Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсері туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Физика- Математика факульеті

Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсері

Орындаған: ВТиПо-101 Бердібек Айдын

Пән оқытушысы: педагогика ғылымдарының магистрі Р. Т. Сагадатов

Ақтөбе 2020-2021

Жаһандану ұғымы

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global - әлемдік,

дүниежүзілік, жалпы) - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және

ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген

(1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт.

«Жаһандану» түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған

әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты мағыналандырудың өзегі болып табылады.

60-70-ші жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-ші жылдары академиялық

мойындауға ие болды. «Жаһандану» термині ғылыми айналымда бекітілген.

Жаһанданудың негізгі мағынасы «халықаралық бірігу» дегенді білдіреді. Ол үрдіс ретінде

де сипатталады. Бұл үрдіс - экономикалық, технологиялық, мәдени-әлеуметтік және

саяси күштердің қисындасуы. Жаһандану экономикалық, ақпараттық, саяси, экологиялық,

мәдени және тағы басқа болуы мүмкін. Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени

байланыстардың дамуы; «жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа

технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие \

болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа

категорияларының пайда болуы.

Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін

жақындастыру мен халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі

кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық

мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды ұлтаралыққа айналдыруы

мүмкін. Көпшілік мұны ұлттық мәдени құндылықтарды жоғалту деп түсініп, ұлттық

мәдениеттің жандануы үшін күреседі. Қазіргі заманғы кинофильмдер экранға әлемнің

көптеген елдерінде бір мезгілде шығады, кітаптар аударылып, әртүрлі елдер оқырмандары

арасында бір уақытта танымалдыққа ие болады. Мәдени жаһандануда ортақ Ғаламтордың

таралуы үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ жыл санап халықаралық туризм кеңінен етек алуда.

Егерде мәдениетті, ең әуелі, адамдар символикалық қайта қарау тәжірибесі негізінде

мағынасын құрастыратын өмірлік салт және тәртіп ретінде қарастыратын болсақ, онда

мәдени жаһандану деп мағына құрастыру аясын өзгерту, бірегейлікті, нақты бір жерге тән

болуды, жалпы түсініктерді, құндылық, ұмтылыстарды, мифтер мен сенім, қауіпті өзгертуді

түсіну керек. Жаһандану үрдісінде мәдениеттің рөлі мәдени-толықтырылған «жергілікті»

әрекеттің потенциалды-жаһандық нәтижесімен шектеледі. Басқаша айтқанда сөз әлеуметтік

белсенділіктің рефлексивтілігі жөнінде болып отыр: жергілікті дәстүр мен өмір салты

қазіргі заманғы кезеңде жаһандық нәтижеге ие, сонымен қоса жаһандық үрдісте жергілікті

интервенция жүзеге асады. Алайда жаһандану аясында идеяға консюмеризм бақылауы жан-

жақты екендігін ескеру де маңызды. Жаһандық капитализм өз билігіне бағындыруға,

телевидение, жарнама, газет, кітап, фильм және т. б. жинақталған барлық идеялар мен

материалды өнімді коммерциялау мен коммодифициялауға тырысады. Осыған сай, мәдени

тәжірибені жалғастық үрдісі мен одан кейінгі басты фактор-

катализаторы сауда экономикасы жағдайында пайда әкелетіннің барлығы

коммерциализацияға тәуелді болатын коммерциялық потенциал болып табылады. Бүгінгі

әлемде, сондай-ақ Казақстанда, жаһандық мәдениет тәжірибесіне сұраныс пен сән бар деп

айтуға болады.

Жаһандану мәдениет аясында мағыналардың көптігі, бағалаулық талдаулардың

жетіспеушілігі, барлық таныс заттарды жаңа терминмен жазу перекаталогизация,

транскодированиясымен анықталатын «қалдық мәдениет» (Ж. Бодрийяр термині) - қазіргі

мәдениет құбылысының кең спектрінің құрылуы негізінде жатқан үрдістердің

интенсификациясына әкеледі. Алайда мәдени гомогендеу немесе әлемде мәдени

әртүрліліктің азайуы жаһандану үрдісі нәтижесі бола алмаса да, жаһандану консюмеризм

механизмінің көмегін айтпағанда, әртүрлі мәдениеттің униформдығының өсуіне әкелуге

толық қабілетті. Мәдени жаһандану батыстық Реформация, Ағартушылық, Қайта Жаңғыру

сынды құндылықтар негізінде туындай алады. Бұл құндылықтар әлемдегі бүгінгі

дағдарыстық құбылыстарды туындатқан, немесе ол жаңа рухани революция жүзеге

асырылатын жаңа құндылықтар жүйесіне әкелуі мүмкін, сол кезде ол жаңа құндылық

жүйесінде жүзеге асырылады.

Жаһанданудың әсері.

Өзгерістер . . . Бұл құбылыс көбімізді қорқынышқа жұмылдырады. Алайда,

қорқу қажеттілігі бар ма?

Яғни, айтқым келіп отырғаны- қоғамдағы өзгерістер және маңызды

процесстердің көрініс табуы. Бұл тақырыпқа тереңірек үңілсек, жаһандану

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсері
Алматылық журналист Галина Дырдинаның айтуынша, бұның себебі қазақ тіліне сұраныстың жоқтығы
Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсерін көрсету
Тіл Мемлекеттік тіл мәртебесі
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Жаһандану үдерісінің ықпалы
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне тигізер әсері қандай?
Жаһандану кезінде мәдениеттің әмбебаптық үлгісі саналатын американдық мәдениетке ұрынбау үшін не істеу керек
Арап Егеубаевтің Құтты білік талдауы
Жаһандану мәдени феномен ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz