Жармалық тары тәріздес дақылдар


№12 Дәріс
Тақырыбы: Жармалық тары тәріздес дақылдар
Дәрістің мақсаты : Жарма- дақылдардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.
Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:
1. Жармалық тары тәріздес дақылдар
Жармалық тары тәріздес дақылдар
Нандық екінші топтағы тары тәріздес дақылдарға - тары, қонақтары (чумиза), сорго, жүгері және күріш жатады. Қуаңшылық қаратопырақты аймақтарда тары көп тараған болса, суда өсетін күріш біздің елімізде азырақ тараған. Ал сорго егісінің көлемі аз, өте қуаң құмды және сортаң топырақты жерлерде егіледі.
Тары тәріздес дақылдар өздерінің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктерімен, кәдімгі астық дақылдарынан оңай айырылады. Бұл дақылдардың барлығы жарық және жылу сүйгіш қысқа мерзімдік өсімдіктер қатарына жатады да күріштен өзгелері қуаңшылыққа, топырақ, және ылғалдығының жетіспеушілігіне төзімді келеді.
Жармалық дақылдардың бидай мен арпаға қарағанда, топырақтың құнарлылығына талғамы аз. Ал жақсы күтім жасалса бұл дақылдар жоғары түсім бере алады.
Тары
Тары жармасы ерекше тағамдық қасиетімен және дәмділігімен құнды. Тары ұны нан пісіруге жарамсыз.
Тары жармасын алу кезінде бөлінетін қауызы, ұнтағы мал азығы ретінде пайдаланылады. Тары дәні тұтастай немесе ұнтақталған күйінде үй құстары мен шошқаға беріледі.
Шашақты тары (Раnісum miliacum) -бір жылдық өсімдік. Сабақ тармағының ұзындығына, жиілігіне қарап тары: өте шашыраңқы тармақты, шашыраңқы тармақты, жиі тармақты, жартылай ұйық тармақты және ұйық тармақты болып бес түр тармақтарына бөлінеді.
Тары дәні айдарсыз, бауыр ойықсыз, ұсақ, 1000 дәнінің салмағы 5-10 г. Гүл қауызы дән салмағының 15-25% жетеді.
Жиі тармақты, ұйық тармақты түрлерінің дәні ірілеу, гүл қауызы да аз, ақталған тарыны көп беретін, құрғақшылыққа төзімді, кеш пісіп және піскен кезде шашылмайтын қасиеттерімен ерекшеленеді.
Тамырының ерекше дамуы, түптенуі мен бас салу аралықтарында жүреді де, жақсы өткізгіштік қасиеті бар, топыраққа 150 см тереңдікте, жан-жағына 120 см ыдырап жатады. Жоғарғы топырақ қабаты құрғап қалған жағдайда негізгі тамыр жүйелері нашар дамиды, сондықтан қатты желдің әсеріне төтеп бере алмайды.
Ең көп тараған тары сорттарына Волжское 3, Саратовское 858 және т. б. жатады.
Ыстыққа шыдамдылығы жағынан тары бидайдан, арпадан және қара бидайдан асып түседі, 48 сағат бойы 38-40°С ыстықтың өзінде өнім беру қасиетін жоймайды.
Тәжірибе станцияларының зерттеулері бойынша тарының транспирациялық коэффициенті 126-360 арасында бидайға қарағанда көп төмен. Тары, әсіресе, оның жиі тармақты және ұйық тармақты түрлері аңызаққа, шөлге, төзімді келеді.
Топырақтың құнарлылығына талғампаз болғанмен, жеңіл құмды, ауыр сазды топырақтарда да өсе береді.
Сорго
Сорго тағамдық, техникалық және мал азықтық дақылдарға жатады. Соргоның дәнін шошқаны, мүйізді ірі қараны, жылқыны және құсты қоректендіруге пайдаланады. Жұғымды мал азығын әзірлеуте сорго дәні өте бағалы.
Көктей алынған немесе шөп ретіндегі сорго сауын сиырларының бағалы азығы. Сорго сүрлемі сапасы жөнінен жүгері сүрлеміне жақын. Шабылып алынған сорго танабында оның қайта өскен өскіні жайылым ретінде де пайдаланылады.
Сорго жапырақтары мен сабағы дымқылдылығын дәні толық піскенше сақтайды.
Дәнге егілген сорго әр гектарынан тұрақты 25-50 центнерге дейін өнім береді. Көктей шабылған сорго әр гектардан 120-300 ц дейін, суарылған жағдайда 800-1000 ц дейін мал азықтық өнім береді. Қантты сорттарынан алынатын қант мелшері 10-15%, сабағынан сорго сиропын жасайды. Сыпырғышты соргоны түрлі сыпырғыш тазалағыш және т. б. дайындауға пайдаланады. Дәннен жарма алынса, ықтырма дақыл ретінде себуге де сорго кеңінен қолданылады.
Кәдімгі - Sorghum Vulgare, гаолян -S. Cernum, джугара- S. cernum және судан шөбі - S. Sudanense Pers
Шашақбасының түріне қарай сорго шашақбасты, қысылған басты және кесек басты болып үш түр тармағына бөлінеді. Соңғы түр тармағының дәндері қысқа және калың шашақбасқа жиналған.
Күріш
Дүние жүзі халқының жартысынан астамы күріш жармасымен тамақтанады, сондықтан бидай сияқты күріш те тағамдық маңызы зор дақылдар қатарына жатады. Алдын ала масақ және гүл қауызынан аршылған күріш дәнінен, құрамында крахмал көп жарма алады. Онда 88% көміртегі, 6% белок, 0, 5% май болады. Тамағының қорытылуы және дәмділігі жөнінен көптеген жармалар ішінде күріш жармасы бірінші орынға шығады, диеталық тағам ретінде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күріш дәнін ұнға және крахмалға айналдырады да, тоқыма өндірісінде кеңінен пайдаланады.
Күріш сабағы жай және қатты қағаздар шығаруға, үйде киетін аяқкиім, бас киім, тоқыма ыдыстар жасауға және мал азығы үшін де пайдаланылады.
Күріштің суда өсуіне байланысты баптау ісі басқа астықты дақылдарға қарағанда бөлектеу. Егістікті жер бетінің тегістігіне қарап, ұзындығы 500-1500 м және ені 150-300 метрлік танаптарға бөледі.
Танаптың негізгі бөгеттері биіктеу болып бірнеше жылға жасалады, көлденең бөгеттері аласалау, биіктігі 30-40 см, бұлар әр күз сайын жаңартылып отырылады. Жал аралығындағы жерді «атыздар» деп атайды. Су беті өте жақсы тегістелғен атыздардан суарылатын танаптарға беріледі.
Жүгері
Тағамдық, мал азықтық және өндірістік-техникалық дақыл ретінде жүгерінің халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Оны дән және сүрлем алу мақсатында өсіреді. Жүгері дәнінде 70% көміртегі, 5-6% май және 12 -13% шамасындай белок болады.
Құрамында бағалы қоректік заттардың көп болуына байланысты, ол ірі қараны, шошқаны, құстарды семіртуде теңдесі жоқ азықтың бірі, 100 кг жүгері сүрлемі құрамынан малға 21-36 азық өлшемі алынады.
Жүгері дәнінен ұн жарма (64%), крахмал, май және басқа да тағамдық және техникалық заттар алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz