Ресей революциясы мен бірінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі жұмысшыларының жағдайы


2
Кіріспе
Қазақ шаруаларының ыдырауы екі әлеуметтік жағдайды туғызды. Олар: бай-
лар мен шаруалар. Санат бойынша орта буынды шаруалар болды, олар көбіне
ауыл шаруашылығында жұмыс істеді.
«1894 жылы Семей облысының шолуы»:«Жұмыс қолының қажеттігі әрқашан шан аңғарылатын және жұмысшының еңбегіне жалақысы жақсы төленетін. Семей қаласының арқасында семей қазақтары қазірдің өзінде далаға бармай өмір сүруге үйренген. Сібір темір жолын салуға жақсы жалақы
төленетіндігін естіген халық сол жаққа аттанды».
Отбасын асырауға кеткендер теқ қана Батыс Сібір жолына емес, басқа да шалғай жерлерге аттанды. Баспасөздерде жол кезушілердің айтуы бойынша магистраль салу үшін 2 мыңдай қазақ Тайга станциясына кеткені жайында хабар берді. Ал 1895 жылы Ачинскіге маңындағы Орта Сібір құрылысында 2, 5 мың- нан астам қазақ жұмыс істегені белгілі болды. Олар Қазақстанның Солтүстік, Шығыс аударынан келген болатын.
Көбінесе қазақ жұмысшалары Солтүстіктен және Орталық Қазақстаннан бо- латын. Себебі, сол кезеңде қазақ жеріне темір жолдар төселіп жатқан кез болатын. Ресей империясынан қазақ жеріне төселіп келе жатқан темір жолға мыңдаған қазақ шаруалары атсалысты. Осыдан кейін жекелеген топтардан пайда бола бастады. 1893 жылы темір жол салу жұмыстарын көрген жұмысның айтуы бойынша:«Воскресенск темір жолын салу кезінде жұмысшылар арасында және Батыс Сібір темір жолын салу кезінде жұмысшылардың арасында қазақтардың көп болғанын мәлімдеді». Деректер бойынша қазақтар жұмыс талғамағандығы туралы айтылған. Қазақтар жаяу жүрседе, атпен жүрседе жұмыстарын жасаған. Жұмысшылар күндік және айлық жұмыс соған байланысты өздеріне тиісті сомманыда алып отырған. Алайда көбінесе бір текше жерге деген келісіммен жұмыс істеген. Бұл кесімді жұмыс деп аталады. Жұмысшылардың арасында өте тәжірбиелы жұмысшылар мен шеберлер жұмыс жасаған.
Олар үшін бұл жұмыс ешқандай қиыншылқ туғызбады.
Материалдарды тасу, жеткізу секілді жұмыстарды тек қана қазақтар істеді. Барлық күндік жұмыстарды қазақтар істеді. Мысалы ағаш тазалап, ағашкесіп беріп және аралап, оларды тасыды. Жұмыс кезінде қара жұмыстарды қазақтар атқарды. Бір қазақтың өзі ағаш кесіп, депо жанындағы шеберханада, паравозда да кочегар болып жүрді. Орыс жұмысшыларымен қатар жүріп жұмыс істеген қазақтар көп болды. Орыстар мен қазақтардың санын салыстырғанда орыстардың саны тым аз болды. Осыған қарап қазақтардың өз туған жерін тастап сонау Батыс Сібірге келіп жұмыс істегенін айтуға болады.
3
I. Ресей революциясы мен бірінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі
жұмысшыларының жағдайы
1905 жылы 15 қарашада Қазақ Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шар-
уалардың көтерілісі болды.
1905 - 1907 жылдары Ресейде бірінші - буржуазиялық революциясы Қазақ
елінде жұмысшы қозғалысының жаңа кезеңі қалыптасты. 1905 - 1907 жж.
ұйымдар кәсіби одақтар құра бастады. Олардың ішіндегі ең ірі одақ Орен -
бург - Ташкент темір жолының темір жолшыларының кәсіподағы болды.
