологиясы . Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

4 . Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

- ассоциация;

- бірлестік қызмет;

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

5 . Деңгейлік саралау технологиясы . Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

6. Жекелеп оқыту технологиясы . Жекелеп оқыту - оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т. б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

7. Топтық технология . Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

8. Кезеңдеп оқыту технологиясы

1. Мәдени кезек сөз - оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.

Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.

2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.

ДБІ технологиясының ашушы түзгіші - жаттығу - үшен сабақтардың бірінде қаралады:

- қазіргі тапсырма; - кімге арналғандығы;

- жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.

3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы - бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру - технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.

9. Жеке пәндік педагогикалық технология.

1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.

Мақсаттық бағыттары:

- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;

- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;

- қабілетті балаларды дамыту;

10. Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:

- жан-жақты дамыту;

- жекелікті тәрбиелеу;

- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.

Басты мақсаты - оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

11. Дамыта оқыту технологиялары.

1. Л. В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары
Музыка сабағындағы заманауи технологиялар
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша формалары
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Мектептің басқа пәндерінің арасында әдебиеттің орны қандай екенін анықтасақ
Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау
Мектептің оқу процесіндегі педагогикалық технологиялар
Заманауи педагогикалық технологияларының пәні және міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz