Адам өлтіруді және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
Адам өлтіруді және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі.
Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
2. Адам өлтіру кылмысының криминалистикалық сипаттамасы
3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
4. Күш колдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін
алғашқы тергеу әрекеттері
5. Келесі тергеу кезендерінің міндеттері (мақсаты).
Сабақтың мақсаты: Адам өлтіруді және дене жарақатын салу қылмыстарын
тергеу әдістемесін сипаттап студенттерге жеткізу.
Әдебиеттер:
1. Аверьянова Т.В., Белкин Р.С., Корухов Ю.Г. Криминалистика Учебник-М.,
1999.
2. Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., -М.: "Юристь",1997.
4. Виницкий Л.В. Осмотр места происшествия: организационные,
процессуальные и тактические вопросы.-— Караганда, 1986.
8. Возгрин И.А. Криминалистическая методика расследования преступлений. —
Минск, 1983.
1.Адам өміріне қылмыстық қол сұғушылықпен күрес жүргізудің маңызы,
қылмысты дер уақытында ашу мен оны жан-жақты тергеуде ерекше орын алады.
Адам өлтіру бойынша істің ашылмай қалуы, көбінде кылмыскерлердің қылмыстық
әрекет жасау немесе оның ізін жасыру кезінде өте айлалы әдіс-тәсілдер
қолдануларына байланысты, әсіресе тергеу барысында тергеушінің жіберген
кемшіліктерінің, нақты айтқанда: оқиға болған жерге дер уақытында
шықпауының (келмеуінің) немесе сол жерді қарау жұмыстарын толық немесе
мұқият жүргізбеуінің, ғылыми-техникалық құралдар мен тактикалық тәсілдерді
дұрыс қолданбауының салдарынан.
Адам өлтіру қылмысын нәтижелі тергеудің міндетті шарттарына: жедел-тергеу
жұмыстарын тез, әрі дер уақытында жургізу; заттай дәлелдемелерді, сондай-
ақ қылмыскерлердің оқиға болған жерлерде қалдырған іздерін - іздеп табу,
бекіту, алу және зерттеу үшін ғылыми-техникалық кұрал-жабдықтарды дұрыс
пайдалану; іс бойынша құрылған болжауларды толық әрі жан-жақты тексеру;
жұмыс жасау кезектілігін сақтай оты-рып, колданылатын тәсілдерді дұрыс
тандап алу; оларды тергеу әрекеті барысында пайдалану шеберлігі жатады.
Адам өлтіру қылмыстарын тергеу мен ашу, тәртіп бойынша күнделікті әрекет
ететін топ құрамының қызметкерлерінің топтық тәсілдерімен немесе арнайы
құрылған жедел тергеу топтарының үздіксіз жұмыс жасауларына байланысты
жүзеге асырылады. Үздіксіз әрекет ететін жедел-тергеу топ құрамына барынша
тәжірибелі тергеушілер, маман-криминалистер, дәрігерлер, жедел-
іздестірушілер кіреді. Қасақана адам өлтіру бойынша жасалған қылмысты
ашуға байланысты топ кұрғанда міндетті түрде әр бір қызметкерлердің
мамандандырылу деңгейі, білік-тілігі оньщ тәжірибелік стажы мен ептілігі
ескеріледі. Жедел-тергеу топтарының жұмыстарындағы әдетте кетіп жатқан
(кездесетін) кемшіліктер, олардың құрамының әлсіздігі мен тұрақсыздығына,
топ құрамы мүшелерінің қасақана адам өлтіру қылмысымен байланысы жоқ басқа
шаралармен айналысуына, сонымен қатар қажетті техникалық құралдармен,
жүмыс жасау үшін ғимарат орындарымен, көлік құралдарымен қамтамасыз
етілмеулеріне байланысты.
Үздіксіз (күнделікті) әрекет ететін жедел-тергеу топтары оқиға болған
жерге шыққан сәттен бастап қылмыскер анықталғанға дейін жұмыс жасаулары
тиіс. Қылмыстық әрекеттер анықталғаннан кейін, ары қарай кылмысты ашу
жұмыстарын (әрекеттерін) тергеушілер жалғастыруларына болады. Қылмыс
қоғамдық ортаны дүрліктіретіндей ауырлататын жағдайда жасалған кездерде,
тергеуді толық көлемде жүргізулері қажет.
Адам өлтіру қылмысын тергеуде ізі суымаған қылмыстар бойынша жедел-
іздестіру топтары қылмыс болған жерлерге, пәтер-аулаларға жаппай тексеру
жұмыстарын жүргізу жолымен іздестіру шараларын жүзеге асырады. Арнайы
кұрылған кестеге байланысты шешілетін сұрақтар тізімін тексеру кезінде
жиналған мөліметтер мен іздестірудегі тұлғаның жүрген жері бойынша
құрылған кестені көзделген мақсатқа сәйкес талдау қажет. Қажет болған
жағдайларда жәбірленуші мен қылмыскд сезікті (қылмыс жасауы мүмкін деп
жорамалданған) түлғаның іс-әрекеттеріне (хронаметраж әдісімен) бақылау
жұмыстарын жүргізу керек, оқиға болған жердегі ауданда куәлар мен оқиғаны
көзімен көрушілердің жүру мүмкіндігін ескеру қажет.
2.Адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыстың ішінде ең ауыры адам
өлтіру қылмысы болып табылады.
Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі,
олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердің пайдаланылатын карулары
және амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаудың орны және уақытының
ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде адам өлтірудің әр түрлі
түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін біркатар жеке әдістеменің бар
болуымен байланыстырылған. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына
байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп-жаншитын заттарды
пайдаланып жасалған адам өлтірулер, мәйітті белшектеумен, бүркемеленген
(инсценировка) адам өлтірулер; пайдақорлық, бұзақылық ниетпен және т.б.
көлікте, төбелесте жасалған адам өлтірулер жатқызылуы мүмкін.
Қылмыстық істі қозғау кезіндегі тергеушінің қолындағы алғашкы
мәліметтердің сипаты мен келеміне байланысты қылмыстарды шартты түрде
мынандай үлкен екі топқа бөлуге болады:
1) адам өлтіру анық жағдайда жасалған;
2) адам өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.
Бірінші топқа, тергеудің басында-ақ адам өлтіруші тұлға белгілі болған
айқын деректерді жатқызамыз.
Мүндай кылмыстар әдетте тұрмыс-тіршіліктік катарына жатады, олар көбіне,
күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі болатын отбасындағы, сондай-ақ көршілердің,
болмаса туысқандардың тағы басқа да жақын танитын адамдардың бір-бірімен
ұрыс-керістері, өзара келісе алмаушылықтарынан туындаған жанжалдар мен
жеке бастық араздар.
Белгісіз жағдайларда жасалған адам өлтіру кылмыстарын - күш қолдану
белгілері бар мәйіттің табылуына байланысты немесе хабар-ошарсыз кеткен
адамдардың өлгендігін куәландыратын мәліметтер бойынша қылмыстық іс
қозғауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілетін қылмыстарды жатқызамыз.
Мұндай жағдайларда қылмыстық іс қозғау кезінде тергеушіде адам өлтіру
қылмысының жасалу жағдайы (қылмыскердің, көбіне жәбірленушінің жеке басы
туралы; қылмысты жасау ниеті мен мақсаты) туралы ешқандай мәліметтер
болмайды. Бұл жерде қылмыс көп жағдайларда алдын ала ойластырылып, әрекет
ету бағыты мен кезектілігі мұкият қарастырыла отырып жоспарланып,
қылмыстың ізін жасыру мақсатында қолайлы әдіс-тәсілдерді таңдап алып,
арнайы адам өлтіру немесе ол қылмысты жасауға қатысу ниеті мен мақсатында
жасалады.
Адам өлтіруге байланысты қылмыс жасау тәсілдері әр түрлі болып келеді және
ол жәбірленушінің жеке өміріне қол сұғып тікелей өмірінен айырылуға
бағытталатын келесідей белсенді әрекеттерден тұрады: дене жарақатын салу,
жылжып келе жатқан поездың астына қарай итеріп жіберу т.б. Кейбір
жекеленген жағдайларда әрекетсіздік жолымен де мұндай қылмыстар (жаңа
туған нәрестелер мен өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарды
тамақтандырмай қою арқылы) жасалуы мүмкін.
Адам өлтіру қылмыстарын жасауда қолданылатын тәсілдердің кеңінен тараған
түрлеріне келесілерді жатқызуға болады:
-әр түрлі кұралдарды, заттарды қолдану арқылы жәбірленушіге дене жарақатын
салу;
-жәбірленушіні дәрменсіз күйде қалдыру, болмаса осы жағдайды пайдалана
отырып оған дене жарақатын салу, оны қылғындыру, т.б.
- жәбірленушіні өте биік жерден лақтырып жіберу;
- жәбірленушіні жылжып келе жатқан көлік кұралдарынан (поезд, автокөлік,
теплоход) лақтырып жіберу;
- жәбірленушінің ағзасына улы заттарды жіберу және т.б. Қылмыскер
жекеленген жағдайларда езінің кінәсіздігін нақтылайтындай жалған
дәлелдемелер кұру үшін, жасалған әрекет пен жәбірленушінің өлуінің
арасындағы белгілі бір уақыт өтуін есепке ала отырып қылмысты жасау
тәсілін тандап алады. Қылмыстарды жасаудың мұндай тәсілін - баяу әсер
ететін жарылғыш, болмаса улы заттарды пайдалану аркылы колдануды тергеу
барысынан кездестіруге болады.
Алдын ала ойластырылып және жоспарланып жасалған адам өлтіру қылмыстары
белгілі бір дайындықтар жасаудан тұрады: адам өлтіру үшін кылмыс құралын,
қаруын алдын ала іздейді, көздеген мақсатын жүзеге асыруға байланысты
кездесетін кедергілердің алдын алу жағдайлары жасалады, сонымен қатар
қылмыстың ізін немесе оған езінің катысқандығын жасыруды қамтамасыз ету
әрекеттері жасалады. Егер қылмыскердің кылмыс жасауға таңдап алған
тәсілдері қандай да бір ерекше құрылғыларды, жарылғыш, улы заттарды
дайындап жасаумен немесе басқа да арнайы таным білімдерімен байланысты
жағдайларда, қылмыскерлер - техникалық, медициналық, химиялық, физикалық
және басқа да арнайы әдебиеттерді зерттеп оқиды.
Адам өлтіру қылмыстарын жасау кезінде, тергеліп отырған оқиға жөнінде күш
қолдану әрекеттерін және басқа да жекеленген мән-жайларды куәландыратын,
атап айтқанда: қылмыстың механизмін, құралын, оған қолданған тәсілдерді
және қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері мен әрекет-мақсаттарын,
қылмыстың ізін жасыру әдістерін сипаттайтын әр түрлі іздер пайда болады.
Мүндай іздерге қылмыскердің: кол саусақ іздері, тісінің, тырнағының,
аяқкиімінің іздері; көлік және бұзу құралдарының іздері; қылмыс болған
жердегі, айналадағы заттарда кдлған іздер, арпалыс іздері, мәйіттегі дене
жарақат іздері, табиғи биологиялык іздер.
Сезіктіні ұстау кезінде оның денесінен, киімдерінен, одан алынған кылмыс
құралдарынан қылмыстың іздері табылуы мүмкін.
Қылмыскерлер адам өлтіру кылмысын жасыру тәсілдерін тандап алуына қылмыс
жасалатын жер (орын) және қылмыскер мен жәбірленушінін өзара арақатынас
сипаты әсер етеді. Бұл жасалған әрекеттің сипаты мен кезектілігі
қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтер мен қылмыс жасау жағдайларына
байланысты анықталады.
Қылмыс жасауға себеп болатын жағдайларға - айыпкер мен оның құрбанының
арасындағы жеке бас араздығы, бұзақылық, кек алу, көре алмаушылық,
қызғаншақтық, пайдақорлық ниет, сонымен қатар басқа қылмыстың ізін жасыру
немесе оны жасау жолдарын жеңілдету жатады.
Нақты қылмысты, адам өлтіру қылмысын жасау ізін жасыру үшін қылмыскер
алдын ала, күні бұрын арнайы дайындалып, өзінің және жәбірленушінің
әрекетінің кезектілігін анықтап жоспарлап алады.
Жәбірленуші. Адам өлтіру қылмысын криминалистикалық сипаттауда
жәбірленушінің өзінің жүріс-тұрысын виктимологиялық аспекті тұрғысынан
карастыруға болады. Яғни, ол дегеніміз кылмыстың жасалуына, қылмыс
құрбанының өзі себеп болады. Олар алкоголь ішімдіктерін кездейсоқ
адамдармен бірге ішіп, мас болып кездейсоқ адамдарды немесе айналасындағы
адамдарды балағаттап өздері тиісіп, соның негізінде ұрыс, жанжал, төбелес
шығып, қылмыстың жасалуына бірден-бір себеп болады. Көбінде мұндай
жағдайларда адам өлтіру бойынша жасалған қылмыстың жәбірленушісі ер
адамдар болады. Ал әйел адамдары кылмыстың кұрбаны болуына - жыныстық
қатынас жасау, пайдакүнемдік ниет, сондай-ақ қызғаныштың пайда болуы себеп
болады.
Қылмыскер мен жәбірленушінің жүріс-тұрысында белгілі бір байланыс болады.
Жәбірленушінің жеке басы мен оның өлер алдындағы мінез-құлқын жақсылап
тексеру қажет.
Көп жағдайларда мұндай қылмыс құрбандарының мінезі — шайпау, ашуланшақ,
жеңілтек-алаңғасар, сондай-ақ арандатып-азғырушылық қасиеттеріне бейім
болып келеді.
Қылмыскер. Адам өлтіруге байланысты қылмыстарды әдетте 18-бен 50 жас
аралығындағы алкогольдік ішімдікке немесе нашақорлыққа кұмар ер адамдар
жасайды. Олар, қоғамдағы басқатұлғалардан өздерінің: дөрекеліктерімен,
қатыгездіктерімен, жыныстық құштарлығы жоғарлығымен, әйелдерді сыйламай-
тындығымен, бұрын қылмыстық жазаға тартылғандығымен ерекшеленеді.
3.Типтік ситуациялар - тергеу әдістемесінің ерекшеліктерін (типтік тергеу
болжауларының, типтік мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу құралы мен
тәсілдерін) алдын ала анықтауға мүмкіндіктер беретін, тәжірибеде барынша
жиі кездесетін тергеу ситуациялары.
Нақты ситуацияны тексере отырып, тергеуші типтік мәселелерді шешу
жөніндегі білімді қолданады, шындықты ескере отырып, оларды жаңа жағдайға
сәйкес өзгертеді (модернизациялайды). Тергеу ситуациясын, бағалау кезінде
заңмен қарастырылатын екі жағдай туындайды - шешім қабылдауға дайындалу
кезінде тергеудің бағыты бойынша және тергеу әрекетін жүргізу бойынша.
Жекеленген тергеу ситуациясы тергеу жағдайы (ретінде) сияқты қолда бар
немесе жоқ ақпараттарға, адам өлтіру қылмысы жөніндегі көмекші мәліметтер
мен дәлелдеулерге, мәліметтердің күшіне, тергеушінің өзінің мүмкіндігі мен
құралдарына, қоршаған ортадағы жағдайларға және т.б. қатысты анықталады.
1-ситуация - қылмыс анықталған (ашылған), қылмыскер ұсталған және оның
жеке басы анықталған. Кейде тергеудің бастапқы кезінде шынайы мақсаты мен
ниеті, ал кейде оның кінә формасы да анық емес болады. Қылмысқа
қатысушылар да анықталмауы мүмкін. Жәбірленушіні өлтірген кездегі әрекет
құқыққа қайшы болып табылатындығы немесе табылмайтындығы алғашқыда айқын
болмайды (мысалы, қажетті қорғану кезінде).
2-ситуация - қылмыс анықталмаған (ашылмаған), бірақ мәйіт бар
(жасырылмаған), ешқандай инсценировка жасалмаған және ол бірден табылған
немесе қылмыс біте салып көпке ұзамай табылған. Қылмыскер белгісіз.
Қылмыскердің ізіне түсу мен оны ұстау бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін
ұйымдастыруға мүмкіндіктер бар. Сондықтан да типтік болжаулар да осындай
ұқсас ситуацияларда болып келеді. Бұл қылмыскердің жеке басы (немесе
сезіктінің араласатын ортасы) жөніндегі болжаулар, мүмкін болатын
дәлелдемелер туралы болжаулар және қылмыскердің жасырынған жері женіндегі
іздестіру болжаулары.
Болжауларды тексеру үшін қылмыстық істі талдау нәтижесінде келесідей
көрсеткіштердің қолдануы мүмкін:
• 21-жасқа дейінгі ер адамдарды касақана өлтіру қылмыстары тұрғын-үйлерден
тыс жерлерде олардың таныстары мас күйінде жеке бас араздыктарына
байланысты өшін (есебін) алу, жанжалдасу немесе төбелесу кезінде жасалған;
• 5 жастан 16 жасқа дейінгі ұл балаларды қасақана өлтіру қылмыстары түрғын-
үйлерде немесе оның жанында, олардын өз әкелерімен, өгей әкелерімен,
болмаса шешесімен бірге тұратын адамдармен жасалған;
• 23 жасқа дейінгі ер жынысты адамдарды өлтіру қылмыстарының 75 % жаппай
демалу кезінде 17—22 жас аралығындағы оқиға болған жерден 1,5 км-ге
дейінгі қашықтықта тұратын ер (адамдармен (көбінде жәбірленушінің
таныстарымен) жасалған;
• 28-ден 57-ге дейінгі жастағы әйелдерді өлтіру қылмыстарының 50 % тұрғын
жайлардан тыс жерлерде жасалған, бұл қылмыстарды олардың күйеулері немесе
ашыналары мас күйінде жыныстық қатынасқа түсуге байланысты жасаған.
3-ситуация - қылмыс ашылған, жақын арада жасалған, бірак оның механизмі
белгісіз. Мәйіт табылып, оныңжеке басы анықталған. Өзін-өзі өлтіргендігі,
немесе бақытсыздық жағдайдан өлгендігін, немесе өзінің табиғи өлігі
жөнінде көрсететін мәліметтер бар, бірақ қьшмыстың ізін жасыру үшін
исценировка жасау мүмкіндігі туралы күмән бар. Мұндай ситуацияларда
болжаулар тергелетін оқиғаның механизмі жөнінде құрылады, содан кейін
қылмыстың ниеті мен кылмыскердің жеке басы бойынша болжаулар жасалады.
4-ситуация - қылмыс ашылмаған, танылмаған мәйітті тауып алу фактісі
бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мәйіттегі жарақаттар кылмыстың
жасалғандығын керсетеді, бірак мәйіт адам танымастай жағдайда
болғандықтан, оны сыртқы бейне белгілері бойынша тану соншалықты қиын.
Мұндай ситуацияларда болжаулар алдымен қылмыс құрбанының жеке басы бойынша
құрылады және тексеріледі.
5-ситуация - қылмыс ашылмаған және бұрын жасалған (жасалғанына көп уақыт
болған), қылмыс жасалған деп жорамалдауға болады. Себебі адам басының және
басқа да мүшелерінін сүйектері киімдерінің қалдықтарымен табылған, бірақ
өлімнін себебі белгісіз (тергеудің бастапқы кезінде), қылмыс жасалған деп
болжауға болады, сондай-ақ қылмыс жасалмаған, өлімнін себептері басқа да
жағдайларға байланысты болған деп те болжауға болады.
6-ситуация — қылмыс ашылмаған, мәйіт бөлшектелген және бұл бөлшектер
жасырылған. Қылмыстың барлық элементтерінің ішінен тек қылмыстың ізін
жасыру тәсілі мен мәйіттің бөлшегі табылған жер ғана белгілі. Ең алдымен
болжаулар кылмыстың механизмі мен оның құрбанының жеке басы бойынша
құрылады және тексеріледі. Қылмыс кұрбанының жеке басын анықтау кезінде
кылмыс жасалады деп болжанылған кылмыскер жөніндегі қажетті болжаулар ғана
емес, сонымен катар оның ізін жасырғандағы туралы болжаулар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz