Өнер философиясы туралы
11-лекция. Өнер философиясы
Жоспар:
1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде
2. Негізгі эстетикалық категориялар

Эстетика - философиялық ілім. Демек, ол басқа да философиялық ғылым-дар сынды нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. Кейбіреулер философияны ғылымнан гөрі өнерге жақындастырады. Ол рас та, өйткені, оларға негізгі ортақ нәрсе жеке тұлғаның, даралықтың үлкен орын алатындығы. Бірақ, көркемөнер үшін тұлға тағдырының басқаларға ұқсамайтын кездейсоқтығы, бірегейлігі ма-ңызды болса, философия үшін жалқылық жалпылықтың көрінуі мен жүзеге асуының формасы ретінде маңызды. Эстетика ұғымын ғылыми қолданысқа XVІІІ ғасырдың орта шенінде неміс философы А.Баумгартен енгізді. Ол эсте-тиканы грек тіліндегі айстетикос сөзінен құрастырып шықты. Этимология-лық тұрғыдан алғанда айстетикос - сезім, сезіммен қабылданатын деген ма-ғынаға ие. Этимологиялық түбір әлі күнге дейін анестезия сөзінде кездеседі. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп біл-ген, әсемдіктің бірден бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттей-тін ілім деген анықтама берген. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені иге-руге деген талпынысы А.Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ бел-гілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұқтасақ, өнер тарихы - адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі бері өнермен бірге өзін-өзі жетілдіріп, мәдени игіліктерін жасап та келеді. Бізге бел-гісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезеңдерінің өзінде-ақ адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, ары қарай дамытып отырған.
Өнер - мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан, өнер - мәде-ниеттің айнасы деген қанатты сөз де қалыптасқан. Өнердің шынайы мәнінің діңгегі - сұлулық, әсемдік болып табылады. Сұлулық, әсемдік адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл-күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды иман-дануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты - қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету. Өнер философиясы, өнер ілімі болып табыла-тын эстетика үшін де жоғарыда аталған мақсаттар бірінші маңызды болмақ. Ендеше, эстетиканы оқытудың, яғни, эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты - адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулықтың заңдарына сәйкес өмірді жаңар-тып, өзгертіп отыру. Эстетика этикамен өнер мен өнегелік қалай байланысты болса солай тығыз байланысты, өйткені өнер сезімге әсер ете отырып, адамгер-шілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте се-зімге бөлену барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы - ар тазалығы. Олай болса, эстетикалық тәрбие - имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы. Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша экскурс жасап, көз жүгіртіп өтсек, онда барлық философиялық ғылымдардың бесігі болып табылатын Грекиядан бастау заңды. Антикалық эстетика ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшелік-терінің бірі оның космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдікті әлемнен де орын алады деген көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни, өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Соның нә-тижесінде адам әлемі - микрокосм (микроғарыш, кішіғарыш).
Адамның өнері макрокосмға (макроғарыш, үлкенғарыш) ұқсап бағуынан, еліктеуінен (мимесис грек тілінде) туады. Осылайша, гректік ойшылдардың көбі, олардың барлығы деп айта алмаймыз, өнер табиғатын мимесиспен байла-ныстырған. Грек эстетикасын сонау грек мәдениетінің архаикалық, немесе го-мерлік (Гомердің Илиада, Одиссеясы дүниеге келген уақыт) кезеңінен бас-таса да болады. Антикалық эстетиканың орталық категориясының бірі болып табылатын гармония ұғымы Гомердің Одиссеясында өзінің бастапқы нақ-ты заттық мағынасында беріледі. Онда гармония деп қайық жасалған ағаш ке-сінділерін біріктіруші қыстырғышты, шегені айтатын болған. Ал, Иллиадада гармония қосымша мағынаға ие болып, адамдар арасындағы келісім, тыныш-тық, бейбітшілікті білдіретін болған. Осылай бастапқыда тікелей әлеуметтік өмірдің ортасынан алынған сөз бірте-бірте философиялық, эстетикалық катего-рия деңгейіне дейін көтерілген. Эстетикалық категория тұрғысындағы гармо-ния ұғымын тұңғыш Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері ішінде әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады. Тіпті, онымен қоймай, өнер адам жанын да, тәнін де ауру-кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген. Осы тұста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы - катарсиске тоқталып кету керек. Катарсис (грек. тазару) - адам жаны мен тәнін та-зарту, рухи және ағзалық сергектену дегенді білдіретін ұғым. Катарсис ұғы-мы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарас-тырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис, әсіресе, музыка, поэзия мен трагедияның адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңы-зын білдірген. Пифагор және оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған. Олардың түсінуінше, музыка - ғарыш үндестігінің жердегі көрінісі болғандықтан, тек жан сарайын тазалап қана қоймайды, сонымен қатар, ағза ау-руларынан да арылуға әсер етеді деп білген. Платон болса катарсисті өнердің бір түрімен ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырды. Оның айтуынша, катарсис жан дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген мағынаға ие. Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері деп танып, әсі-ресе, трагедия жанрының адамның қорқыныш пен қайғыға ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде жанды бейқамдықтан, бойкүйездіктен арылтады деп қарады.
Калокагатия термині өзінің амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) бай-ланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайданылады. Калокагатия термині грек тіліндегі екі сөздің (halos - әсем, сұлу және agathos - ізгі, мейірімді) қосындасынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, ізгі сұлулық-ты, яғни, жан сұлулығы мен тән сұлулуғының үндестігін білдіреді. Грек мәде-ниетіндегі калокагатия мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондық-тан, бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық (дене сұлулығын қалыптасты-руға күш салатын) тәрбиемен қатар мусикалық (жан сарайын әрлендіретін) тәр-биеге көңіл бөлінген. Яғни, риторика (шешендік өнер), грамматика, тарих, поэзия және т.с.с. басты назар аударылған. Эстетикаға калокагатия ұғымын енгізген Сократ болатын. Шынайы сұлулық - ізгі сұлулық, мейірім - сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл европалық эстетиканың орталық принципі-не айналып кетті. Күнделікті қолданыста өнер мен көркемдік мәдениет ұғымдары тең. Бірақ, көркемдік мәдениет ұғымы өнер ұғымына қарағанда ауқымды. Ол өнердің барлық саласын ұштастырып, көптеген ғасырлар бойы әр сала өнер шығармаларын дүниеге әкеліп, мәдениеттің арнайы институттарында (театр, музей, концерт залдарында) көркемдік құндылықтарды сақтау мен оны келесі ұрпаққа жеткізу жұмысы жүзеге астырады. Неміс философы А.Баумгар-тен ХVІІІ ғасырда эстетика терминін енгізді. Ол төменгі таным теория-сы - сезімдік білім туралы ғылым деген мағына берді. Дегенмен, әсемдік-тің не екені жөніндегі эстетикалық ойларды ежелгі шығыс трактаттары Веда, Авеста және антика философтары мен ортағасырдағы діни шығармалардан кездестіреміз. Неміс философы И.Кант үшін эстетика - жалпы сезімділік туралы ғылым. Эстетиканы өнер философиясы ретінде неғұрлым айқын қа-растырған немістің классикалық философиясының танымал өкілі Г.Гегель бол-ды. Өнерді мәдениеттанулық талдаудың ерекшелігі оның мәдени-әлеуміттік ма-ғынасын, типологиясы мен динамикасын анықтай отырып, сонымен қатар, өнерді мәдени-әлеуметтік кеңістік әлемінің бір бөлігі ретінде қарастырып, мә-дениеттің өзге де феномендерінің өзара қатынасын зерттейді.
Өнердің көптеген анықтамалары бар. Бұл құбылыстың негізгілеріне тоқ-талсақ: Біріншіден, өнер - шындықты меңгерудің ерекше бір түрі, яғни, рухани бейнелер арқылы меңгеру түрі; Екіншіден, өнер - бұл көркемдік-эстетикалық құндылықтар жинақталған мәдениеттің бірден бір элементі; Үшіншіден, бұл әлемді сезім арқылы тану формасы. Адам танымының үш әдісін көрсетуге бо-лады: логикалық, абстрактылы пайымдауға негізделген рационалдық әдіс; эмо-цияға, сезімге негізделген сезімдік әдіс; интуицияға негізделген иррационалдық әдіс. Қажетті әлеуметтік білім жүйесінде мәдениеттің символдық бейнесі болып табылатын ғылым, өнер, діннің үшеуі де адамның рухани-мәдени шығармашы-лығы болып табылады, бірақ, әр саланың өзінің басым жағы бар: ғылымда - ра-ционалдылық басым, өнерде - сезімділік басым, дінде - интуиция басым. Төр-тіншіден, өнер арқылы адамның шығармашылық қабілеті көрінеді. Бесіншіден, өнер ләззат алу мен рахат алу мүмкіндігін беретін көркемдік құндылықтарды адамның меңгере алу мәселесін қарастырады. Өнер көпқырлы құбылыс, өйт-кені, ол тікелей адам жанымен байланысты дүние. Өнер дегеніміз тамаша бей-нелердің бай әлемі, фантазияның асқақтауы, өмір мен адам болмысының мәнін шығармашылық арқылы ұғынуға мүмкіндік алу, адамның жасампаздық рухы-ның асқақтауы. Өнер - көпқабатты Будда ғибадатханасының жоғары қарай ас-қақтаған ғиамараты да, мұсылман мешітіндегі оюланған жазулардан тұратын көркем хаткерлік үлгілері, орыс иконаларында бейнеленген Құдай-ананың мейірім мен мұңға толы жүзі және т.б. Өнерге қатысты жиі қолданылатын сөз бейне деп айтуға болады. Бұл жердегі айтпағымыз - өнерде суретшінің өз ойындағыны рухани өңдеп, дыбыс, бояу, пішін арқылы бізге жеткізетіндігі. Көркемдік бейнелерде тек қана шындық емес, сонымен қатар, мәдени дәуірлер-дің дүниені сезінуі, дүниені тануы да көрініс табады. Өнер табиғатын ұғынуға тырысқан зерттеушілер өнердің әу баста табиғатты әсемдеу мен еліктеушілік инстинкті арқылы іске асқанын айтады. Өнер адамдар арасында қатынас құра-лы ретінде, әлемді танудың қайнар көзі ретінде тарихи кезеңдер мен халықтар туралы деректер беретін өзіндік құпия код ретінде, адамға ойын рухы мен ләз-зат алуды сыйлайтын, адамның иррационалды және бейсаналы бастамасының көрінуі ретінде және суретші тұлғасы арқылы өзіндік сана мен өзіндік жеткізу әдісі екендігін баса айтады. Осы түсініктемелердің барлығы өнер туралы жи-нақталған білімді бейнелейді және мәдениеттің әртүрлі қырларын ашады.
Алғашқы өнер туралы айтқан кезде есте сақтайтын нәрсе мынау - алғашқы адамдар санасы үзіліссіз синкретті (гр. synkretismos - байланыстыру, өзара бай-ланыста біртұтастық ретінде өмір сүрген. Өнердің қалыптасып пайда болуы ту-ралы біраз көзқарастар бар. Солардың бірі Ф.Шиллер, И.Кант, Г.Спенсер идеяларынан туындап жатқан голландиялық мәдениеттанушы Йохан Хейзинга-ның (1872-1945) Homo Ludens. Мәдениеттің ойындық элементін анықтау тәжірибесі атты еңбегінде келтірілген мәдениеттің ойындық концепциясы-мен байланысты айтылып жүрген болжал. Спенсер өнердің бастамасы ойынға түрткі болатын импульстардан алынады деп есептеген. Хейзинга өнердегі бол-сын, мәдениеттегі болсын ойындық элементті зерттеуде одан әрі барды. Ойын, өнер секілді, еркін және шығармашылық әрекет болып табылады. Ойын эле-менттері әртүрлі салт-жоралғыларда, әдет-ғұрыптар мен сән-салтанаттарда кө-рінеді. Й.Хейзинга өз кітабында ойынның болмысын мәдениеттің алуан түрлі құбылыстары арқылы көрсетеді: құқық, философия, ғылым, дін. Ол ойын мен поэзия, ойын мен өнер арақатынасына ерекше тоқтады. Ойын мәдениеттің өзіне қарағанда бұрнағырақ, ол ежелден өмірімізді толтырып, архаикалық мәдениет формаларының толығуына себеп болады дегенді біз Й.Хейзинганың жоғарыда аталып кеткен кітабынан оқимыз. Поэзия - ойыннан шықты, сөйтіп, ол ойын түрлерінің арқасында өмір сүреді. Музыка мен би толығымен ойын болып та-былады [Хейзинга Й. Homo Ludens. Опыт определения игрового элемента куль-туры. -М.,1992. С.196-197]. Сонымен, ойын өнер туындайтын импульс секілді, ал, ойын табиғаты оның тіршілігінің бір өлшемі ретінде қарастырылады. Келе-сі, өнер генезисімен байланысты концепция имитативті теория деп атала-ды. Бұл концепция бойынша, өнер еліктеу инстинктісі нәтижесінде көрінеді (Л.Кар, О.Конт, Ж.Л.Даламбер және т.б). Антика кезеңінің ойшылы Демокрит, өнерді жануарларға еліктеуден пайда болады деген. Антика кезінде мимезис - еліктеу деген термин пайда болған. Жануарлар, жәндіктер, құстардың іс-әре-кетін бақылай отырып, адамдар өрмекшіден - үй салуды, аққу мен бұлбұлдан - ән салуды үйренген деп есептеген. Көне Грекияның танымал философы, адам-заттың ұлы ұстазы Аристотель де өнерді мимезис мәселесімен байланыстыра қарастырған. Өнерді ұғынуда әртүрлі пікірлердің қалыптасуы көптеген мәдени-әлеуметтік мәндердің пайда болуына әкелді. Л.С.Выготский өнер алғашқыда тіршілік ету үшін күресудің күрделі құралы ретінде пайда болды, әрине, оның рөлін сезім коммуникациясымен шектеп және де онда осы сезімге ешқандай билігі жоқ деп ойлауға болмайды. Егер, өнер тек қуаныш немесе қайғы әкеле-тін болса, онда сақталып қалмас еді және ешқандай мәні болмас еді деп есеп-тейді. [Выготский Л.С. Психология искусства. -С.312]. Біз кітап оқып, кино кө-ріп, музыка тыңдап, орасан зор архетиктуралық құрылыстарға тамсану арқылы әлем туралы, адамдар туралы, олардың сезімдері мен дүниетанымдары туралы білімімізді жетілдіреміз. Орыс әдебиет сыншысы В.Г.Белинскийдің айтуы бой-ынша ақиқат, ең бірінші, өнер арқылы ашылады десе, Ф.Шеллинг өнерді та-ным формасының ең жоғарғы деңгейі деп есептеген. Өнер коммуникация әдісі ретінде қарастырылуы мүмкін: онда адамдар мен қоғам арасындағы қатынастар нығайып отырады, өнердің арқасында адам уақыт тұрғысынан алғанда - келесі дәуірлерге, кеңістік тұрғысынан алғанда - басқа елдерге таралып отырады. Мә-дениеттегі эстетикалық (гр. aisthetiкos - сезімдік, сезімдік қабылдауға қа-тысты) салада әсемдік пен тұрпайылық, жиіркеніштілік пен асқақтық, трагедия-лық пен комедиялықтықтың мәні ашылады.
Антика философиясында өнердің адамға деген эстетикалық әсерін айқын-дау үшін катарсис (гр. katharsis - тазару) термині қалыптасты. Пифагорилік мектеп шеңберіне тән дерттерін, жанды зиянды құмарлықтан емдеуде (мысалы, ашу, қорқыныш, қызғаныш) нақтылы музыкалық үйлесімділік арқылы тазарту теориясы мен тәжірбиесі орын алған. Аристотель бойынша, катарсис қорқы-ныш пен қайғысына ортақтасу арқылы тазару деп түсінген. Адам псикикасын-дағы музыка, діни әуендер, антикалық трагедия ықпалы әсерінен күшті аффек-тілер пайда болады, оның нәтижесі ретінде сүйсіну сезімімен байланысқан әй-теуір бір жеңілдік және тазару пайда болады. Өнердің сыры неде, оның туын-дысының көркемдік белгісі не? Адамның мәнін көрсететін рухани дүние - өнердің ең басты және ең қызықты қыры да, сыры да болып табылады. Көркем-дік түйсіну - бұл қалпы көркемдік образдағы рационалдық пен иррационал-дықтың, эмоционалдық, толық білінбеген интуитивтік-психологиялық тұтасты-ғы туралы бұл жақтардың өзара өтуі және өзара толықтыратыны туралы ойлау-ға әруақытта негіз болатын. Неміс философы И.Кант эстетикалық әсерленуші-лік - бұл қандай да болмасын қызығушылықтан еркін ләззат алу [Кант И. Критика способности суждения Соч.: В 6 т. Т. 5. -М.,1996. С.204] деп есеп-тейді. Философ А.Ф.Лосев көркемдік образдардың ерекшелігінің толық сипат-тамасын берді: Қандай да болмасын көркемдік бейне, қандай да бір дискретті белгілердің рационалдық жиынтығы секілді түсіндірілмей, керісінше жанды нәрсе секілді тереңнен ұмтылатын қайнар көз және біз тез үйрене алмайтын рационалдық әдіс ретінде ұғындырылады. Көркемдік дегеніміз біз қанша қара-сақ та көзіміз тоймайтын, сырын түгелдей аша алмайтын жұмбақ зат. Бұ-ның мағынасы көркем суретті қаншама терең қарасақ та онда, біз түсіне ал-майтын жұмбақ, суретті қабылдаған сайын қобалжу тудыратын түсініксіз-дік бар [Лосев А.Ф. История античной эстетики. Софисты, Сократ, Платон. -М.,1969. С.635]. Міне, өнер сырының кілті осында. Егер жалған өнер тек сырт-қы әсерге негізделсе, шынайы көркемдік шығарма терең ойды шамалайды.
Өнердің мәні - әсемдікте. Әсемдікті сипаттау үшін үйлесімділік, асим-метрия, пропорционалдық, мақсатқа ұмтылғыштық сияқты ұғымдар пайдала-нылады. Антика заманында Платон әсемдік - бұл мәңгілік, Құдайлық идея десе, Сократ әсемдік пен пайданы теңестірді. Орт ғасырда Ульрих Страсбург жалғыз шынайы жарықты Құдайдан іздеді. Неміс романтиктері (Шлегель, Шеллинг, Новалис) үшін әсемдік пен тіршілік өнерде үндеседі: барлық шын-дық эстетикалық феномен ретінде қарастырылған. Өнер дүниенің өте маңызды мәнін айқындап, оның ең жетілген және әсем түрде жүзеге асқан үлгісі ретінде осы дүниенің негізі деп жариялады. Өнерде әлемді бейнелеудің екі әдісі бар: шындыққа негізделген және шартты әдісі. Бізге жеткен ежелгі палеолиттің көркем бейнелерінде олардың екеуі де кездеседі. Алғашқы суретшілер шынайы өмірді тамаша бейнеленген, олар жануарлар анатомиясын жақсы біліп, қозға-лыстарын анық көрсете алған. Шартты бейнелерде жалпылыққа қорытындыға мүмкіндігінше көбірек көңіл бөлінді, табиғатқа сәйкес қарапайым ұқсастық шеңберінен шығуға деген талпыныс бар. Өнерде бейнелеудің осы екі әдісі не қатар жүреді, не біреуі басымырақ болуы да мүмкін. Ерекше атап айту керек, шындыққа негізделген өнер тек шынайы өмір көшірмесі ғана емес, оның көр-кем бейнесі өмірдің жинақталған бейнесін береді, нақтылы мәдени кезеңдердің ең маңызды кейіпкерлерін, жағдайларын, сезімдерін, ойларын, мәселелерін та-маша көрсетеді. Шартты өнер көркемдік бейнелердің, мазмұнын кеңейтіп, тү-сіндіруге мүмкіндік беріп, рәміздік қызмет атқаруы мүмкін. Американдық әлеу-меттанушы П.Сорокин символдық өнерді мәдениеттің идеационалды түрімен байланыстырды, жоғарғы рационалды дүниетанымға, жоғары сезімдікке, жоға-ры рационалдыққа, яғни, Құдайға бағыттады. Басқаша айтсақ, діни өнер әр уа-қытта рәмізге негізделген. Мысалы, ортағасырлық еуропалық мәдениетте өнер көп жағдайда шартты, рәмізді түрде болды: кескіндемелік және мүсіндік бейне-лер шындықтан алыс болып, діни идеяларға, рухтың тәннен жоғарғы екендігін көрсету үшін қызмет етті. Өнер терминін екі мағынада анықтауға болады - тар және кең мағынада. Кең мағынасында, өнер адам баласының жалын жа-сампаздығын білдіреді де өндіру, жасау, құру деген негізден өрбиді. Мы-салы, көне гректердің өнерді білдіретін ұғымы poіesіs - адам қолынан шық-қан, өндірілген заттар әлемі ретінде табиғи әлем - physіske қарама-қарсы қой-ылған. Тар мағынасында өнер деп көркем шығармашылық процессін және оның нәтижелерін (бейнелеу, поэзия, әуен, би және т.с.с.) айтуға болады. Осы соңғы, екінші, тар мағынасында біз ары қарай өнер сөзін пайдаланамыз. Өнердің мәдениеттегі алатын орны оның басқа салаларынан гөрі ерекше. Өйткені, өнерде ғана қоғамдық сана өзін толығымен - бастапқы бөлінбеген синкретикалығымен көрсете алады.
Мәдениеттің басқа салаларында жіктелген заттық және руханилық, объек-тілік және идеалдық, рационалдық және эмоцианалдық - осылардың бәрі өнер-де жігі бұзылмай, бірлесе, біте қайнасып жатыр. Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан құбылыстарын дәп бір айнаға қарап көрген-дей, байқап отырады. Сондықтан, өнерді мәдениеттің айнасы деп анықтауда негіз бар. Нақты тарихи жағдайлар шеңберінде белгілі бір ұлттың, этностың мәдениетінде өнер арқылы сол мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды түсі-нуін көреміз. Өнер - мәдениеттің айнасы деп бекерден бекер айтылмаған. Ол мәдениеттің жаны, өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруі барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына, су-реттерге, әуенге, биге және т.с.с. негізделген өнер түрлері қалыптасады. Өнер деп адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп, оны тол-ғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық үлгісін айтамыз. Өнер - адами ақиқат, адамдандырылған екінші әлем. Өнер, көркем бейне жә-не жасампаздық тікелей әлеуметтік адам тұлғасымен байланысты категориялар. Өнерде үйлесімділік ретінде танылған кемелділік бейнесі жасалады. Өнер ар-қылы адамның әмбебаптылығы ашылады. Өнер адамның шексіз болмыстық сұ-рақтарына (өмір мәні, өлім, бақыт, парыз бен қарыз және т.с.с.) жауап табуға талпыныс барысында гуманистік принциптерді қалыптастырады. Нәтижесінде, өнер тек белгілі бір қоғамның даму нәтижелерін көрнекілеп қана қоймай, соны-мен қатар, әлеуметтік-рухани өмірдің күйіне өзінің әсер ететіндігін білдіреді.
Әдемілік, әсемдік, сұлулық сынды бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына негіз-делген өнер туындысы үшін адам мен қоғамның еркіндік туралы түсінігінің мәні зор. Өнерді көп ойшылдар өз ләззаты, өз рахаты өзінде, ешнәрсеге тәуелсіз мақсатсыз мақсат көздегіштік деп анықтайды. Бірақ, бұл сипаттамалардан өнерді беталды, тізгінсіз әрекет деп түсінуге болмайды. Бұл тұста таза өнер мен кәсіп-өнерді (ремесло орысша) ажырата білген абзал. Мысалы, И.Кант таза өнер мен кәсіп-өнерді ажыратып қарастырады, біріншісін - еркін өнер, екінші-сін - табыс үшін жасалатын өнер дейді. Кант бұл жерде еркін өнер деп адам-ның өзінің рухани болмысынан шыққан образды шешімдермен байланысты өнерді айтып отыр. Ал, табыс үшін, сауда-саттық мақсатында жасалған өнер өзіне емес, өзгеге ұнау үшін, сатып алушы талғамына, сұранысына ыңғайласты-рып жасалынады. Өнердің жекелеген түрлерін және олардың бір-бірінен ерек-шеліктерін білу, ажырату адамзатты көнеден бері толғандырып келеді.
Сәулет өнері немесе архитектура. Архитектура сөзі гректің архитек-тон - құрылысшы деген сөзінен шыққан. Архитектура деп, адамның рухани және материалдық қажеттіліктерін өтейтін ғимараттар құрылысын ай-тады. Сәулет өнері адам өмірінде эстетикалық міндетпен қатар практикалық міндетті де атқарады. Сәулет өнерінің үлгісі адамның мінәжат ететін ғибадатха-насы да, драматургиялық қойылымдар тамашалайтын театры да, ғылыми ізде-ністермен айналысатын оқу орны, кітапханасы да, баспана болар үйі де және т.с.с. болуы мүмкін. Сәулет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz