Социометрия әдісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Социометрия әдісі
1. Социометрия әдісінің пайда болу тарихы
2. Қолданылу әдістемесі
Социометрия термині латын тіліндегі: socius - дос, серіктес және mеtrum -- өлшеу деген екі түбірдің қосындысынан құралған. Аталмыш термин ХІХ ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен алғашқы рет қолданылады.
Социометрия терминін 1934 жылы Я.Л. Морено Who Shall Survive? деген еңбегінде енгізіп, әу бастан әлеуметтік құрылымды түсіндіруге социодрама көзқарасының бір бөлігі ретінде сараланған ұғым.
Социометрия топ ішіндегі адамдардан алынған, араласуда берілетін артықшылықтарға (немесе көбіне құқықтық параллельдер кімнің кіммен араласатыны) қатысы бар ақпаратты белгілі бір базис пен алға қойылған мақсат аясында жүйеғе келтіреді. Зерттеудің алғашқы сатыларында Мореноның түзеу мекемесіндетілердің арасындағы даудан қашу үшін жатын бөлмедегі орындарды ауыстыруына тура келді. Сөйтіп, алғашқы қолданылуында әлеуметтанушылық тест (мысалы, достарын атап шығу) оның тікелей нәтижесін алуға бағытталса, қазір бұл сирек қолданылады. Тандаудың әлеуметтанушынық баламаларының жол берілетін саны белтіленген (ең жақсы үш досыңызды атаңыз) немесе белгіленбеген (қанша қаласаңыз, сонша есім атаңыз) болуы: сондай-ақ ол күн ілгері айқындалған болуы немесе байланыстың беріктігін білдіруі мүмкін.
Бастапқыда социометриялық мәліметтерді талдау тандаудың алынған нәтижелері мен таңдаудың берілген баламаларының санына және тиісінше көп артықшылықка ие болған немесе ештеңе алмаған жұлдыздар мен жақпайтын адамдар секілді өзгешелеп тұратын қорытынды ерекшеліктерге шоғырландырылды. Мәліметтер социограмма деп аталатын сызықты диаграммаға нүктелер мен сызықшалар тұрінде бейнеленеді, онда бөрінен көп тандалған адамдар ортаға, ал сыртка тебілген адамдар шетке орналастырынады.
Социометрия топтық құрылымды байыптау үшін білім беруде және баска шағын топтар ортасында қолданынады. Sociomietry атты ғылыми журнал шығарылады. Баска бір әдісте ол желілік әдістермен талдауға қатысты болады
Социометрия кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. Социометрия мәліметтерінің пайдалануы еңбектің өнімділігін арттыруға, қақтығыстарды жоюға, топтық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік береді. Социометрия нәтижелерінің сауатты қолданылуы ұжымдарды комплектациялауда, олардың іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруда тәжірибелі нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін топтардың қызмет етуі мен дамуы жайлы байсалды теориялық қорытындыларды жасауда арқау болады.
Мәртебе және әлеуметтік роль ұғымдары негізгі социометриялық ұғымдар болып табылады. Бұл ұғымдар тұлғаның топтағы орнын сипаттайды. Мәртебе бұл - индивидтің топ тіршілік әрекетінің жүйесіндегі, топтық үрдістердің дамуындағы орны. Мәртебе топ мүшесінің жетекші қызметімен анықталады. Ол бір уақытта обьективті түрде индивидке тән бітістерді әрі айналадағылардың адамның өз қызметтерін қабылдауын біріктіреді. Индивидтің әлеуметтік өзі мінез-құлықтың: көсем, ұжымның беделдісі, әділ сот және т.с.с.сияқты ерекше ережелерімен сипатталған қайсібір сызбаға біріктірілген топтың индивидке жүктеген қызметтерінің жиынтығымен анықталады. Әлеуметтік рөлдер қатаң болмайды: ол орындаушының тұлғасы біршама ықпал ететін динамикалық және көп өлшемді құбылыс.
Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын таңдаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады. Аталмыш әдіс өте жедел жүргізіледі, оның нәтижелерін математикалық өңдеп, кесте түрінде шығаруға болады.
Социометриялық сұраудың негізіне: Сен кіммен бір партада отырғың келеді? Кіммен бірге демалғың келеді?; Кіммен бірге жұмыс жасағың келеді? деген сұрақтарды алуға болады. Таңдаудың - біріккен іс-әрекет бөліміндегі және көңіл-көтеру бөліміндегі екі бағыты ұсынылады. Таңдау қалаулылығының дәрежесін нақтылауға жәнетаңдауға ұснылған адамдардың санын шектеуге болады. Таңдаулар енгізілген матрицадан өзара ұнату мен ұнатпаулардың күрделі шиелінісін, социометриялық жұлдыздарды (көпшілікпен таңдалғандар), шеттетілгендерді (ешкіммен таңдалынбағандар) және сол полюстердің арасындағы аралық үзбелілердің тұтастай иерархиясын көруге болады.
Сұрауда көбінде дихотомиялық өлшем қолданылады. Ол кіші топтағы өзара қатынастарды неғұрлым нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, адамға жауапты істі кіммен бірге орындағысы келетіні ұсынылып қана қоймай, ол істі кіммен қосылып жасағысы келмейтінін де анықтау мүмкіндігі ұсынылады. Кейде респондент фамилияларды тізбектеумен шектелмей оларды нақты ретпен орналастырса рангілеу әдісі қолданылады. Мәселен, Туған күніңізге кімді (бірінші, екінші және үшінші кезекте) шақырғыңыз келеді?.
Социометриялық сауалнамада әрбір сұралушыға социометриялық анкета (немесе социометриялық үлестірме) және топ мүшелерінің тізімі беріледі. Жұмыстың қолайлы болуы үшін, кейінгі өңдеудің қарапайымдылығы үшін топ мүшелерінің фамилиялары шифрленеді немесе топ тізіміндегі нөмірмен белгіленеді. Кез келген социологиялық анкета ретінде социометриялық үлестірме сұраудың мақсаты, оның мәні мен сұрауға қатысу ұсынысы жазылады. Ары қарай үлестірмені қалай толтыруға болатыны жайлы, таңдауға шектеудің бар-жоқтығы, бар болса қандай себеппен екендігі жайлы ақпарат баяндалады.
Социометриялық сұраудың талдамасы ресми және биресми өлшемдер бойынша бөлек жүргізіледі. Сұраудың нәтижелері топтың әрбір мүшесінің жауаптары бар кесте түрінде берілген социоматрицаларға енгізіледі.
Социометриялық әдіс -- саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді.
Социометрия ұғымы XIX ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы -- Джекоб Морено.
Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді.
Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.
Социометрия -- топтағы тұлғалар арасындағы қатынастардың сандық, графикалық, құрылымын айқындауға мүмкіндік беретін әдіс.
Социограмма -- бұл респонденттер қатынасының бір-біріне деген социометриялық талаптарға жауабының графикалық құрылымы.
Социометрияны дайындау және өткізу кезендері
1. Оқушыларға парақтар таратылады, өз парақтарын белгілеу және алынған ақпараттың құпиялығына кепілдік береді.
2. Оқушылар жауаптары шын жүректен шығулары тиіс. Алынған нәтижелер тек қана жұмысты жақсартуға қолданылады және басқа ешкім, мұғалімдерді қоса, онымен таныс болмайды.
3. Өткізу нұсқаулары мынадай компоненттерге ие: жұмыс мақсаты, оны өткізу шарттары, тапсырманы орындау туралы нұсқаунамалар, автордың қол кою қажеттілігі және т.б.
4. Әлеуметтік үдеріс негізінен 10-15 минут уақыт алады. Мысалы, жетекші және алшақтанған оқушыларды анықтау мақсатында оқушыларға ұсынылған парақта мына балалардың қайсысын:
а) сынып старостасына сайлаушы едіңіз;
б) кезектегі староста, егер алғашқысы кейбір жайттарға орай міндеттерін орындамаса, кімді сайлар едіңіз деген сияқты сұрақтар болуы мүмкін.
5.Зерттеуші оқушылар толтырған парақтарды жаяды да, әлеуметтік өлшем матрицасын дайындайды. Торлардағы әр фамилия (тегі) қарсы таңдап алынған оқушы нөміріне сәйкес, таңдауды көрсететін 1; 2; 3 сандары қойылады.
6.Матрица негізінде социограмма құрастырылады, бұл топтағы өзара қатынастарды көрнекті және терең айқындау мүмкіндігін туғызады.

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЯТТАР
Сіз құмыра сындырдыңыз
Үйде ешкім жоқ. Сіз жаңа сатып алған волейбол добымен ойнап жүріп, қымбат құмыраны сындырып алдыңыз...
Тапсырма: Ата - анаңыздың реакциясын көз алдыңызға елестетіңіз. Қандай жағдай болуы мүмкін. Ата - анаңыз не дер еді? Сіз олардың орнында болсаңыз не дер едіңіз? Қандай іс - әрекет қолданар едіңіз? Осы жағдайдан қалай шығуға болады?
"Мұғалім ескертуі"
Сыныпта екі дос бар. Олар үнемі бірге және де барлығы оларды нағыз достар деп санайды. Асқар өте жақсы ал Нұрлан нашар оқиды. Әсіресе математикадан нашар. Нұрланның анасы ауырып қалды да, сол кезде математикадан бақылау жұмысы болды. Сыныпқа мұғалім кіріп, тапсырманы жазып, балалар жұмысты жазуға кірісті. Асқар жылдам өз нұсқасын жазды да , әлі шығара алмай қиналып отырған досына көмектескісі келді. Ол жұмысты қағазға жазып, Нұрланға қарай лақтырып жіберді. Бұл жағдай ары қарай қалай өрбиді деп ойлайсың?
Талғат сыныпта әжесі сыйлаған әдемі қарандашын тастап кетеді. Ертеңіне таңертең Асқар бірінші келіп, қарандашты тауып алады да сөмкесіне салып қояды. Асқардың бұл ісін қалай бағалар едің?
. Сыныптағы барлық оқушылар жиналып, циркке бармақшы болды. Сөйтіп барлығы ақша жинап, бір балаға бермекші болды. Сонда Жандос: „Ақшаны маған беріңдер, мен ертең ертерек келіп, барлығыңа билет алып қоямын",- деді де барлық ақшаны жинап алды.
Ертеңіне оқушылар таңертең келеді, бірақ Жандос көрінбейді. Олар күтеді де Жандос келмеген соң, өздері ақшаларын жинап билет сатып алмақшы болады. Бірақ екі балаға билет алуға ақша жетпей қалады. Сағат 9 - да Жандос келіп, еш қам жемеңіздер, қазір барып билет сатып аламын, деп мақтанады. Сонда кассада „Бүгінге барлық билет сатылып бітті" деген кесте ілініп тұрды.
- Сіздің ойыңызша, балалар не дер еді?
- Жандосқа қандай мінездеме берер едіңдер?
- Бұндай жағдайда қандай мақал қолданар едіңіз?
Қайрат аулаға шықты. Онда балалар ойнап жүр еді. Кенет сол жерге ересек балалар келді де біреуі Қайратты ұстап алып : „Анау балалардан бізге допты алып кел, біз ойнаймыз",- деді. Қайрат ересек балалардың қорқытқанына қарамастан оларға қарсыласып, кішілерді қорғауға тырысты. Кішілерді қорғауда Қайрат қандай қулық ойлап табуы мүмкін?
Сыныптасыңызбен араңызда бір түсініспеушілік орын алды, сіз себебін түсінбедіңіз. Қарым -қатынасты жақсарту үшін сіздің әрекетіңіз:

ҚЫЗЫҚ ДЕРЕКТЕР
Жануарлар әлемімен бәріміз де таныс болғымыз келеді. Олардың немен қоректенетіні, қалай тіршілік ететіні көбімізге қызық. Сондықтан бүгін біз сіздердің назарларыңызға жануарлар туралы қызықты деректерді ұсынғымыз келіп отыр.
1. Орта статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, сиыр күніне 400 литр метан газын бөледі. 2. Бұқа дальтоник болады.
3. Үндістанда 50 миллион маймыл бар.
4. Тауықтар жылына шамамен 190 жұмыртқа табады.
5. Тілі қызғылт емес жалғыз ит - чау-чау.
6. Ең жоғарғы қан қасымы - керіктерде.
7. Ең ақылды ит - бордер-колли.
8. Арыстандар күніне 50 рет жұптаса алады.
9. Түйелер екі апта су ішпей жүре береді.
10. Керік түйеге қарағанда да көбірек жүреді.
11. Ешкі сүтінің майлылығы, сиырдың сүтіне қарағанда 5 есе аз.
12. Ең ірі жолбарыс - уссурий жолбарысы. Биіктігі - 115 см, денесінің ұзындығы - 3 метр, салмағы - 280 кг құрайды.
13. Ең үлкен қолтырауын Флоридадан (АҚШ) ұсталды. Оның ұзындығы - 4 метр, 35 сантиметр, ал салмағы - 297 килограмм.
14. Тасбақаның өмір сүру мерзімі адамдардың өмір сүру мерзіміне ұқсайды. Олардың кейбіреуі 100 жылдан астам уақыт өмір сүреді.
15. Ирландия, Исландия, Гренландия және Антрактида жыландар жоқ.
16. Үлкен қандалалар 1 жыл ештеңе жемей жүре алады.
17. Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды.
18. Масалардың ең сүйікті түсі - көк. Олар ересектерге қарағанда балаларды жақсы көреді. 19. Дүние жүзінде масаның 2500 түрі бар. Басқа тірі тіршілік иелеріне қарағанда бұлар адамды көп өлтіреді.
20. Қара өрмекшілер жыландарға қарағанда екі есе улы.
Мексикада абақтыдан қашу қылмысқа саналмайды, себебі, жергілікті үкімет әрбір жанның еркін болуына және өз орнын табуына заң тұрғысынан ерік-тілек білдіреді екен...
Дәл қазіргі уақытта Эфиопия төрінде 2006 жыл, өйткені, эфиопиялық күнтізбеде бір жылда 13 ай бар.
Нидерландтықтар керісу кезінде адамды балағаттап, жаға жыртысып жатпайды. Оның орнына бір-біріне жаман ауру тілей салады (рак, туберкулез, т.б.).
1960 жылдары басылып шыққан "Қылжақбасты өлтіру" романы үшін Харпер Ли әлі күнге күніне 9000 АҚШ долларын алып тұруда...
1913 жылдары Америкада балаларды почта арқылы салып жіберу әдетке айналған. Жіберуші "тірі сәлемдеменің" киіміне мөрін басып, арада біршама уақыттан соң онысы пойыз арқылы жетіп тұрған.
Кішкене піл балалары тұмсықтарының көмегімен су ішуге бірден үйренісіп кете алмайды. Бастапқыда олар шөлін басуға басы-мұрнымен кіреді...
Адам саусақтары 13 нанометрге дейін көзге көрінгісіз майда дүниелерді сезінуі мүмкін. Бұл дегеніміз, егер саусақ Жердің мөлшерімен бірдей болғанда, онда үй мен көлік мөлшеріндегі заттарды сезіне алар едік деген сөз.
BMW M5 моторының тыныш қосылып, үні шықпайтыны соншалықты, компания басшылығы жұмыс жасап тұрған қозғалтқыштан бір хабар беру үшін алғашқы уақытта жасанды дауыстарды қарастырып көрген.
1937 жылы актриса Элис Брейди "Оскар" сыйлығын алады, алайда салтанатты табыстау кешіне өзі қатыса алмайтын болады. Сахнаға басқа бір жан көтеріліп, "актрисаның атынан" мүсіншені алған. Ол уақытта оған ешкім де таңғалып жатпапты. Әлгі жан да, алтын мүсіншені де сосын ешкім көрмеген.

МАҚАЛДЫ ЖАЛҒАСТЫР...
. Көзі соқырдан қорықпа,
...(Көңілі соқырдан қорық).

Әдепті бала - арлы бала
...(Әдепсіз бала - сорлы бала).

Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
...(Егін екпесең, жерге өкпелеме).

Ат жаманы жолда қалдырар,
...(Жолдасы жаманды қолда қалдырар).

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді:
...(Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді).

Әдептілік, ар - ұят,-
Адамдықтың белгісі.
...(Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі).
Ел боламын десең бесігіңді түзе.
Бала тілі бал.
Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.
Бірлік болмай,тірлік болмайды.
Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.
Не ексең соны орасың.
Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,
жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі
Жаяуға жол алыс.
Аш бала, тоқ баламен ойнамайды.
Тоқ бала, аш болам деп ойламайды.
Аспаннан киіз жаусада
Сорлы ұлтараққа жарымайды.
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
Жоқшылық ердің қолын байлар.
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
Батыр туса ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы
Есекке алтын ноқта тақсаңда есек болады.
Балықшы балықшыны алыстан таниды.
Өтірік өрге баспайды.
Қанағат қарын тойдырады.
Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда қарызыңды өтей алмайсың.
Балалы үйде өтірік жатпайды.
Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол
Айтылған сөз атылған оқпен тең.
Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.
Жігітке жеті өнерде аз болады.
Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін қыз келтірер
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
Үндемеген үйдей пәледен құтылады.
Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Көз қорқақ, қол батыр.
Соңғы түйенің жүгі ауыр.
Есектің жүгі жеңіл болса жатаған келеді.
Денсаулық зор байлық.
Ішің ауырса аузыңды тый,көзің ауырса қолыңды тый.
Арыңды жастан сақта.
Қанағат кеткеннен-
Қасиет қашады.
Адамдықтың нұры бол,
Адалдықтың құлы бол.
Алдыңа келсе,
Атаңның құнын кеш.
Малыңа сүйенбе,
Арыңа сүйен.
Ақкөңіл адамға-
Біреудің сырқаты да батады.
Жүре берсең, көре бересің,
Көре берсең, көне бересің.
Пейілі жаман бәлеге жолығар.
Өзім білем - өрге апармас.
Ақ көңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да, жамандық шықпас.
Арақ атаңнан қалған ас емес.
Арақты итке құйсаңда ішпейді.
Өзге елдің оты,
Өз еліңнің түтініне татымас.
Сағынған елін аңсайды,
Сары ала қаз көлін аңсайды.
Ел аузына елек қойып болмас.
Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.
Адассаң елмен адас.
Елді іс біріктіреді, сөз бұзады.
Елді сөкпе, кенді төкпе.
Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ,
Ел ағыны мен су ағыны тең.
Ел қадірін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу әдістері және әдістемесі
Бақылаушының зерттелетін жағдайға қатысуына қарай бақылаушы кіріскен және кіріспеген бақылау
Психологияның зерттеу әдістері жайында
Тәжірибенің мақсаты
Жеткіншектердің арасындағы қарым - қатынас
Жеке монографиялық зерттеу әдісі
Жеке тұлғаны зерделеу
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ТОПТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ
Жас ерекшелік психологиясындағы зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
Оқушылар ұжымын нығайтуға педагогикалық жетекшілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz