МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН М. МОНТЕССОРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПАРАДИГМАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРҒЫ ПЕДАГОГИКА МЕКТЕБІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ

М. МОНТЕССОРИ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ КУРСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ДАЙЫНДАҒАН БАЯНДАМАСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН М.МОНТЕССОРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПАРАДИГМАСЫ

Дайындаған: ДДВО-21 в тобының студенты Оралова М.О
Тексерген: Г.К.Байжунусова
Мария Монтессоридің педагогикалық парадигмасы

М.Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі ХХ - ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес , дидактикалық материалдармен сабақ ұзақтығын өздері таңдай отырып, балаларға өздігінен жұмыс жасауға жағдай жасаған. Кезкелген ата - ана баласы үшін өмір сүреді. Халқымыз Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар - деп бекер айтпаса керек. Мария Монтессори (1870-1952) 31 тамыз айында Италияда дүниеге келген, сол елдегі медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам болды. Бұл жүйені 100 жыл бұрын М.Монтессори ойлап тапқандықтан, соның атымен аталып кеткен. Өз ісінің бастапқы негізінде ол жүйке - психикалық дамуы бұзылған балаларды емдеумен айналысады. Мұндай балалармен жұмыс істеудегі тәжірибесі зияты дамымаған балалар емдеуге қарағанда педагогикалық тұрғыдағы әсер етуді көбірек қажетсінетіні туралы маңызды тұжырымды құруға мүмкіндік берді. Зияты дамымаған балалармен жұмыс тәжірбиесі М.Монтессоридің көңілін қалыпты балаларды тәрбиелеу проблемасына аударды, оның жүйесінде Ж.Ж.Руссо, Ә.Сеген және т.б. белгілі философ, педагог және дәрігердің тәрбиелеу қағидалары дами түсті. Бүгінгі күні Монтессори педагогика атақтылыққа екінші рет ие болуда. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолданады. Сонымен қатар М.Монтессори жүйесі 146 мемлекетте қолданыладын.Монтессоридің ілімі мен жүйесі әр түрлі балалар мекемелерінде: балалар үйі, мектептер, балабақшалар, балалар оңалту орталықтарында кеңінен қолданыла бастады. М.Монтессори: Бала дүниеге келгеннен бастап өзін- өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау - деген екен.
Бұл Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу керек, яғни балаға бостандық беру.
М. Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды:
1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерту;
2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету;
3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.
Монтессори парадигмасы негізі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңейюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан - ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.
Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес балалар материалдармен өздері қалағанынша ұзақ уақыт жұмыс жасай алады. Жұмыс материалдарын да, сабақ уақытының ұзақтығын да өздері таңдайды. Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері үшін даярланған білім беру дәстүріне деген көзқарасты елестетіңіз. Педагогтарды білім көзі ретін де емес, балалар сынамалар мен қателіктер арқылы проблемаларды шешетін, жаңалықтар ашатын және тәжірибелер арқылы үйренетін динамикалық, даяр орта ұйымдастырушы ретін де елестетіңіз.
Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған . Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер құм шамасындай чиптерде сақталатын заманда ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болды. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдыға қоятын проблемаларды шешетін келесі ұрпақты қалай тәрбиелей аламыз? Шынайы, іс жүзіндегі жұмыс қана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жаттатудан баланың қолы мен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшу тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, біз оқыту барысында табиғатпен үйлесімді жұмыс іс тей аламыз. Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену, жұмыс пен тапсырманы орындау барысында ләззат алу адамзат табиғатына тән. Өзін - өзі қалыптастыру әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, біз өзіміздің педагогтар ретіндегі ролімізді сәулет инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз балалардың шығармашылығын, қиалы мен дербестігін ынталандыру барысында дағдылар мен білімдерін қалыптастыратын жоспарлар, материалдар, құралдар мен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек. Мен осы салада жұмыстанып жүргеніме 1 жыл болды. Осы бір жыл ішінде балалар жақсы нәтижеге жетуде. Білуге, үйренуге деген талпыныстары, өз - өзіне еңбек ету, бір - бірімен қарым - қатынас жақсарып. Бір ойыншыққа таласпай күте білуді, қоршаған ортаға деген қызығушылығы, өз ойларын ашық айтуға т.б қарым - қатынастарда жақсы нәтиже беруде.

2. Монтессори парадигмасының ережесі.

- Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу.
- Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.
- Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Монтессоридің өмірі мен педагогикалық жүйесі
М.Монтессори жүйесі бойынша балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру
Ресейде М.Монтессори жүйесінің даму және қалыптасу тарихына зерттеу
М.Монтесоридің технологиясын балабақшада қолданудың педагогикалық маңыздылығы
Мектепке дейінгі мекемелерде Мария Монтессори әдістемесінің колданылуы
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Музыканы оқыту әдістемесі
М.Монтессори педагогикасының жүйесі
Монтессори әдісі
Бастауыш сыныпта М.Монтессори әдісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары (1 сынып оқушылары үшін)
Пәндер