Жоғары мектеп дидактикасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: " Жоғары мектеп дидактикасы"

Пәні: Жоғары мектеп педагогикасы

Орындаған: Нуржакупова А. К

Екі шетел тілі МДЯ - 001

2020-2021 жж

Жоспар:

1. Жоғары мектептегі оқыту үрдісінің мәні.

2. Жоғары мектептегі оқыту заңдылықтары мен принциптері

Жоғары мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі оқыту процесін жоғары мектеп дидактикасы бөлімі қарастырады. Дидактика - педагогиканыңмаңызды саласы ретінде оқыту процесін қарастырады. Дидактика(« didaktikas » - оқытушы, « didasko» - оқушы) грек тілінен аударғанда оқытумен үйрету деген мағынаны білдіреді.

Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) . Кейін бұл ұғымды чех педагогы Ян Амос Коменский пайдаланып, 1657 жылы өз інің «Ұлы дидактика» еңбегінде оның негіздерін анықтайды. Я. А. Коменскийдің ойынша, дидактика «Нені оқыту?» және «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап береді. Қазіргі ғылым бойынша дидактика - Кімді? Қашан? Қайда? Неге оқыту?- деген сұрақтарды қарастырады.

Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту

теориясы, педагогика ғылымның саласы. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқытудың барысы, нәтижелері. Дидактика жалпы орта білім беру

тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі және т. б. проблемаларды зерттейді.

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ, беру,

оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері,

мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактика барша пәндер бойынша және оқу іс - әрекетінің барлық

деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты

қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы және жекеленген болып

бӛлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пәні: оқыту мен оқып үйрену,

оларды туындатқан жағдаяттар мен оларды орындау шарттары және нәтижелері.

Жекеленген дидактика оқыту әдістемес і деп аталады. Ол әртүрлі оқу

пәндер інің оқытылуын, мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін

қарастырады.

Дидактиканың негізгі қарастыратын мәселесі - оқыту.

Оқыту - білім алушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына

бағытталған алдын - ала жоспарланған іс - әрекет. Оқыту - қазіргі заман

талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды

меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі.

Оқыту білім беру мекемелерінде оқыту процесі арқылы іске асады. Оқыту процесі - бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттер ін іске асыруға бағытталған оқытушы мен білім алушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет.

Оқыту процесі - білім, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, ілім

алушылардың дүниетанымын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс - әрекет

барысы (Ж. А. Әбиев) .

Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бӛлігі. Оқыту процесі- бұл оқытушы мен білім алушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуі барысында шәкіртттерге білім беру міндеттерін шешу процесі (М. Р. Қоянбаев) .

Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктері:

1) оқыту - мақсатты үрдіс;

2) оқыту - таным процесі;

3) оқыту - даму негізі

4) оқыту - екі жақты үрдіс;

5) оқыту - жоспарлы үрдіс;

6) оқыту - бұл күрделі үрдіс.

Оқыту - мақсатты үрдіс, оның басты мақсаты, әдіс - тәсілдері, мазмұны, міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

Оқыту - таным процесі. В. А. Сластенин оқыту - педагогпен басқарылатын танымның ерекше процесі деп анықтады. Танымдық іс -әрекет - бұл сезімдік қабылдау, теоретикалық ойлау, практикалық іс - әрекеттің бір бӛлігі. Оқытудың міндеті - білім алушыны айналадағы ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.

Оқыту - даму негізі. Оқыту процесі ағзаның өзіндік дамуына жүйелі түрде көмек жасап, жеке бастың жан - жақты дамуын жетілдіреді. Оқытуда білім алушы логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес іс - әрекет жасауға дағдыланады. Оқыту білім алушының рухани жетілуін қамтамасыз етеді. Ол білім алушы дамуының алғышарты.

Оқыту екі жақты үрдіс, о нда о қытушы мен білім алушылардың

ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдер іне үйретеді. Бұл сабақ беру үрдісі.

