Қылмыстық жауаптылықтан босатудың тәртібі мен ерекшеліктері


Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы
Пән:Қылмыстық құқық
Тақырып: Қылмыстық жауаптылықтан босатудың тәртібі мен ерекшеліктері
ҚҚҚ-19-ТҚБ
Орындаған:Кайтбекова А. Р
Тексерген:Қуаналиева Г. А
Баяндама
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 1-бөлігі) . Қылмыстың жауаптылықтан босатудың бұл түрі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға жәрдемдесу және келтірілген зиянның орның толтыруы белгілері болуы шарт. Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы (дайындалу, оқталу), қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінін айыбын мойындап заңда көрсетілген орғанға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады. Шын жүректен өкіну деп, істеген кінәлінің қылмысы үшін ағынан жарылып өкініш білдіруі; өзін-өзі айыптауы; істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал өтеуге даяр екендігіне көз жеткізу; іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты әрекеттерін айтамыз. Келтірілген зиянның орның толтыру деп кінәлінің өз еркімен ешкімге айтқызбай-ақ келтірген материалдық зиянның орның толтыруы, жәбірленушіден келтірген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс-әрекеті үшін өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде беруі және тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп тергеу орғандарына болған мән-жайларды айқын баяндауы, қылмысқа қатысқандарды дұрыс анықтап беруді, қылмыстық құралдарды, қолды болған затты табуға көмек беруін, сондай-ақ жәбірленушіге келтірген моральдық зияны үшін одан кешірім сұрауын айтамыз. 65-баптың 1-бөлігі бойынша шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден, айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты істеуі, екіншіден, қылмыс істегеннен кейін: а) айыбын мойындап өз еркімен келуі; б) қылмысты ашуға жәрдемдессе; в) келтірген зиянның орның қалпына келтірсе ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ қылмыс жасаған адам егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 2- бөлігі) . 65-баптың 2-бөлігі жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан басқа қылмыстарды жасаған адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты ұйым жасаған қылмыстарға қарсы заңда көрсетілген іс-әрекеттерді шын жүректен жасағанда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылық, əдетте, жаза арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та кейбір жағдайларда қылмыспен күрес жаза қолданбайақ жүргізіле беруі мүмкін. Қылмыспен күрес практикасында қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институттары мейлінше кең таралған. Аталған институттарды қолдану негіздері босату түріне байланысты əрқилы болғанымен, жасалған іс-əрекеттің құқықтық сипаты өзгеріссіз калады. Яғни ол іс-əрекет қылмыстық сипатта болады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық-құқықтық мəжбүрлеуді біртіндеп жеңілдетумен азайту тенденциясын бейнелейді. Барлық жауаптылықтан босату түрлері əр жағдайда индивидуалды, тұлғаның жеке қасиеттерін терең талдау нəтижесінде жəне осы тұлғаның қылмыстық жаза шарасын қолданбай түзелуі мүмкін деп танылған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Өзінің мазмұны бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату тек жазаны өтеуден босатуды ғана емес, сонымен бірге жазалау шараларын белгілеуден де босатуды білдіреді. Қылмыстық жауаптылықтан босату ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатудан басқа жағдайларда, тиісті органның құқығы болып табылады. Ал ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босату бұл органдар үшін міндетті болады. Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды тарих дəлелдеді. Ал қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.
Қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай шаралардың бірі - жаза.
Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мəжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудың мақсаты - адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты жəне Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.
Республиканың Қылмыстық кодексі жаза түсінігіне мынадай анықтама береді: Жаза дегеніміз - соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік мəжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінəлі деп танылған адамға қолданылады жəне адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық кодекстің 38-бабында көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган - сот қана үкім негізінде қолдана алады. Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мəжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қабылданады.
Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кəсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында орындалуға тиісті.
Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара сипатта болады, ол тек қылмыс жасаған адамға ғана қатысты жəне баска адамдарға (сотталғанның туған-туыстарына) таралмайды.
Жазаның орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады. Қоғамдық ықпал жасау шараларының жазадан айырмашылығы сол олардың артында мемлекеттік күш емес, қоғамдық пікір тұрады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мəжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады. Мысалы, бас бостандығынан айырғанда, камауға алғанда сотталған адамның көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос-туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін тəркілегенде, айыппұл алғанда ол материалдық шығын көреді. Белгілі бір қызметке тұру немесе қызметпен айналысу құқынан айыру сияқты жаза шарасы адамның қызмет, кесіп таңдау құқына шектеу салады. Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты бар. Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалған қылмыстың сипатына жəне қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына жəне басқа мəн-жайларға байланысты.
Жазалау жазаға тəн ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза мақсаты ретінде қаралмайды (ҚК-нің 38-бабының 2-бөлігі) . Бұрынғы Қылмыстық кодекстерде жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған.
Дегенмен бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда, Н. А. Беляев былай деп жазды: «Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз - жасаған кылмысы үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру» [1] .
А. И. Марцевтің пікірінше, арнайы сақтандыру шараларының мəні - «қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның жаңа қылмыс (немесе жаңа қылмыстар) жасауына жол бермеуде» жəне бұл мақсатқа жазалау, тəрбиелеу арқылы тікелей қол жеткізуге болады. Ал И. И. Карпецтің пікірінше, нақты адамға жаза тағайындағанда арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына əдістермен қол жеткізуге болады: қылмыскерді қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру; қылмыскердің көңіл-күйіне ықпал жасау;
Мемлекеттік мəжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық сияқты өзіне тəн сипат бар, ол кейін құқықтық жəне моральдық тұрғыдан өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса, оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мəн-жай болып табылады.
Қылмыстық жазадан босату бұл кінəлі адамды жазаның құрамдас бөліктері болып табылатын белгілі бір құқықтарын шектеумен құқықтарынан айырудан босату.
Аталған институтты қолдануға сот тағайындаған жазаны орындаудың тиімсіздігі немесе жазаны атқаруға мүмкіндік болмауы негіз болады. Кейде қылмыстық жазадан босатуды қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың бір формасы ретінде түсініп оны қылмыстық жауаптылықтан босатудың құрамдас бөлігі ретінде құрастырып қате тұжырым жасайды. Ал іс жүзінде, жазаны өтеуден босату, дербес қылмыстық-құқықтық институт болып табылады.
Бұлар өзара мазмұны, негіздері, заңдық салдарлары жəне қолданудың процессуалдық тəртібіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жазадан босату тек онша ауыр емес жəне орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін ғана емес одан да кең шеңберде қолданылады. Ал қылмыстық жауаптылықтан босату тек үлкен қауіп тудырмайтын онша ауыр емес жəне орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамдар үшін ғана қолданылады. Жазаны өтеуден тек сот қана босата алады, ал қылмыстық жауаптылықтан босатуды тергеуші, прокурор, анықтау органы жүзеге асыра алады.
Сондай-ақ қылмысты адам жазаны өтеуден босатылғанымен қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Ал қылмыстық жауаптылық жаза қолданусыз жүзеге асырылуы мүмкін Қылмыс жасаған кінəлі адамды қылмыстық жауаптылықтан босату осы тұлғаны жазаны өтеуден де босату болып табылады.
Осылайша, «Əрбір кінəліге - əділетті жаза» қағидасы бұзылады. Бұл көзқарастан басқа тұрғыдан тереңірек қарап көрелік .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz