Қазақ халқының дүниетанымы (Хронологиялық, космологиялық, географиялық)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Физика математика факультеті

Қазақ халқының дүниетанымы (Хронологиялық, космологиялық, географиялық)

Орындаған: Бердібек Айдын
Курс-1 1 ВТиПО-101
Қабылдаған: Сығындықова С.

Ақтөбе 2020-2021
Қазақ халқының философиямен ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі заманнан басталады. V-VI ғасырларда түркілердің әліппесімен жазуы болды соның негізінде түріктер жазба мәдениетін туғызды, оны көне түркі жырлар деп аталады. Сол замандағы түркілермен қазіргі қазақ саласының арасындағы терең рухани сабақтастықты аңғарамыз.
IX ғасырда өмір сүрген Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазды, негізгі еңбектері (Екінші ілім философ трактаттары математикалық әлеуметтік әстетикалық трактаттары). Фарабиден екі ғасыр өмір сүрген Жүсіп Баласағұн Құтты білік шығармасын араб әрпімен түркі тілінде жазған. Ал аса көрнекті Ахмет Иассауи өз шығармаларын түркі тілде жазғанмен араб әрпін қолданған. Жүсіп Баласағұннан кейінгі түрк ойшылдарының қатарына Ахмет Иүгнеки, Махмұт Қашқари, Жамал Қарши т.б. жатады. Қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуына бұл ойшылдардың ықпалы зор болды. Қазақ халқы исламның ортодокциялық жағына ден қоймай оның философиясын қабылдаған, философия қазақ қалқына сырттан танылған ілім емес өзінің төл санасына жататын құбылыс. Айталық тәуба философиялық ұғым ол қандай құбылыстың болса да рухани өлшемі. Бұл ұғым адам қуанышының да қайғысын да шегі барын білдіреді, барға қанағат ету керек. Осы философия халқымыздың әлеуметтік психологиясына, әлеуметтік дүниетанымына әбден сіңді, халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі оның тұрмысынан аңғарылуы заңды дүние. Сондықтан араб - парсы философиясын қазақ халқы сол күйінде емес, өзінің өмір сүру тәсілі, салты, ерекшелігіне сай қабылдаған.
VIII-IX ғасыр Сырдария бойында данышпан ойшыл Қорқыт ата өмір сүрді. Қазақ арасында Қорқыт ата туралы тарихи жыр дастандар аңыздар ән күй көп кездеседі. Қорқыт атаның негізгі көзқарастары тағдырға жазылған деген фотолизмге қарсы күресіп адамдарға мәңгі өмір іздеуші тұлға ретінде өзін көрсетті. Ол өмірдің қиындықтарына мойынсұнбай үнемі күресе білуге шақырды, әрбір істің ізгілік пен жақсылыққа негізделіп жүзеге асуын уағыздады. Бұл ғұламаның кейінгі ұрпаққа берген рухани тәлімі. Қорқыт ата қазақ даласында тұңғыш рет қобыз жасаушы болып табылады. Қазіргі уақытта 22-ден астам күйлері белгілі шартарапқа тараған Қорқыт дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ Сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ. Өлмейтін өмірді өнерден табады. Қорқыт бабамыздың артынан қалдырған жырлары өте маңызды. Қорқыт кітабі 12 жырдан тұрады. Бүкіл түркі елдеріне ортақ бұл кітаптың 2 түрлі нұсқасы бар оның бірі Ватикан (Рим) Дрезден (Германия) қаласында кітап қоймаларында сақталған. Қорқыттың нақыл сөздерінде қазақ мақалдарына өте ұқсас одан көшпелі елдің салт-сана табиғат және қоғамға деген көз қарасы көрініп тұр.
XV ғасыр аңыз кейіпкеріне айналған өз заманының ойшылы Асан Қайғы, Керей Жәнібек хандардың ықпалды биі ақылшысы болған өзінің философиялық жыр талғауында хандық үкіметтік нығайту елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттады. Қоғамдағы әдет ғұрып мінез құлқын мәселелерін көрсеттік Асан Қайғы бір орталыққа бағынған мемлекет құруды насихаттады аңыз бойынша Сарыарқада Ұлытауда дүние салған.
XX ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине, оларды дүниеге келтірген объективті қоғамдық жағдайлар. Ең алдымен 1861 жылдан бастап басыбайлық құқық жойылғаннан кейін Ресей құлаш жайып, дами бастады.
Сондай-ақ, XX ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой-пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев болды. Ол Абайдың Қырық бес қара сөзіндегі ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, "Үш анық" философиялық еңбегін жазып шықты.
Қазан төңкерісіне дейін де одан кейін де ұлттық сананың еркіндікпен дамуына көптеген тосқауылдар болды. Соның бір көрінісі ұлттық философия халықтық дүние таным. Қазақ философиясы адам және оның өмірсүру философиясы жалпы бостандықты еркіндікті сүйетін кең даласы сияқты кең пішіндегі бар халықтың соған сай философиялық дүние танымы ой пікірлері болуы заңды дүние.