Ресейдегі революциялық үдірістерге ұқсас, жұмысшылардың ірі экномика-
лық және саяси сөз сөйлеулері болды. 1905 жылы Өспен мыс - кен орнында
көтеріліске қатысқан 300 жұмысшының 265 - і қазақ болды. П. Топорнин,
Ә. Байшағыров басқарған орыс - қырғыз одағы құрылды. Жұмысшылар кө-
терілісі Қарағанды, Орал, Ақтөбе, Верный кәсіпорныдарында бірінен соң
бірі болды.
Өспен мыс - кен көтеріліснде басшы болған П. Топорнин мен Ә. Байшағыров
Кеннің бастығы Н. Велльге мынандай талаптар қойды:
1. Азық - түлік бағасын төмендету
2. Үш сыныптық орыс - қазақ училищесін ашу.
3. Фельдшер Е. Костенконы мен қызметкер И. Ивченконы жұмысынан бостау.
4. Жұмысшылардың жағдайын жақсарту.
5. Жалақыны 15% - ға көбейту.
6. Жұмыс күнін 8 сағатқа дейін қысқарту.
Кеніш иелері жоғарыда қойылған талаптардың кейбіреулерін орындауға
мәжбүр болды. Олар:8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, азық - түліктің бағасын
түсірді. Жұмысшыларға жаңа киім - кешіктер берілі, жалақылары да көбейді.
Бұл қазақ - орыс жұмысшыларының көтерілісінің нәтежиесі деп айтсақ бола-
ды.
1910 жылы тағы да жаңа революциялық қозғалыстар басталды. «Атбасар мыс - кені» қоғамының жұмысшылары, Доссор және Ембі мұнайшылары көтеріл-
іске шықты.
1914 жылы Қазақстан халыққа ауыр соққы болған бірінші дүниежүзілік
соғысқа қатысты. Қазақтарды еріксіз жұмыс жасауға, малдарын, киім -кешек-
терін, азық - түліктерін тапсыруға мәжбүрледі. Салықтардың құны артты.
1914 - 1915 жж. Жұмысшылар көтерілістің арқасында Екібастұз, Спасск
мыс кені, Оренбург - Ташкент темір жолы мен заводтарды басып алды.
4
II. XX ғ. Басындағы кедей қазақ шаруаларының жұмыс іздеп кетуі
1880-1890 жылдарда Семей облысынан 18-25мың адам, Сырдариядан 39 мың қазақ кедей шаруалары өз туған жерлерінен кетіп, табыс табуға жолға шық- ты.
Семей облысынан жұмыс іздеп кетушілердің көпшілігі кен зауыттары, руд- никтер, өңдеуші өнеркәсіптің кәіпорындар және шағын кәсіпорындарымен
шоғырланған Семей және Өскемен уездеріне шығып отырды.
1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұ- мысшылар саны 25393-ге жетті.
XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қара- ғанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 3-ға жуық адам еңбек етті.
Қазақ жерінде пайда болған темір жол станциялары сол кезде халық көп жи-
налған, темір жол орналасқан өлкенің экономикалық және саяси мәдени орталығына айналды деуге болады. Ірі станцияларда халық саны мыңдаған адамға жетті. Мысалы, 1916 жылы Орынбор станциясында - 9мың, Ақтөбеде - 3263, Шалқарда-5мыңдай адам қоныстанған болатын.
Темір жолдың бойында орналасқан елді-мекендердің жағдайы қарқынды да- мыды. 1906 жылы Орынбор-Ташкент темір жол бойында халық саны - 40мың болса, 1913 жылы 58 мыңнан астам адам тұрды. Яғни, халық саны 40 пайызға өскен.
Сол кездегі техника аса қатты дамымағанымен темір жолдарды білікті жұ- мысшыларды қажет етті. Бірақ, олар темір жол салынып жатқан жергілікті жерден болмады. Соның салдарынан, білікті темір жол жұмысшылары. Ресей-дің жерлерінен келді. Қазақ жеріне жұмысқа келгендердің арасында Ресей үкіметіне қарсы шыққан көтерісшілерде болды. «Омбы қаласына оның төңір-
егіндегілерді қоса алғанда темір жол жүргізілуіне байланысында, -деп жазды
Дала генерал-губернаторы Н. Сухотин 1912 жылы - өткендегі жасырын қыз- меті үшін жаңа орындар мен жаңа жағдайлар іздеуге мәжбүр етеін . . . адам- дар бір-бірте көбейе бастады . . . Сол кезге дейін меңіреу және бейбіт шет қала . . . алуан түрлі саяси жер аударылғандарға дейін қоса алғанда әр түрлі сенім- сіз адамдарға толып кеткен болып шықты».
5
1912 Ішкі министрдің айтуы бойынша:«Торғай облысының 18 теміржол стан-
циясынан, Ақтөбе қаласында және Шалқар станциясында иеліктен алынған жерде темір жол ұстханалары салынған. Көпшілігі ішкі Ресей ұстаханалары-
нан қуылғандардан тұратын, әр түрлі саяси сандырақтармен қудаланған темір жол ұстаханаларының жұмысшылары жергіліті полиция үшін іс туғызып от-
ырды». Ресей жерінен тек қуылғандар ғана емес өз еркімен келген шаруалар- да болды және оларда өлке жұмысшыларына айналды.
Осындай жағдайлардан кейін яғни, кедей қазақ шаруаларының шетке жұмыс
іздеп кеткен, жергілікті жұмыссыз жүрген тұрғындар, табыссыз қалған қолөн- ершілер және Ресейден келген білікті шаруалар мен қуғынға ұшыраған кө-
терісшілердің арқасында XX ғасырдың басында Қазақ жұмысшаларының ал-
ғашқы кезеңі қалыптасты.
1913 жыл қазақ жерінде жұмысшылар саны 75 мыңдай болды. Қазақстанда 675 фабрикада 51 мың адам жұмыс істеген. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезін-
де ең алдымен ірі кәсіпорындар мен темір жол саласында жұмыс қарқынды жүрді. Өздерінің күнде жасайтын сағаттық мөлшерінен артық жұмыс жасады.
Жұмысшылар саны жылдан жылға артып отырды. Барлық жұмысшылардың санын тек қана ірі фабрика, зауыттарда жасағандарды емес, шағын кәсіп- орындарда жасағандарды ескеру қажет. Шағын кәсіпорындардың басым көпшілігі жыл мезгіліне сай жұмыстарын жасады.
Маусымдық жұмыстарға: тері өңдеу, мақта теру, кептіру кәсіпорындары, күріш
өсіретін және тазартатын, бидай өсіретін секілді маусымды жұмыстарды жыл-
дың басқа мезгілінде жасау мүмкін болмады. Өйткені, ауа-райының өзгеруі
қатты әсер етті. Тек темір жолдар мен фабрикалар ғана жылдың төрт мезгілін- де жұмыстарын тоқтатқан жоқ.
Кейбір өнеркәсіп орындарында техникалық жағынан қалып қойғандары бол-
ды. Кәсіпкерлер арзан жұмыс күші болған соң жұмыс орнын жаңа жабдық-
тармен жабдықтандыра алмады. Мысалы, Түркістан облысының өзінде 48 кә-
сіпорындарының ішінен 25-і механикалық двигательдермен жұмыс істеген. Бұлдегеніміз қалған 23 кәсіпорын адамның қол еңбегінің арқасында жұмыс жасалған деген. Өлкенің 702 кәсіпорнында жалпы қуаты 21, 7 мың аттың күш- індей 507 двигатель болды.
Өлкедегі кәсіпорындарда жұмысшылар шоғыры аз болса, темір жол және ту-кеніштерінде шамадан тыс жұмысшылар болды. Темір жол мен тау-кеніштер-
індегі жұмысшылардың басым көпшілігі шеберхана мен депо да жұмыс істе-
ді. 1906 жылы Орынбор-Ташкент темір жолы ашылды. Сол темір жолды ны-ғайту барысында шеберханалар мен деполарда жұмысшылар шоғыры бай-
қалды.
6
1907 жылы Петропавлда 1693 жұмысшы 125 өнеркәсіп орындарында жұмыс
жасады. Бұлардың көбісі қарапайым ауыл шаруашылықтары, ұсақ кәсіп орындар. Петропавлда осындай шағын әрбір кәсіп орында орташа есеппен 13-14 жұмысшы жұмыс жасады.
Фабрика-зауыт жұмысшылары арасында, әдетте жергілікті тұрғындар басым
болды. Мысалы 1913 жылы Түркістан өлкесіндегі 20925 жұмысшылары ара- сында орыстар-22%, өзбектер-60, 7%, қазақтар 4, 5%, тәжіктер-5, 5%, ұйғырлар-5, 5%, басқалар-5, 1% болды . Сонымен, қатар өлкедегі қара жұмысшылардың
78, 7 пайызы байырғы халықтардан құрады. Двигательдермен жұмыс істейтін
жұмысшылар және жөндеумен айналысатын жұмысшылар әлдеқайда аз бол- ды жұмысшылар арасынан ұлтқа бөлетін болсақ: өзбектер-12%, қазақтар-3% құрады.
Жоғары мамандық деңгейі мен техникалық деңгейлер талап етілетін темір
жол көлігінде жұмысшылардың басым көпшілігі орыстар болды. 1908 жылы
Орынбор-Ташкент темір жолында магистраль штаттағы жұмысшылардың
92, 8 - % орыстар, 3, 11 - % поляктар, 2, 20 -% қазақтар, қалғандары басқа да ұлт өкілдері. Сібір және Рязань - Орал темір жолдарындағы жұмысшылар мен қызметшілер арасында да осындай көрсеткіш тіркелген болатын. Бұл екі жағдаймен түсіндіруге болады. Олар: темір жол қызметі көптеген кәсіби ма- мамандықтарға бөлінеді және сол салаға байланысты білімде талап етілді, бі-
рақ, алғашқы қазақ жеріне және Орта Азияға темір жол сал у кезінде де бұн-
дай талаптар талап етілмеді. Өйткені, жұмысшылар сауатты болмады.
Екінші жағдай:патша үкіметі өз тірегін ұстап қалу үшін, яғни орыс үстемдігі
басым болу, басқа жақтан келген ұлттарға жұмысқа қабылдауды әр-түрлі нұс-
қаулармен шектеп отырды.
Орынбор-Ташкент темір жолының Қазақстан шегіндегі ұзындығы 1600 шақ-
ырымнан астамындағы қатаң климат жағдайы, судың жеткілікті болмауы, тұр-
мыс жағдайлары төмен, орыстардан басқа да ұлт өкілдерінің жұмысшыларын қызықтырмады. Соның салдарынан жұмысшылар жеткіліксіз болды. Содан қазақтар мен басқада жергілікті тұрғындар толықтырды. Өлкенің басқа темір жолдарында да күндік жұмысшылар арасында қазақтар саны көп болды.
1905 жылы «Степной голос» газеті Сібір жолында жол жөндеу жұмыстарына
орналаса алмаған қазақтар жайында ауыр жағдай айтылған болатын. Семей облысының қазақ жұмысшыларының табыс табу үшін осы магистральдың Петропавл-Омбы учаскесінде жиі және ұзақ уақыт жұмыс істеді. Олар Ертіс бойында су жолы ашылғаннан бастап, су жолы жабылғанға дейін жұмыс жа- сап жүрді. Және су жолында жүрген параходтармен үйлеріне қайтты.
7
1913 жылдың қазанында, мұрағаттардан табылған құжаттарда Омбы станция-
сынан «тек қана қазақтардан тұратын, саны 80 адам болатын жөндеуші күн- дік жұмысшылар кәсіпорынмен есептесіп, праходтар жүріп тұрған кезінде Се- мей облысындағы үйлеріне қайтты».
Өлкенің теміржолшылар құрамындағы қазақтардың саны туралы нақты де- ректер жоқ. Бірақ, Орынбор-Ташкент және Сібір магистральдарының темір-
жолшыларын және күндік жұмыс жасаған жұмысшылардың 20 % қазақ- тардан құралды. 1917 жылы өлкенің бойында жұмыс жасаған 30 мың жұ- мысшының 5-6 мыңдайы қазақтардан құралды. Қазақтардың темір жолда ең шоғырланған жері «депо» болды. Яғни, қазақтар темір жолда деполар мен шеберханаларда жұмысшы болды. Теміржолшылардың көп бөлігі айдаладағы станциялар мен разъездерде болғандарымен, олар поездардың тоқтаусыз жү- руі және телеграф пен телефон станцияларының күні-түні жұмыс істеуі арқа- сында ішкі аудандардың теміржолшыларымен байланысып отырды.
Жергілікті жұмысшылардың бір бөлігін тау-кен және кен-зауыт өнеркәсібінің жұмысшылары құрады, оларды жұмысшылар молшоғырланды. Өңдеуші өн-
еркәсіптерге қарағанда кадрлары тұрақты әрі көп болды. 1887 жылдың өзінде
Зайсан уезінің бастығы бір ереуіл жөнінде оған «қазақ кен жұмысшылары» қатысты, ал оларды «орыс мастеровайлары» басқарды деп жазды. Бұл жерде
ол «Өскемен және Зайсан уездерінің қазақ кеншілері кен қазу жұмыстары-
мен он жылдам айналысады. Тәжірбиелі адамдар, көбісі орысша сөйлейді» деп
атады.
Өнеркәсіп жұмысшыларының да, теміржол жұмысшыларының да негізгі ойы темір жол бойында орналасқан қалаларда шоғырланғанын айтуым керек. Түр-
кістанның барлық өнеркәсіп орындарының 1913 жылы 51, 6 %-нан астамы темір жол станцияларынан 5 шақырым қашықтықта, 16, 8 % 5-10 шақырым,
ал қалған 31, 6 % 10 шақырымнан астам қашықтықта орналақан.
1913 жылы Түркістанның өнеркәсіп жұмысшылары жұмыс санаттарына қа- рай былайша бөлінді: негізгі өндіріс жұмысшылары - 69, 1%, двигательдер-
мен жұмыс жасайтында - 4, 6%, жөндеу және қосалқы жұмыста - 2, 7 пайыз, қара жұмыста - 21 %, тағыда басқа жұмыстарда -2, 3 % жұмысшы қызмет ат-
қарды.
8
III. Қазақ шаруаларының тұрмыстық, әлеуметтік жағдайы
Жұмысшылардың жағдайы Ресей жеріндегі өнеркәсіптердегі жұмысшылар-дың жағдайларынан біршама ауыр болды. Жұмыс орындарында жұмыс уа-қыттары жұмыс берушінің қалауымен қойылды. Мысалы, Жем мұнай кәсіп-шілігінде жұмыс 12 сағатқа дейін созылған, алтын кеніштерінде 10 - 12, ал тұз кеніштерінде 14 - 16 сағатқа дейін созылды. Темір жолшылар үшін жұ-мыс ұзақтығы ресми түрде 12 сағат болып бекітілді. Бірақ, одан көп уақыт
жұмыс жасады. Ресей жұмысшыларының жалақысы, қазақ жұмысшылары-ның жалақысынан 3 - 4 есе көп болды. Ғасырдың басында жұмысшылары-ның қозғалысынан кейін жалақылары көтерілді. Бірақ, бірінші дүниежүзі-лік соғысы басталғаннан кейін азық - түлік қымбаттап кетті. Бір күндік
жалақылары төмендеп кетті.
Онсызда жұмысшылардың дымға жетпейтін жалақыларының бір бөлігіне
өнімдер мен тауарлар беру кезінде дымға қатысы жоқ айыппұлдар мен ал-
дау және қате есептеулердің кесірінен жалақылары одан сайын қысқарды.
Кен кәсіпорындарындағы қарапайым құралдары, еңбек қауыпсіздігінің шараларының болмауы, жарақаттану жағдайылары жиі болып тұртын жағдайлар осы сипаттарға ие.
Жұмысшылардың көпшілігінде тұрғын үйлері болмады, болсада лашықтар-да, жертөлелерде тұрды. Ондай жерлерде ешқандай санитарлық - гигиена-лық жағдайлар болған жоқ. Жұмысшылар мен отбасылары әр-түрлі ауру-ларға шалдықты. Тіпті кейбіреулері қатерлі ісікке шалдықты.
Қазақ жұмысшылары ауыр жағдайда болды, оларды ешқандай себепсіз кем-
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz