. Эндодонт туралы ұғым


1. Эндодонт туралы ұғым. Әр түрлі тістердің тіс қуыстарының морфологиялық ерекшеліктері. Біріншілік эндодонтиялық жол ашу. Түбір өзектің жұмыс ұзындығы, өлшеу әдістері, ұғымы. Эндодонтиялық аспаптар, қойылатын талаптары, маркировкасы. Эндодонттық емдеу кезеңдері эндодонт Бул ұлпа мен периодонт қабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда - ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин (ұлпа-дентинді жиынтығы) . Клиницисттер буған тағы ұлпа-периапикальды жиынтығын қосады. Оның ішіне ұлпа мен тіс қуысының қабырғасындағы дентиннен басқа түбір ұшы маңайындағы тіндер (апикальды периодонт, цемент, кортикальды пластинка) кіреді. Эндодонтия тіс қуысында (сауыт бөлігінде және түбір өзектерінде) орналасқан тіндерінің морфологиясы туралы, ұлпа мен периодонт тіндерінде патологиялық үрдістер пайда болуының және ағымының ерекшеліктері туралы, диагностика мен емдеу әдістері туралы ҒЫЛЫМ. Асқынбаған тісжегі Асқынған тісжегі Ұлпа қабынуы Периодонт қабынуы Асқынбаған тісжегі тістің тек қана қатты тіндерінде орналасқан тісжегі. Уақытында емделмесе, асқынып ұлпа қабынуына ауысады, содан кейін - тіс айналасын қоршаған периодонтқа тарайды да периодонт қабынуын тудырады. Ұлпа қабынуы мен периодонт қабынуын асқынған тісжегі дейміз. Барлық стоматологиялық ауруларды алғанда ұлпа және периодонт қабынулары 25% - 40% жағдайларда кездеседі. Кәзіргі уақытта эндодонтия терапиялық стоматологияның ішінде аса маңызды бөлімі болып саналады. Себебі - ұлпа және периодонт тіндерінің қабынуы жиі кездеседі, бул аурулар бүкіл организмның одонтогендік улануын тудырады, даму және ағымының ерекшеліктері бар. Эндодонтиялық ем - тістердің пішінің және қызметтерін сақтауға арналған шаралар. Тістердің топографиясы Тіс қуысының элементтері: Төбесі Табаны Қабырғалары Сағасы (ауызы) Түбір өзектері Түбір ұшы Түбір өзектің тесігі (апикальды тесігі
2. Т
Түбір ұшы тармақтары Негізгі түбір өзегінен әр деңгейінде ашылатын қосымша түбір өзектері (латеральды өзектері) кездеседі. Олар түбір ұшы аймағында сағаға ұқсас тармақтары (дельтовидные ответсвления) құрайды және түбір ұшы тармақтары деп аталады.
Түбір өзегінің тармақтары
Тістің бір түбірінде түбір өзектерінің орналасуына қарай 4 түрін ажыратады (Weine бойынша) :
Егде адамдардың өзгерістері 1 - кіреукенің қажалуы. 2 - дентин қабатының қалыңдауы. 3 - мойын бөлігінің ашылуы. 4 - тіс қуысының кішіреюі. 5 - цемент қабатының қалыңдауы.
Жоғарғы жақтың ортаңғы күрек тісі Тіс қуысы конус тәрізді, бір түбір өзегі, латеральды өзектері 24% жағдайда, түбір ұшы тармақтары 1 % жағдайда кездеседі, түбірі дистальды бағытта иілген, көлденең кесіндісінде овал тәрізді.
Жоғарғы жақтың бүйір күрек тісі Тіс қуысы конус тәрізді, 99 % - 1 түбір өзегі, 1 % - 2 түбір өзегі. 26 % - латеральды өзектері, 3 % - түбір ұшы тармақтары. Түбір ұшы дистальды-таңдай бағытында иілген, өзегі жіңішке, көлденең кесіндісінде овал тәрізді.
Жоғарғы жақтың сүйір тісі Тіс қуысы конус тәрізді, 99 % - 1 түбір өзегі, 1 % - 2 түбір өзегі. 30 % - латеральды өзектері, 3 % - түбір ұшы тармақтары. Түбірі бүйірінен қысылған, өзегі кең, көлденең кесіндісінде овал тәрізді.
Жоғарғы бірінші кіші азу тіс Тіс қуысы вестибуярлытаңдай бағытта орналасқан, 80 -95% - 2 түбір, 2 түбір өзегі, 19 % - 1 түбір, 4 % - 1 түбір өзегі. 50 % - латеральды өзектері, 3 % - түбір ұшы тармақтары. Түбір ұшы бөлігінде дистальды бағытталған, көлденең кесіндісінде 8 цифра тәрізді
3. . Біріншілік эндодонтиялық жолы (БЭЖ) Біріншілік эндодонтиялық жолы тісжегі қуысының орналасуымен байланысты: I және II класс - шайнау бетінен; III және IV класс - күрек және сүйір тістердің тіл немесе таңдай жақ бетінің ортасына шығарады; V класс - тісжегі қуысын егеп-талалап, пломбылау керек және тіс қуысының орналасу ерекшеліктерін еске алып шайнау немесе оральды бетінен трепанациялық тесігі арқылы жол ашу; Сау тістерде - тіс қуысының орналасу ерекшеліктерін еске алып шайнау немесе оральды бетінен трепанациялық тесігі арқылы жол ашу;
Біріншілік эндодонтиялық жол ашу
Біріншілік эндодонтиялық жолы (БЭЖ) - тік және қысқа болу керек
Жоғарғы жақ тістердің топографиясы
Томенгі жақ тістердің топографиясы
БЭЖ
Тістің жұмыс ұзындығы Физиологиялық тарылымынан кесу қырына немесе шайнау бетіне дейін аралығы.
Түбір өзегінің жұмыс ұзындығы Физиологиялық тарылымынан өзектің сағасына (аузына) дейін аралығы
Жоғарғы екінші кіші азу тіс Тіс қуысы вестибуло-таңдай бағытында орналасқан, 90% - 1 түбірі, 9% - 2 түбір, 70% - 1 түбір өзегі, 24% - 2 түбір өзегі. 60% - латеральды өзектері, 3% - түбір ұшы тармақтары. Өзегінің сағасы саңылау тәрізді, түбірі ұшында дистальды бағытталған, көлденең кесіндісінде 8 цифра тәрізді.
Жоғарғы бірінші үлкен азу тіс Тіс қуысы алдыңғы 2/3 бөлігінде орналасқан, үшбұрыш тәрізді, вестибуло-таңдай бағытында орналасқан. 58% - 3 түбірі, 3 түбір өзегі, 15% - 2 түбірі, 40% - 4 өзегі, 4 -ші өзегінің сағасы ұрт-медиальды мен таңдай өзектерінің арасында өтетін сызығында орналасады.
Жоғарғы екінші үлкен азу тіс Тіс қуысы алдыңғы 2/3 бөлігінде орналасқан, үшбұрыш тәрізді, вестибуло-таңдай бағытында орналасқан. 80% - 3 түбірі, 19% - 2 түбірі, 57% - 3 түбір өзегі, 40% - 4 өзегі, 4 -ші өзегі ұртмедиальды өзегіне жақын, 2% - 2 өзегі.
Төменгі ортанғы күрек тіс Тіс қуысы саңылау тәрізді, медиодистальды бағытта қысыңқы, түбір өзегі жіңішке. 70% - 1 түбір өзегі, 30% - 2 өзегі.
Төменгі бүйір күрек тіс Ортаңғы тіске қарағанда үлкенірек, 55% - 1 түбір өзегі, 45% - 2 өзегі. 2 түбір өзегі бір (30 %) және екі (15 %) апикальды тесігімен аяқталады.
Төменгі сүйір күрек тіс Тіс қуысы ұршық тәрізді, 98% - бір түбір, бір түбір өзегі, 2% - 2 түбір, 6% - 2 түбір өзегі. Өзегі жақсы өтеді, кең, түбірді ұшы дистальды жаққа бағытталған.
Төменгі бірінші кіші азу тіс Тіс қуысы домалақ пішінді, 75 % - 1 түбірі, бір түбір өзегі, 20 % - 2 түбірі, екі түбір өзегі. Өзегі овал тәрізді, жақсы өтеді.
Төменгі екінші кіші азу тіс Тіс қуысы овал тәрізді, 97 % - 1 түбірі, бір түбір өзегі, 3 % - 2 түбірі, екі түбір өзегі.
Төменгі бірінші үлкен азу тіс Тіс қуысы тікбұрыш тәрізді, 98 % - 2 түбір, 80% - 3 түбір өзегі, 13 % - 2 түбір өзегі, 7 % - 4 өзегі (4 -ші өзегі дистальды түбірінде орналасады) .
Төменгі екінші үлкен азу тіс Тіс қуысы тікбұрышты, 84 % - 2 түбірі, 15 % - 1 түбірі, 77 % - 3 түбір өзегі, 13 % - 2 өзегі, 7 % - 4 өзегі ( 4 -ші өзегі дистальды түбірінде орналасады), 3 % - 1 өзегі.
Үшінші төменгі және жоғарғы үлкен азу тістері Пішіндері, өзектердің саны, өтуі, бағыты әр-түрлі болу мүмкін
4. Эндодонтиялық аспаптардың элементтері Жұмыс бөлігі Силиконды стоп (резінке) Сабы
Эндодонттік аспаптардың ISO стандарты бойынша негізгі параметрлері: Аспаптың жұмыс ұзындығы - ұшынан ұстайтын сабына дейін аралығы (18, 21, 25, 28, 31 мм) ;
Эндодонттік аспаптардың ISO стандарты бойынша негізгі параметрлері (2) : Аспаптың көлемі - аспаптың ұшының диаметріне сәйкес келеді (егер ұшының диаметрі 0, 15 мм болса, аспаптың размері - 15 ші размер болып саналады) .
Эндодонтиялық аспаптардың 3 түрлі маркировкасы болады: Түрлі-түсті маркировкасы -
Эндодонтиялық аспаптардың 3 түрлі маркировкасы болады (2) : Геометриялық маркировкасы
Эндодонтиялық аспаптардың 3 түрлі маркировкасы болады (3) : Нөмерлі маркировкасы
“орта диаметрлі аспаптар” «Золотая середина» - Golden medium
- Қолмен жұмыс істейтін - Машина көмегімен жұмыс істейтін Эндодонти ялық аспаптар - Бұрап жасалынған - Фрезероскамен (кесіп) жасалынған - Өтуге арналған - Кеңейтуге арналған - Пломбылауға арналған
Машина көмегімен жұмыс істейтін Қолмен жұмыс істейтін
Кескіш аспаптарды істеп шығару әдістері А. Аспаптың К-стилі. 1 - металл дайындаманы бұрап жасау 2 - маталл талшықтарының үздіксіздігі (толассыздығы) В. Аспаптың Н-стилі. 3 - металл дайындаманы фрезеровкамен жасау. 4 - фрезеровкамен дайындаған кезінде металлдың бетінде металл талшықтарының үзілуі
Эндодонтиялық аспаптар 6 топқа бөлінеді: 1. Диагностикалық аспаптар; 2. Түбір өзек сағасын кеңейтуге арналған; 3. Түбір өзегінен жұмсақ тіндерді алатын аспаптар; 4. Түбір өзекті өтуге арналған; 5. Түбір өзекті кеңейтуге арналған; 6. Түбір өзекті обтурациялауға арналған.
1. Диагностикалық аспаптар Миллер түбір инесі Тістің ұзындығын өлшейтін аспап (глубиномер) Қолданылатын мақасаттары: Түбір өзегінің бағыты мен өткізгіштігін анықтау үшін; Өзек сағасын іздеу үшін; Түбір өзектеріне дәрі-дәрмек еңгізу және кептіру үшін.
2. Түбір өзек сағасын кеңейтуге арналған аспаптар Гейтс-Глидден бұрғы (дриль) Синонимдері: Гейтс, Gates-Glidden drill, Gates, GG. Баяу айналымда жұмыс істеуге негізделген
5. Эндодонттық аспаптар.
Эндодонттық аспаптар 5 топқа бөлінеді;
- Диагностикалық аспатар (өзектің өтетіндігін және өлшемінанықтауға арналған)
- Өзек-сағасын ашуға және кеңейтуге аралған.
- Түбір өзектерін өтуге арналған.
- Түбір өзектерін кеңейтугге арналған.
- Өзек қабырғаларын тегістеуге арналғған.
- Түбір өзектерін толтыруға арналған.
1. Өзек сағаларын кеңейтуге арналған аспаптар:Gates Gliddew, дриль Largo және Orfis Opener.
2. Түбір өзектерін өтуге арналған түбір бұрғылары немесе дрильборлар-Reamer.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz