Мәтін талдау сабағында сын тұрғысынан ойлау мен жазу әдісін пайдалану жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мәтін талдау сабағында сын тұрғысынан ойлау мен жазу әдісін пайдалану жолдары

Магистр оқытушы Усенбаева Жазира Сейтханқызы

Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлеріне жіктейміз:
1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;
2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;
3) іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке, өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;
4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;
5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;
6) ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді;
7) жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;
8) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:
а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;
ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;
в) көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту . [1]
Әдебиеттік оқу сабағы көркем мәтінмен жұмыс жасалғанда нәтижелі. Ол оқушының жүрегіне әсер ету арқылы тәрбиеші қызметін атқарады.
Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс жасай отырып, олардың ойлауына, өз пікірін еркін айтуына ықпал жасау үшін әдістерді іздестіреміз. Оқушылар көркем шығарманы оқып, ол туралы өзіндік пікірін қалыптастыруға мүмкіндік жасай алатын әдістерге тоқталып өткім келді. Ол сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы ойлау стратегияларын пайдалану арқылы жүзеге асатындықтан оқушыны тыңдай білуге, бір-бірінің пікірін бағалауға, өз ойларын анық жеткізуге дағдыландырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге итермелейді.
Саданова Ж.К., Саданова С.К. сын тұрғысынан оқыту жобасының мынандай кезеңдерін атап көрсетеді:
Бірінші кезең - қызығушылықты ояту. Үйрену процесі - бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін Топтау, Түртіп алу, Ойлану, Жұпта талқылау, Болжау, Әлемді шарлау тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.
Екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V - білемін, - - білмеймін, + - мен үшін жаңа ақпарат, ? - мені таңқалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. [2]
Осы атап өтілген әдістерді пайдаланып, көркем шығармадан таңдалған үзінділерді оқушыға ұсына отырып мәтінмен жұмыс жасап көрейік.
Аймүйіз бошалап кетіпті... -
Мұқа қарт оны әуелі ауыл маңынан іздестірді. Сай-сала, жықпыл-жыра көзден таса қалмады. Жоқ. Білдей совхоз директорының әкесі сиыр қарап, жер кезіп жүргенде көрші-қолаңдары да қол қусырып үйлерінде отыра алмады. Бірі қырға, бірі ойға шапқылап іздестірген болды. Екі күн өтті. Үш күн өтті. Жоқ...
Аймүйіздің бошалап кететін әдеті үй ішіне әуелден белгілі. Сондықтан оны желіні біліне бастасымен-ақ үй маңына арқандап, байлап ұстайтын. + Биыл да солай еткен. Шөбі мен суын үзбей, Мұқаның сиырды есік алдындағы ашық қораға баққанына екі жеті болып еді. Аяқ астынан жас әйелінің тас-талқан болып ашуланғаны. Құдай-ау, осыны қыстай баққанымыз аздай-ақ, жаз ортасында бұл не сұмдық? Басына жастық, астына төсек боп. Үйдің маңайы кісі жүргісіз қоқыс, сасық. Әйда, босат... Бошаламаса, неге қаңғып кетпейді.
Жай ашуланып қана қойған жоқ, шапылдап ұрсып жүріп, сиырды босатып, арқанын жиып алды. Мұқа шал ерке әйеліне Бәтір-ау, мұның не? деп бір-екі ауыз сөз де айта алмады. Бар болғаны қайта-қайта сақалын сипай берді. Сонан соң қолына шыбық алып, сиырын таңертең табын беттеген жаққа қарай айдап салды. ?
Содан қайтып Аймүйіз қораға оралған жоқ.
Аймүйіздің төрт жыл бұрын осылай бошалап кеткені бар. Онда да оңды-солды шапқылап, ақыры Шашубай деген көршісі ат сабылтып жүріп, Шырағданның арғы бетіндегі ескі жұрттан жаңа туған бұзауымен тауып әкеп берген. Аймүйіздің сол қылығын естігендер: Ойпырым-ай, мына жануардың жершіл, итжандылығын-ай! Тіпті күндік жерге кеткені несі? деп таңырқасқан. . ?
Мұқа шал бұл жолы да Аймүйізді сол ескі жұртқа тартқан болар деп жорамалдады.
Төртінші күн дегенде шал торы жорғасына ер салды. Әуеліде ерке әйелінің деректірдің әкесі сандалып сиыр қарап жүр екен деген жақсы атақ дейсің бе? Мына, маңайдағылардың біреуін жібермейсің бе? дегеніне де малданып, ? тағы да Шашубайды жібергенім жөн бе екен деп бір ойлап тұрды да, онысынан қайта айнып, өзі жинала бастады. Он жылдан бері ат ізін салмаған сонау қияндағы ата қонысы Талтоғанды бір көріп қайтуға көңілі соқты ма, қалай... [3] V
Оқушы мәтінді оқып болысымен таныс емес жаңа сөздердің асты сызылып, - - білмеймін, + - мен үшін жаңа ақпарат, ? - мені таңқалдырады белгілерін қойып шығады.
Тақырып туралы ой толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өзі білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған Бес жолды өлең, Венн диаграммасы, Еркін жазу, Семантикалық карта, Т кестесі сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады [2].
Осы атап өтілген әдістерді пайдаланып, көркем шығармадан таңдалған тағы бір үзінділерді оқушыға ұсына отырып мәтінмен жұмыс жасап көрейік.
Мұқа шалдың жастық шағы осы Талтоғанда өткен. Әкесі Құрақ марқұм алты атамыз түгел осында ғұмыр кешкен екен, біздің де сүйегіміз осында қалар. Сендерді бір Құдайымның өзі білсін деуші еді. Сонда Мұқа отырып бұл жерді тастап қайда баруымыз мүмкін. Осы кісі не біліп, не сезеді деп ойлаумен болатын.
Әкесі дүние салды. Онан кейін де қанша уақыт өтті. Бұрқ-сарқ етіп соғыс басталды. Мұқа да көппен бірге майданға аттанды. Сонда ол әкем марқұм осыны айтқан екен-ау. Енді мына алапат майданнан қайта оралу жоқ шығар деп ойлады. Жоқ, оралды. Тіпті аман-сау келді.
Үш баласы ер жетті. Үшеуін де оқытты. Балаларының бағы жанып, бірінен соң бірінің қызметі өсіп жатты. Тіпті екі баласы совхоз директоры болған кезде шалдың есі шығып кетті. Астапыралла-а, мыналар кәйтеді-әй. Мен осыларға үшеуің бірдей директор бол деп пе екем? Ал ендеше!.. Әй, бұлардан әлі талай бәле шығар...
Шал оңашада сақалын тарамдап отырып, өз-өзінен күлетін. Мақтанышы кеудесіне сыймайды. Араға үш-төрт жыл салып, үлкен ұлы Ержігіт аудандық атқару комитетінің председательдігіне көтерілгенде, шал таң-тамаша болды. Мә-саған-н... Мына неме қайда барады-әй... Бұл мына қарқынымен енді бір бес жылда қайда отырады деші... Қой, мен барып, осымен біраз тоқта, шырағым, демесем болмас. Тіл-сұқ та жаман. Бұл бала бір күні қалпақтай түсер деп кемпірімен ақылдасқан болды. Әрине, бергі жақтарымен ғана айтқандары болмаса, іштері жек көрмейді.
Бірақ Мұқа шал бір күні Талтоғаннан көшуіміз мүмкін-ау дегенді ойлаған емес. Тіпті жұрт жаңа совхозға кеттік деп үдере көшкенде де тырп еткен жоқ-ты.
Бәлкім солай отыра да берер ме еді, кім білсін, ойда жоқта кемпірі Дәнекер ауруға шалдықты. Төсек тартып көп те жатқан жоқ, бас-аяғы екі жетіде дүние салды. Сонан соң барып Мұқадан билік кетті. Ортаншы баласы Белжігіт қолына көшіріп алатын болды. Шалдың көнбеске шарасы жоқ. Дәнекердің жылын беріп болған соң Дәрет су жылытып беретін бір ақ жаулықты тауып берейік, әрі шешеміздің орнында, үйге ие болып отырсын деп балалары әйел қарастырды. Шал қарсы болмады. Сөйтіп жүріп олар осы күнгі жас әйелі Торғынды тауыпты.
Несін айтасың балалары шетінен дөкей. Қолыңды жылы суға малисың да отырасың. Би де өзің, хан да өзің деген соң Торғын да оңай көніпті. Бірақ Мені алысымен орталыққа көшетін болсын. Тау-тасты аралап жүре алмаймын, даңғыраған ақ үйде, қалың көптің ортасында отырамын деп көрмей білмей жатып-ақ сәлем айтыпты. Шал айтқанына көнді. Көндіріп қана қойған жоқ, омырауынан әтір иісі бұрқыраған жас келіншек алпысқа иек артқан ақ самай шалды ай-шайға қаратпай үйіріп әкетті.
Торғынды алысымен Мұқа көп ұзамай Талтоғаннан көшіп кетті.
Содан бері он жыл өтіпті. Әуелгіде бауыр басқан ата мекенді қия алмай қайта-қайта барып тұрармын деп ойлайтын. Солайына солай да сияқты еді. Бірақ жаңа ортаға, өзін қоршаған у-дуға, қошамет, құрметке де үйреністі. Көңіл тоқтығы көп нәрсені ұмыттырады екен. Мұқа шал ата қонысқа қайтып соға алмады.
Мұқаның ойы Аймүйізді тауып ала сала суыт қайту. Тап қазіргі ойы, зәуіде, Аймүйіз алдынан шыға қалса, ескі жұртқа соқпай-ақ қайтып кетуге де бар. Расында, ол жан-жағына қарағыштап, жүрген жолын шолып та келеді. Әлдебір нәрселер қарауытқанға, жолдан шығып жақындап барып қараса, жайылып жүрген бір үйір жылқы екен. Қайта бұрылып келіп, жолына түсті. Әзірге тіпті сиыр атаулы көзге түсер емес.
Мұқа өзі ойлағандай бесін ауа Талтоғанның шетіне құлады. Алдымен қарауытып бау ағаштары мен ескі тамдардың тұлғалары, сонан соң ауыл іргесінен бұраңдап ағып жататын жіңішке өзен көрінді. Ауылдың түстігіндегі жусанды беткей... Осы көріністер шалдың көзіне ыстық ұшырады. Сондықтан болар ол қалжырап, жүрісі бәсеңдей бастаған атын тебіне берді...
... Күн түске тырмысты. Мұқа ыссылап, қарадай абыржып та келеді. Кенет өзен бойына өскен бір топ сәмінің арасынан әлдененің басы қылт ете қалғандай болды. Мұқа атының сауырын қамшылап жеделдете жүрді. Бұзау екен. Басын кегжите қарап біраз тұрды да үрке бұрылып, әлжуаз аяқтарымен маймаңдай басып, қалың сәмінің арасына кіріп кетті. Ар жағында маң-маң жайылып Аймүйіз жүр. Асықпауын көрдің бе? деді Мұқа шытынай күбірлеп. Осында төркіндеп келген сияқты. Жә, мен сенімен тілдесіп көрейін енді. [3]
Оқушы мәтінді оқып болысымен оқушылар сабақты қазақ тілімен байланыстырып, Бес жолды өлең құрастыруға тырысады.
1 жол зат есім бір сөзден тұратын Туған жер
2 жол сын есім екі сөзден тұрады Ыстық, Шуақты
3 жол етістік үш сөзден тұратын Сағынасың, ойлайсың, толғанасың
4 жол төрт сөзден тұратын сөйлем Мен қалайша іздемедім жануардай
5 жол сөз тіркесі алтын мекен жүрегіме жақын екен
Венн Диаграммасы - оқушыларды синтезанализбағалау жоғары деңгейдегі ойлау қызметіне әкелетін салыстыра білу қабілетін дамытуда пайдаланылады.
Тағы да мәтін талдап көрейік [2].
Бұзауын қамшысымен түрткілей айдап, шал қырқаға қарай бет түзеді.
Қырқаның төбесіне шыққанда сүт фермасының орны көрінді. Ұзын сиыр қора, цемент астаулар... Жеті-сегіз там. Баз біреулерінің есік-терезесі, шатыры алынып үңірейіп қалған. Ел қалмаған екен. Бәрі де көшіп кеткен болды деп ойлады шал жүдеу күйде. Бірақ ойда жоқта ескі астаудың көлеңкесінен бұларға қарай ит үріп шыға келді. Ит деген аты ғана. Қасқыр дерсің... Келе жатқан екпінінен, арсылдаған дауысынан Мұқа қарадай шошынды. Сөйткенше шеткі оқшау тамның есігі ашылып, іштен ақ жаулықты кемпір шықты. Айқайлап итін шақырды. Үй бар екен. Я, шарапаты мол, Құдай Тағала деп, шал іштей балаша қуанды. Ол енді бұзауы мен сиырына да қараған жоқ. Атының басын бұрып, шеткі тамға қарай жүрді. Жақындай бере әлгі кемпірді шырамытқандай болды. Сағыммен қателесіп тұрған жоқпын ба деп көзін уқалап-уқалап қайта қарады. Сол... Бәтір-ау, мынау Шынаркүл ғой. Өзіміздін Шынаркүл-л... Бұл әлі осында екен-ау. Таңдану мен қуаныш аралас күйде Мұқа қалт-құлт етіп атынан түсіп жатты...
-- Осы сен Мұқамысың? Құдайым-ау, өңім бе, түсім бе? - Шынаркүл шалдың қолынан ұстай алды.
-- Амансың ба, Шынаркүл? -- деді Мұқа шаршау күйде, ақырын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі
Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары
Қазақ тілі сабағындағы жазба жұмыстарының жүйесі
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Тіл дамыту жұмыстарының түрлері
Тіл дамыту жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
«Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарына жалпы сипаттама
Пәндер