Журналистиканың қоғамдағы орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Журналистиканың қоғамдағы орны

Журналистика ұғымы туралы айтқанда көз алдымызға тұрпаты мен мағынасы ерекше терең сөз өнері елестері анық. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарының майталман маманы болу алдын-ала ерекше әзірлікті қажет етеді. Мектепте алған алғашқы білім негіздері кәсіби арнайы білімге негіз болып қаланып, студент нақтылы мамандықтың қыр-сырына ойлай бастайды. Журналистикаға ерекше әзірлікпен келудің мәні зор. Тырнақалды журналистік туындылар публицистика өнеріне басталған алғашқы қадамдар ғана.
Журналистикаға әзірлік ең алдымен осы ұғымға терең бойлаудан басталады. Өйткені Журналистика (французша - journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) - 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
Демек әдеби-шығармашылық қызметтің бұл түріне іштей теориялық дайындықпен келудің мәні зор. Қазақ журналистикасы теориясының майталманы Тауман Амандосов публицистиканы дәуір үні ретінде қарастыруы тегін емес. Бұл жөнінде профессор Марат Барманқұлов, қазақ журналистикасы теориясының корифейлерінің бірі Намазалы Омашев түйінді ой-пікірлерін жазды.
Әр журналистің, жазушы-қаламгердің шығармашылыққа келу, алғашқы жетістіктерге жету, шеберлік тұғырына көтерілу жолы әрқилы. Кез-келген қаламгердің шығармашылық жолға келуіне, алғашқы жетістіктерге жетуіне оның өз күш-жігерімен қоса, қандай да бір тұлғаның әсер етуі әбден мүмкін. Сондықтан дарындылық пен жаңашылдық көктен түсе қалмайды. Оның бәрі өзінен бұрынғы үлгіге сүйеніп, тың ізденіс пен талпыныстан туады. Ол үшін әрине, ең алдымен, қаламгер бойында табиғи қабілетт, көркем әдебиетке сүйіспеншілік қасиеттері болу керек. Бұл қасиеттер қаламгердің өз ізденісімен кеңейеді, қалыптасады.

Журналист - саясат сардары

Журналист негізінен алғанда шығармашылық тұлға болғанымен, ол қаласын-қаламасын саясаттан айналып өте алмайды. Яғни, журналист - саясат сардары.
Журналист - қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Журналист - газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіліп жазатын болуы керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол заман, уақыт ағымын жақсы түсіну тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білген жөн.
Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси - әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл - жан - жақты білімділік пен саяси - азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, уақытпен санаспау керектігін білдіреді. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Соңдай - ақ, журналист көпшіл болуы, жұртпен тез ортақ тіл тапқыш болғаны абзал. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек.
Кез-келген басылымды алыңыз, ондағы журналистер саясаттың әртүрлі салаларын жазады. Өйткені журналистиканың негізгі міндеттерінің бірі де сол.
Қазіргі заманғы бүкіләлемдік саяси, экономика және рухани-мәдени жаһандану жағдайында журналистика әлемдік интеграциялық үрдістердің ішіндегі аса ықпалдысы болып табылады. Осыған байланысты әлемдік журналистика бұрын-соңды болмаған дүмпуді басынан өткізуде. Журналистиканың белгілі бір елде, аймақта, тіпті әлемдік ауқымда қоғамдық пікір қалыптастырып, ресми емес төртінші билік тармағы тұғырына көтеріле алатындығы оның болашақтағы даму мүмкіндігінің бұдан да мол екендігін көрсетеді. Демократиялық елдердегі журналистика салыстырмалы түрде өз міндетін атқара алатын болса, тоталитарлық, авторитарлық елдердегі журналистика өзге билік тармақтарының қысымы салдарынан жұртшылыққа шынайы объективті ақпарат жеткізбеу, шындықтың өңін айналдыру, бұрмалау құралына айналуда. Алайда демократиялық мемлекеттерде қалыптасқан тәуелсіз журналистика ұғымының өзі толық мәнді тәуелсіздікті білдірмейтін шартты ұғым. Кез келген елде қандай да бір қаражатсыз және билік тармақтарының қолдауынсыз журналистика ісі дамымайды. Сондықтан журналистиканың өз қызметін шын мәнінде дұрыс атқаруы әрбір елдің бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігіне кепілдік беретін заңдарының қабылдануына және олардың толық орындалуына байланысты. Сонымен қатар дүниежүзүлік журналистер қауымдастықтарының өзара ынтымағы да көп рөл атқарады.
Журналист әрбір мақаласында белгілі бір проблеманы көтереді. Онда ол фактіні ғана жариялап қоймай, мәселенің шешілуі жолындағы өзінің ой-пікірлерін де ортаға салып, оқырмандар арасында қоғамдық пікір туғызуға талпынады. Бұл - журналистің негізгі міндеті. Егер материал оқырманға ой салмаса, қоғамдық пікір туғызуға қауқары болмаса онда ол материал газеттің бос жерін толтырумен пара-пар. Демек, саясаттың сардары саналатын журналист әрбір мақаласын жазарда терең ойланып, жан-жақты толғанғаны жөн. Сонда ғана өзекті мәселені қотара жазатын тұшымды дүние баспасөзде жарияланатын болады.
Қазақстан баспасөзі жағдайында ресми басылымдардан гөрі тәуелсіз басылымдар оқырмандардың көңілінен шығатын материалдарды көптеп жариялауда. Мәселен, Алаш айнасы, Жас алаш, Жас қазақ, Қазақстан заман және басқа басылымдар қоғамдағы өзекжарды проблемаларды батылдықпен ашып көрсетуге талпынуда. Бұл да болса тәуелсіздіктің бір жемісі деп түсінуіміз керек. Өйткені кеңес заманында цензура деген қайшы болды. Ол саясатқа сәл келмейтін батыл пікірлерді кесіп тастап отыратын. Ал бүгінгі таңда журналистер өз ойларын еркін жазады. Мемлекеттік құпияны жариялаудан басқа еркін пікірлер тоқтаусыз жариялануда.

Тақырып таңдау - журналист тағдыры

Кез-келген журналистің шеберлігі тақырыпты таңдай білуінен байқалады. Өйткені мақаланың оқырманды тарта білуі тақырыпты сәтімен ойластыруға тікелей байланысты. Әрине газет тәжірибесінде әдемі тақырып таңдап отыруға уақыт бола бермейді. Алайда белгілі бір журналист өзінің талантын оқырмандарға аңғарту үшін белгілі бір тақырыпты таңдап алып, оған барлық қабілет-қарымын сала отырып, оны жұтындырып шығаруға күш салуы қажет. Бұл арада журналист екі нәрсеге мән беру керек: 1. Тақырыптың оқырманды тарта білуі, 2. Сол сәттегі өзекті мәселені тақырыптың қамти алуы. Егер осы екі жайт мұқият ескерілмесе журналистің еңбегі зая кетеді. Сондықтан тақырыпты таңдау мәселесінде жеті рет өлшеп, бір рет пішу керек.
Табиғатына сәйкес тақырыптар шартты түрде төмендегідей үшке бөлінеді:
1. Оқырманды еліктіретін қызықты тақырып.
2. Күнделікті елең еткізетін оқиғалық тақырып
3. Сараптамалық сипаттағы танымдық тақырып
Егер осы айтылған үш жайттың біреуін журналист мұқият таңдап жан-жақты зерттеп жазса, мақаланың сәтті шығатыны анық. Бұл жөнінде ғалым Э. Лазарева, М. Черепахов және басқалар да жан-жақты жазған.
Сонымен қатар белгілі бір журналистер тек бір тақырып төңірегінде маманданады. Бұның ұтымды тұстары жеткілікті. Себебі ол жылдар бойы өз тақырыбының нағыз шебері болып қалыптасады. Мәселен, қазақ журналистикасының һас шебері Жанболат Аупбаев сирек тұлғалар, сирек фактілер туралы танымдық материалдарымен оқырмандардың ризашылығына бөленген. Автор бұл материалдарын уақыт өте келе топтап алып, жеке жинақ етіп шығарып отырған. Яғни автор өлмейтін тақырыпты таңдап алған. Қазақ журналистикасында мұндай мысалдар көптеп саналады.
Тақырыпты таңдау дегенде екі мәселеге назар аударған жөн. Біріншісі, журналистің белгілі бір тақырыпты игеруі. Екіншісі, белгілі бір материалға тақырып қою.
Қазақ журналистикасында өз тақырыбын тапқан талантты публицистер баршылық. Олардың қатарында Жанболат Аупбаев, Несіп Жүнісбаев, Қайнар Олжай, Бауыржан Омарұлы, Талғат Батырхан және басқаларды атауға болады. Олар белгілі бір тақырыптарға маманданып сол тұрғыда тамаша дүниелер жазды.
Екіншісіне байланысты айтпағымыз, ол - тақырып қою. Тақырып - материал идеясының жалпы көрінісі болса, ал материал дегеніміз - ойға алған тақырыпты тұлғаландырып шығаруға қажетті шикізат. Автордың сол материалды ой қазанында балқытқаннан кейін, енді қандай қалыпқа келтіріп, оған қандай рух беруі талантының дәрежесіне, қазіргі заманға көзқарасының ауқымы мен тереңдігіне байланысты. Тақырыпқа назар аудару, беттегі материалдың тақырыбына қарай талғам жасау - әр оқырманның міндеті. Ендеше тақырыпты қоя білу де тапқырлықты, білімділікті талап етеді.
Тақырып - әр материалдың аты, атауы.
Тақырып деген сөздің екі мәні бар: 1. кең көлемдегі тақырып (ауыл шаруашылығы, экономика, саясат т.с.с.); 2. бір хабардың, мақаланың аты.
Тақырып қоюдың негізгі міндеттері:
1. Нақтылық, өткірлік.
2. Тартымдылық.
3. Қысқалық.
4. Сауаттылық.
А) Бас тақырып - біртекті бірнеше материалдың басы құралғанда берілетін тақырып (Бір бетке беріледі).
В) Жанама тақырып. Тақырыптан кейін соның мазмұнын айқындай, толықтыра түсу үшін.
Публицистика компоненттерінің ішінде тақырып мәселесі өзінше роль атқарады. Ол журналистің суреттеу объектісі ретінде өмір құбылыстарының қандайына айрықша назар аударатынын, нені маңызды деп білетінін танытады. Былайша айтқанда тақырып - автордың дүние танымын, идеялық тұрғысын анықтайтын айғақтың бірі. Бірақ оны өз орнында алып, өзге көрсеткіштердің қатарында дұрыс түсіну керек. Мұнда да екі шекке шығушылық мәселенің өңін айналдырады. Бірі - тақырыпқа шамадан тыс артық мән беріп, тақырып маңыздылығымен көркемдік кемшілікті білмеушілік, екіншісі тақырыпқа еш мән бермей, оған немқұрайды қараумен оқушы назарын өмірдің негізгі салаларынан аударып, болмашы нәрсеге бой ұрушылық.

