Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Қылмыстық жауапкершілік - кез-келген адамның құқық пен істеген қылмысына заң алдында міндетті түрде жауап беруі. Жаза - қылмыс істеген адамға соттың шешімімен мемлекеттік нақты шара қолдану, оны орындауға мəжбүрлеу. Жаза қылмыстық жауапкершілікке тартудағы ең басты нысаны болса, келесі бір қылмыстық жауапкершілікке тарту нысаны кəмелетке толмағандарға қатысты тəртіптік сипаттағы еріксіз шаралар болып табылады. Жасы толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту өз ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер оларға қолданылатын қылмыстық құқықтық шалалардың белгілі бір дəрежеде ғана іске асатындығын айқындай түссе керек. Яғни, кəмелетке толмағандарға өлім жазасы, өмір бойына бас бостандығынан айыру сияқты жазалар қолданылмайды жəне тағайындалатын бас бостандықтан айыру жазасы он екі жылдан аспауы тиіс екендігін айқындайды. Қылмыстық кодекс кəмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін олардың есінің дұрыстығын тексеруді міндеттейді.
Жоғарыда атап өткендей, қоғамға қауіпті іс-əрекет жасағаны үшін санасы мен ерік-жігері бар, есі дұрыс адамдар ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады, яғни, қылмыс субъектісі болып табылады. Тек осындай адамдар ғана не істегенін түйсініп жəне өз іс - əрекетін басқара біледі. Ал мұндай қабілеті жоқтар яғни істеген əрекетінің қауіптілігін сезбейтіндер, сезінсе де өз əрекетін басқара алмайтындар есі дұрыс еместер деп саналады да, қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Есі дұрыс еместік ұғымы ҚР ҚК-нің 16 бабының 1 бөлігінде былай сипатталған: Қоғамдық қауіпті əрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс - əрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес .
Қандай да болсын психикалық ауытқуы бар жасөспірім қоғамға қауіпті əрекет жасау кезінде өзінің əрекетіне баға бере алмай, өзін-өзі басқара алмайды. Мұндай жағдайда егер кəмелетке толмаған есі дұрыс емес деп танылса, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту орнына соттың шешімімен арнаулы медициналық сипаттағы шара қолданылады. Жас болсын, жасы толмаған болсын оның қылмыстық əрекетті қасақана жасағанын, кінəсін анықтау кез-келген жағдайда міндетті болып табылады. Кінəні анықтау қылмыстық жауапкершілікті тағайындауда басты рөл атқарады. Кінəлі болса қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал кінə дəлелденбесе, жауапкершілік өздігінен күн тəртібінен түседі.
Қылмыстық заң қылмыстық əрекетке барған кəмелетке толмағандарды жазалау керектігін белгілейді. Ересектерге қарағанда, кəмелетке толмағандарды қылмыс үшін жазалау белгілі бір шектеу мен құқықтардан тұратынын тағы да еске сала кеткен артық болмас. Десек те, қандай да болсын қылмыстық жаза - кəмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын болдырмау, қайта тəрбиелеу мен дұрыс жолға салуға өз септігін тигізеді.
Кəмелетке толмағандарға тағылатын қылмыстық жаза оның сана сезіміне əсер етіп, өзінің істеген əрбір қадамына сынмен қарауына, қоғамға жат əрекетті екінші рет қайталап жасамауына, заңды бұзбауына жол ашады.
Кəмелетке толмағандардың қылмыстарын болдырмау үшін күрестің маңызы оның нəтижесінен көрінері сөзсіз.
Жалпы құқық бұзған жасөспірім болсын, қылмыс жасаған кəмелетке толмаған болсын, олардың қоғамға жат əрекеттерінің қауіптілігін, зиянын анықтау арқылы жаза тағайындау немесе ата-ана қарауына беру, арнаулы мекемелерге жіберу - қылмыстық заңның əділдігін паш етеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі (бұдан әрі - ҚР ҚК) кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көздейді.
ҚР ҚК-нің 15 бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады.
Одан басқа, қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың қылмыстық жауаптылыққа жататын қылмыс санаттары бар.
Оларға: адам өлтiру (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру (107-баптың екiншi бөлiгі), зорлау (120-бап), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерi (121-бап), адам ұрлау (125-бап), халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (173-бап), әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру (174-бап), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қолсұғушылық (177-бап), Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қолсұғушылық (178-бап), диверсия (184-бап), ұрлық (188-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), тонау (191-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (194-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу (200-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру (202-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi), терроризм актісі (255-бап), терроризмді насихаттағаны немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру (256-бап), террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу (257-баптың бірінші және екінші бөліктері), террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік (258-бап), адамды кепiлге алғаны (261-бап), ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (269-бап), терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау (273-бап), қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу (291-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасау (293-баптың екінші және үшiншi бөлiктері), тағылық (294-бап), есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу (298-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде өлгендердiң мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау (314-баптың екiншi бөлiгi) және көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (350-бап).
Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен (бұдан әрі - МАЭС) 2015 жылдың 6 айына барлығы - 17 адамға қатысты 14 қылмыстық іс қаралған, соның ішінде үкім шығарумен 14 адамға қатысты 12 іс, ақтамау негіздері бойынша 3 адамға қатысты 2 іс, оның ішінде 1 адамға қатысты медициналық сипатта мәжбүрлеу шаралары туралы қаулы шығарумен 1 қылмыстық іс қаралған.
Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды талдау, қылмыстардың негізгі бөлігі есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты екенін көрсетті, пайыздық ара салмақта шамамен 35% халық денсаулығына және имандылығына қарсы бағытта, 29% меншікке қарсы (тонау, ұрлық, айдап әкету), 14% жеке адамға қарсы (денсаулыққа ауыр зиян келтіру, жас балаларды азғындату), 7% отбасыға және кәмелетке толмағандарға қарсы (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау), 7% сот төрелігіне және жазаны орындау тәртібіне қарсы (көрінеу жалған айғақ беру), 7% адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құқықтарына қарсы (тұрғын үйге қол сұқпаушылық) қылмыстар құрайды.
Мысалға, 2015 жылдың 8 наурызында Степногор қаласында кәмелетке толмаған Н. көп қабатты үйлердің подъездерінің біріндегі, пошта жәшіктерінің біреуінен газет орамаға оралған есірткі құралы - 0,7гр. кептірілген марихуананы тауып алған, ол оны қалтасына салып, өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаған.
Сол күні полиция қызметкерлерімен кәмелетке толмаған Н. кептірілген марихуанасы бар газет орамасы табылған және алынған.
Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған Н. ҚР ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен көзделген қылмысты жасауда, атап айтқанда есiрткi құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтауда кінәлі деп танылды.
ҚК-тің 83 бабының 2 бөлігі негізінде кәмелетке толмаған Н. жазадан босатылды және оған ескерту түрінде тәрбиемен ықпал ету секілді мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді
Кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі. Олар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейді.
Жазаның негізгі түрлері -- әкімшілік жаза немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары. Кәмелеттік жасқа толмағанға әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері және ересек адамдардың әсері ескеріледі.
Кәмелеттік жасқа толмау жазаны жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік құқықбұзушылықты алғаш рет жасаса, онда уәкілді орган (лауазымды тұлға) оны әкімшілік жауапкершіліктен босатып, оған тәрбиелік ықпал жасайтын шараларды қолданады.
Тәрбиелік ықпал ету шараларына жататындар:
-заңды түсіндіру;
-ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың немесе мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
-келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу;
бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар қою.
Шаралардың бұл тізімі нақты анықталып, шектелген болып саналмайды. Өзге де тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны:
1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.
2. Қадағалауға беру ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мiнез-құлқына бақылау жасау жөнiндегi мiндеттердi жүктеуден тұрады.
3. Келтiрiлген зиянды жөнге келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.
4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытын өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн.
Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға әкімшілік жаза -- әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір айдан, ал созылмалы құқық бұзушылық үшін -- оны анықтаған күннен бастап, бір айдан кешіктірмей тағайындалады. Егер кәмелеттік жасқа толмаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы
Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Пәндер