Шебер қолдар үйірмесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Шебер қолдар үйірмесі

Түсінік хат

Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі-сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептегі оқу үлгерім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы кезінде балалардан алдын болжай білуді, жинақталуды, уақытты ұтымды пайдалануды, іскерлік қатынасты талап етеді. Балалар көп уақытын компьютерде өткізеді де табиғатпен аз қарым-қатынаста болады. Сол себепті де елгезек, ықыласты болудан қалып барады, сондықтан да мектепте жеке шығармашылық қабілеті тәжірибелік қана емес, рухани дамуы қажет.
Үйірмедегі сабақ еңбек және эстетикалық тәрбиеге тәрбиелей отырып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды қажет етеді. Бастауыш сынып оқушыларына қажетті қолданбалы өнердің ең бастылары - қағазбен, табиғи және қалдық материалдармен және матамен жұмыстар бұл кең тараған сәндік-қолданбалы өнер болып табылады.
Қажетті құралдардың қарапайымдылығы, қажетті құралдардың қолжетімділігі, жұмыс істеуге жағдайдың барлығы оқушылардың сәндік -- қолданбалы өнермен айналысуға көп мүмкіндік береді. Үйірменің теориялық бөлімі өткізілетін тақырыптың қысқаша түсінігі және қалай жұмыс істеу керектігін түсінідіріп берсе, ал практикалық сабақ бірнеше тапсырмалардан тұрады. Бастапқы кезеңде материалды өңдеу жұмысын меңгереді.
Балаларда бастаған істі соңына дейін аяқтай білуді үйретуге, қарапайым еңбек тәртібін сақтауға, қажетті материалдарды үнемді және ұқыпты пайдалануға, құрал-жабдықтарды пайдалану және оларды сақтауға тәрбиелеу қажет. Үйірме жұмысында ең негізгі көңіл аударатын басты мәселе ол еңбек қауіпсіздігі және санитарлық гигиенаны сақтау.
Шебер қолдар үйірмесі біріктірілген сипатта болады. Біріктірілген сипатта дегеніміз, қоршаған ортаның әр түрлі материалдық жақтарымен, жалпы заңдылықтарға біріктірілген адамның бойында бар қасиеттерін іске асыруға негізделген, яғни, шикізат технологиясын, энергияны, ақпаратты қайта өңдеуде деп көрсетілген.
Үйірме бағдарламасы 1-4 сынып оқушыларына арналып жасалынған. Үйірме аптасына 1 рет, жылына 34 сағат өткізіледі. 1 сыныпта жылына 33 сағат. Курстық бағдарламасының негізгі мазмұны 1-2 сыныптарда VІІ бөлімнен, ал 3-4 сыныптарда ІХ бөлімнен тұрады. Балалар әр бөлім бойынша көрсетілген мақсатқа сай нақты материалдармен танысады. Берілген тақырыптарға сәйкес балалардың өз беттерінше ізденістері мен шығармашылықтары да жұмыс барысында жүзеге асады.
Сабақтарда ауызша, практикалық әдістер, көрнекіліктер қолданылады. Жұмыс формасы: ұжымдық, топтық, жеке.
Үйірменің мақсаты: Балалардың әр түрлі жасанды заттарды ойлап тауып, құрастырып, жасауда өз шеберліктерін көрсетуге шақыру. Үйірме арқылы пайдаланушыларды қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту және ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру, өнер саласындағы басылымдарды насихаттау. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Үйірменің міндеті: Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету. Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу. Жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті дарынды оқушыларды тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:
1. Оқушылардың физикалық және психологиялық күштері нығайады; Күтілетін нәтижелер:
1. Оқушылардың физикалық және психологиялық күштері нығайады;
2. Бағдарламаны оқыған кезде және әр түрлі заттар мен бұйымдарды жасағанда жаңа білімді, икемділікті, дағдыны меңгереді.
3. Оқушылардың шығармашылық шамасы, рухтандырушылық қасиеті артады, көтеріледі, ашылады.
4. Басқаның да өзінің де еңбегін бағалауды біледі.
5. Теориялық білімді практика жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастырады.

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Бағдарлама мазмұны (34 сағат)

1. Кіріспе (1 сағ.)
Теория - 1 сағ
:: Бағдарлама мазмұнына кіріспе.
:: Оқушылардың сабақ кезіндегі әрекеттеріне талап қою.
:: Жұмыс орындарында тәртіпті, тазалықты сақтау.
:: Техника қауіпсіздігін сақтау.
2. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу (6 сағат).
Теория - 2 сағат
:: Қағаздың тарихынан мәлімет.
:: Қағаз шығаратын фабрикаға сырттай саяхат ( интернет желісі мен интерактивті тақтаны пайдалану)
Практика - 4 сағат
:: Жазу кітапшасын құрастыру (1 сағ)
:: Қағаз тілшелерінен әсем гүл дайындау (1 сағ)
:: Өз ойлары бойынша құттықтау ашық хаттарын жасау (1 сағат)
:: Оригами (1 сағ)
3. Матамен және ою оюмен жұмыс (5 сағат).
Теория - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың эстетикалық талғамы
Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын психологиялық диагностика арқылы анықтау және дамыту
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту әдістерін бөліп көрсету
Мәдени - сауықтыру мекемелерінде бос уақытты ұйымдастыру ерекшеліктері
Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
Отбасы мен балабақша арасындағы өзара әрекеттестік
Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс
Оқыту үрдісіндегі ұжымдық, топтық оқыту әрекеттерін ұйымдастыру
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Пәндер