Журналистика шыңына шығуға әзірлік

Журналистика - ой-шұқыры көп ерекше әлем. Ал оның шыңына шығу екінің бірінің қолынан келмейді. Ол үшін жастық шақтан бастап ерекше әзірлену керек. Кейбір жастардың ойынша университеттің журфагін бітіргендердің бәрі журналист болып шыға келетіндей көрінеді. Шындығында бұл мүлде олай емес.
Ол үшін төмендегідей мәселелерге ерекше назар аударған жөн:
Теориялық әзірлік. Шын мәнінде қарымды журналист болғысы келетін талапкер журналистиканың теориялық мәселелерін терең ұғынып алуы қажет. Ол үшін журналистикаға кіріспеден бастап журналистік шеберлік курстарына дейінгі аралықтағы барлық теориялық жемісті молынан тергені ләзім. Өйткені күні ертең іс жүзіндегі жұмысқа кіріскен кезде мұның қажеттігі ерекше сезілетін болады.
Тәжірибелік әзірлік. Болашақта танымал журналист болу үшін әрбір жас жастық шағынан баспасөз беттерінде материалдарды көптеп жариялауға тырысқаны жөн. Өйткені газетке мақаланы жиі жариялау - шеберліктің бір мектебі. Яғни тәжірибе жинақтау арқылы талапкер өзінің шеберлігін шыңдайды. Оның әрбір мақаласы шыңға шығудағы бір-бір баспалдақ іспетті.
Таланттыға еліктеу. Қабырғалы қаламгер болғысы келген талапкер алдыңғы толқын ағаларға, оның ішінде талантты журналистерге міндетті түрде жіті назар аударып, олардың шеберлік мектебінен ұдайы үйренгені, оларға еліктегені ләзім. Әлбетте, белгілі бір мақала немесе очеркті жазғанда басқа біреуді сол күйінде қайталамаған жөн. Мұның аты - көшіру. Еліктеудің де өз жөні бар. Ол белгілі публицистің стилі арқылы жаңаша соқпақ іздеуге талпынғаны жөн.
Еңбекқор болу. Журналист үшін еңбекқорлық аса қажет. Белгілі аксиомада айтылғанындай бір пайыз талант болса, тоқсан тоғыз пайыз - еңбек. Мұның жарқын мысалы - Қазақстан журналистикасының қыраны Әзілхан Нұршайықов. Әзаға өмір бойы тынымсыз еңбектенумен өткен. 130 әдеби күнделіктен бөлек тұрмыстық күнделіктері болған. Ол күнделіктердің іші толған фактілер. Бұл оңай-оспақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы желілік журналистиканың даму ерекшеліктер
Азаматтық журналистика төңірегіндегі құқықтық мәселелер
Баспасөз тарихын зерттеудiң ғылыми-методологиялық негiздерi
Публицистика – сөз өнерінің бір саласы
Журналистиканың функциялары
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ АКПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақ тілді интернет-журналистика: бүгінгі жағдайы мен болашақ дамуы
Қазіргі саяси журналистика
БАҚ-тың қоғамдық функциялары
Пәндер