Адамның сырт бейнесін криминалистикалық оқу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Адамның сырт бейнесін криминалистикалық оқу

Адамның сырт бейнесі жайындағы криминалистикалық оқу габитология деп аталады. Бұл қылмысты ашу мен алдын алу 47 мақсатында әр түрлі кӛріністегі адамның сыртқы бейнесін түсіретін және сырт бейнесін зерттеу мен қолдану, жинау техника-криминалистикалық әдіс-тәсілдерін қарастыратын және заңдылықтарын оқытатын криминалистикалық техника саласы. Адамның сыртқы бейне ұғымы криминалистикалық габитологияда түйінді болып табылады. Әдетте бейне кӛзбен кӛрінген адам туралы ақпарат жиынтығы, сырт бейне ретінде анықталады. Ондай ақпараттар қылмысты ашу мен тергеудегі мәселені шешу үшін қолданылады. Оқиға болған, бірақ ашылмаған жерден қашып кеткен белгісіз тұлғаларды, олардың сырт бейнесінен хабардар болған жағдайда іздестіру; Тергеуден немесе соттан тығылып жүрген немесе жазалау орындарынан қашқан белгілі тұлғаларды іздестіру; Жоғалып кеткендерді іздестіру; тірі тұлғалар мен ӛлген адамдарды идентификациялау. Криминалистикалық практикада адамдардың сырт бейнесін қолданудың негізгі қатарларына адам сырт кӛрінісінің жалпы құрамы кіреді. - анықталған - адамның сырт бейнесінің заңды кӛрінісі; - тепе-теңдік - шындыққа сәйкес келуі; - толықтық - негізгі криминалистикалық мәселе үшін сырт бейне белгілерінің жеткіліктігі. Адамның сырт бейнесі әр түрлі кӛріністе түсіріледі: материалдысуреттер мен фотосуреттерде т. б. (рефлексті) және жоғары дәрежелі басқа адамдардың санасы (кӛрнекі қылмысты ашу практикасындағы оларды қосудағы, жинақтаудағы, зерттеудегі және қолданудағы сырт бейне туралы ақпаратты пайдалану мүмкіндігімен қамсыздандырылады. Адамның сырт бейне бӛлшектері мен белгілерінің жүйесі. Адамның сырт бейнесінің бӛлшектері мен белгілерінің жүйесі адамның сырт бейне кӛріністерінің және олардың белгілерінің ӛзіндік ерекшелігінің негізіндегі жіктеуге бағыныштылығын қарастырады. Адам денесінің элементтері мен белгілерін, олардың ӛмірге қалыптасуын ӛзіне меншікті деп атайды. Олар тек сол адамға, оның сырт бейнесіне қатысты. 48 Қосалқы түрінде адамның сырт бейнесіндегі қосымша бӛлшектері мен белгілері жатады. Олар адам денесінің қалыптасу элементі немесе ол ӛмір сүруші болып табылмайды, бірақ жеке бӛлшектері мен белгілері туралы белгілі бір мӛлшерде сын айта алады. Жалпы бӛлшектер мен олардың белгілері жалпы физиологиялық, анатомиялық және функциональдық болып бӛлінеді. Адамның сырт бейнесінің жалпы физиологиялық элементтеріне адам жынысы, жасы, антропологиялық түрі жатады. Жалпы физиологиялық белгілер дене бітімінің құрылуындағы, бет белгілерінде, кей жағдайларда киімдер мен басқа объектілердегі байқалған ерекшеліктер анатомиялық, қызметтік жәнс қосалқы белгілермен қалыптасады. Сондықтан да жалпы физиологиялық бӛлшектер мен белгілерді кешенді деп атайды. Адамның сырт бейнесінің анатомиялық элементтеріне оның денесінің бӛлімін зерттеуде немесе қадағалауда ерекшеленетін жайлар жатады: дене бітімі тұтас, бас, бет, мойын, дақ, қатпаршақтар, әр түрлі зақымдар мен операциялардың іздері. Олар қалып, контур, құрылым, үлкендік және түс белгілерімен сипатталады. Сырт бейненің қызметтік элементтеріне адам жағдайы мен олардың әрекеттері жатады: - кейпі - дене бӛлімдерінің әр түрлі жағдайда орналасуы бойынша зерттеледі; - жүрісі - жүру белгілері арқылы анықталады. Сонымен қатар оның жылдамдығы, қадам ұзындығы мен ені ескеріледі; - мимика - эмоциялық жағдайы кӛрсетілетін бет бұлшықтарының қозғалыс жиынтығы; - артикуляция - дыбыс шығарудағы ерін қозғалыстары; - ишараттау - адам сӛйлегенде қозғалатын бас, иық, қол әрекеттері; - күнделікті тұрмыс қылықтары-адамның тұрмыс қажеттігі кезіндегі әрекеттер; 49 - арнаулы қасиеттер - адамның белгілі бір жұмысты атқарудағы қозғалысы. Фунционалдық элементтерге сай белгілер функционалдық болып саналады. Криминалистикалық мағыналы болып анатомиялық элемент емес, тек дағдылы, тұрақты элемент әрекеті мен жағдайы табылады. Қосалқы элементпен оның белгілеріне сырт бейнені жабдықтау үшін қолданатын киім, майда тасымалдаушы заттар, жай заттар жатады. Киім мен майда тасымалдаушы заттардың барлық элементтері мен белгілерін екіге бӛлуге болады: а) ӛндірістік-олар пайдалану процесінде қалыптасады; ә) кӛріністік-затты пайдалануда, қолдануда пайда болады. Киімдер мен майда заттар түрлері, материалы, қолдану және жасалу негіздері бойынша анықталады. Заттық белгілерді сипаттау ережелері: -суреттеуде жалпыдан жекеге, тӛменнен жоғарыға ӛту қағидаларын қолдану ретін сақтау; - сипаттау толығымен артық бӛлшексіз болуы тиіс; - арнаулы терминологияны қолдану қажеттігі; - анатомиялық белгілер алдынан және жанынан сипатталатындығы. Адамның сырт бейнесінің кӛрінісі. Қылмысты ашу мен тергеуде қолданылатын адамның сырт бейне кӛрінісі субъективтік және объективтік түрлерге бӛлінеді. Адамның сырт бейнесі жайында ақпарат тасушы болып мыналар табылады: - адамның есінде қалған ойдағы кейіп; - сипаттау; - субъективті портреттер; - кӛрнекі кӛріністер (суреттер) ; - ӛлік бетінен алынған маскалар; - сүйек қалдықтары; - бас сүйек арқылы адамды анықтау. 50 Субъективтік кӛрініс сипаты: а) ойдағы кейіп кең таралған субъективті кӛрініс болып табылады. Ол кӛптеген фактор әсерімен қалыптасады: адамның жынысы, жасы, мекен жайы, антропологиялық түрі, мамандығы, кӛргенді есте сақтауы, эмоционалдығы және т. б. ; ә) сипаттау сырт бейненің белгілерін кӛрсетумен негізделеді. Криминалистикалық практика жай және жүйеленген суреттеуді қолданады. Жай сипаттау - бұл куәгердің кӛргенін жай сӛз арқылы сипаттауы немесе суреттеуі. Жүйеленген суреттеу - бұл сӛздік портрет әдісі бойынша сипаттау. Сӛздік портрет-бұл белгілі бір әдіс бойынша арнаулы стандартталған терминдердің кӛмегімен адамның сыртқы бейнесінің кейпін ғылыми негіздеген сипаттау жүйесі. Сӛздік портрет әдісі арқылы суреттеу келесі ережелердің орындалуы бойынша жүргізілуі тиіс: - адам денесінің қалыпты бітіміне қолданатын сырт бейнені анықтау белгісі; - сырт бейне элементтерін бет әлпеті мен оның бір қыры, ал кейбір жағдайларда басқа бағыттарда сипаттау; - суреттеу-жалпыдан жекешеге; жоғарыдан тӛмен, жалпы физиологиялық содан кейін анатомиялық, фунционалдық және қосалқы элементтер мен белгілердің ретімен құралады; - ерекше белгілер бӛлініп шығады. б) Субъективтік портрет дайындалуы мүмкін, тек сонда ғана адамның ойындағы кӛріністі естіп қайталап айтып беруінен туындайды. Субъективтік портреттің тӛрт түрі болады: - суретпен салу - композициялық суретпен салу - композициялы-фотографиялық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомиялық элементтер мен белгілер
Криминалистикалық портреттiк зерттеудің және сараптаманың негiзi. Адамның сыртқы бейнесi туралы ақпаратты жинау оны қолдану
Габитоскопия ұғымы. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері
Адам сырт келбеті туралы криминалистикалық ілім
Адамдарды тануға ұсынуды жүргізуді тактикалық - криминалистикалық қамтамасыз ету
Қылмыс. Криминалистика
Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны
Криминалистикалық фотография және бейне таспаға жазу
Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
Арам пиғылды қылмыстардың ішінде кең тарағаны ұрлықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz