Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру саясаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тарих ғылымында идеологиялық ықпал жасаған Коммунистік партияның уақыт санына төтеп бере алмай тарауы және республикамыздың өз тәуелсіздігіне қол жеткізу бір кездегі Қазақстанда шаруаларды меншігінен айыру және олардың қожалықтарын ұжымдастыру мәселесін зерттеп және зерделеуге жол ашты. Әрбір мәдениетті халық өзінің ұлттық тәуелсіздігін алып, басқа мемлекеттің саяси ықпалынан босаған сәтте бұрын отаршылдық қыспағында бұрмаланған тарихын қайта басқаруға және ұлт тарихының назардан тыс қалған мәселелерді толық қамтып жазуға мүмкіндік алды. Ел мен қоғам бастан кешкен жеке басқа табыну сондай ақ, тоқырау кезеңі Қазақстан еңбекшілерімен қазақ халқы XX ғасырдың 20-30 жылдардың соңы мен 30 - жылдардың басында тап болған жаппай ұжымдастыру мен ашаршылық жариялануға жатпайды - деген айдар тарих қойнауында қалғаны белгілі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып, өз тарихын баса назар аударған шағымызда XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ халқының басынан өткен тәркілеу, ұжымдастыру, отырықшыландыру, саясатын ашып көрсетпеу біз үшін үлкен қателік болатын еді. Тәркілеу науқаны, ұжымдастыру саясаты ашаршылық бұның барлығы бір - бірі мен байланысты. XX ғасырдың 20-30 жылдары республикада өмір сүрген басқа ұлттарда сталиндік қуғын сүргін азабын қазақтармен бірге тартқаны белгілі. Бірақ, қазақ халқының басынан өткен нәубәт, басқа үлттарға қарғанда анағұрлым ауыр болды деп ашық айта аламыз. Қызық халқына бүл жағдайдың ауыр тигенін және өзгешелігін ресейлік тарихшы А.И.Яковлев былай түсіндіреді: "Қазақстан үшін бұл ұжымдастыру ерекше қиын міндет болды. өйткені байырғы халықтың қазақтардың төрттен үші көшпелі және көшпелі өмір сүрді". Өлке халқы орналасқан сол кездегі табиғи тарихи жағдайда көшпелі мал шаруашылығы толығымен ұжымды шаруашылық болып табылды. Ол жақсы түрмыстың жэне халықтың өзінің өмір сүруінің негізі болатын. Бірақ дәл қазақтардың -дәстүрлі көшпелілердің қысқа мерзімде отырықшылыққа көшу маңдайларына жазылған екен. Мұны қаламаушылық сыннан өткен әрі сенімді әдіске - күштеуге жол ашып берді. Өткен тарихымыздың Ақтаңдақ беттері - болып саналған тәркілеу және ұжымдастыру саясаты мен оның орны толмас зияны -- қазақ халқының жаппай аштықтан қырылуы бүгінгі отардың тарихымыздың ең күрделі, аса өзекті тақырыптарының біріне айналды. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ халқының ауыр зардабын біз деректерге сүйене отырып айтуға болады. 20-30 жылдар тарихынан шынайы да ақиқат деректер беретін большевиктік партия мен кеңес өкіметі органдарында сол жылдары жауапты қызметтер атқарған Т.Рысқұловтың, Л.Мирзоянның, О.Исаевтың Мэскеудегі И.Сталиннің және В.Молотовтың аттарына жазылған және өзара жазысқан хаттарының, сондай ақ тарихымызда Бесеудің хаты деген атпен мәлім болған Ғ.Мүсіреповтың, М.Ғатаулиннің, М.Даулеткалиевтің , Е.Алтынбековтың, Қ.Қуанышовтың Ф. Голощекинге жазған хатының және Ғ.Исқақовтың, І.Қабіловтың, Ж.Арыстановтың, Б.Айбасовтың, Ғ.Тоғжановтың, О.Жандосовтың Сталинге жэне Мерзоянға жазған хатының қазақ шаруаларын жаппай басқыншылыққа және аштан қырылу себептерін дәлірек анықтауға көмектесіп қана қоймай, осы апаттың демографиялық көлемін анықтауға қажетті сандық мәліметтер де беретінін ерекше атап көрсетуге болады.

Негізгі бөлім
1. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру саясаты.
Кеңестер Одағында жаппай ұжымдастыру процесі басталған уақытта көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарын жаппай отырықшыландыру көрініс ала бастады. Жаңадан құрылған ірі колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Бұл мәселе әсіресе Қазақстанға тікелей қатысты болды. Себебі бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтардың 80 пайызға жуығын құрайтын осы Қазақстан жерінде болатын. Қазақстандағы отырықшыландырудың бастаушысы болған Ф.И.Голощекин о бастан-ақ бұл жұмысқа саяси сипат беруге күш салды.Ол өзінің осы мәселеге байланысты І Өлкелік кеңесте 1930ж., 9-10 қараша сөйлеген сөзінде, "Отырықшыландыру - бәрінен бұрын таптық мәселе. Мұны Сіздер естеріңізде қатты ұстауларыңыз керек Отырықшыландыру - бұл ұлттық мәселе. Біз отырықшыландыру жолымен астық мәселесін, қазақтар қожалығында мал шаруашылығын жөндесек дейміз" , деген болатын. Әлі басталмаған жаңа жұмыста түсініксіз нәрселер де аз емес еді. Отырықшыландыру процесі бәрінен бұрын көшпелі және жартылай көшпелі шаруапар қожалықтарының санын нақты анықтауды қажет етті. Өйткені бұл іске байланысты жүргізілетін көп салалы жұмыс және бөлінетін қаражат осыған тікелей байланысты еді болатын. Сондықтан 1931 жылы 14 желтоқсанда Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы отырықшыландыру жөніндегі республикалық комитеттің техникалық кеңесінде бұл мәселе арнайы қаралған болатын. Мәжіліс хаттамасында мынадай жолдар бар: Жаппай отырықшыландыру жөніндегі жұмыстар жоспарына енгізілуге жататын қожалықтар санын анықтау . Барлық көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтар мемлекеттік жоспарлау бойынша 706 000. Осы саннан 5 процентті құрайтын 42000 байлар қожалықтары шығарылып тасталынады. Қалған 664000 шаруашылық төмендегідей жіктеледі: 1930 жылғы жерге орналастыруға дейін отырықшыланғандар -- 70 000 қожалық, Орталықтары отырықшыландыру мекендерімен шартты сәйкес келетін шаруашылық ауылдарға орналасқандар - 30 000; 1931ж. өнеркәсіпке кеткендер -- 20 000; 1932 ж. өнеркәсіпке беруге жобаланғандар -- 57 000; 1930 -- 1931 жылдары жоспарлы отырықшыланғандар - 164 000, Жоспарлы отырықшыландырумен шартты түрде қамтамасыз етілгендер -- 75 000; ҚАКСР аумағынан шығып кеткендер -- 37 000 қожалық. Еуропалық поселоктар бойынша отырықшыланғандар - 20 000; Отырықшыландырумен толық қамтуға жататындар -- 191ООО. Қазақстанда еңбек еткен белгілі ғалым М. Г. Сириустың есебі бойынша, әр малшы қожалығындағы жан басылары саны 6 адамнан айналатынын ескере отырып, онда 1931 жылы көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының саны 4 млн 236 мың адам болатындығын көруге болады.Дегенмен, бұл жерде бір ескеретін жаит бар. Бұл айтылып отырған бұл 4 млн 236 мың қазақ тек көшпелі және жартылай көшпелілер ғана. Жоғарыдағы деректерде осылай көрсетілген. Ал енді бұрыннан отырықшы болып келген қазақтарды қосқанда күштеп ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда барлығы қанша қазақ қожалығы болғанын есептеп көретін болсақ. 1928 жылы қазақтардың барлық қожалықтарының саны 826 мың болғаны туралы дерек бар. Егер мұның 120 мың қожалығы отырықшы, ал жоғарыдағы 706 мыңы көшпелі және жартылай көшпелі деп есептесек, онда отырықшы отбасылардың әрқайсысында орта есеппен 5 жаннан бар деп алуға болады , сонда Қазақстандағы барлық қазақтың саны 4 млн 836 мың адам екенін көреміз. Сол жылдардағы барлық әлеуметтік, саяси-экономикалық процестерге тікелей басшылық жасаған партия органдары отырықшыландыруда да бастамашы болды. Елде жаппай ұжымдастырудың басталуына байланысты Қазақстан Өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6 қарашадағы өзінің мәжілісінде

Қазақ халқын отырықшыландыру туралы қарарды бекіту мәселесін арнайы талқылады. Онда қазақтардың үлгі боларлық отырықшы шаруашылық мекенін жеделдете жасау қажеттігі партия және кеңес органдарына ескертілді. Қабылданған қаулы тұңғыш рет 1929 -- 30 жылдары отырықшыландыру аудандарындағы қожалықтардың барлығының кем дегенде 12% қамтуды талап етті. Егер, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарының жалпы саны 708 000 екенін ескерсек, жоғарыдағы қаулы бойынша олардың алғашқы жылы кем дегенде 84 000-нан астамы отырықшыландырылуы тиіс болғанын көретін едік. Кабинет жағдайында қабылданған осынау әміршіл-әкімшіл үстірт шешім өмір шындығынан аулақ жатты және қазақ ауылының объективті, субъективті мүмкіндіктерін мүлде ескермеді. Осылайша қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі тұрмысы социалистік құрылысқа қарама-қарсы қойылып, қоғамда оған деген жаулық көзқарас тұтана бастады. Енді көшпенділіктің өзі тағылық, надандық және мәдени артта қалу деген секілді тұжырымдармен түсіндірілетін болды. Қазақтарды жедел де жаппай отырықшыландыруға зор мән берген Өлкелік партия комитетінің бюросы 1930 жылы 19 қаңтарда өзінің Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшыландыру туралы келесі қаулысын қабылдады. Ол қаулыда 78,3 мың көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшыландыруға байланысты шаралардың тіптен де жеткіліксіз дәрежеде жүргізіліп жатқаны және бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігі атап көрсетілді. Мұндағы 78,3 мың деген көрсеткіш алғашқы қаулыдағы белгіленген мөлшерден бірнеше мың ғана төмен еді. Бірақ көп кешікпей-ақ бұл меже басшы органдарда талқылау кезінде қайтадан 84 000-нан асып түсті . Отырықшыландырудағы мұндай көтеріңкі жоспардың қабылдануын 1930 жылы 9 -- 10 қазанда болып өткен Қазақ халқын отырықшыландыруға байланысты I Өлкелік кеңесте Қазақстанның ХКК төрағасының орынбасары Ұ. Қүлымбетов былай түсіндірді: Алғашқыда біз отырықшыландыруға жататын жекелеген аудандарды белгілеген кезде, арада біраз уақыт өткен соң жекелеген ұйымдар тарапынан, дәлірек айтсақ, Павлодардан, Оралдан, Гурьевтен және т. б. олардың жоспарларын ұлгайтуды өтінген көптеген жеделхаттар алдық. Ұ.Құлымбетов өздерінің бұл өтініштерді қанағаттандырғанын айта келіп, сонымен қатар басқа аудандарда да отырықшыландыру жоспарын орындай алмаймыз деп наразылық білдірудің мүлде болмағандығын атап көрсетті. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе тұңғыш рет Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, осы мәселе бойынша Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы арнайы қаулы қабылданды. Бұл шешімді орындау үшін Халық Комиссарлары Кеңесінің жанынан 1930 жылы 8 қаңтарда құрылған Комитет отырықшыландыруды жоспарлаумен белсенді айналысты. Алғашқы күннен бастап-ақ отырықшыландыруды қай аудаңдарда және қалай жүргізу керек, -- деген мәселе осы комитеттің күн тәртібінде тұрды. Жаппай ұжымдастырылуға тиісті аудандарда отырықшыландырудың жаппай жүргізілетіні әрине елдің бәріне түсінікті еді. Ал енді жаппай ұжымдастыруға жатпайтын аудандардағы отырықшылаңдыру қалай болады деген сұраққа жауап іздей бастады. Міне осындай күрделі сұрақ, Қазақстан басшыларын бұл жұмысты қолға ала бастаған алғашқы күндерден ақ мазалады. Себебі әлі басы ашылмаған түсініксіз мәселелер көп еді. Қазақтарды отырықшыландыру мәселесінде республика басшыларының өздерінің де жүйелі, жан-жақты ойластырылған тиянақты көзқарастары бола қойған жоқ. Қазақстан ХКК-нің төрағасы О. Исаевтан басқа қазақ басшылары жаппай отырықшыландыруға үлкен сақтықпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру
Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі
Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың салдары
Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыру және оның ауыр зардаптары
Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күшпен ұйымдастырудың тарихнамасы
Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандары
Пәндер