Білім алушылар сабақта түрлі іс - әр екеттердің барысында дамиды,

олардың ғылыми кӛзқарастары қалыптасады.

Оқыту - жоспарлы үрдіс. Оқытушы білім алушылардың жалпы рухани

дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарлы,

ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.

Оқыту - күрделі үрдіс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу, ақыл - ой мен

шығармашылық қабілетін, біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге

асады.

Оқытудың білім беру функциясы - бұ л адам баласын білім

байлығымен қаруландыру, оны ӛз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны

игеруге даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптар іске асырылады. Олар:

• Білімнің толықтығы - негізгі идеяларды түсіну үшін оқыту

процес інің негіз гі кезеңдер ін, яғни танымдық іс - әр екетінің кезеңдер інің

іске асыруды қамтамасыз ету;

• Білімнің жүйелілігі, үйлес імділігі, қисынды бір ізділігі;

• Білімнің ұғымдылығы - білім алушылардың ӛз бетімен ізденіп,

білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту;

• Білімнің әр екеттілігі - жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді

шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.

Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым

негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген жоғары білімді адамды дайындауға

әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.

Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқыту барысында білім алушыларды

теориялық білімдер жүйесімен қаруландыра отырып, жеке тұлғалық

қасиеттер қалыптастырып, дамыту. Оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы

идея Я. А. Коменскийдің, И. Ф. Гербарттьщ, Ф. А. Дистервергтің, Н. И. Пироговтың және К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.

И. Ф. Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал деп

тұжырымдайды. Н. И. Пирогов пен К. Д. Ушинский алғаш рет педагогика

тарихында оқытудың тәрбиелік сипатын, оның ғылыми мазмұнына тәуелді

деді. К. Д. Ушинс кийдің педагогикалық теор иясында о қыту және о қу

тәрбиенің құдіретті кұралы деп айтылған. Тәрбиелей отырып оқыту,

Ушинскийдің айтуы бойынша, дамытып оқыту, яғни адамның байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамытып, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау.

Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелердің

оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық

нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта

отырып тәрбиелеу, білім алушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, акыл-

ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.

Білім беру мекемелерінде білім алушыларға теориялық білім беру тәрбие процесімен тығыз байланыста өткізіледі. Сонымен, оқыту білім алушыларды терең біліммен қаруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.

Оқытудың дамыту функциясы. Оқыту барысында білім алушыларға

білім беру, оларды тәрбиелеу негіз інде тұлғаның ақыл - ойы, сана -сеземі,

шығармашылық қабілеті т. б. кӛптеген тұлғалық қасиеттерінің дамына,

іскерліктер і шыңдалып, қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Тұлға жан -

жақты дамиды. Белгілі психологтар Л. С. Выготский мен С. Л. Рубинштейн

ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту процесінде

жетіледі. Тәрбие мен оқыту негізінде даму іске асады.

Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным-қабілетін

мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Дамытып оқыту - бұл білім алушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-ӛрісін дамыту, ӛз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті - «Ең жақын даму зонасын» жасау.

Педагогика ғылымында «Дамыта оқыту» мәселесі 1960 жылдан басталды. Л. В. Занков оқыту процесіндегі ойды дамыту принциптерінің жиынтығын негідеді: теориялық материал көлемін ұлғайту, қиын деңгейде, жылдам темппен оқыту; оқу процесін оқушыылардың терең, саналы меңгеруін қамтамасыз ету. И. Л. Лернер, М. И. Скаткин оқытудың дамытушылық әдістерінің жүйесін ұсынды. В. В. Давыдов

пен Д. Б. Эльконин оқытудығы мазмұндық жалпылау тұжырымдамасын құрды.

И. П. Гальрерин, Н. Ф. Талызина т. б. ақыл - ой әрекетінің кезеңдік қалыптасу теориясын негіздеді. Осы сипаттағы ғылыми ізденістер мен педагогикалық тәжірибелердегі жалпы идея оқытудың дамытушылық ықпалын мәнді кеңейту болды.

Даму өз алдына жеке болып бөлінбейді, ол оқытудың білім беру, тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Жеке тұлғаның толық интелектуалды, әлеуметтік және адамгершілік дамуы - бұл білім беру, тәрбиелеу, дамыту қызметтерін бірлікте жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады.

Жоғары мектепте білім беру үрдісінің іске асуы мен дамуы барысында прогрессивті ғалымдар осы үрдістің тиімділігін арттыруға әсер ететін жағдайларды, талаптарды, ережелерді анықтап, оларды ғылыми негіздеуге тырысты.

Оқыту заңдылықтары - бұл жоғары оқу орнындағы педагогикалық

үрдіс компоненттері арасындағы объективті болатын, қайталанып отыратын, тұрақты байланыстар, оларға сүйену арқылы осы үрдістің тиімділігі арттырылады.

Заңдылықтарға оқу үрдісінде болатын немесе туындайтын кез -келгенқысқа мерзімді байланыстарды емес, тек объективті түрді оқытушы ерігінсіз болатын, тұрақты байланыстарды жатқызады. Оқытушы оларды байқамауы мүмкін, саналы түрде ескермеуі мүмкін, бірақ олар бар және оның қызметіне әсер етеді.

Жоғары мектептегі оқыту үрдісінің негізгі заңдылықтарын қарастыратын болсақ, оларға төмендегілер жатады:

Педагогикалық үрдіс, оның мазмұны, әдістемесі мен технологиясы

жан-жақты дамыған, кәсіпқой, өзгермелі әлемде үздіксіз дамуға бейім

болашақ маман тұлғасын қалыптастыру қажеттілігімен анықталатын қоғам

сұранысымен анықталады. Бұл заңдылық жоғары оқу орнындағы оқыту

мақсаты мен міндеттерін, олар арқылы болашақ мамандарды кәсіби даярлау үрдісінің мазмұнын да анықтайды.

Оқыту үрдісі студенттерді тәрбиелеу және дамытумен, оларды кәсіби даярлау жүйесімен заңды байланыста, яғни студенттерді оқыту жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық үрдісінің құрамдас бӛлігі болып табылады.

Бұл заңдылық оқытудың барлық төрт қызметін (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, кәсіби) тұтастықта жүзеге асыруды талап етеді.

Тұтас педагогикалық үрдіс және оның өнімділігі жоғары оқу орны

ӛмірінің келес ідей ішкі және сыртқы жағдайларына байланысты: шағын

ауданның әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері, оқу-әдістемелік және

материалдық-техникалық база, гигиеналық жағдайлар, оқу орнындағы

орнаған моральдық-психологиялық климат. Бұл заңдылық жоғары оқу орны жұмысының ішкі және сыртқы жағдайларын жақсартуға назар ауд аруды бағдарлайды.

Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттері

(мақсат-міндеттері, мазмұны, түрлері, құралдары, әдіс-тәсілдері,

технологисы) оның нәтижелілігіне әсер етеді. Сондықтан мақсат-міндеттерді дұрыс анықтау, мазмұнды, әдіс-тәсілдерді, құралдарды дұрыс іріктеу өте маңызды.

Сабақ беру мен оқу тұтас оқу-тәрбие үрдісінде заңды түрде ӛзара

байланысқан, бұл ӛзара әрекеттесудің тиімділігі оқытушылардың

кәсіпқойлық деңгейімен және студенттердің даярлық деңгейімен, олардың

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелер
Оқыту теориясы
Оқыту процессінің əдістемелік және дидактикалық жүйелері
Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
Адольф Дистервегтің (1790-1866) педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері
Проблемалық оқыту туралы ұғым
Оқу – дидактикалық процесс
Дидактиканың заңдылықтары мен қағидаларын оқыту процесінде басшылыққа алу
Тарау Қазіргі дидактикадағы оқыту процесінің мәні және оқытудың жалпы теориялық мәселелері
Өндірістік оқуды ұйымдастыру және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz