Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж. ). Жаппай саяси қуғын-сүргін науқаны және оның салдары (1937-1938 жж. )



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ - 4

Орындаған: Мейірхан А.Е.
Тексерген: Қоскеева А М

Нұр-Сұлтан 2020 ж.
Сұрақтары:
1. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж.).
Қарастырылатын мәселелер- сталиндік режимнің шаруаларды қудалау саясаты мен шаруа көтерілістеріне (Батпаққара, Созақ, Абралы, Қарақұм және т.б.).
2. Жаппай саяси қуғын-сүргін науқаны және оның салдары (1937-1938 жж.).
Қарастырылатын мәселелер - саяси қуғын-сүргіннің күшеюі мен Қазақстандағы Гулаг жүйесінің құрылуы, үлкен террор және оның салдары.

1. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жылдар)
Сталиндік режимнің шаруаларды қудалау саясаты.
Ұжымдастырудың әкімшілік-зорлықшылдық сипаты кулактар мен байларды тап ретінде жою аясында белен алған сол бір қуғын-сүргін іс-шаралары арқылы орасан зор қасірет түрінде бой көрсетті. Мемлекеттің ұжымдастыру қарқынын жедел арттыруға рұқсат еткен БК(б)П ОК-нің 1930 жылғы 5 қаңтардағы халықты зар жылатқан белгілі қаулысына дейін де тәркілеуге барынша бастамалық жасағанын атап өткен жөн. Іс жүзінде тікелей қанауға ұқсас, яғни байлардың ірі шаруашылықтарын тәркілеу жөніндегі науқан туралы айтылды. Шаруа шаруашылықтарын кең ауқымда тәркілеу (кулактарды тәркілеу) салық бұғауымен мықтап қысу (ауыл шаруашылығы салығы, дербес салық салу және т.б.) барысында да орын алды. 1929 жылғы 28 маусымда БОАК пен ХКК Жергілікті Кеңестердің жалпы мемлекеттік тапсырмалар мен жоспарлардың орындалуына ықпал етуге қатысты құқықтарын кеңейту туралы қаулы қабылдады. Соған сәйкес, ауыл жиындарында астық дайындау жоспары бойынша өзіне міндеттеме қабылдау тәртібімен жекелеген шаруашылықтар арасында тапсырманы бөліске салуға рұқсат етілді. Сөйтіп, жиынның шешімдеріне бағынбаған, астық тапсырудан жалтарған жекелеген шаруашылықтарға әкімшілік тәртіппен тапсырылмаған астықтың бес еселенген құны көлемінде айыппұл салынды, ал олардың мүлкі сатылуға жатқызылуы тиіс болды. Қаулы РФКСР КК-нін 61-бабы бойынша қылмысқа тарту көзделді. КСРО OAK мен ХКК Малды жазықсыз союға қарсы күрес шаралары туралы қаулысының негізінде 1930 жылғы қаңтарда сот өндірісінде мал сойғаны және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру науқанын болдырмау және оның белен алуына кедергі келтіру мақсатымен арандатушылықпен айналысқаны үшін айыпталған адамдарға қарсы 79-бап қабылданды. Аталған бапта басқа жерге көшіре отырып немесе онсыз, екі жылдық мерзімге дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көрсетілді.
Оның үстіне Лениннің өсиетін басшылыққа ала отырып, шаруаларға қарсы қуғын-сүргіннің азапты тетігі шыбын жанды одан әрі қыса түсті. 1929 жылғы желтоқсанның соңында аграрлық марксистер конференциясында сөйлеген сөзінде Сталин кулактарды тап ретінде жою бағыты партиялық-мемлекеттік саясатта ресми мәртебе алады деп жариялады. 1930 жылғы 11 қаңтарда жарыққа шыққан Правда газетінің бас мақаласында: Кулакты тап ретінде жою мәселесі көшірілді деп жазылды. БК(б)П ОК Саяси бюросының 15 қаңтардағы шешімімен В. Молотов басқарған, 21 адамнан тұратын арнаулы комиссия құрылды. Ол кулактарды тәркілеу жөнінде бірқатар нақты шаралар әзірледі, 1930 жылғы 30 қаңтарда Саяси бюроның қаулысы түрінде ресми нұсқаулық күшке ие болды.
Сарысу - Созақ көтерілісі. Жамбыл облысы Сарысу ауданымен Түркістан облысы Созақ ауданында Кеңес өкіметінің 1930 жылғы асыра сілтеушілік саяси шараларына қарсы көтерілген халық қозғалысы. 1928 ж. күзде Сарысу ауданының бір топ ауқатты адамдары тәркіленді. Науқан соңына қарай, тәркілеуге қарсылық ұйымдастырмақ болды деген желеумен 1928 - 1929 ж. ел ішінде белгілі азаматтар (барлығы 16 адам) ОГПУ тарапынан ұсталды, солардың ішінде Байсейіт Әділов оққа ұшты. Оларға Кеңес өкіметінің өкілін өлтіруге қатысып, іс-шараларына бұрыннан кедергі келтіріп келе жатқан, алашордашылардың басқарушы тобы үлкен міндеттер артқан. Ал ел ішінде ірі байларды тәркілеу соңы орташа дәулеттілердің мал-мүлкін сыпырып алуға ұласты. Салық ауыртпалығын сезінбеген шаңырақ қалмады. Шолақ белсенділік үдеді. Осы жәйттер ел тұрмысын қиындатып, билік шарасына наразылық сезімін күшейтті. БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің 1-хатшысы Ф.И. Голощекин 1930 ж. наурызда И.В. Сталинге жолдаған құпия ақпарат - хатында Сарысу ауданымен іргелес жатқан Созақ ауданындағы наразылықты ірі бұқаралық қарулы көтеріліс ретінде бағалап, жазалаушылармен шайқаста 400-ден аса көтерілісшінің өлгенін хабарлайды. 200-ге тарта адам тұтқынға алынған, ал көтерілісшілерден қолға түскен қару-жарақ саны -- 70-тей мылтық, 50 шақты темір сүңгі, балта, айыр, найза, қылыш, т.б. Яғни 600 көтерілісшінің 120-сы ғана қаруланған. Демек, жазалаушылар іс жүзінде қарусыз, кеңес өкіметінің бұрмалауларына өкпелі бейбіт халықты қырып тастаған. Осы шығыны мол көтерілістің басты ошағы Сарысу ауданы болды. Жәнеде Кентаралда нашар қаруланған 200 адамнан тұратын өзін-өзі қорғау отряды ұйымдастырылды, Сарысу ауданын қорғауды күшейту, сонымен бірге шешуші Созақ операциясын өткізу шаралары қолға алынды. Созақ операциясын "табысты" аяқтаған жазалаушылар Сарысу, Талас аудандарына екі-екіден коммунистік отряд жіберіп, көтерілісшілерді іздестірді. Сарысулық "банда" алғашқы қақтығыста-ақ талқандалып, жетекшілері қолға түсірілді. Жүздеген адам түрмеге қамалды. Көтеріліс соңы ашаршылыққа ұласты. Ұзамай Кентаралда тұратындар басып кетіп, ауыл қаңырап босап қалды, ал аудан орталығы Саудакентке көшірілді.
Батпаққара көтерілісі. Кеңес өкіметінің зорлық-зомбылық саясатына қарсы 1929 жылы қарашада болған Қостанай округінің Батпаққара, Наурызым, Торғай аудандарының кейбір ауылдарын қамтыған халықтың наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына 1928 жылдың қыркүйек - қараша айларында жүргізілген кәмпескелеу науқаны себеп болды. Қазақ АКСР-і ОАК-нің шешімімен мұнда 16 бай қожалықтары тәркіленді. Осы науқан барысында байлардың отбасыларының, өлкеден шыққан Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Есболовтың, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі Ә.Жанбосыновтың серіктері мен балалары әділетсіз қуғындалып, абақтыға жабылуы жергілікті халықтың ашу - ызасын тудырды. Көтеріліс басталған кезде Батпаққараның өзінде ғана РКФСР "Қылмысты істер кодексінің" 58-бабы бойынша "контрреволюционерлер", "ұлтшылдар", "алашордашылар" деген айыптармен 50 адам тұтқында отырды. Көтерілісшілердің басты мақсаты - осы адамдарды қамаудан босату болды. Кеңес өкіметі органдарындағы басшы адамдардың озбырлығы, астық дайындау науқандарындағы жүгенсіздіктер, өкіметтің дінге теріс көзқарасы қалыптасқан ахуалды шиеленістіре түсті. Көтерілісшілер Кеңес өкіметі жойылсын!, Алынып қойылған жерлер иелеріне қайтарылсын!, Байлардың кәмпескеленген малдары өздеріне қайтарылсын!, Хандық жасасын! деген саяси ұрандар көтерді. 1929 жылы 2 қарашада наразылыққа қатысушылар Батпаққара ауданының орталығына басып кірді. Көтерілісшілер қатарында 5 ауылдық кеңес мүшесі, 3 коммунист, 12 комсомол, 2 "Қосшы" одағының төрағалары болды. Көтеріліс басшылары аудандағы барлық ауылдардың өкілдерімен жиналыс өткізіп, ауылдарда "ақсақалдар үштігін" құрды. Оларға әрбір ауылдан 50 жігіттен тұратын сарбаздар жасағын шығару жүктелді. Жалпы саны 1000 адамнан тұратын сарбаздар жасақтау көзделді. 300 адамның қатысуымен жергілікті мешітте Омар Бармақовты көтерілісшілер хан көтерді. Батпаққарадан кейін Наурызым ауданындағы елді мекендерді, ауылдарды қосып алып, онан соң Торғайға, Қостанайға шабуыл жасау жоспарланды. Алайда жалпы сандары 530 адамға ғана жеткен, өздері "Аңшылар одағы" дүкенінен алынған 75-ке жуық мылтықтармен қаруланған көтерілісшілердің мұндай кең көлемде әскери қимылдар ұйымдастыруға мүмкіндіктері болмады. Жазалаушы отрядтарға көтерілісшілер қарсылық көрсете алмады. Жазалаушы отряд 200-ге жуық көтерілісшілерді, оның ішінде Бармақовты да тұтқынға алды. ОГПУ "үштігі" Батпаққара көтерілісіне байланысты 115 адамды ату жазасына, 170 адамды 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде еңбекпен түзету лагеріне, 28 адамды Қазақстаннан тыс жерлерге 3 жыл мерзімге айдауға кесті, 17 адамды шартты түрде соттаған болатын.
Қарақұм көтерілісі. Кеңестік әміршілдік жүйеге қарсы бағытталған қарулы қақтығыс. Бұл көтеріліске Қазалы ауданы, Қармақшы ауданы, Тереңөзек ауданы, Аламесек, т. б. аудандардың жеке-жеке топ болып, шаруа жайымен көшіп-қонып жүрген шаруалары қатысты. Көршілес Ырғыз ауданы, Арал ауданы, Қарсақпай ауданының бірқатар ауылдары да осы бас көтеруге қосылды. Жаңа өкіметтің қысымына шыдамай, Қарақұмды паналаған ауылдар қолдарына қару алып, қорғануға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетісу өңіріндегі ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылық (1929-1933 жж.)
Қазақстандағы лагерлер жүйесімен халық қасіреті
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары
Қазақтардың 1930 жылдардағы ұжымдастыруға қарсы көтерілісі
Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1921-1939 жж.)
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша көзқарастар
Халықтың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
Пәндер