Қазақ хандығынан қазірге дейін хронологтясы

XV ғасыр

1465-1466 жылдар - Керей мен Жәнбек Батыс Жетісуда Қазақ хандығын құрды.

1465-1474 жылдар - Керей хан ел билеген уақыт.

1470 жыл - Созақ пен Сауран, Сығанақ қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.

1470 жыл - Керей хан бастаған қазақ әскері Түркістан қаласына шабуыл жасады.

1470 жыл - Жәнібек хан Созақ қаласына шабуыл жасады.

1474-1480 жылдар - Әз-Жәнібек хан ел билеген жылдар.

1480-1511 жылдар - Бұрындық ханның ел билеген уақыты.

1490 жыл - Азов қаласында Доспамбет жырау дүниеге келді.

1495 жыл - Тайбұға тайпасы Батыс Сібірдегі билікті қолына алды
XVI ғасыр

1503-1506 жылдар - Мұхаммед Шайбани хан Қазақ хандығына шабуыл жасады.

1510 жыл - Қасым ханның Мойынсыз-Хасан бастаған шағын тобы Шайбани ұрпақтарының әскерін күйрете жеңді.

1510 жыл - Шайбани әскерлері қазақ әскерлерінен жеңілгенннен кейін Түркістан қалаларының көпшілігі Қасым ханның билігіне өтті.

1511 жыл - Қазақ хандығында Қасым хан билікті қолына алды.

1511-1518 жылдар - Қасым ханның билік еткен уақыты.

1522 - 1523 жылдар - Мамаш ханның ел билеген уақыты.

1523-1532 жылдар - Тақыр ханның елбилеген уақыты.

1533-1534 жылдар - Бұйдаш ханның ел билеген уақыты.

1534-1535 жылдар - Қожа Мақмұт ханның ел билеген уақыты.

1535-1537 жылдар - Тоғым ханның ел билеген уақыты.

1538-1580 жылдар - Хақназар хан ел билеген уақыт.

1570 жыл - Жетісудың батысы мен Шу, Талас өңірі Қазақ хандығының құрамына өтті.

1573 жыл - Қазақ хандығымен одақ жасау үшін Г.Чебуков бастаған Ресей елшілері Қазақ хандығына келді.

1580 жыл - Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасау салдарынан Сарайшық қаласы қирады.

1580 жыл - Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды және оның туыстарын өлтірді.

1580-1582 жыл - Шығай ханның ел билеген уақыты.

1582-1598 жыл - Тәуекел Ханның ел билеген уақыты.

1582-1598 жылдар - Қазақ хандығын Тәуекел хан биледі.

1583 жыл - Тәуекел хан өзбек ханы Абдаллахпен жасалған келісімді бұзып Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын қайтарып алды.

1584 жыл - Ермакты қазақтың Сәтбек батыры жеңді.

1594 жыл - Құл-Мұхаммед бастаған қазақ елшілері Мәскеуге барды.

1595 жыл - В. Степанов бастаған орыс елшілері Тәуекел ханға келді.

1597-1598 жылдар - Тәуекел хан Абдаллах ханның әскерін Ташкент қаласының түбінде талқандады.

1598 жыл - Өзбек хандығымен шайқаста Тәуекел хан Ташкент, Самарқан басып алды.

1598 жыл - Ташкент қаласында Тәуекел хан қайтыс болды.

1598 жыл - Есім хан билікке келді.

1598-1628 жылдар - Есім хан билік құрған жылдар.
XVII ғасыр
1603-1624 жылдар - Қазақ-Бұқар шайқасы болған жылдар.
1603 жыл - Айғыржарда бірінші қазақ-бұхар шайқасы болды.
1611 жыл - Ташкент түбінде Есімхан Имамқұлды жеңді.
1613 жыл - Тұрсын хан өзін Ташкент қаласының билеушісімін деп жариялады.
1627 жыл - Қазақ-бұхар шайқасында Есім ханды жеңіске жетті.
1627 жыл - Қатаған қырғыны.
1628-1652 жылдары - Салқам Жәңгір ханның билік құрған уақыты.
1635, 1643, 1652 жылдары - Батыр қоңтайшының қазақтарға қарсы жорығы.
1640 жыл - Гурьев бекінісі салынды.
1643-1647 жылдар - Қазақ-жоңғар соғысы.
1643 жыл - Қазақ халқының жоңғарларға қарсы Орбұлақ шайқасы болған уақыт.
1680-1715 жылдар - Тәуке ханның билік құрған уақыты.
1680 жыл - Жоңғарлардың Оңтүстік Қазақстан жеріне шабуылы.
XVIII ғасыр
1710 жыл - Қарақұмда Тәуке ханның ордасында қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға қарсы соққы беру мәселесін талқылаған жыл.
1711-1781 жылдар - Абылай хан өмір сүрген.
1715 жыл - Тәуке қайтыс болып Қайып хан тағына отырды.
1716 жыл - Қайып хан Бекболат Екешов және Байдаулет Бориев бастаған елшілерді аттандырды.
1718 жыл - Ертіс бойына Семей бекінісі салынды.
1718 жыл - Аягөз өзені жағасында жоңғарлармен шайқас болды.
1723 жыл -Әбілқайыр Кіші жүздің ханы болып сайланды.
1723 жыл - Қазақ даласында Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама басталған жыл.
1723 жыл - Қазақ даласына жоңғардың 70 мың әскері басып кірді.
1724-1725 жылдар - Жоңғарлар Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алды.
1726 жыл - Бұланты өзенінің жағасында Қара Сиыр жерінде қазақ-жоңғар соғысы Қалмаққырылған шайқасы болды.
1729-1730 жылдар - Балқаш көлінің оңтүстігінде қазақ әскерлерінің жоңғарлармен Аңырақай шайқасы болған жыл.
1931 жыл - Кіші жүздің Ресейге қосыла бастаған уақыты.
1731 жыл - Кіші жүз елшілері С. Қойдағұлұлы мен Қ. Қоштайұлы Кіші жүзді Ресей имерия құрамына қабылдау ұсынысымен Анна Иоанновнаның қабылдауында болған жыл.
1731 жыл - Кіші жүз ханы Әбілқайыр 29 старшынмен бірге Ресейдің қол астына кіруге ант берді.
1734 жыл - Қазақ даласын зерттеу мақсатында Кирилов басқарған қырғыз-қайсақ экспедициясы ұйымдастырылды.
1735 жыл - Қазақстанның солтүстігінде Ор бекінісі салынды.
1740 жыл - Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Орскіге келіп Ресейге ант берді.
1741-1742 жылдары - Жоңғар қоңтайшысы Қалдан-Серен Орта мен Кіші жүзге жорық ұйымдастырды.
1741-1743 жылдар - Абылай сұлтан Жоңғарияның тұтқынында болды.
1748 жыл - Әбілқайыр ханды Барақ сұлтан өлтірді.
1752 жылы - Қызылжар (Петропавл) бекінісі салынды.
1757 жыл - Қазақстанға басып кірген Фу Дэ, Чжао Хой бастаған қытай әскерлері басып кірді.
1759 жыл - Абылайдың Үрімшіге сауда керуенін жіберді.
1771 жыл - Абылай хан сайланды.
1771-1781 жылдар - Абылай хан билік құрған уақыт.
1773-1775 жылдар - Е.Пугачев бастаған шаруалар көтірілісі болып, оған Кіші және Орта жүз қазақтары қатысты.
1778 жыл 24 мамыр - Ресей өкіметі Абылайды хан етіп бекітті (II Екатеринаның тұсында).
1781 жыл - Абылай хан қайтыс болды.
1783-1797 жылдар-Кіші жүзді С.Датұлы бастаған көтеріліс болған уақыт.
1785 жыл - Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған Нұралыны тақтан тайдыру туралы шешім қабылданды.
1786 жыл - барон О.Игельстром ұсынған революция мәні: Хан билігін жою.
1789 жыл -Азиялық училище ашылды.
1790 жыл-Уфада Нұралы хан дүние салды.
1791 жыл - Ералы Кіші жүздің ханы болып сайланды.
1795 жыл - Есім Кіші жүз ханы болып сайланды.
1797 жыл - Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі Айшуақты хан етіп бекітті.
XIX ғасыр
1801 жыл 11 наурыз - І Павел Жайық пен Еділ өзенінің төменгі ағысында Кіші жүз қазақтарының көшіп-қонуына рұқсат берді.
1801 жыл - Бөкей Ордасы құрылды.
1812 жыл - Қазақтар орыс-француз Отан соғысына қатысып ерлік көрсетті.
1817 жыл - Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне Өз қарамағындағы рулардың Ресейдің құрамына өтуді қалайтындығы туралы мәлімдеме жасады.
1820 жыл - Хиуа хандығы қазақ ауылдарына шабуыл жасады.
1821 жыл - Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі Тентектөре батыр басқарған шаруалар көтерілісі.
1822 жыл - Сібір қазақтарын басқару туралы Жарғы қабылданды.
1822 жыл - Орта жүзде хандық билік жойылды.
1824 жыл - Орынбор қазақтары басқару туралы Жарғысы бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылды.
1825 жыл - 50 мың адамы бар үйсін руы Ресей билігін мойындады.
1831 жыл - Семейде орысша білім беретін училище ашылды.
1832 жыл - Бөкей Ордасында тұңғыш жәрмеңке ашылды
1832 жыл - Ақмола округы ашылды.
1833 жыл - Қарағанды көмірін Аппақ Байжанов ашты.
1835-1865 жылдар - Шоқан Уәлиханов өмір сүрді.
1836 жыл - Өскеменде қазақтар үшін интернаты бар училище ашылды.
1836-1838 жылдар - Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбек Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс болған жылдар.
1837-1847 жылдар - Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс болған жылдар.
1841 жыл - Үш жүздің өкілдерін Кенесарыны ақ киізге көтеріп хан сайлады.
1841 жыл - Жәңгір хан Бөкей Ордасында орысша-татарша білім беретін мектеп ашты.
1841-1889 жылдар-Ыбырай Алтынсарин өмір сүрді.
1845 жыл - Орынбор, Омбы, Семей қалаларындаорыс географиялық қоғамның бөлімшелері ашылды.
1845-1904 жылдар-Абай Құнанбайұлы өмір сүрді.
1848 жыл - Қарқаралы уезінде Талды-Қоянды жәрмеңкесі ашылды.
1849 жыл - Көкшетауда жұмысшылардың алғашқы бас көтеруі өтті.
1854 жыл - Верный бекінісінің (ертедегі атауы-Алматы) іргетасын қалады.
1854 жыл - Ертістің оң жағалауында қазақтар үшін Семей ішкі округы ашылды.
1856-1857 жылдар - Ж. Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс.
1858-1859 жылдар - Шоқан Уәлиханов Қашқарға саяхат жасады.
1858-1931 жылдар - Ш.Құдайбердіұлы өмір сүрді.
1859 жыл - Ұлы жүз жерінде (Қырғыз елінің солтүстігінде) Қастек бекінісі салынды.
1860 жыл - Ұзынағаш шайқасы.
1861 жыл - Орыс-қазақ мектебі Троицк қаласында ашылды.
1862 жыл - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түріктердің діні
Қазақ рухындағы даналық
Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштері
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Тіл мен мәдениет байланысы – қоғамдық құбылыс
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Шоқан еңбектерінің тарихи маңызы
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Қазақ тарихы дәстүрлі ауызша тарих
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Пәндер