Оқушыларға ұлттық тәрбиені берудегі халықтық тәрбиенің рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Оқушыларға ұлттық тәрбиені берудегі халықтық тәрбиенің рөлі

Жоспар:

  1. Оқушыларды тәрбиелеудегі халықтық тәрбиенің мәні
  2. Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығы.
  3. “Атамекен”ұлттық гылыми -тәсілдік, рухани -танымдық бағдарламасын оқу- тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың мәселелері
  4. “Атамекен”бағдарламасының негізгі бағыттары

1. Оқушыларды тәрбиелеудегі халықтық тәрбиенің мәні

1. Ұлттық тәрбие тарихы ұлы ұстаз, ғалым әл-Фарабиден басталады. Халық педагогикасы-бұл ұлттық қазына, кең өрсі. 19 ғасырдың екіншіижартысында Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердеиев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, т. б педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары, бұл демократ ағартушыларды еңбектердегі қазақ халқының әдет-ғұрптарын, салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері, фольклорлық жырлары мен көркем шығармалары, тілі мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің құралына айналды. Қазақтың ғылыми халықтың тәрбиесінің негізін салған-Ыбырай Алтынсарин. Оның педагогикалық еңбектеріндегі қазақтың фольклорлық жырлары, мысалы: “Қобыланды батыр”, “Жәнібек батыр”, “Қара батыр”, т. б. түрлі әңгімелері-“Бақша ағаштары”, “Әке мен бала”, “Жомарт адам”, “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш”, т. б. -тәрбиенің тапсырмас құралы іспетті. Кемеңгер ұстаз Ыбырай Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қайта жаңғырту кезеңінде кең мағынада насихаттау әрбір ғалымның, мұғалімнің, ата-аналардың борышы болуы қажет. Халықтық тәрбие дегеніміз-таным, наным, ұғым салт-дәстүр, сенім, әдет-ғұрып, мінез-құлықтың жиынтығы. Халқымызда өз ұрпағына жақсы тәрбие беретін салт-дәстүрлері болған. Тәрбие беруде адамды тәрбиелік кезеңдерге бөліп қараған.

Ер баланың тәрбиелік кезеңдері:

1. Балбөбектік кезең-6-7жас

2. Балиғаттық кезең -13-14жас

3. Бозбалалық кезең -14-17жас

4. Жігітшілік кезең-17-25жас

5. Кәмелеттік кезең -25-тен асқан

6. Парасаттылық кезең-40-тан асқан

7. Имандылық кезең-60-тан асқан

Қыз баланың тәрбиелік кезеңдері:

1. Ізеттілік кезең -6-7жас

2. Әдептілік кезең -7-13жас

3. Балиғаттық кезең-13-16жас

4. Бойжеткендік кезең -17-ден асқан

5. Инабаттылық кезең -35-40жас

6. Салиқалылық кезең -50-60жас

Халқымыз тәрбие беруде салт-дәстүрге сүйенген. Салт дегеніміз-ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тәрбиелік жол. Салттың түрлері көп. Ата салты:

1. Имандылық

2. Батагөйлік

3. Ақылгөйлік

4. Билік айту

5. Сүйек жаңғырту

6. Енші беру

7. Неке қию

8. Ат қою, есім беру

Ата-ана салты:

1. Отсылық.

2. Алтын қазына.

3. Сыр сандық.

4. Тәлімерлік.

5. Ақбосаға.

6. Тал бесік.

7. Ісмерлік.

8. Жоқтау, көрісу.

Әке салты:

1. Мұрагерлік.

2. Әмеңгерлік.

3. Отағасылық.

4. Тәлімгерлік.

5. Ісмерлік.

6. Кәсіпкерлік.

7. Кәденгерлік.

Жігіт салты:

1. Сайыпқырандық.

2. Сарбаздық.

3. Атбегілік.

4. Құсбегілік.

5. Салсерлік.

6. Өнерпаздық.

7. Білімпаздық.

Қыз-келін салты:

1. Неке.

2. Ақбосаға.

3. Тал бесік.

4. Ісмерлік.

5. Төркіндеу.

Дәстүр-тәлім-тәрбиенің халықтық шаралары.

Дәстүрдің топтамалары:

1. Мерекелік.

2. Туысқандық.

3. Құдандалық.

4. Тұрмыстық.

5. Кәсіптік.

6. Бала қуанышына арналған.

7. Діни дәстүрлі.

8. Жаңа дәстүрлі.

Жалпы дәстүрдің 60-тан астам түрлері бар. Халықтық тәрбиенің мақсаты-өз халқының этногенездік ерекшеліктерін бойына жинақтаған, мәдениетен, тілін, әдет-ғұрпын, дінін, меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру.

5. 2. Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығы.

Халықтын ауызекі поэтикалық шығармашылығының ішінде тәрбиенің таптырмас құрал ретінде ойындар мен ойын өлеңдердің маңызы зор. Оларда адамдардың күнделікті тұрмыс әрекетінің сан қыры, еңбегі, ұлттық бастаулар, намыс, қайсарлық, ержүректік туралы түсінгі, ептілікті, шыдамдылықты, жылдамдықты, күш-қайратты, әсем қимыл-қозғалысты меңгерту тілегі, ұстамдылыққа, тапқырлыққа, қоршаған ортадан алған әсерін шығармашылықпен көрсетуге, сонымен бірге жеңіске жетуге деген талпынысын айқын байқалады. Мәселен, «Асау мәстек» ойыны ептілікке, шыдамдылыққа машықтануды және ат үстінде өнер көрсетуге қажетті басқа да қасиеттерді қалыптастырса, «Қалай айтуды білемін» ойыны табиғат құбылыстарынан хабардар болуды талап етеді. Халық ойындары тосыннан туған қызақты кезеңдермен балаларға ұнайтын, санамақ, қаламақ, жаңылтпаш, жұмбақ, күлдіргі ойындармен жиі сүиемелдеп отырады. Санамақ пен қаламақ әдетте ойының басында ойынға қатысушыларды тез ұйымдаырға, олардың жүрзушіні әділ тандай білуіне, режені олма-қол бұлжытпай тияанқты орындауына кқмектеседі. Санамақ балалардың екі топқа бөлінуіне қажеттілік туғанд пайданылад немесе санам арқылы жүргізушіні таңдайды. Ал қалмақ кейбір ойындарда жасырын ат бойнша ойнаушылар жетекшіден алма кезек кімді қалайтынын сұаған кезде пайдаланады. Мысалы:«Ойнаушылар:-Аспандағы жұлдыз керекпе?Судағы құндыз керек пе?»-деп сұрады. Жүргізушінің бірі -«судағы құндыз»-деп жауап берсе сұраған жаққа шығады.

Қойылатын аттар ойыншыларының тілегіне байланысты болады.

«Алтын асық керек пе?күміс қасық керке пн?». «Түйенің ботасы керек пе?», «Жердің жотасы керек пе?». Мұндай ойындар баланы тез ойлауға тапқырлыққа баулып, сөз тіркесіне ұқсастығына дағдыландырады. Санамақ «Соқыр теке»ойынында да қолданылады. Жүргізуші:

Бұзау, бота құлыншақ,

Тоқты, серке, тай, торпақ,

Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бер.

Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бер.

Сүзегенсің тентек теке жеке қал.

Көзін байла, теке-теке «бақ-бақ»,

Соқыр теке мені қайдан іздеп таппқан, -деп ойынға қатысушылардың әрқайсысына мал аттарын қоя отырып, соңғы баланы тентек теке атандырды.

Жүргізуші тентек текені ортаға шығарып көзін таңа бастағанда «тентек теке» былай деп өлендеді.

Қаранғыда көзім жоқ,

Тиіп кетсе сөзім жоқ.

Мағае жақын келіндер,

Бір қыз ұстап беріндер.

Көзі байланған соқыр текені айнала қоршағандар мазақтап:

Соқыр, соқыр, соқырақ,

Оң көзіне топырақ.

Топырағын алайын,

Тотияйына салайын.

Ал ұстап көр, батырым, Міне, келе жатырмын, -деп, өлеңді айтып болған, соң, жан-жаққа қашады. Соқыр теке ұстауға ұмтылады. Ойын осылайша жалғаса береді.

“Атамекен”ұлттық гылыми -тәсілдік, рухани -танымдық бағдарламасын оқу- тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың мәселелері

“Атамекен”бағдарламасының негізгі бағыттары

Авторы:Мұхамед-рахым Құрсабаев

1. Салт-дәстүр

-Қазақ халқының және басқа туысқан халықтардың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен терең танысу;

-Арнайы этнографиялық топтар құру, жорықтарға шығып жергілікті жердің, ауылдың дәстүрлері, салттары туралы маңызды этнофольклорлық деректер жинау;

-Мектептегі тарихи-этнографиялық мұражайға үлес қосу.

2. Шежіре

-Халқымыздың дамуы мен қалыптасуының тарихы туралы, ежелгі этнотарих шежірелермен танысу;

-Көшпенді халықтардың тұрмыс-тіршіліктері, тайпалары, рулары және олардың көршілес орналасқан халықтармен саяси-қоғамдық, әлеуметтік-эканомикалық, діни-рухани және мәдени қатынастары туралы оқып-білу.

-Олардың әскери-көшпенділік тұрмыстарының маңыздылығы туралы терең білу, тарихи деректер жинастыру.

3. Шаһар

-Орта Азия мен Қазақстан аумағында орналасқан ежелгі көне шаһар-қалалардың пайда болу тарихымен танысу;

-Олардың сәулеттік-архитектуралық, саяси-эканомикалық маңыздары туралы мағлұматтар жинау;

-Жергілікті жерлердегі ұмыт қалған қала орындарын іздестіру, карталарын жасау, фотосуретке түсіру.

4. Жібек жолы

-Жергілікті жерлердегі тарихи-географиялық, қасиетті-киелі, жаугершілік шайқас болған жерлер мен сауда-керуен жолдары туралы танысу;

-Көне жер-су атауларының топономикасымен танысып, арнайы саяхаттар жасау, картаға түсіру. мдар туралы маңызды деректер жинастырады.

6. Толғау

-Халық ауыз әдебиетінің төл мұралары мен аса құнды фольклорлы шығармашылық туындылар көздерін жинастыру;

-Ұлттық рухани-таныдық, мәдени-этнографиялық қолжазбалар мен әдеби шығармалар туралы деректер жинау.

7. Асыл мұра

-Ежелгі мазарлар мен құлпытастар, мавзолейлер мен таңбалы тастар және обалардың тарихымен танысу;

-Жергілікті жерлердегі қасиетті зираттар мен бейіттердің тарихи-этнографиялық маңызымен танысу, қамқорлыққа алу.

8. Домбыра-дастан

-Ұлттық фольклордың этнографиялық түрлерімен, тарихымен танысу; дүниежүзі халықтарының музыкалық аспаптарымен танысу, үйрену, көрмелер, қайырымдылық және мәдени-шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру.

9. Наурыз

-Халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық мейрам-жораларымен, діни мекемелерімен танысу, ат салысу;

-Жұртшылықпен, ауылдың көнекөз ұарттарымен, әшекейлік бұйымдардың пайда болу тарихымен жақын танысу, жасалу жолдарын үйрену;

-Жаратылыстану білімдерінің дамуына ат салысу.

10. Зергер

«Зергер»бағдарламасында республикалық Атамекен бағдарламасына жүзеге асырушылар халықтардың ұлттық қолөнер туындылары-алаша, текемет, кілемдер, зергерлік бұйымдар, моншақ, білезік, сырға, секілді көне ұлтық қолтаңбалы қолөнер бұйымдарымен танысып, әр алуан көрмелер өткізіп насихаттайды.

11. Төрт түлік

«Төрт түлік» бағдарламасында республиканың атамекен бағдарламасын жүзеге асырушылар халқының мал шаруашылығы арқасында ежелгі кәсіптердің маңызына ерекше тоқтайды:қой, жылқы, түйе, сиыр, т. б. мал бағудың өзіндік ерекшелігіне мұқият зерттеп, адамдарды еңбекке тәрбиелеудің және қоғамдағы әлеуметтік-эканомикалық маңызымен терең танысып біліседі.

12. Көкпар

«Көкпар» бағдарламасында мұғалімдер мен оқушылар халықтың көкпар, ақсүйек, аударыспақ, қыз қуу, тоғызқұмалақ секілді ұлт ойындарын Қазақстан халықтарының өзге де мектептерінде, мектептерден тыс мекемелерде белсенді түрде енгізіп, ұлттық-спорттық мерекелер мен бұқаралық бірлескен шара өтеді.

13. Дулыға

“Дулыға”-бағдарламасында балалар мен ересектер халықтардың, билер мен батырлардың ұлттық киім үлгілерінің, қару-жарақтарының, бес қару түрлерінің тарихи мәндерімен танысады.

14. Қасиет

“Қасиет”бағдарламасында мұғалімдер мен тәрбиешілер, оқушылар халық арасындағы жұлдыздардың, емші-тәуіптердің көне ілім ой-тәсілдерін талдап, танысады. Жекелеген адамдардың астрологиялық, биологиялық табиғи дарын-қабілетін ғарыштық құпияларын танып біледі.

15. Ас

-Халқымыздың ұлттық тағамдарымен сусындарының түрлері мен емдік-шипалық маңыздарына назар аудару;

-Мал етінің түрлерін мүшелеу, туысқан ұлттардың тағамдарымен танысу, іс-шаралар ұйымдастыру;

-Ас беру рәсімінің тарихи-этнографиялық маңызына назар аудару, бақылау, қастерлеу.

16. Балардың өсиеті

-Балаларымыздың өсиет сөздеріне терең мән беру, олардың танымдық, философиялық, тәлім-тәрбиелік мәндеріне назар аудару, күнделікті тұрмыста қолдану.

17. Зерде

-Ежелгі Шығыста, Орта Азия мен Қазақстанда өмір сүрген ғұлама данышпандар мен ойшылдардың ғылыми-қолжазбаларымен, шығармаларымен танысу, насихаттау, уағыздау;

-Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына сай оқу-тәрбие жұмыстарының компьютерлік жүйеге енуіне батыл қадамдар жасау, өз білімін саналы түрде жетілдіру.

18. Құсбегі

-Ежелгі көшпенділік өмірде аса маңызды тұрмыстық-эканомикалық рөл атқарған аңшылықөнер түрімен танысу, нәсихат.

-Бүркітті баулудың, аңға шығудың қыр-сырларын, дәстүр-рәсімдерін және тәрбиелік маңыздары терең бәлу;

-Аңшылық өнерге арналған мереке-сайыстар ұйымдастыру.

19. Қыз бен жігіт

-Қазақ жігіті мен қазақ қызына тән сегіз қырлы, бір сырлы қасиеттерін тану, назар аудару;

-Қыз бен жігітін психалогияалық, этикалық және жыныстық ерекшеліктеріне мән беру;

-«Атамекен Аруы» және «Атамекен Арысы» атты мәдени-шығармашылық мереке-байқаулар ұйымдастыру.

20. Заман-ай

-Қоршаған ортаның, туған өлкенің табиғатын, өсімдік-топырақ жамылғысы мен жануарлар тіршілік ағзалары дүниесімен терең танысу, оқап-тану.

-Экалогияалық зардаптар мен қасиеттер аймақтрына сапар шегу;

-Ұлттық «Ыдырыс» саяси-географияалық картасымен танысу.

21. Алыстағы бауырлар

-Шет елдерде тұратын қазақ бауырларымыздын диаспорлармен тығыз қарым - қатынас жасау;

-Шет елдердегі қазақ мектептеріне ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

22. Достық

-Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін мекендейтін көп-ұлтты туысқан халықтардың тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, атақты адамдармен танысу;

-Халықтар достығын нығайту барысында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, азаматтық келісімге жету ісіне үлес қосу.

23. Әділет

-Ұлт-азаттық қозғалыстарға отаршылық саясат пен зұлматқа қарсы Отан соғысы, Ауғаныстан және Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қатысқан халқымыздың қамын жеген қаһарман ұл-қыздарымыздың өмірлері туралы деректер жинастыру;

-Ардргерлерді еске түсіруге арналған кештер ұйымдастыру ескерткіш тақталар орнату, қамқорлық көрсету.

24. Ою-өрнек

-Ою-өрнектің көркемдігіне, әржақтылығына сан түрлілігіне мән бере отырып оқу тәрбие процестерінде қолдану;

-Жергілікті жерлердегі ісмер адамдармен қарым-қатынас жасау; көрмелер ұйымдастыру, насихаттау.

25. Бейнелер сыры

-Ежелгі Орта Азия мен Қазақстан аумағында сақталған тастардағы үнгірлердегі мазарлардағы көне көркемдік бояу өнерлерінің тарихымен танысу;

-Ұлттық тарихи тақырыптарға арналған бояу-сурет және бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосу, көрмелер ұйымдастыру.

26. Ата-ана

-Ұлтық тәлім тәрбиенің басталуы болып сан ғасырлық мол тәжірибе жинақтаған ата-бабаларымыздың, аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен шешелеріміздің өмір мектептерінің педагогикалық-психалогияалық, танымдық-тәлімдік ерекшеліктерімен танысу, ол ілімдердің оқу-тәрбие жұмыстарына енуіне жағдай туғызу, жергілікті жерлерде ата-ана мектебінің орталығын құру.

27. Шариғат-құран

-Ұзақ ғасырлар бойы Орта Азия мен Қазақстан халықтарының зор ықпал еткен қасиетті. Исылам дінінің танымдық-тәлімдік сырларын, шариғаттарын терең ұғыну;

-Жалпы дүниежүзілік діни-ілімдерінің пайда болуы тприхы туралы оқып-білу, терең назар аудару, санасу;

-Жергілікті жерлердегі діни-қоғамдық қауымдастықтармен қарым-қатынас жасай отырып, діни-философиялық және дүниетанымдық тақырыптарда іс-шаралар ұйымдастыру.

28. Сәби

-Мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бүлдіршіндерге ұлттық-тәлім тәрбие беру істеріне араласу;

-жергілікті жерлердегі балабақшалармен тығыз шығармашылық байланыс жасап, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру.

29. Қайрымдылық

-Жетім балалар, қарттар, мүгедек жандар үйлеріне, ақыл-естері төмен адамдарға рухани-материяалдық қамқорлық көрсету;

-Бүкіл қазақстандық «Қайырымдылық» шарасын жүзеге асыру.

30. Сауда

Тәуелсіздік Қазақстан мемілекетінің эканомикасын нығайту барысында сауда-сатық, ілкімділік, делдалдық менеджерлік, дипломатияалық иесі болуға талпыну, оқып-үйрену, нәтиже шығару;

-Жергілікті жерлерде шаруа қожалықтарын жәен шағын кәсіпорындар мен фирмалар ащу, жекеменшік кәсіпті игеру және дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Тарих

Шежіре, Салт-дәстүр, Жібек-жолы, Дулыға, Сөнбес жұлдыздар, Шариғат-Құран, Ардагер, Ас, Асыл Мұра, Достық, Зерде.

Қазақ тілі мен әдебиеті

Толғау, Бабалар өсиеті, Төрт түлік, Сөнбес Жұлдыздар, Ас, Көкпар, Наурыз, Домбыра-дастан.

Жаратылыстану

Қасиет, Заман-ай, Ою-өрнек, Зергер, Зерде, Бабалар өсиеті, Шариғат-Құран, Жібек Жол.

Мәдениеттану

Домбыра-дастан, Толғау, Бейнелер сыры, Зергер, Ою-өрнек, Асыл мұра, Ас.

Математика, физика, геометрия, химтя

Зерде, Ою-өрнек, Қасиет, Сөнбес жұлдыздар, Заман-ай.

Спорт

Көкпар, Қыз бен Жігіт, Дулыға, Құсбегі, Ардагер

Қоғамтану

Достық, Алыстағы бауырлар, Қайырымдылық, Сәби, Сауда, Салт-дәстүр, Наурыз, Қасиет, Зерде, Қыз бен Жігіт.

Оқытудың түрлері:

-проблема қойып оқыту;

-саяахатқа, жорықтарға шығу;

-әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікір бөлісу, қорыту.

-компьютерлік-мультипликцияалық ойын-сабақ мәлеметтер;

-әдеби-музикалық, этношығармалық көріністік элементтер;

-өз еркімен оқуға дағдыландыру.

Тәрбиенің түрлері;

-ұлттық тәлім тәрбие;

-ата, әже, әке, ана және жанұяалық тәрбие;

-еңбек, эканомикалық және экалогияалық тәрбие;

-адамгершілік, патриоттық намыс және жауынгерлік тәрбие;

-Эстетикалық тәрбие;

-қоғам және мемілекет тәрбиесі, халық тәрбиесі;

-интерноцианалдық тәрбие;

«Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған ғылыми-тәлімдік әдістемелік нұсқаулар

А-ата

Т-тәрбиесі

А-ақылшымыз

М-мақсатымыз

Е-елдігіміз

К-келешегіміз

Е-егемендігіміз

Н-намысымыз

А-Ата жолы қашанда тірегіміз

Т-Тәрбиеші соғатын жүрегіміз

А-Ақылды бола берсн шәкірттнрін

М-Мақсатқа жету жолы тірегіміз

Е-Елдігіміз танылар ынтымақта

К-Келешегім мұрагер ынтымақта

Е-Егеменді ел болған Қазақстан

Н-Намысымыз көрінер адалдықта

Басталады «Атамекен» қастерлі іс

\толғау\

Төлеуғалы Жқмабекұлы ұстаз

«Атамекен» сөзіңді ұғып жатыр,

Ата-бабам сөзімді ұғып жатыр.

Даналар, ғұламалар айтқан сөздер,

Қайта түлеп бүгінде келіп жатыр.

Құрманғазы, Диананың күйлерінде,

Тарихым айтылған ғой күй кенінде.

Бабалар айтып кеткен ақыл, нақыл,

Бұлақтай тұнып тұр ғой бұл жерімде.

Қазбадай сақталыпты саф алтындай,

Дәстүрім, ата салтым, жарқыным-ай.

Ғасыр бойы тапталып, жарық көрмей,

«Мұсылмандық тұтқасы»жарқ еттің-ай.

«Бес ғасырым:бәрінде айтып кеткен,

Қасым, Сәкен, Ілияс жырлап өткен.

«Абай жолы»меңзеген сара жолда,

Мұхтар да тарихымды жазып кеткен».

Ендеше «Атамекен»түлеп келді,

Халықты жалт қаратып жүрек келді.

Соғуын сол жүректін тоқтатпайақ,

Ата-бабам тіреліп енді келді.

Су жорға желісіндей желпінейік,

Бағдарлама бағыттарын еншілейік.

Балабақша, мектепке-алтын қазық,

Сол қазықты қазақша деп білейік.

Алдыменен ане тілін игере біл,

Қастерле өз тіліңді жөн көре біл.

Адам болу жолында бабаларым,

Ата-баба дәстүрлерін меңгере біл.

Сәлеміне басталады үлкен жолы,

Ізетілік танытар әділ қолын.

Үлкенге де кішіге «Сіз» дегенде,

Бастап жүр сен атаңның сары жолын.

Басталды «Атамекен» қастерлі іс,

Ұғынар игі істі үлкен-кіші.

Күнделікті тамақта сөз етейік,

Ұзақ жолға жөнелсін үзеңгісі.

Салт деген атамұра дастарқаны,

Шежіреден сусындар жастар жаны.

Шаһар десек, Қазақстан деп соғады,

Жібек жолы-тарихтың атқан таңы.

Сөнбес жұлдыз-бабалар өсиеті,

Толғау да толғандырар ақ ниетті.

Асыл мұра қалған-ау асыл сөз боп,

Домбыра-дастан болар-ау қасиеті.

Зердеге түйер жайдар көп ақ алі,

Құсбегі сақтай білген ғажап аңшы.

Қыз бен жігіт өмірдін гүлі десек,

Заман-ай еңіреніп толғанады.

Алыстағы бауырлар енді білді,

Достықты, ағайынды шын түсінді.

Ардагер ағалардан тәлім алсақ,

Ою-өрнек танытар мың тіліңді.

Бейне-салты аталардың сақталады,

Ата-ана ақылы есте жатталады.

Саудаға да үйрену өнер көзі,

Сәбилерден бала сезім басталады.

Қапенде «Атамекен» орын тепті,

Жүрегі санамызға ерте жетті.

Қайрымдылық халықта өрістесің,

Шариғат та шапағата та нұрын төкті.

Ата - аналарға кеңес:

-Сіз өміріңіздін үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз:бірінші рет-өзіңіз, екінші рет-балаңыз, ал үшінші рет-немереніз барады екен.

-Ана ғасырлық танымдық-тәлімдік, дәстүрлік, ата-ана жолына өткен. Сіз сияақты адамдар нағыз педагог екенін ұмытпаныз.

-Әке-жаңұяаңыздын тірегі, отбасы, бабалар үшін асқар тау, саяабақ, алып қорған және теңдесі жоқ педагогикалық қазына, қайталанбас тұлға.

-«Әкеге қарап ұл өсер»-демекші, ұл бала біздерден іскерліктең, ерліктің, еңбектің, тәкаппарлықтың, имандылықтың, мұрагерліктің асыл нәрлерінен дәріс алып, тек Сіздердің арқаларыңызда ғана қанат қағатынын есіңізде сақтаныз.

-Ана-жанұяаның жаны мен сәні, жылуы. Өз балаларыңыз үшін Сіз ешқандай жанмен салыстыруға келмейтін, қасиетті, ұлы педагогикалық қазына екеніңізді біле бермейсіз.

«Шешесіне көр де, қызын ал»-демекші, ұлдарымыз бен қыздарымызды тәрбиелй отырып, сіз олардың өміріңіздің жалғастырушысына айналатынын ұмытпағаймыз.

-«Қыз бала-шырақ, ұл бала-тұяақ»-демекші, ұлдарыңыз бен қыздарыңыздың сана сезімдеріне алғаш педегогикалық ой тастап, олардың ой-өрістерін терең назар оударатын тек қана сіздерсіздер!

-Қияалсыз баланың көңілі мен санасы бос. Ал, оның санасына қияалдыәкеле алатын, оны қызықтыра алатын -Ата мен Әкенің ертегілері, аңыздары, өткен өмірлеріндегі әңгімелер болмақ.

«Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар»-демекші, халқымыз өте балжан, балабауыр екенін есіңізден сақтағайсыз.

Ержеткен ұл ережесі:

-Ұл өссе-елдің көркі, сондықтан елдің көркі бола біл.

-Қыз сыйлай білген ұл-ана қадірін білетін ұл.

-Әкесі тұрып ұлы сөйлегеннен без, жасы алмайтыныңды ұмытпа.

-Адам мақсатқа арамзалықпен жете алмайтыныңызды ұмытпа.

-Өз сенімің мен нанымыңды бүкпесіз айтарлықтай батылдығын болсын.

-Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ата-салт дәстүрді берік ұста.

-Біреуге қияанат жасаудан аулақ бол.

-Ақ адал еңбек, маңдай термен күнелт.

-Туыстық қалыпты сақтай біл.

-Ата-ана, ұстазға борышты екеніңді ұмытпа.

-Ата-анадан қуат кеткенде, оны панасыз қалдырма.

-Әлсіздерге зәбір, жапа көрсетпе. Қамқорлық жасауға тырыс.

-Пайдакүнемдік пен дүниеқоздықтан аулақ бол.

-Еліміздің береке, бірлігін сақтауға, эканомикасын көтеруге күш сал.

-Халқыңды қадірле, салт-дәстүрді таны, бойыңа дарыт.

-Болса егер ер жігіттің ары таза:сөзі нық, жүрегі өжет-бәрі таза.

-Ұл әдебімен сүйкімді.

Бойжеткен қыз ережесі:

-«Қыз өссе-жердің көркі». Жер ананың көркі бола біл.

-Ер, азамат сыйлай білер, әке көргендігінен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың рөлі
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
ҰЛЫ АҒАРТУШЫ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МОРАЛЬДЫҚ – ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жайлы
Мәдени құндылықтар
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz