Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы туралы


Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
СӨЖ
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Мамандығы: Аспап жасау
Орындаған:Жантемір Айғаныс Тобы:ПСк 20-3
Тексерген:т. ғ. қ. доцент Байдилдина С. Х
(Аты-жөні, атағы, қызметі)
« » 2020ж
(бағасы) (қолы)
Алматы 2020
Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясы, соның ішінде экономикалық өмірі мен ой - санасының қалыптасуы, салты мен тіршілік тынысы, елдің шаруашылық жүргізу тәсілі - номадтардың тұрмысына ұқсас құрылған. Сондықтан көшпелі халық - номадтардың қоныс аударуы, жаз жайлауда, қыс қыстауда, сол халықтың кеңістікті, табиғатты тиімді пайдалану, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сипатынан туындайтын саяси - әлеуметтік артықшылығы, тіпті экология жағынан да өркениетті құбылыс. Жалпы “Номадизм” - “номасрад”, “номадес” деген грек сөзінен шыққан - малшылардың “көшпелі” өмір - салты дегенді білдіреді. Ол адамдардың көшпелі, мал шаруашылығына өтумен байланысты - номадизм Еуразия таулы - далалық тайпаларының ортасында біздің дәуірімізге дейінге екінші мың жылдықтың соңы мен бірінші мың жылдықтың басында пайда болып, Орталық және Батыс Азияның бірсыпыра елдерінде сақталды. Ғасырлар бойы біздің ата - бабаларымыз бір - бірімен кездескен сәтте, алдымен “мал - жан аман ба?” деп саулық сұрасқан. Малды бірінші кезекке, содан кейін барып жанды, денсаулықты қойған. Бұл мысал - Қазақстан малшыларының көшпелі өмір-салты экономикасында номадизмінің басым болғандығының дәлелі.
Әл - Фараби ілімі, Тәуке ханның “Жеті жарғы” -заң ескерткіші .
Шығыстың оқымысты ғұламасы, аса көрнекті философы - Әбу Насыр Мухаммед Әл - Фарабидің (870-950 жж) ғылыми қызметі ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдени дамуына айқын дәлел бола алады. Сондықтан да, халық арасында ол “Елдің мұғалімі”, “Шығыстың Аристотелі” деген құрметті атаққа ие болды. Әл - Фараби бірсыпыра материалистік идеялардың авторы, адамзаттың ақыл - ойы мен тұрмысының тұтастық диалектикасын ашып көрсетті. Өзінің ғылыми көзқарастарымен, уақыттан озып туған Әл - Фараби ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика т. б. ) және практикалық этика, (политика, философия) деп екіге бөлді. Әл - Фараби өзінің ғылыми трактаттарында дүние мен оның мән - маңызы, сезім мен ақыл - ой органдары арқылы танылады деп дәлелдеді. Көне Қазақстан ғылымына Әл - Фарабидің қосқан үлесі аса зор және жемісті болды. Логика, медицина, анатомия, философия және юриспруденция, математика - ұлы ойшыл өзінің терең ақыл - ойымен қамтыған, оның білім салаларының шеңбері болып саналады. Оның негізгі шығармалары: “Кемеңгерлік гаммалары”, “Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттары”, “Ғалымды саралау туралы трактат”, оның оқымыстылығының, кең таным шеңберлігін және қазақ малшыларының көшпелі өмір салтын салыстыру ойлары тағы да бір дәлел.
Мысалы Әбу Насыр Әл-Фарабидің “Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы тракттары” ғылыми тұжырымдар ретінде қазақстанның экономикалық теориясының негізі. Мұнда бір адамның қажетін екіншінің қанағаттандыруы, қоғамдық тұтастыққа әкеліп, өзара қарым қатынастар туғызып, адамзат қоғамын құру жолдары көрсетілген. Әл-Фарабидің экономикалық категориясында қала тұрғындары жай ғана адамдар тобы ғана емес, өндіргіш күш және адамзат қоғамын құрушы фактордың негізі, олар бірлікке, қайрымдылыққа шақырған. Әл-Фарабидің бұл идеясы бүгінгі күн үшін де актуалды, оны талдау, зерттеу, қазіргі экономистердің міндеті.
Ұлы «Жібек Жолының» Қазақстанның жерімен өтуі мал шаруашылығының дамуымен қатар, қалалардың өсуіне, басқа елдермен сауда-саттықтың ұлғаюына, елімізде жаңа экономикалық ой-сананың қалыптасуына, жаңа халықаралық қарым-қатынастардың орнауына, үлкен әсері тиді. Экономика ілім тарихы осы «Жібек Жолмен» қандай тауарлар тасылды, олардың түрлері мен бағалары, айырбастау құны мен әділетті сауда-жүргізуді т. б. теориялық проблемалардың ғылыми ізденістерді жүргізуде.
Қазақстанның экономикалық тарихында және халық шаруашылығын қалыптастыруда хандар мен олардың ақылшы, кеңесші билері қазақ хандылығының институттарың дамытушы. Мысалы, “Қасым ханның қасқа жолының”, “Есім ханның ескі жолының” қосындысы ретінде Тәуке ханның (1680-1718) “Жеті жарғы” - әлеуметтік-экономикалық және құқылық энциклопедиясы туды. Ол хан заманындағы экономикалық ой-пікірдің, көзқарастардың нақты көрінісі. Бұған қоғамдағы адамдардың қарым-қатынастары, мінез-құлықтағы кемшіліктері, құқық бұзғандары экономикалық жазалау тәсілдері кірген. Олардың көбін осы күндері де пайдалануға болады. Бұл маңызы жағынан Египеттегі Хаммурапи патшаның заңынан кем емес. Қазір отандық экономикалық ғылымның міндеті - осыларды теориялық жағынан негіздеп, қазақтың көшпелі шаруашылығында меркантилистік, классикалық, институцианалистік экономикалық теориялар белгілерінің бар екендігін дәлелдеу.
Бір жорамал бойынша Тәуке хан кеңесу үшін қазақтың үш Төбе билері: Ұлы жүзден - Төле бидің, Орта жүзден - Қазыбек бидің, Кіші жүзден - Әйтеке бидің бастарын қосып, заң сипатында неғұрлым жиі кездесетін мәселелерді талдайды. Олар заң жасап және заң ережелерін бекітіп «Жеті Жарғыны» дүниеге әкелді.
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz