Ауыспалы егісте арамшөптерге қарсы химиялық және биологиялық күрес шараларын ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ауыспалы егісте арамшөптерге қарсы химиялық және биологиялық

күрес шараларын ұйымдастыру

Ғылыми-зерттеу мекемелері мен шаруашылықтардың тәжірибесі арамшөптермен үздіксіз күрес жүргізіп отырғанда ғана олардың ауылшаруашылғына келтіретін зиянының бәсеңдейтіндігін көрсетті. Сондықтан, әрбір шаруашылықта арамшөптерді жою шаралары уақытылы жүргізіліп отырулуға тиісті. Бұл үшін қандай арамшөптер түрлері басым екендігін және келер жылы қай арамшөптер болатындығын алдын ала біліп отыру қажет, басқаша айтқанда оларды есепке алу керек. Арамшөптерді есепке алудың көзбен мөлшерлеу, таразылық, таразылық-сандық және сандық әдістері бар. Осылардың ішінде ең ыңғайлысы және шаруашылықта кеңінен қолданылатыны көзбен мөлшерлеу әдісі. Ол академик А. И. Мальцевтің 4 баллдық шкласы бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс бойынша әр бір танапты қиғаш бағытта жүріп арамшөптерді көзбен мөлшерлеп есепке алады. Егер егісте бірен-саран арамшөптер кездессе онда ол 1 балл деп есептеледі. Арамшөптер әр жерде ойдым-ойдым болып шоғырланып өсіп тұрса немесе егістегі жалпы өсімдік санының төрттен бір бөлігінен артық болмаса-бұл 2 балл. Егістік жерде арамшөптер көп, дегенмен сан жағынан ауылшаруашылық дақылдарының санынан кем, немесе оларға тең болғанда 3 балл болады. Арамшөптер тым көп, яғни мәдени өсімдіктерден сан жағынан басым болып келгенде оларды 4 балл деп есептейді. Оңтүстік-шығыс ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары көзбен мөлшерлеу әдісіне кейбір толықтырулар енгізді. Олардың пікірі бойынша, егер әрбір шаршы метр жерде 10-нан 50-ге дейін арамшөптер сабағы болып, оның құрғақ салмағы 2 ден 15 граммға жетсе бұл академик А. И. Мальцевтің шкаласындағы 1 баллға, ал 50-200 арамшөп сабағы кездесіп, олардың құрғақ салмағы 15-70 грамм болғанда 2 баллға тең келеді. Ал, 3 баллға әрбір шаршы метр жерде 200-600 арамшөптер сабағы және 70-200 грамм құрғақ салмақ бар деректер сәйкес келеді, егер арамшөптер сабағының саны 500-2000-ға жетіп олардың құрғақ салмағы 200-800 грамм болған жерлерде 4 балл деп есепке алынады.

2. Көзбен мөлшерлеу әдісінің онша дәлдігі болмасада, оңайлығы үшін ауыл және орман шаруашылықтарында пайдалануға ыңғайлы. Бұл әдіспен арамшөптердің түрлері туралы толық мәліметті тек бүкіл жаз бойы жүргізігенде ғана алуға болады, өйткені көктемде, жазда және күзде арамшөптердің түрлері ауысып тұрады. Арамшөптерді мәдени өсімдіктердің өсіп-даму фазасына сәйкестендіріп есепке алған жөн. Мысалы, дәнді дақылдардың түтіктену, гүлдену және қамырланып пісу кезеңдерінде арамшөптерді есепке алуға болады. Егер, арамшөптерді химиялық шаралар арқылы жоятын болса, онда оларды гербицидтерді пайдалану алдында, жанамалы гербицидтерді қолданғаннан 7-10 күннен кейін және 20-30 күн өткен соң есепке алған жөн. Ауылшаруашылық өндірісінде арамшөптерді үздіксіз есепке алып тұрудың мүмкіншілігі жоқ, сондықтанда оларды есептеуді белгілі бір мезгілге байланыстырған жөн. Бірінші рет есепке алудың ең қолайлы мерзімі төртгүл жапырақшалы қос жарнақты арамшөптердің гүлдеу кезі. Ұсақ гүлді арамшөптер гүлдеген кезде оларды екінші рет қосымша есептесе, бірінші ретте тек көктей бастаған арамшөптер өсіп жетілгендіктен оларды да есепке алуға болады. Міне, осылай жаз бойына екі рет есеп жүргізгенде егіс алқабындағы арамшөптерді тегіс қамтып, олардың саны туралы толық мәлімет ала алады.

3. Азжылдық арамшөптердің топырақтағы тұқымдарын жоюдың екінші тәсілі -оларды топырақтың терең қабатына сіңіру. Бұл тәсіл арамшөптердің биологиялық ерекшелігіне негізделген, өйткені көптеген арамшөп тұқымдары жердің беткі қабатынан жақсы көктеп шығады, сондықтан оларды сүдігер жырту арқылы тереңге сіңіру керек. Арамшөптермен алдын ала күрес, олардың топырақтағы тұқымдары мен вегетативтік мүшелерін жою шаралары жүзеге асырылғанның өзінде көктем шығысымен танаптарда арамшөптер пайда бола бастайды. Ендігі міндет соларды жою. Бұл көктемдегі егіс алдындағы топырақты өңдеу жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе, егін себудің дәл алдында жүргізілген топырақ өңдеу жүйесі көктеп шықан арамшөптерді жоюда ең тиімді агротехникалық шара. Оны Қызылорда облысында жүргізілген тәжірибе дәлелдейді. Мысалы, күріш себуден екі-үш апта бұрын танапты культивациялау алдында әр шаршы метр жерде 24 дана мысыққұйрық арамшөбі болып, күріштің өнімі 49, 4 ц/га болса, ал егін себуге 1-2 күн қалғанда осыған сәйкес 7 арамшөп болып күріштің түсімі 56, 9 ц/га жеткен. Егін сепкенге дейін көктеп шықпаған арамшөптер топырақты вегетация кезінде ластайды, сондықтан егін сепкеннен кейін танапты тырмалау, әсіресе отамалы дақылдардың қатараралығын культивациялау ерекше орын алады.

Арамшөптермен күресудің тиімді әдістерінің бірі-ауыспалы егіс. Әсіресе, бұл республикның солтүстік облыстарында кеңінен қолданылатын дәнді-парлы ауыспалы егістіктерде жақсы жүзеге асырылады, себебі мұнда әр танап екі-үш жылда бір рет парға қалдырылады. Ал, таза парды бірнеше рет өңдеу арқылы танапты арамшөптерден тазартуға мүмкіндік зор. Бұған Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының көпжылдық тәжірибесі дәлел бола алады. Мысалы, Н. В. Шрамконың деректері бойынша таза парға себілген жаздық бидай егісінің бір шаршы метрінде 40, 9 түп арамшөп болса, ал арпадан кейін себілген егісте 60, 9 және 69, 9 түп, ал жаздық бидайдың бірегей егісінде 108, 9 түп арамшөп өскен.

Арамшөптермен күресудің химиялық әдісі. Ол гербицидтер қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда гербицидтерді егістердегі арамшөптерді құрту үшін бірінші рет 1954 жылы пайдаланды. Сол жылы гербицид 1300 гектар егіс алқабында, ал 1964 жылы ол 13 млн. гектардан астам егіс көлеміндеқолданылды. Бірақта, кейінгі жылдары әр түрлі себептерге байланысты (ірі шаруашылықтардың тарап кетуі, кіші шаруашылықтардағы қаржы тапшылығы, гербицидтерді қолдану техникаларының қолдану жоқтығы және басқалар) гербицид қолданылатын егіс көлемі азайып кетті. Мұның өзі егістіктердің арамшөптермен қатты ластануына әкеліп соқтырды. Арамшөптерге қарсы қолданылатын гербицидтердің түрлері өте көп, сондықтан оларды жіктеуге тура келді.

Өзінің химиялық құрамына қарай гербицидтер органикалық емес және органикалық болып бөлінеді. Органикалық емес гербицидке кальций цинамиді және басқалары жатады, ал органикалық гербицидтерге ДНОК, ПХФ, 2, 4-Д тобындағы гербицидтерді жатқызуға болады.

Гербицидтер өсімдіктерді зақымдайтын әсеріне қарай екі топқа бөлінеді.

Біріншісі жаппай әсер ететін, ал екіншісі-талғамды әсер етуші гербицидтер. Жаппай әсер ететін гербицидтер барлық өсімдік түрлерін жояды, сондқтан оларды мәдени дақылдардан бос жерлерге, яғни таза парларда, автомобиль және теміржол тараптарының жиектерінеде, су жүретін каналдардың жағалауында және тағы басқа жерлерде қолданады.

Талғамды әсер ететін гербицидтер егістіктегі арамшөптерді жояды. Олар жылымалы және жанаспалы болып екі топқа бөлінеді. Жанаспалы гербицидтер өсімдік мүшелерінің тиген жеріне ғана әсер етеді. Яғни, жапырақтарын немесе сабақтарын күйдіреді, сөйтіп олардың тіршілік қабілетін жояды. Гербицидтер өздерінің физикалық жағдайына байланысты ертінділер, суспенция, эмульсия түрлерінде шығарылады.

Егіншілікте арамшөптерді жою үшін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің ұсынысы бойынша 2010-2015 жылдар аралығында иллакцонды(48%) жаздық бидай, арпа егістерінде қарасұлыны жою мақсатымен егін себер алдында жаздық бидайдың түптену -түтіктену фазасында әр гектарға әсер етуші заты 1, 7-3, 4 л/га мөлшерінде, мақта егісіндепрометринді (50%) әр гектарға 3, 5-5, 5 кгжәне дуалдыәр гектарға 1, 6-2, 6 литр мөлшерінде топыраққа бүрку тәсілімен қолданылуды ұсынды.

Көшеттіктерде гербицидтерді қолдану. Орман шаруашылығында гербицидтерді қолдану жөнінде ғалымдар арасында бірыңғай көзқарас жоқ. Орман шаруашылығы мамандарының біртобы гербицид адамдарға, малдарға, жалпы айтқанда тірі организмдерге зиянды, сондықтан оларды қолданбау десе, ал екінші тобы гербицидтер экономикалық жағынан тиімді және еңбек өнімділігі жоғары деп есептеп, көшеттіктерде гербицид қолдануға абайлап қарау керек деген пікір айтады.

Сондықтан, орман көшеттіктеріне республикадағы сыналған, тиімді және адамдар мен малдар организдеріне (келеңсіз) кері әсері жоқ гербицидтерді қолданған жөн. Орман көшеттіктерінде жатаған бидайықты, қамысты, тарамбидайықты жою үшін суда жақсы еритін әсерлі заты 85% далапанды (натрий тұзы), 10-20 кг мөлшерінде бүрку керек. Азжылдық тұқымымен көбейетін арамшөптердің жас өскінін жою үшін әр гектарға 4-15 кг әсерлі зат мөлшерінде ДНОК-ты бүріккен дұрыс. 2, 4 Д тобынан қосжарнақты егістік қалуен мен егістік шырмауықты жою үшін амин тұзын немесе эфирді әсерлі зат есебімен әр гектарға 2-6 кг мөлшерінде қолдану керек.

Қарағайдың, шыршаның, кейде балқарағайдың көшеттіктеріндегі біржылдық арамшөптерді жоюға 2, 0 кг/га әсерлі зат есебінде симазин гербициді қолданылады.

Қазақстанның орман көшеттіктерінде осы топқа жататын пропазин, симазин, атразин, прометрин гербицидтерін қолданылады.

Шетелдік гербицидтен 1, 5 кг/га мөлшерінде раундап гербициді сынақтан өтуде. Республиканың орман көшеттеріне өте зиянды жатаған бидайық, тарамбидайық сияқты көпжылдық арамшөптерді жою үшін топырақ өңдегеннен 2-3 аптадан соң әсерлі зат есебінде 15-20 кг/га далапонды қолданған тиімді. Содан 10-12 тәуліктен кейін топырақты культивациялаған соң арамшөптер қайта шықса көшеттіктерді екінші рет осы гербицидпен 10-15 кг/га қайта бүрку қажет. Қазақстанда көшеттіктердің егістік бөлімдерінде негізінен үш гербицид, яғни симазин, пропазин және уайтспирт жақсы зерттеліп, олар кеңінен қолданылып жүр. Аталған гербицидттің ішіндегі ең тиімділері симазин мен пропазин болды. Іле Алатауы жағдайында орман көшеттіктерінде аталған гербицидтерді қолдану арқылы арамшөптерді жоюға, ал шырша, қарағай себіндіктеріне олардың әсер етпегені байқалған.

5 Гербицидтермен жұмыс істеген кезде қолданылатын сақтық шаралары7Арамшөптерді жою үшін гербицидтер тек егіншілікте емес, сонымен қатар орман шаруашылығындада, дәлірек айтқанда көшеттерде қоладнылады. Егіншілік шаруашылығымен салыстырғанда гербицидтерді көшеттікте қолданудың өз ерекшелігі бар. Біріншіден, көшеттіктер қоршалған ортаға, малдар кіре алмайды, сондықтан олардың уланып қалуы мүмкін емес. Көшеттіктерді жаңбырлатып суару әдісін қолданса, гербицидтер топыраққа ағып кетпейді. Оның қоршаған ортаға зияны жоқ. Көшеттіктер адамдардың тамағы үшін пайдаланылмайды, сондықтан адамдар одан уланбайды. Дегенмен, көшеттіктердегі арамшөптерді жою үшін гербицидтер қолданғанда сақ болған дұрыс. Ауылшаруашылық өндірісінде қолданылатын гербицидтер адамдар мен малдарға қауіпті емес. Әйтседе, олардың ішінде улы, кейде тіпті аса улы түрлері де кездеседі. Сондықтан, олармен жұмыс істегенде кейбір сақтандыру шараларын жүзеге асыру керек. Гербицидпен жұмыс істейтін адамдар нұсқаудан өтулері, арнайы киімдермен, атап айтқанда комбинезон, халат, қолғап, көзілдірік, респиратор және басқа жабдықтармен қамтамасыз етілулері керек. Кәмелетке жасы толмаған, балаларды, екіқабат және жас балалары бар әйелдерді гербицидпен жұмыс істеуге жіберуге болмайды. Гербицидпен жұмыс істеп жүрген мезгілде тамақ, су ішуге, шылым тартуға болмайды, ал жұмыс істеп біткеннен кейін қолды, бет-ауызды сабынмен мұхият жуу керек. Гербицидпен жұмыс істегеу уақыты күніне 6 сағаттан аспауы керек, ол адамдарға күніне кемінде жарты литр сүт ішу қажет. Гербицидтер үйлерден, тамақ және жем сақтайтын қоймалардан, мал қораларынан 250-300 метр қашықтықта сақталуға тиіс. Адамдар үзіліске кеткенде күзетші қою қажет, кері жағдайда балалар, малдар уланып қалуы мүмкін. Гербицид қолданылған жерлерге бір айға дейін малдарды жаюға, үй құстарын жіберуге болмайды. Әрине, бұдан басқа да сақтық шаралары бар. Олар арнайы өткізілетін нұсқаулар кезінде айтылады.

Арамшөптермен биологиялық әдіспен күрес. Арамшөптермен химиялық әдіс арқылы күресу өнімді және тиімді деп кеңінен қолданылғанмен, экологиялық тұрғыдан, яғни қоршағантабиғи ортаны қорғау жағынан алып қарағанда, оның көптеген зиянды жақтары бар. Сондықтан да кейінгі кезде ғалымдар арамшөптермен биологиялық әдіспен күресу жолдарын зерттеп іздестіруде. Биологиялық табиғи жауларын, яғни насекомдарды, фитофагтарды, ауру таратқыш жәндіктерді, нематодаларды, саңырауқұлақтарды, вирустарды, бактерияларды оларға қарсы пайдалану. Мысалы, күнбағыс сұңғыласына қарсы фитомиза шыбыны қолданылады. Ол сұңғыланың 82-90 пайызын жояды.

Кейінгі кезде арамшөптермен биологиялық әдіспен күресу жолдары біздің республикада да кеңінен зерттеле бастады. Бұл бағытта Қазақстан ғалымдары П. И. Мариковский мен А. И. Иванниковтың жүргізген зерттеулерін атауға болады. Олардың зерттеулерінің нәтижесінде кекіре құртын республикмыздың солтүстік-шығыс облыстарында кеңінен қолдануға болатындығы дәлелденсе, ал бұл тәжірибе Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл және Алматы облыстарында жүргізілген өндірістік тәжірибелердің нәтижесінде, қызғылт укекіре зақымданғаны 90 пайызға дейін жеткен. С. Төребаев пен Ж. Шілдебаевтың мәліметеріне қарағанда Қазақстанда биологиялық күрес қызғылт укекіре, ақ мия, егістік шырмауық, сарықалуен, күнбағыс сұңғыласы және басқада арамшөптердің табиғи зиянкестерін ізденуден басталды. Мысалы, 1967 жылы профессор П. И. Мариковскийдің басшылығымен біздің республикада қызғылт укекіреге қарсы алғаш рет биологиялық әдіс ретінде оның табиғи жауы кекіре құрты қолданылды. Осының нәтижесінде аталған арамшөптің 22 пайызы жойылып, ал 30 пайызы құрттардың жеуінен шіріп, өсімдіктердің дамып өсу қабілетін жойды. Республикадағы ең бір қауіпті карантиндік арамшөп жусан жапырақты ойраншөп. Бұл арамшөппен күресте басқа шаралардың ішінде биологиялық әдістің маңызы ерекше орын алады. Аталған арамшөпке қарсы фузариум ойраншөп жемір қоңызын қолданылады. Егістік шырмауыққа қарсы филлотерета қоңызын, шырмауық қара күйесін, ал егістік қалуенге қарсы оның көк қанатты қоңызын, егістік қалуен, қоңызын және теңбіл қанатты урофора шыбынын қолданады. Арамшөптермен биологиялық әдіс арқылы күресу жаңа дамып келе жатқан шаралардың бірі. Қорыта келіп айтқанда, арамшөптермен биологиялық тәсілмен күрестің болашағы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығында кездесетін арамшөптерді жіктеу
Дәнді дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері
Өсімдіктерді интегралды қорғау жүйесі бойынша сұрақ/жауаптар
Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру
Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі
Тәлімі егіншілік аймағындағы арамшөптермен күресу шараларының ерекшеліктері
Арамшөптердің зиянды шегі
Көшеттіктерде гербицидтерді қолдану
Оңтүстік Қазақстанның жерлерінде күздік бидайды тікелей егу жұмыстарын жүргізу
Жануарлар ген инженериясы. Топырақты өңдеу жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz